"Тауар биржаларының электрондық сауда жүйесiне қойылатын мiндеттi талаптарын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика Министрінің 2015 жылғы 26 ақпандағы № 141 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің м.а. 2015 жылғы 25 қарашадағы № 728 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 24 желтоқсанда № 12501 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:
      1. «Тауар биржаларының электрондық сауда жүйесiне қойылатын мiндеттi талаптарын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика Министрінің 2015 жылғы 26 ақпандағы № 141 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10695 болып тіркелген, 2015 жылғы 10 сәуірде «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      аталған бұйрығымен бекітілген Тауар биржаларының электрондық сауда жүйесiне қойылатын мiндеттi талаптарында:
      4 тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «4) тауар биржаның электрондық сауда жүйесi (бұдан әрі – ТБЭСЖ) – электрондық биржалық сауда-саттықты өткiзу үшін қажеттi және биржалық мәмiлелер жасасу, сондай-ақ ақпарат жинау, сақтау, өңдеу және ашу процесiн автоматтандыруды қамтамасыз ететін, тауар биржасының есептеу құралдары, бағдарламалық қамтамасыз етілуі, дерекқорлары, телекоммуникациялық құралдары және басқа да жабдықтары кешенi.»;
      10 тармақтың 6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «6) ТБЭСЖ БҚ сауда жүйесі, ақпараттық-талдау жүйесі, деректер беру желісі (егер сауданың технологиялық процесі осындай жүйемен өзара іс-қимылды жасауды көздесе) бағдарламалық жүйелерді қамтуы (немесе қолданыстағы бағдарламалық жүйелермен электрондық өзара іс-қимылды қамтамасыз етеді)».
      2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Сауда қызметін реттеу департаменті:
      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жариялауға жіберілуін;
      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің ресми интернет-ресурсында жариялануын қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.
      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Ұлттық экономика министрінің
      міндетін атқарушы                          М. Құсайынов

      «КЕЛІСІЛДІ»
      Қазақстан Республикасы
      Инвестициялар және даму министрі
      __________ Ә. Исекешев
      2015 жылғы «___» ________

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады