Үкіметтік емес ұйымдарға арналған гранттар беру және олардың іске асырылуына мониторингті жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2015 жылғы 25 желтоқсандағы № 413 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 31 желтоқсанда 12764 болып тіркелді.

      "Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс, үкіметтік емес ұйымдарға арналған гранттар және сыйлықақылар туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 12 сәуірдегі Заңының 4-1-бабының 2-1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Үкіметтік емес ұйымдарға арналған гранттар беру және олардың іске асырылуына мониторингті жүзеге асыру қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитеті:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде заңнамамен белгіленген тәртіпте мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде және мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялау үшін электрондық тасымалдағышта елтаңбалы мөрмен куәландырылған қағаз данасын қоса бере отырып, Қазақстан Республикасы нормативті құқықтық актілерінің эталонды бақылау банкіне енгізу үшін елтаңбалы мөрмен куәландырылған қағаз данасын қоса бере отырып осы бұйрыққа қол қоюға уәкілетті тұлғаның электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық түрдегі осы бұйрықтың көшірмелерін жолдауды;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

      4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларымен көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Мәдениет және спорт министрі
А. Мұхамедиұлы

  Қазақстан Республикасы
Мәдениет және спорт
министрінің
2015 жылғы 25 желтоқсандағы
№ 413 бұйрығымен бекітілген

Үкіметтік емес ұйымдарға арналған гранттар беру және олардың іске асырылуына мониторингті жүзеге асыру қағидалары

      Ескерту. Қағида жаңа редакцияда – ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрінің 18.08.2017 № 123 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Үкіметтік емес ұйымдарға арналған гранттар беру және олардың іске асырылуына мониторингті жүзеге асыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) үкіметтік емес ұйымдар үшін гранттар беру және олардың іске асырылуына мониторингті жүзеге асыру тәртібін анықтайды.

      2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар қолданылады:

      1) әлеуметтік бағдарлама - өзара байланысты әлеуметтік жобалар кешені;

      2) әлеуметтік жоба – әлеуметтік мәні бар салалардағы мақсаттарға қол жеткізуге бағытталған, бір жыл ішінде және үш жылға дейін іске асырылатын ұйымдастырушылық, экономикалық және техникалық шаралардың жиынтығы;

      3) грант алушы – тарату жағдайында тұрған, дәрменсіз (банкрот) деп танылған, мүлкіне тыйым салынған және (немесе) экономикалық қызметі тоқтатылған үкіметтік емес ұйымды қоспағанда ол туралы мәліметтер Үкіметтік емес ұйымдардың дерекқорында сақталған, осы Қағидаларға сәйкес грант алған және мемлекеттік емес ұйымдарды гранттық қаржыландыру саласындағы оператормен тиісті шарт жасаған үкіметтік емес ұйым;

      4) гранттың тақырыбы – үкіметтік емес ұйымдарға арналған гранттарды ұсыну жоспарына енгізілген әлеуметтік жобаның немесе әлеуметтік бағдарламаның атауы;

      4-1) жергілікті атқарушы орган (әкімдіктер) – облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) әкімі басқаратын, өз құзыреті шегінде тиісті аумақта жергілікті мемлекеттік басқару мен өзін-өзі басқаруды жүзеге асыратын алқалық атқарушы орган.

      5) конкурстық комиссия – оператор грант алушыларды іріктеу мақсатында өтінімдерді бағалау үшін құрған, мүшелер мен хатшыдан тұратын алқалы орган;

      6) мүдделер қақтығысы – конкурстық комиссия мүшесінің жеке қызығушылығы әділ шешім қабылдауға ықпал ете алатын жағдай;

      7) өтінім – осы Қағидалардың талаптарына сәйкес қажетті құжаттар қоса берілген өтініш;

      8) өтініш беруші – грант ұсынуға өтінім берген мемлекеттік емес ұйым;

      9) сарапшы – "Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс, үкіметтік емес ұйымдарға арналған гранттар және сыйлықақылар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 5-бабы 1-тармағымен көзделген бағыттардың бірі бойынша қажетті кәсіби білімі бар және аталған бағыт бойынша екі жылдан кем емес жұмыс тәжірибесі бар жеке тұлға;

      10) сарапшылар тізілімі (бұдан әрі – тізілім) – үкіметтік емес ұйымдарды гранттық қаржыландыру саласындағы оператор және үкіметтік емес ұйымдар ұсынған адамдар санынан оператор қалыптастырған сарапшылар тізімі;

      11) үкіметтік емес ұйымдарға арналған грант (бұдан әрі – грант) – азаматтық бастамаларды қолдау, әлеуметтік саланы дамытудың өзекті мәселелерін шешуге азаматтық қоғам институттарының әлеуетін тарту мақсатында үкіметтік емес ұйымдарды гранттық қаржыландыру саласындағы оператор үкіметтік емес ұйымдарға беретін қаражат;

      12) үкіметтік емес ұйымдарды гранттық қаржыландыру саласындағы оператор (бұдан әрі – оператор) – Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1192 қаулысымен құрылған "Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы.

      Ескерту. 2-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Қоғамдық даму министрінің 10.08.2018 № 13 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

2-тарау. Үкіметтік емес ұйымдарға гранттарды беру тәртібі

      3. Мемлекеттік гранттарды Заңның 5-бабының 1-тармағымен көзделген бағыттар шеңберінде және үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) және жергілікті атқарушы органдар үкіметтік емес ұйымдарға мемлекеттік гранттарды беру үшін оператормен ақшалай қаражатты табыстау туралы жасалған шарт негізінде оператор береді.

      Мемлекеттік емес гранттар оператор және жеке немесе заңды тұлға арасында ерікті негізде жасалған шарт негізінде және аталған шартта көзделген тәртіпте операторға ұсынылады.

      Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қоғамдық даму министрінің 10.08.2018 № 13 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      4. Мемлекеттік гранттарды беру Заңның 6-1-бабының 3-тармағына сәйкес Үкіметтік емес ұйымдардың дерекқорына енгізілген үкіметтік емес ұйымдарға конкурстық іріктеу (бұдан әрі – Конкурс) өткізу жолымен үкіметтік емес ұйымдарға арналған гранттар беру жоспарының (бұдан әрі – Жоспар) негізінде жүзеге асырылады:

      1) республикалық бюджет қаражатынан – уәкілетті органның Жоспары негізінде;

      2) жергілікті бюджет қаражатынан – жергілікті атқарушы органның Жоспары негізінде.

      Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қоғамдық даму министрінің 10.08.2018 № 13 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      5. Жоспар тиісті бюджет бекітілген күннен бастап 20 (жиырма) жұмыс күні ішінде бекітіледі.

      6. Жоспар Қазақстан Республикасы мемлекеттік саясатының, Қазақстан Республикасының стратегиялық және бағдарламалық құжаттарының, Қазақстан Республикасының Президенті жолдауларының басымдықтары, сондай-ақ мемлекетік органдар мен үкіметтік емес ұйымдардың ұсыныстары негізінде қалыптастырылады.

      7. Уәкілетті орган бекітілген Жоспарды, ол бекітілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде өзінің интернет-ресурсында орналастырады.

      8. Бекітілген Жоспардың уәкілетті органның интернет-ресурсында орналастырылған күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде оператор өзінің интернет-ресурсында және (немесе) мерзімді баспа басылымдарында қазақ және орыс тілдерінде хабарландыру жариялайды.

      9. Хабарландыру келесі негізгі мәліметтерден тұрады:

      1) өтінімдерді қабылдаудың аяқталу күні мен уақыты;

      2) конкурсқа қатысуға арналған қажетті құжаттар тізбесі;

      3) бекітілген Жоспар, ал өзгерістер мен толықтырулар енгізілген жағдайда өзгертілген Жоспардың тақырыптары көрсетіледі;

      4) әлеуметтік жобалар мен бағдарламаларды іске асыру мерзімі.

      Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қоғамдық даму министрінің 10.08.2018 № 13 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      10. Конкурсқа қатысу үшін өтініш беруші өтінімдерді қабылдаудың аяқталу күні мен уақытынан кешіктірмей, операторға пошталық байланыс арқылы және (немесе) қолма-қол және (немесе) веб портал арқылы қағаз және электрондық жеткізгіштерде келесі құжаттарды қамтитын мемлекеттік және (немесе) орыс тілдеріндегі өтінімді енгізеді:

      1) осы Қағидаларға 1-қосымшаға cәйкес нысан бойынша үкіметтік емес ұйымдарға грантты беруге арналған конкурсқа қатысуға өтініш;

      2) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш берушінің сауалнамасы;

      3) осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш берушінің әлеуеті туралы мәліметтер;

      4) осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ұсынылып отырған әлеуметтік жобаның және (немесе) әлеуметтік бағдарламаның мазмұны;

      5) осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша әлеуметтік жоба және (немесе) әлеуметтік бағдарлама барысында материалдық-техникалық қамтамасыз етуге болжамды шығыстар сомасын көрсету арқылы (әлеуметтік жобаның және (немесе) әлеуметтік бағдарламаның сомасына белгіленген пайыздар шеңберінде) әлеуметтік жобаны және (немесе) әлеуметтік бағдарламаны іске асыру бойынша шығындар сметасы. Материалдық-техникалық қамтамасыз ету деп грантты іске асырумен тікелей байланысты емес және ұйымды дамытуға бағытталған тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу ұғынылады;

      6) ұйым жарғысының көшірмесі;

      7) соңғы есеп күніне ұйымның бухгалтерлік балансы;

      8) ұсынылған әлеуметтік жоба және (немесе) әлеуметтік бағдарламада көрсетілген әріптестер және (немесе) тартылатын мамандардың келісімі;

      9) өтiнiм берушiнiң өз салымының немесе әлеуметтiк жоба және (немесе) әлеуметтiк бағдарламаны қаржыландырудың өзге де көздерiнiң болуын растайтын құжаттар.

      Өтінімдерді почта байланысы арқылы және (немесе) қолма-қол енгізер кезде құжаттар тігіледі және өтінім берушінің бірінші басшысының не оның орынбасарының қолы қойылып, мөрмен (болған жағдайда) бекітіледі.

      Ескерту. 10-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қоғамдық даму министрінің 10.08.2018 № 13 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      11. Оператор өтінімдерді қабылдау аяқталғаннан кейін 10 (он) жұмыс күні ішінде оларды осы Қағидалардың 10-тармағында көзделген талаптарға және бекітілген Жоспарға сәйкес келуін қарайды.

      12. Алып тасталды – ҚР Қоғамдық даму министрінің 10.08.2018 № 13 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      13. Оператор мынадай:

      1) осы Қағидалардың 10-тармағында көрсетілген талаптарға өтінімнің сәйкес келмеуі анықталған;

      2) өтінім бекітілген Жоспарға сәйкес келмеген;

      3) Заңның 6-1-бабының 3-тармағына сәйкес Үкіметтік емес ұйымдардың дерекқорында өтінім беруші туралы мәліметтер болмаған және (немесе) уақытылы ұсынылмаған;

      4) грант тақырыбының Жарғыға сәйкес өтінім беруші қызметінің мәніне, мақсаты мен түрлеріне сәйкес келмеген жағдайларда конкурсқа қатысуға қабылдаудан бас тартады және өтініш берушіге тиісті хабарламаны жолдайды.

      Ескерту. 13-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қоғамдық даму министрінің 10.08.2018 № 13 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      14. Бекітілген Жоспармен көзделген гранттың бір немесе бірнеше тақырыбына сәйкес келесі негіздемелердің бірі бойынша:

      1) грант тақырыбы бойынша конкурсқа қатысуға ұсынылған өтінімдердің болмауы;

      2) грант тақырыбы бойынша конкурсқа қатысуға бір өтінімнің ұсынылуы;

      3) егер грант тақырыбы бойынша конкурсқа қатысуға бір өтінім ғана жіберілсе;

      4) егер грант тақырыбы бойынша конкурсқа қатысуға өтінімдердің бір де біреуі жіберілмесе;

      5) егер грант тақырыбы бойынша конкурстық комиссияның бағалауына ұсынылған өтінімдердің бір де біреуі балдың ең жоғарғы қорытынды санынан 50 (елу) пайыздан жоғары балл алмаса, конкурс өткізілмеді деп танылады.

      Осы тармақтың 1), 2), 3) және 4) тармақшаларымен көзделген негіздемелер бойынша гранттың бір немесе бірнеше тақырыбы бойынша конкурсты өткізілмеген деп тану туралы шешімді оператор қабылдайды және өзінің интернет-ресурсында осындай шешімді қабылдаған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде жариялайды.

      Осы тармақтың 5) тармақшасымен көзделген негіздемелер бойынша гранттың бір немесе бірнеше тақырыбы бойынша конкурсты өткізілмеген деп тану туралы шешімді конкурстық комиссия қабылдайды.

      15. Гранттың бір немесе бірнеше тақырыбы бойынша конкурс өткізілмеген деп танылған жағдайда уәкілетті орган немесе жергілікті атқарушы органдар қажет болған жағдайда Жоспарға өзгерістер мен толықтырулар енгізеді, одан кейін осы Қағидаларға сәйкес қосымша конкурс өткізеді.

      Ескерту. 15-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қоғамдық даму министрінің 10.08.2018 № 13 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      Уәкілетті орган қажет болған жағдайда Жоспарға өзгерістер мен толықтырулар енгізеді, одан кейін осы Қағидаларға сәйкес қайта конкурс өткізеді.

      16. Егер бұдан бұрын осы Қағидалардың 14-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген себепке байланысты гранттың бір немесе бірнеше тақырыбы бойынша өткізілмеген деп танылған конкурс қайта өткізілген жағдайда алдыңғы өтініш берушіден бір ғана өтінім берілсе, онда оның өтінімін конкурстық комиссия қарастырады.

      17. Өтінімдерді қабылдау және олардың осы Қағидалардың талаптарына сәйкестігіне тексеру рәсімін аяқтау қорытындысы бойынша оператор конкурстық комиссияның қарауына конкурсқа қатысу үшін жіберілген өтінімдерді жолдайды.

      18. Оператор Жоспарды бекіткен күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде Жоспардың бағыттарына сәйкес сарапшылардан конкурстық комиссияның алдын ала құрамын қалыптастырады.

      Оператор конкурсқа қатысу үшін өтінімдерді қабылдауды аяқтағаннан кейін 3 (үш) жұмыс күні ішінде конкурстық комиссияның алдын ала құрамына кіретін сарапшыларға осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш берушілердің тізімін және мүдделер қақтығысы болуы не болмауы туралы хабарлама нысанын жолдайды.

      Ескерту. 18-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қоғамдық даму министрінің 10.08.2018 № 13 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      19. Мүдделер қақтығысы болуы не болмауы туралы ақпарат негізінде оператор конкурстық комиссияның түпкілікті құрамын, қажет болған жағдайда тізілімнен қосымша сарапшылар тізімін қосу арқылы оператордың осы Қағидалардың талаптарына сәйкестігін тексеруді аяқтаған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей бекітеді. Оператор конкурстық комиссияның түпкілікті құрамын конкурстық комиссия отырысына дейін 3 (үш) күн ішінде өзінің интернет-ресурсына орналастырады.

      Конкурстық комиссия төрағадан, төрағаның орынбасарынан, конкурстық комиссияның мүшелерінен және хатшыдан тұрады. Конкурстық комиссия құрамына Жоспардың бағыттарына сәйкес он бес мүшеге дейін кіреді. Конкурстық комиссия мүшелердің тақ санынан тұрады. Конкурстық комиссия мүшелерінің жалпы санынан отыз пайызы – оператор ұсынған сарапшылардан, ал жетпіс пайызы үкіметтік емес ұйымдар ұсынған сарапшылардан қалыптастырылады. Конкурстық комиссияның төрағасы және төрағаның орынбасары оның отырысында тағайындалады.

      Оператордың қызметкерлері конкурстық комиссияның мүшелері бола алмайды.

      Ескерту. 19-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қоғамдық даму министрінің 10.08.2018 № 13 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      20. Конкурстық комиссияның ұйымдастырушылық қызметі оператордың қызметкерлері санынан тағайындалатын конкурстық комиссия хатшысымен қамтамасыз етіледі. Конкурстық комиссия хатшысы конкурстық комиссия мүшесі бола алмайды және оның дауыс беру құқығы жоқ.

      Конкурстық комиссия хатшысы конкурстық комиссия мүшелерін конкурстық комиссия отырысын өткізу уақыты, күні және орны туралы оны өткізгенге дейінгі күнтізбелік екі күннен кешіктірмей хабарлайды.

      21. Конкурстық комиссия отырыстарын – төраға, ол болмаған жағдайда төрағаның орынбасары жүргізеді.

      22. Егер конкурстық комиссия мүшелерінің жалпы санынан кемінде үштен екісі қатысса, конкурстық комиссияның отырысы заңды деп саналады.

      23. Өтінімдерді зерделегеннен кейін конкурстық комиссияның мүшелері оларды осы Қағидаларға 7-қосымшада көрсетілген көрсеткіштерге сәйкес бағалайды.

      Әрбір көрсеткіш бойынша ұпай жинақталып, жиынтық ұпай белгіленеді.

      Ескерту. 23-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қоғамдық даму министрінің 10.08.2018 № 13 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      24. Өтінімдерді бағалау нәтижелері бойынша конкурстық комиссияның шешімі еркін нысандағы қорытындымен ресімделеді және оператордан өтінімдер түскен күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде операторға енгізіледі.

      25. Оператор қорытындыға қол қойылған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде әлеуетті грант беру туралы шартқа қол қою қажеттілігі туралы грант алушыларға хабарлайды.

      26. Конкурстық комиссияның грант беру туралы шешімі қабылданған күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде оператор мен әлеуетті грант алушы арасында азаматтық заңнамамен белгіленген нысанда грант беру туралы шарт жасалады.

      27. Егер грантты беру туралы шарт әлеуетті грант алушы кінәсінен осы Қағидалардың 26-тармағында көрсетілген мерзімде жасалмаған жағдайда конкурстық комиссия оған грант беру жөніндегі шешімнің күшін жою туралы қорытынды шығарады.

      28. Гранттың іске асырылуын оның нысаналы тағайындалуына сәйкес тиімді бақылау мақсатында оператор грант беру туралы шартқа сәйкес гранттың іске асырылуына мониторинг жүргізеді.

      Ескерту. 28-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қоғамдық даму министрінің 10.08.2018 № 13 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

3-тарау. Гранттардың іске асырылуына мониторинг жүргізу тәртібі

      29. Гранттың іске асырылуына мониторингті іске асыру мақсатында оператор қажет болған жағдайда:

      1) грант алушыдан оны ұсыну мерзімі көрсетілген қосымша ақпарат сұратады;

      2) грант берілген әлеуметтік жоба және (немесе) әлеуметтік бағдарлама шеңберіндегі іс-шараларға барады;

      3) грант алушылар ұсынған ақпаратты растау үшін әлеуметтік жобаны және (немесе) әлеуметтік бағдарламаны іске асыру орны бойынша уәкілетті адамдарды жібереді;

      4) Қазақстан Республикасының заңнамасына және грантты ұсыну туралы шартқа сәйкес өзге де шаралар қабылдайды.

      Ескерту. 29-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қоғамдық даму министрінің 10.08.2018 № 13 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      30. Гранттың іске асырылуына мониторингті жүзеге асыру мақсатында оператор, уәкілетті орган және (немесе) мемлекеттік органдар қажет болған жағдайда:

      1) грант алушыдан оны ұсыну мерзімі көрсетілген қосымша ақпарат сұратады;

      2) грант берілген әлеуметтік жоба және (немесе) әлеуметтік бағдарлама шеңберіндегі іс-шараларға барады;

      3) грант алушылар ұсынған ақпаратты растау үшін әлеуметтік жобаны және (немесе) әлеуметтік бағдарламаны іске асыру орны бойынша уәкілетті адамдарды жібереді;

      4) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де шаралар қабылдайды.

      30. Гранттардың іске асырылуына мониторинг жүргізу үкіметтік емес ұйымдардың гранттарын іске асыру туралы, оның ішінде:

      1) грантты нысаналы пайдалану туралы;

      2) грант алушының әлеуметтік жобаның және (немесе) әлеуметтік бағдарламаның іске асырылуына бағытталған қызметі туралы;

      3) грант алушының грант беру туралы шарттың талаптарын орындауы туралы ақпаратты жинауды, өңдеуді және талдауды көздейді.

      31. Гранттардың іске асырылуына жүргізілген мониторинг нәтижесі бойынша оператор, уәкілетті орган және (немесе) мемлекеттік органдар оның нысаналы мақсатына сәйкес жоспарланған нәтижелерге қол жеткізу сапасын және гранттың толық пайдаланылуын айқындайды.

  Үкіметтік емес ұйымдарға
арналған гранттар беру және
олардың іске асырылуына
мониторингті жүзеге асыру
қағидаларына
1-қосымша
  Нысан
  Кімге: "Азаматтық
бастамаларды қолдау орталығы"
коммерциялық емес акционерлік
қоғамына
Кімнен: ____________________________
(сұраныс берушінің толық
атауын көрсету)

Үкіметтік емес ұйымдарға берілетін гранттар конкурсына қатысуға өтініш*

      Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Қоғамдық даму министрінің 10.08.2018 № 13 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      Осы өтінішті бере отырып ______________________________________________

      (ұйымның толық атауын көрсету)

      (ары қарай – өтініш беруші) "________________________________________________"

      (бекітілген Жоспарға сәйкес гранттың тақырыбы мен бағытын көрсету)

      грант тақырыбы бойынша үкіметтік емес ұйымдарға берілетін гранттар конкурсына

      (арықарай – конкурс) қатысуға тілек білдіреді және конкурс шарттарына сай әлеуметтік

      жоба және (немесе) әлеуметтік бағдарламаны жүзеге асыруға келісім береді.

      Өтініш беруші осы арқылы Өтінімнің ішіндегі барлық ақпараттың шынайы екендігін,

      шынайы фактілерге сәйкес келетінідігін растайды және кепілдік береді, және өзінің

      құзыреттілігі, біліктілігі, сапалық және басқа сипаттамалары туралы жалған ақпарат

      беру, авторлық және сабақтас құқықтарды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының

      қолданыстағы заңнамасында көзделген басқа да шектеулерді сақтау үшін

      жауапкершілік туралы хабардар екендігін білдіреді. Өтініш беруші жалған ақпарат беру

      үшін толық жауапкершілікті өз мойнына алады.

      _______________________________ ________ ___________________________

      (ұйым жетекшісінің лауазымы) (қолы) (қолтаңбаның толық жазылуы)

      Толтырған күні "____" ________________20___жыл

      _________________________________________________

      * Өтініш берушінің фирмалық бланкісінде толтырылады.

  Үкіметтік емес ұйымдарға
арналған гранттар беру және
олардың іске асырылуына
мониторингті жүзеге асыру
қағидаларына
2-қосымша
  Нысан

Өтініш берушінің сауалнамасы

      Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Қоғамдық даму министрінің 10.08.2018 № 13 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.


п/п

Атауы

Ақпарат (сұраныс беруші толтырады)

1.

Заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) куәлігі туралы анықтамаға немесе заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлікке сәйкес өтініш берушінің атауы


2.

Мемлекеттік тіркеуден өткен күні (қайта тіркеу)


3.

Бизнес-сәйкестендіру нөмірі


4

Нақты мекенжайы


5.

Өтініш берушінің мақсатты тобы туралы ақпарат


6.

Бірінші басшының (болған жағдайда) тегі, аты, әкесінің аты, лауазымы, байланыс нөмірлері мен электронды мекенжайы


7.

Бас есепшінің (болған жағдайда) тегі, аты, әкесінің аты, лауазымы, байланыс нөмірлері (ұялы телефон нөмірімен қоса), электронды мекенжайы


8.

Еңбек ресурсы барлығы:
Оның ішінде:



Штаттағы қызметкерлер



Шақырылған мамандар



Волонтерлер


 


  Үкіметтік емес ұйымдарға
арналған гранттар беру және
олардың іске асырылуына
мониторингті жүзеге асыру
қағидаларына
3-қосымша
  Нысан

Өтініш берушінің әлеуеті туралы ақпарат

      Ескерту. 3-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Қоғамдық даму министрінің 10.08.2018 № 13 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Ұсынылатын әлеуметтік жобаның және (немесе) әлеуметтік бағдарламаның ұйымның жарғылық қызметіне сәйкестігінің негіздемесі.

      2. Өтінің берушінің грант тақырыбы бойынша жұмыс тәжірибесі.

      Соңғы 3 (үш) жылда жүзеге асырылған немесе жүзеге асырылып жатқан осыған ұқсас әлеуметтік жобалар және (немесе) әлеуметтік бағдарламалар көрсетіледі (ұйымның жекелеген қызметкерлері өздігінен өткізген немесе өзге ұйымдар арқылы жүзеге асырған жобалар мен қызмет түрлері ұйымның өзінің жұмыс тәжірибесі болып саналмайды).

Әлеуметтік жоба және (немесе) әлеуметтік бағдарламаның жүзеге асырылу мерзімі

Әлеуметтік жоба және (немесе) әлеуметтік бағдарламаның атауы (негізгі қызмет түрі)

Тапсырыс берушінің атауы (донор) және жүзеге асырылған әлеуметтік жоба және (немесе) әлеуметтік бағдарламаның географиялық қамтылу аймағы

Әлеуметтік жоба және (немесе) әлеуметтік бағдарламаның құны

Әлеуметтік жоба және (немесе) әлеуметтік бағдарламаның нәтижесі






      3. Өтініш берушінің әлеуметтік жоба және (немесе) әлеуметтік бағдарламаны жүзеге асыруға арналған материалдық-техникалық базасының болуы.

      Ұйымның әлеуметтік жоба және (немесе) әлеуметтік бағдарламаны жүзеге асыруға дайындығы баяндалады (техникалық-экономикалық көрсеткіштер).

      4. Өтініш берушінің жобалық тобының құрамы (жобаланған әлеуметтік жоба және (немесе) әлеуметтік бағдарламаны жүзеге асыруға тартылатын қызметкерлер).

Жобалық топ мүшесінің (болған жағдайда)
аты-жөні

Лауазымы

Қызметкердің әлеуметтік жоба және (немесе) әлеуметтік бағдарлама міндетіне сәйкес жұмыс тәжірибесі, жобалардың атауы және оларды жүзеге асырудағы рөлін көрсете отырып

Жұмыс тәжірибесі (жылдардың санын көрсету)

Әлеуметтік жобадағы және (немесе) әлеуметтік бағдарламадағы міндеттері, жауапкершілігі






      5. Үкіметтік емес ұйымның тиісті өңірдегі жұмыс тәжірибесі (жергілікті атқарушы органдардың Жоспарында көзделген грант тақырыбына өтінім берілген жағдайда толтырылады).

      Әлеуметтік жоба және (немесе) әлеуметтік бағдарламаның жүзеге асырылуы жоспарланған өңірдегі жұмыс тәжірибесін сипаттаңыз.

Әлеуметтік жоба және (немесе) әлеуметтік бағдарламаның жүзеге асырылу мерзімі

Әлеуметтік жоба және (немесе) әлеуметтік бағдарламаның атауы (негізгі қызмет түрі)

Тапсырыс берушінің атауы (донор) және жүзеге асырылған әлеуметтік жоба және (немесе) әлеуметтік бағдарламаның географиялық қамтылу аймағы

Әлеуметтік жоба және (немесе) әлеуметтік бағдарламаның құны

Әлеуметтік жоба және (немесе) әлеуметтік бағдарламаның нәтижесі


  Үкіметтік емес ұйымдарға
арналған гранттар беру және
олардың іске асырылуына
мониторингті жүзеге асыру
қағидаларына
4-қосымша
  Нысан

Ұсынылатын әлеуметтік жоба және (немесе) әлеуметтік бағдарламаның мазмұны

      Ескерту. 4-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Қоғамдық даму министрінің 10.08.2018 № 13 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Әлеуметтік жоба және (немесе) әлеуметтік бағдарлама туралы негізгі ақпарат.

Әлеуметтік жобаның және (немесе) әлеуметтік бағдарламаның мақсаты


Әлеуметтік жобаның және (немесе) әлеуметтік бағдарламаның міндеттері


Ұсынылатын іс-шаралар


Аумақтық қамтылуы


Мақсатты топтар


Күтілетін нәтижелер


      2. Әлеуметтік жоба және (немесе) әлеуметтік бағдарламаны жүзеге асырудың негіздемесі.

Әлеуметтік жоба және (немесе) әлеуметтік бағдарлама бағытталған мәселелер бойынша ағымдағы жағдайдың сипаттамасы


Статистикалық деректерге және (немесе) зерттеу деректеріне, соның ішінде өз зерттеулеріне сілтеме


Мақсатты топтың қажеттіліктерін анықтау бойынша жұмыс туралы ақпарат (қажеттіліктерді бағалау)


      3. Мақсатты топтар (әлеуметтік жобаны және (немесе) әлеуметтік бағдарламаны іске асырудан пайда алатын кімдер).

      Әлеуметтік жобаны және (немесе) әлеуметтік бағдарламаны жоспарлау және іске асыру үрдісіне мақсатты топ өкілдерінің қатысуы сипатталады.

Мақсатты топ

Саны

Жасы

Мақсатты топтың алатын пайдасы





      4. Әлеуметтік жоба және (немесе) әлеуметтік бағдарлама серіктестері мен мүдделі тараптар.

      Әлеуметтік жоба және (немесе) әлеуметтік бағдарламаның барлық серіктестері мен мүдделі тараптар тізіліп (мысалы, мемлекеттік органдар, үкіметтік емес ұйымдар, бизнес саласының өкілдері, БАҚ өкілдері, халықаралық ұйымдар және т.б.) олардың әлеуметтік жоба және (немесе) әлеуметтік бағдарламаға қатысуы, сондай-ақ қолдау түрлері (ақпараттық, кеңес беру) баяндалады.

Серіктестің, мүдделі тараптың атауы

Қатысу түрі мен нақты бағыты



      5. Әлеуметтік жоба және (немесе) әлеуметтік бағдарлама бойынша сұраныс берушімен кері байланыс.

Мақсатты топтың атауы

Мақсатты топтың қанағаттану деңгейі қалай өлшенеді





      6. Әлеуметтік жоба және (немесе) әлеуметтік бағдарламаның жүзеге асырылуына мониторинг жасау жоспары.

Әлеуметтік жоба және әлеуметтік бағдарламаның мақсаты:

Міндет

Іс-шара

Қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді нәтижелер

Индикаторлар (қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді нәтижелерге)

Өлшеу жиілігі






      7. Әлеуметтік жоба және (немесе) әлеуметтік бағдарламаның күнтізбелік жоспары.

Іс-шара

1-ай

2-ай

3-ай

4-ай

5-ай

6-ай









      8. Әлеуметтік жобаның және (немесе) әлеуметтік бағдарламаның тәуекелдері.

Тәуекел

Ықтималдығын азайту стратегиясы және салдарын барынша азайту стратегиясы



      9. Әлеуметтік жоба және (немесе) әлеуметтік бағдарлама қызметінің баспасөз ақпарат құралдарында (ары қарай – БАҚ) жариялануы.

Ақпараттық өнім (мақала, видеоролик, баннер, пост, бюллетень және т.б.)

Әлеуметтік жоба және (немесе) әлеуметтік бағдарлама кезіндегі ақпараттық өнімдердің саны

Жарықтандыру арналары (теледидар, баспа басылымдары, интернет-порталдар, өз веб-сайты, әлеуметтік желілер, радио, пошта жәшіктері және т.б.)

Ақпараттың таралуы жиілігі









      10. Әлеуметтік жобаның және (немесе) әлеуметтік бағдарламаның тұрақтылығы.

Қаржыландыру аяқталғаннан кейін қызметті жалғастыру және (немесе) нәтижелерді насихаттау мүмкіндігі


Тұрақтылықты қамтамасыз ету және (немесе) нәтижелерді одан әрі насихаттаудағы ұйымның рөлі қандай


 
  Үкіметтік емес ұйымдарға
арналған гранттар беру және
олардың іске асырылуына
мониторингті жүзеге асыру
қағидаларына
5-қосымша
  Нысан

Әлеуметтік жобаны және (немесе) әлеуметтік бағдарламаны іске асыру бойынша шығыстардың сметасы

      Ескерту. 5-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Қоғамдық даму министрінің 10.08.2018 № 13 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

Шығыстардың бабтары*

Өлшем бірлігі

Саны

Құны, теңгемен

Барлығы, теңгемен

Қаржыландыру көздері

Өтініш беруші (өз салымы)

Қоса қаржыландырудың басқа көздері

Грант қаражаты

1

Әкімшілік шығындар:









1) жалақы, оның ішінде

















2) әлеуметтік салық және әлеуметтік аударымдар









3) міндетті медициналық сақтандыру









4) банк қызметтері









5) байланыс қызметтерін төлеуге арналған шығыстар









6) коммуналдық қызметтер және (немесе) пайдалану шығыстары









7) үй-жайды жалға алуды төлеуге арналған шығыстар









8) шығыс материалдары, негізгі құралдарға қызмет көрсетуге және оларды ұстауға қажетті тауарларды сатып алу және басқа да қорлар, оның ішінде:

















9) өзге де шығыстар, оның ішінде:
















2

Материалдық-техникалық қамтамасыз ету, оның ішінде:
















3

Тура шығыстар:









1) 1-іс-шара









қызметтік іссапарларға арналған шығыстар, оның ішінде:









тәуліктік ақы (іссапарлардың және адамдардың санын, адам-күнін көрсету)









тұру (іссапарлардың және адамдардың санын, адам-күнін көрсету)









жолақысы (іссапарлардың және адамдардың санын жазу)









тарату материалдарын сатып алу, оның ішінде:

















заңды және жеке тұлғалар орындайтын жұмыстар мен көрсететін қызметтерге ақы төлеу бойынша шығыстар, оның ішінде:









жеке тұлғалардың жұмыстары және қызметтері, оның ішінде:

















заңды тұлғалардың жұмыстары және қызметтері, оның ішінде:

















өкілдік шығыстар:









кофе-брейк









Түскі ас









Залды жалға алу

















2) 2-іс-шара









Барлығы:








      _______________________________

      * Шығыстар әлеуметтік жобаның және (немесе) әлеуметтік бағдарламаның күнтізбелік жоспарына сәйкес барлық іс-шаралар бойынша ажыратылады. Әлеуметтік жоба және (немесе) әлеуметтік бағдарламаға байланысты жоғарыда баяндалған шығыс түрлерінің барлығы сметада көрініс табуы міндетті емес. Шығыс баптарын толықтыруға іс-шараның қажеттіліктеріне байланысты жол беріледі.


  Үкіметтік емес ұйымдарға
арналған гранттар беру және
олардың іске асырылуына
мониторингті жүзеге асыру
қағидаларына
6-қосымша
  Нысан
  Кімге: "Азаматтық
бастамаларды қолдау орталығы"
коммерциялық емес акционерлік
қоғамы
кімнен: ____________________________
(өтініш берушінің толық
атауын көрсету)

Конкурстық комиссия мүшесінің грант ұсынуға конкурсқа өтініш берушілермен мүдделер қақтығысының болуы не болмауы туралы (керегінің астын сызыңыз) хабарлама

      Ескерту. 6-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Қоғамдық даму министрінің 10.08.2018 № 13 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      Мен______________________________________________________, хабарлаймын

      (сарапшының тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)

      □ грант ұсынуға конкурсқа өтініш берушілермен мүдделер қақтығысының болмауы

      туралы хабарлаймын және конкурстық комиссияның мүшесі ретінде өзімнің

      қызметімді жүзеге асыру кезінде әділдік және объективтілік қағидаттарын мүлтіксіз

      сақтауға міндеттенемін

      □ грант ұсынуға конкурсқа өтініш берушілермен мүдделі қақтығыстың болуы туралы

      (керегін белгілеңіз).

      Сіз үкіметтік емес ұйымның мүшесі (қатысушысы), жұмыс істеп жатқан

      құрылтайшысы (керегінің астын сызыңыз) болып табыласыз ба? (егер болсаңыз, онда

      үкіметтік емес ұйымның атауын көрсетіңіз):

      __________________________________________________________________________

      _________________________________________________________________________.

      Сіз басқару органының мүшесі, үкіметтік емес ұйымның басшысы болып табыласыз ба

      (егер болсаңыз, онда басқару органын, үкіметтік емес ұйымның атауын және атқаратын

      лауазымыңызды көрсетіңіз):

      __________________________________________________________________________

      _________________________________________________________________________.

      Сіз соңғы бір жылдың ішінде үкіметтік емес ұйымнан қызмет көрсеткен үшін немесе

      тура қаржылық қолдау көрсеткен үшін төлем алдыңыз ба? (егер болсаңыз, нақты

      қандай қызметтер екенін және үкіметтік емес ұйымның атауын көрсетіңіз):

      _________________________________________________________________________.

      Сізде үкіметтік емес ұйымның қызметкерлерімен жақын туыстық байланыстарыңыз

      бар ма? (егер болсаңыз, қызметкердің тегін, атын, әкесінің атын (болған жағдайда),

      ол жұмыс істейтін үкіметтік емес ұйымның атауын, туыстық деңгейін көрсетіңіз):

      _________________________________________________________________________.

      Сізде өзге де әлеуетті мүдделер қақтығысы бар ма? (болған жағдайда, қандай екенін

      көрсетіңіз): _______________________________________________________________.

      Мен мүдделер қақтығысына қатысты саясатты түсінетінімді растаймын және осы

      хабарламаны толтыру кезіндегі ақпараттың дәйектілігіне жауаптымын.

      20___жылғы "____" ________________ Қолы _________________


  Үкіметтік емес ұйымдарға
арналған гранттар беру және
олардың іске асырылуына
мониторингті жүзеге асыру
қағидаларына
7-қосымша

Өтінімдерді бағалау көрсеткіштері бойынша ұпай мазмұны

      Ескерту. Қағида 7-қосымшамен толықтырылды – ҚР Қоғамдық даму министрінің 10.08.2018 № 13 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

Бағалау көрсеткіштері

Ұпай

Ұпайлардың түсініктемесі

1

Ұйымның жалпы әлеуеті:
ұйымның жарғылық қызметі жобаның мақсаттарына сәйкес келу дәрежесі;
әлеуметтік жобаларды және (немесе) әлеуметтік бағдарламаларды іске асырудағы өтінім берушінің тәжірибесі;
осы уақытқа дейін жүзеге асырылған әлеуметтік жоба және (немесе) әлеуметтік бағдарламалардың нәтижелерінің маңыздылығы;
ұйымның әлеуметтік жобаны және (немесе) әлеуметтік бағдарламаны іске асыруға дайындығы.

1 ден 5-ке дейін

1

Ұйымның жалпы әлеуеті осы көрсеткіш тармақшаларының ешқайсысына толығымен сәйкес келмейді

2

Ұйымның жалпы әлеуеті көрсеткіш тармақшаларының біреуіне ғана сәйкес келеді

3

Ұйымның жалпы әлеуеті көрсеткіш тармақшаларының екеуіне сәйкес келеді

4

Ұйымның жалпы әлеуеті көрсеткіш тармақшаларының үшеуіне сәйкес келеді

5

Ұйымның жалпы әлеуеті көрсеткіш тармақшаларының барлығына сәйкес келеді

2

Әлеуметтік жобаны және (немесе) әлеуметтік бағдарламаны іске асыруға тартылатын мамандардың тәжірибесі мен біліктілігі:
Әлеуметтік жоба және (немесе) әлеуметтік бағдарламаны жүзеге асыру үшін тартылуға жоспарланып жатқан мамандардың жобаны тиімді жүзеге асыру үшін жұмыс тәжірибесі бар;
Әлеуметтік жоба және (немесе) әлеуметтік бағдарламаны жүзеге асыру үшін тартылуға жоспарланып жатқан мамандардың жобаны тиімді жүзеге асыру үшін біліктілігі бар;
Әлеуметтік жоба және (немесе) әлеуметтік бағдарламаны жүзеге асыру үшін тартылуға жоспарланып жатқан мамандардың әлеуметтік жоба және (немесе) әлеуметтік бағдарламадағы міндеттері олардың тәжірибесі мен біліктілігіне сәйкес келеді.

1 ден 3-ке дейін

1

Әлеуметтік жобаны және (немесе) әлеуметтік бағдарламаны іске асыруға тартылатын мамандардың тәжірибесі мен біліктілігі көрсеткіш тармақшаларының біреуіне сәйкес келеді

2

Әлеуметтік жобаны және (немесе) әлеуметтік бағдарламаны іске асыруға тартылатын мамандардың тәжірибесі мен біліктілігі көрсеткіш тармақшаларының екеуіне сәйкес келеді

3

Әлеуметтік жобаны және (немесе) әлеуметтік бағдарламаны іске асыруға тартылатын мамандардың тәжірибесі мен біліктілігі көрсеткіш тармақшаларының үшеуіне сәйкес келеді

3

Гранттық қаржыландыру Жоспарында көрсетілген мақсаттарға қол жеткізуге ұсынылатын әлеуметтік жоба (немесе) әлеуметтік бағдарламаның мазмұнының бағыты:
статистикамен және ресми дереккөздерге сілтеме жасай отырып, проблеманы (ағымдағы жағдайды) түсіну және түсіндіру;
ұсынылатын әлеуметтік жоба (немесе) әлеуметтік бағдарламаның ерекшелігіне сәйкес бенефициарларды қамту және жобаны іске асыру ауқымы;
ұсынылатын әлеуметтiк жоба және (немесе) әлеуметтiк бағдарламаның аясында жүзеге асырылатын іс-шаралар қалай және не себепті ұсынылған әлеуметтік жоба және (немесе) әлеуметтік бағдарламаның мақсаттарына қол жеткізуге мүмкіндік беретіндігін дәлелдермен түсіндірілуінің болуы;
әлеуметтік жобаның және (немесе) әлеуметтік бағдарламаның жоспарлы мақсатына жетуге мүмкіндік беретін сандық және сапалық көрсеткіштері бар мониторинг жоспарының болуы;
алға қойған жетістіктер мен мақсаттарға жетудің инновациялық жолдарының болуы;

1 ден 7 - ге дейін

1

Ұсынылатын әлеуметтік жоба және (немесе) әлеуметтік бағдарламаның мазмұны аталған көрсеткіштерге сәйкес келмейді

2

Ұсынылатын әлеуметтік жоба және (немесе) әлеуметтік бағдарламаның мазмұны көрсеткіштің бес тармақшасының біреуіне сәйкес келеді

3

Ұсынылатын әлеуметтік жоба және (немесе) әлеуметтік бағдарламаның мазмұны көрсеткіштің бес тармақшасының екеуіне сәйкес келеді

4

Ұсынылатын әлеуметтік жоба және (немесе) әлеуметтік бағдарламаның мазмұны көрсеткіштің бес тармақшасының үшеуіне сәйкес келеді

5

Ұсынылатын әлеуметтік жоба және (немесе) әлеуметтік бағдарламаның мазмұны көрсеткіштің бес тармақшасының төртеуіне сәйкес келеді

6

Ұсынылатын әлеуметтік жоба және (немесе) әлеуметтік бағдарламаның мазмұны көрсеткіштің бес тармақшасының барлығына толығымен сәйкес келмейді

7

Ұсынылатын әлеуметтік жоба және (немесе) әлеуметтік бағдарламаның мазмұны көрсеткіштің барлығына толығымен сәйкес келеді

4

Әлеуметтік жоба және (немесе) әлеуметтік бағдарламаның нәтижелерінің маңыздылығы мен қол жетімділігі, тұрақтылығының қамтамасыз етілуі:
әлеуметтік жоба (немесе) әлеуметтік бағдарламаның тұрақтылығын қамтамасыз етудегі ұйымның рөлі нақты көрсетілген;
ұсынылатын әлеуметтік жоба және (немесе) әлеуметтік бағдарламаның аясындағы жоспарланған нәтижелер шындыққа негізделген және қол жетімділігі мүмкін;
жоспарланған нәтижелер тәжірибелік маңыздылыққа ие;
қаржыландыру және нәтижелерді жылжыту аяқталғаннан кейінгі әрекеттің жалғасу мүмкіндігі нақты сипатталған.

1 ден 5-ке дейін

1

Әлеуметтік жоба және (немесе) әлеуметтік бағдарламаның нәтижелерінің маңыздылығы мен қол жетімділігі, тұрақтылығының қамтамасыз етілуі көрсеткіш тармақшаларының ешқайсысына сәйкес келмейді

2

Әлеуметтік жоба және (немесе) әлеуметтік бағдарламаның нәтижелерінің маңыздылығы мен қол жетімділігі, тұрақтылығының қамтамасыз етілуі көрсеткіш тармақшаларының біреуіне сәйкес келеді

3

Әлеуметтік жоба және (немесе) әлеуметтік бағдарламаның нәтижелерінің маңыздылығы мен қол жетімділігі, тұрақтылығының қамтамасыз етілуі көрсеткіш тармақшаларының екеуіне сәйкес келеді

4

Әлеуметтік жоба және (немесе) әлеуметтік бағдарламаның нәтижелерінің маңыздылығы мен қол жетімділігі, тұрақтылығының қамтамасыз етілуі көрсеткіш тармақшаларының үшеуіне сәйкес келеді

5

Әлеуметтік жоба және (немесе) әлеуметтік бағдарламаның нәтижелерінің маңыздылығы мен қол жетімділігі, тұрақтылығының қамтамасыз етілуі көрсеткіш тармақшаларының барлығына толығымен сәйкес келеді

5

Әлеуметтік жоба және (немесе) әлеуметтік бағдарламаның жүзеге асыру мерзімі мен ұсынылған шығыстар сметасының негізділігі, әлеуметтік жоба және (немесе) әлеуметтік бағдарламаның жүзеге асыру мерзімі мен ұсынылған шығыстар сметасының қызметке сәйкес келуі:
сметада ұсынылған шығындар негізделген және шынайы;
ұсынылған жобаны жүзеге асыру мерзімдері негізделген және шынайы;
сметада ұсынылған шығындар әлеуметтік жоба және (немесе) әлеуметтік бағдарламаның қызметіне сәйкес келеді;
ұсынылған жобаны жүзеге асыру мерзімдері әлеуметтік жоба және (немесе) әлеуметтік бағдарламаның қызметіне сәйкес келеді.

1 ден 5-ке дейін

1

Әлеуметтік жоба және (немесе) әлеуметтік бағдарламаның жүзеге асыру мерзімі мен ұсынылған шығыстар сметасының негізділігі, әлеуметтік жоба және (немесе) әлеуметтік бағдарламаның жүзеге асыру мерзімі мен ұсынылған шығыстар сметасының қызметке сәйкес келуі көрсеткіш тармақшаларының ешқайсысына сәйкес келмейді

2

Әлеуметтік жоба және (немесе) әлеуметтік бағдарламаның жүзеге асыру мерзімі мен ұсынылған шығыстар сметасының негізділігі, әлеуметтік жоба және (немесе) әлеуметтік бағдарламаның жүзеге асыру мерзімі мен ұсынылған шығыстар сметасының қызметке сәйкес келуі көрсеткіш тармақшаларының біреуіне сәйкес келеді

3

Әлеуметтік жоба және (немесе) әлеуметтік бағдарламаның жүзеге асыру мерзімі мен ұсынылған шығыстар сметасының негізділігі, әлеуметтік жоба және (немесе) әлеуметтік бағдарламаның жүзеге асыру мерзімі мен ұсынылған шығыстар сметасының қызметке сәйкес келуі көрсеткіш тармақшаларының екеуіне сәйкес келеді

4

Әлеуметтік жоба және (немесе) әлеуметтік бағдарламаның жүзеге асыру мерзімі мен ұсынылған шығыстар сметасының негізділігі, әлеуметтік жоба және (немесе) әлеуметтік бағдарламаның жүзеге асыру мерзімі мен ұсынылған шығыстар сметасының қызметке сәйкес келуі көрсеткіш тармақшаларының үшеуіне сәйкес келеді

5

Әлеуметтік жоба және (немесе) әлеуметтік бағдарламаның жүзеге асыру мерзімі мен ұсынылған шығыстар сметасының негізділігі, әлеуметтік жоба және (немесе) әлеуметтік бағдарламаның жүзеге асыру мерзімі мен ұсынылған шығыстар сметасының қызметке сәйкес келуі көрсеткіш тармақшаларының барлығына толығымен сәйкес келеді

6

Жергілікті бюджет қаражатынан мемлекеттік гранттар ұсынған жағдайда – тиісті өңірдегі үкіметтік емес ұйымның жұмыс тәжірибесі

3

3

Өтінім берушінің тиісті өңірде жұмыс тәжірибесі бар



Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады