Орта білім беру ұйымдарында оқитындарды тамақтандыруды ұйымдастыру және мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында, жетім балалар мен ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарында тәрбие алатын және оқитын балаларды тамақтандыруды қамтамасыз етуге байланысты тауарлар сатып алу қағидаларын бекіту туралытамақтандыруды қамтамасыз етуге байланысты тауарларды сатып алу қағидаларын бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің м.а. 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 717 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 31 желтоқсанда № 12788 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 598 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Білім және ғылым министрінің 31.10.2018 № 598 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      Ескерту. Тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің м.а. 22.02.2017 № 76 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Білім туралы" 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабының 4-1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Мыналар:

      1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Орта білім беру ұйымдарында оқитындарды тамақтандыруды ұйымдастыру қағидалары;

      2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында, жетім балалар мен ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарында тәрбие алатын және оқитын балаларды тамақтандыруды қамтамасыз етуге байланысты тауарларды сатып алу қағидалары бекітілсін.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің м.а. 22.02.2017 № 76 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2. "Орта білім беру ұйымдарында білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 20 қаңтардағы № 20 бұйрығының (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2015 жылғы 19 ақпанда № 10294 болып тіркелген, 2015 жылғы 3 наурызда "Әділет" Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

      3. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитеті (А.М. Мәкенова) заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықты мемлекеттiк тiркелгеннен кейін күнтiзбелiк он күн iшiнде мерзiмдi баспа басылымдарында және "Әдiлет" ақпараттық-құқықтық жүйесiнде ресми жариялауға жолдауды;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Білім және ғылым вице-министрі Е.Н. Иманғалиевке жүктелсін.

      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Білім және ғылым министрінің


міндетін атқарушы

Т. Балықбаев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Қаржы министрі

      ____________________ Б.Сұлтанов

      2015 жылғы "____" __________

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрінің

      міндетін атқарушы

      ____________________ М.Құсайынов

      2015 жылғы "____" __________



  Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
міндетін атқарушының
2015 жылғы 31 желтоқсандағы
№ 717 бұйрығына
1-қосымша

Орта білім беру ұйымдарында оқитындарды тамақтандыруды ұйымдастыру қағидалары

      Ескерту. Тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің м.а. 22.02.2017 № 76 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.


1. Жалпы ережелер

      1. Осы Орта білім беру ұйымдарында оқитындарды тамақтандыруды ұйымдастыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін бағдарламаларын, мамандандырылған жалпы білім беретін және арнайы оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында (бұдан әрі – орта білім беру ұйымдары) ақылы және тегін негізде оқитындарға тамақтандыруды ұйымдастыру, сондай-ақ оқитындарды тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша қызметтерді немесе тауарларды сатып алу тәртібін белгілейді.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің м.а. 22.02.2017 № 76 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2. Тамақтандыруды ұйымдастырудың міндеттері:

      білім алушыларды тиімді тамақтандырумен қамтамасыз ету;

      тағам әзірлеуде пайдаланатын тамақ өнімдерінің сапасына және қауіпсіздігіне кепілдік беру;

      білім алушылар арасында тамақтан уланудың алдын алуға және профилактикасына бағытталған Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10275 болып тіркелген Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 29 желтоқсандағы № 179 бұйрығымен бекітілген "Білім беру объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларының (бұдан әрі – Санитариялық қағидалар) талаптарын сақтау болып табылады.

      3. Орта білім беру ұйымдарында білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру қоғамдық тамақтандыру қызметін көрсетуге мамандандырылған заңды немесе жеке тұлға болып табылатын көрсетілетін қызмет берушілер жүзеге асырады.

      4. Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

      1) әлеуетті өнім беруші – қызмет көрсету немесе тауарлардың жеткізілімі туралы шарт жасасуға үмiткер, кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыратын жеке тұлға, заңды тұлға (егер Қазақстан Республикасының заңдарында олар үшiн өзгеше белгiленбесе, мемлекеттiк мекемелердi қоспағанда), заңды тұлғалардың уақытша бiрлестiгi (консорциум);

      2) білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру – білім алушыларға, олардың білім беру ұйымдарында болу кезеңінде тамақтандыруды ұсыну бойынша қызмет көрсету немесе тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша тауарларды сатып алу үшін қажетті жағдай жасау;

      3) интернет-ресурс – аппараттық-бағдарламалық кешенде орналастырылатын, бірегей желілік адресі және (немесе) домендік аты бар және Интернетте жұмыс істейтін, мәтіндік, графикалық, аудиокөрінімді немесе өзге де түрде бейнеленетін электрондық ақпараттық ресурс;

      4) конкурсқа қатысуға өтінім – конкурстық құжаттамаға сәйкес жасалған, қызметтер көрсету немесе тауарларды жеткізу үшін материалдық, қаржылық және еңбек ресурстарына ие екенін растайтын, әлеуетті өнім беруші ұсынатын құжаттар;

      5) конкурстық комиссия – конкурс өткізуге конкурсты ұйымдастырушы құратын алқалы орган;

      6) конкурстық құжаттама – әлеуетті өнім берушіге конкурсқа қатысуға өтінім дайындау үшін және конкурс өткізу шарттары мен тәртібі қамтылған конкурсты ұйымдастырушы ұсынатын құжаттар;

      7) конкурсты ұйымдастыру және өткізу рәсімі – әлеуетті өнім берушімен көрсетілетін қызметтерді көрсету немесе тауарлардың жеткізілімі туралы шарт жасасу мақсатында конкурсты ұйымдастырушы осы Қағидаларға сәйкес жүзеге асырылатын өзара байланысты, жүйелі іс-шаралар кешені;

      8) конкурсты ұйымдастырушы (тапсырыс беруші) – орта білім беру ұйымы немесе білім беру ұйымы бухгалтерлік есепті өз бетінше жүргізбеген жағдайда, білім беру органы;

      9) көрсетілетін қызмет берушіні таңдау өлшемшарттары – әлеуетті өнім берушінің қызмет көрсетуі бойынша мүмкіндіктері мен жағдайларын бағалау негізінде жасалатын белгілер;

      10) қаржы жылы – ағымдағы жылғы 1 қаңтарда басталып, 31 желтоқсанда аяқталатын уақыт аралығы;

      11) отандық қызмет көрсетушілерді, тауар өндірушілерді қолдау – 2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексінің 17-бабының 1-тармағына сәйкес көрсетілетін қызметтердің, тауарлардың отандық өндірісін дамытуды ынталандыру үшін қолайлы жағдайлар жасау жөніндегі шаралар;

      12) өнім берушінің біліктілік талаптары – қызмет көрсету немесе тауарлардың жеткізілімі туралы шарт бойынша міндеттемелерді орындау үшін жеткілікті, материалдық, қаржылық және еңбек ресурстарына ие екенін растайтын құжаттар тізбесі;

      13) өнім беруші – қызмет көрсету немесе тауарлардың жеткізілімі туралы шарт жасасқан кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыратын жеке тұлға немесе заңды тұлға;

      14) тауарларды жеткізушіні таңдау өлшемшарттары – әлеуетті өнім берушінің тауарларды жеткізу бойынша мүмкіндіктері мен жағдайларын бағалау негізінде жасалатын белгілер;

      15) тауарларды сатып алу – тапсырыс берушінің тауарларды осы Қағидаларда белгіленген тәртіппен сатып алуы;

      16) тиімді тамақтандыру – тамақтандырудың физиологиялық және жас ерекшелігі нормалары ескерілген үйлестірілген тағам;

      17) шарт – тапсырыс беруші мен өнім беруші арасында қызметтер көрсету немесе тауарлардың жеткізілімі туралы жасалған азаматтық-құқықтық шарт.

2. Орта білім беру ұйымдарында білім алушыларды
тамақтандыруды ұйымдастыруға қойылатын талаптар

      5. Білім алушылар контингенті шағын, сынып-жинақтары біріктірілген және оқу сабақтарын ұйымдастырудың өзіндік нысаны бар орта білім беру ұйымдарында егер конкурс қорытындысы бойынша көрсетілетін қызмет берушілер жоқ болса, Санитариялық қағидаларға сәйкес тамақтандыруды ұйымдастыруға қажетті жағдайлар болған жағдайда, жергілікті бюджет есебінен ас әзірлейтін бөліктердің қызметкерлерін (аспазшылар, асхана қызметкерлері, қоймашы) енгізуге жол беріледі.

      6. Орта білім беру ұйымының әкімшілігі білім алушыларды тиімді тамақтандыруды, дұрыс тамақтанудың қағидаттары мен санитариялық-гигиеналық негіздерін қамтамасыз етуге, білім алушылардың ата-аналарымен (заңды өкілдерімен) консультациялық және түсіндірме жұмыстарын жүргізуге бағытталған ұйымдастырушылық-басқарушылық шешімдерді қабылдауды қамтамасыз етеді.

      7. Білім алушыларды тамақтандыру бекітілген ас мәзіріне сәйкес орта білім беру ұйымдарының асханаларында және (немесе) буфеттерде жүзеге асырылады.

      8. Орта білім беру ұйымдарында білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастырудың тәсілдері:

      ас әзірлейтін бөлікте тамақ өнімдерін сақтауды, өңдеуді және дайын тамақтар мен аспаздық өнімдерді, оны өндіретін жерден сатуды ескере отырып, азық-түлік шикізатымен жұмыс істейтін асханада білім алушыларды тамақтандыру;

      кремі бар кондитерлік бұйымдарды қоспағанда дайын тамақтарды, аспаздық және кондитерлік бұйымдарды сатуды жүзеге асыратын буфеттерде білім алушыларды тамақтандыру;

      мектептік тамақтандырудың базалық ұйымдарымен салқындатылған немесе мұздатылған әзірлігі жоғары деңгейлі аспаздық жартылай фабрикаттарды, дайын өнімдерді өнеркәсіптік өндіруді көздейтін білім алушыларды индустриалды тамақтандыруды ұйымдастыру болып табылады.

      Отандық қызмет көрсетушілерді, тауар өндірушілерді қолдау үшін конкурсты ұйымдастырушы техникалық тапсырмада мектептік тамақтандыруды ұйымдастыру шеңберінде әлеуетті өнім берушілерге тамақ өнімдерін кемінде 80% (сексен пайыз мөлшерінде) отандық қызмет көрсетушілерден, тауар өндірушілерден сатып алу туралы талаптарды қарастырады.

      9. Өнім беруші білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша қызмет көрсету процесінде орта білім беру ұйымдарында білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша көрсетілетін қызмет берушіні таңдау жөніндегі конкурстық құжаттамаға техникалық тапсырманы орындайды.

      10. Білім алушылар үшін әзірленетін тағамдар мен аспаздық бұйымдар, оның ішінде білім алушыларды тамақтандыру кезінде пайдаланатын шикізат пен тамақ өнімдері, оларды жеткізу жағдайлары, өндіріс технологиясы халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілер және "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Кодексінің 144-бабының 6-тармағына сәйкес гигиеналық нормативтер талаптарына сәйкес келеді.

      11. Білім беру ұйымдарының асханаларына және (немесе) буфеттеріне тағамдарды мектептік тамақтандырудың базалық ұйымдарынан жеткізілген жағдайда Санитариялық қағидаларға сәйкес тиісті температураны сақтауды қамтамасыз ететін арнайы ыдыстар (термоконтейнерлер) қолданылады.

      12. Білім алушыларды тамақтандыру тәртібі орта білім беру ұйымының басшысымен бекітіледі.

      13. Орта білім беру ұйымдарында тамақтандыруға жауапты, сынып жетекшілердің, педагогтердің оқушыларды асхана бөлмесіне алып жүруін қамтамасыз етеді.

      14. Дайын аспаздық өнімдерді және тамақ өнімдерін сату асхана және (немесе) буфеттің жұмыс уақыты ішінде жүзеге асырылады және оқу процесінің соңына кемінде бір сағат қалған уақытта аяқталады.

      Тамақ өнімдерін сатып алу білім алушылардың тамақ рационына сәйкес және оны сақтау (жарамдылық) мерзімін ескере отырып жүзеге асырылады.

      15. Органдар және орта білім беру ұйымдары интернет ресурсында "Мектептік тамақтандыру" айдарын ашады және білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша ақпаратты жүйелі орналастыруды қамтамасыз етеді.

      16. Көрсетілетін қызмет беруші орта білім беру ұйымының басшысына ай сайын тамақ өнімдерінің сапасы мен қауіпсіздігін растайтын құжаттарды қоса бере отырып, білім алушылар үшін пайдаланатын тамақ өнімдерінің тізбесі туралы мәліметтерді ұсынады.

      17. Санитариялық қағидаларға сәйкес білім беру органы маусымдықты, білім алушылардың жас ерекшеліктерін ескере отырып бірыңғай перспективалы мәзір әзірлейді және халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік орган ведомствосының аумақтық бөлімшелерімен келіседі.

      Білім алушылардың мәзірі халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілердің талаптарына сәйкес жасалады.

      18. Санитариялық қағидаларға сәйкес әлеуетті өнім беруші шығарылатын өнімнің ассортимент тізбесін халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік орган ведомствосының аумақтық бөлімшесінде бекітеді. Көрсетілетін қызмет беруші болмаған жағдайда шығарылатын өнімнің ассортименттік тізбесін орта білім беру ұйымы келісуді жүргізеді.

      19. Орта білім беру ұйымының басшысы перспективалы мәзірге сәйкес күн сайын алдағы күнге мәзірді бекітеді және оны асхана мен білім алушылардың ата-аналары немесе заңды өкілдері үшін қолжетімді жерде орналастырады.

      20. Күн сайынғы мәзірді көрсетілетін қызмет беруші күнін, жекелеген тамақты қабылдаудың атауын, тамақ және аспаздық бұйымдардың тізбесін, жас ерекшелігіне және басқа мәліметтерге байланысты дайын тамақ порциясының көлемі туралы мәліметтерді көрсете отырып әзірлейді.

      Тамақтанудың іс жүзіндегі рационы бекітілген перспективалы мәзірге сәйкес келуі тиіс. Санитариялық қағидаларға сәйкес өнімдерді алмастыруға жол беріледі.

3. Көрсетілетін қызметтерді немесе тауарларды сатып алу жоспары

      21. Тапсырыс беруші тиісті бюджеттің негізінде Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көрсетілетін қызметтерді немесе тауарларды сатып алу жоспарын әзірлейді және бекітеді.

      Көрсетілетін қызметтерді немесе тауарларды сатып алу жоспарын конкурсты ұйымдастырушы тиісті бюджет бекітілген күнінен бастап он жұмыс күні ішінде бекітеді.

      22. Көрсетілетін қызметтерді немесе тауарларды сатып алу жоспары тапсырыс берушінің қызметін қамтамасыз ету және міндеттері мен функцияларына қол жеткізу үшін қажетті көрсетілетін қызметтерге немесе тауарларға деген қажеттілік негізінде қаржы жылына қалыптастырылады.

      23. Конкурсты ұйымдастырушы көрсетілетін қызметтерді, тауарларды сатып алу жоспары бекітілген күнінен бастап бес жұмыс күн ішінде оны конкурсты ұйымдастырушының немесе конкурсты ұйымдастырушының жеке интернет-ресурсы болмаған жағдайда білім беру органының интернет-ресурсында және (немесе) тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында таратылатын мерзімді баспасөз басылымдарда орналастырады.

      24. Көрсетілетін қызметтерді немесе тауарларды сатып алуды жүзеге асыру туралы шешімді конкурстық комиссия көрсетілетін қызметтерді, тауарларды сатып алудың бекітілген жоспарының негізінде қабылдайды.

      25. Көрсетілетін қызметтерді, тауарларды сатып алу жоспарына өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізуге жол беріледі.

      Көрсетілетін қызметтерді немесе тауарларды сатып алу жоспарына өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу тапсырыс берушінің бекітілген бюджетіне өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілген жағдайларда жүзеге асырылады.

      Конкурсты ұйымдастырушы көрсетілетін қызметтерді немесе тауарларды сатып алу жоспарына өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу туралы шешім қабылданған күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде, енгізілген өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды конкурсты ұйымдастырушының немесе конкурсты ұйымдастырушының жеке интернет-ресурсы болмаған жағдайда білім беру органының интернет-ресурсында және (немесе) тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында таратылатын мерзімді баспасөз басылымдарда орналастырады.

4. Орта білім беру ұйымдарында білім алушыларды тамақтандыруды
ұйымдастыру бойынша көрсетілетін қызмет берушіні немесе
тауарларды жеткізушіні таңдау конкурсын ұйымдастыру және
өткізу тәртібі

      26. Тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша көрсетілетін қызмет берушіні немесе тауарларды жеткізушіні таңдауды конкурстық негізде конкурсты ұйымдастырушы жүзеге асырады. Егер конкурсты ұйымдастырушы білім беру органы болған жағдайда, соңғысы конкурсты білім беру ұйымдары бойынша лоттар бөлінісінде өткізеді.

      Отандық қызмет көрсетушілерді, тауарды өндірушілерді қолдау үшін конкурсты ұйымдастырушы техникалық тапсырмада көрсетілетін қызмет берушілерді немесе тауарларды жеткізушілерді таңдау кезінде әлеуетті өнім берушілерге тамақ өнімдерін кемінде 80% (сексен пайыз мөлшерінде) отандық қызмет көрсетушілерден, тауар өндірушілерден сатып алу туралы талаптарды қарастырады.

      27. Көрсетілетін қызмет берушіні немесе тауарларды жеткізушіні таңдау рәсімі конкурсты ұйымдастырушының келесі жүйелі іс-шараларды орындауын көздейді:

      1) конкурстық құжаттаманы бекіту;

      2) әлеуетті өнім берушілерді конкурсты ұйымдастырушының немесе конкурсты ұйымдастырушының жеке интернет-ресурсы болмаған жағдайда білім беру органының интернет-ресурсында және (немесе) тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында таратылатын мерзімді баспасөз басылымдарында хабарландыру беру арқылы өнім берушіні таңдау рәсімін жүзеге асыру туралы хабардар ету;

      3) конкурстық комиссия құрамын қалыптастыру және бекіту;

      4) әлеуетті өнім берушілерден конкурсқа қатысуға құжаттарды қабылдау;

      5) комиссияның көрсетілетін қызмет берушілерге немесе тауарларды жеткізушілерге қойылатын талаптарға сәйкес келетін және (немесе) сәйкес келмейтін әлеуетті өнім берушілерді айқындау үшін құжаттарды қарауы;

      6) қызмет көрсету немесе тауарлардың жеткізілімі туралы шарт жасасу.

      28. Конкурстық комиссия төраға, төраға орынбасарынан және комиссияның мүшелерінен тұрады. Комиссия мүшелерінің жалпы саны тақ санды құрайды, бірақ жеті адамнан кем болмауы керек.

      Өз құзыреті шегінде мемлекеттік мүлікті басқару саласындағы, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік орган ведомствосының аумақтық бөлімшелерінің өкілдері, үкіметтік емес ұйымдардың және ата-аналар жұртшылығының өкілдері келісім бойынша конкурстық комиссия құрамына енгізіледі.

      Егер конкурсты ұйымдастырушы білім беру органы болған жағдайда орта білім беру ұйымдарының басшылары конкурстық комиссия құрамына енгізіледі.

      29. Білім беру ұйымының немесе органының бірінші басшысы комиссия төрағасы болып табылады.

      Комиссия төрағасы комиссияның жұмысын жоспарлайды және қызметін басқарады, комиссия отырыстарында төрағалық етеді және осы Қағиадалармен көзделген басқа функцияларды жүзеге асырады. Комиссия төрағасы болмаған уақытта оның функцияларын комиссия төрағасының орынбасары атқарады.

      30. Орта білім беру ұйымы басшысының орынбасары конкурстық комиссия төрағасының орынбасары болып табылады.

      Егер конкурсты ұйымдастырушы білім беру органы болған жағдайда, комиссия төрағасының орынбасары ашық дауыспен орта білім беру ұйымдары басшыларының ішінен сайланады.

      31. Комиссияның ұйымдастырушылық қызметін білім беру ұйымының немесе органының лауазымды адамдары ішінен айқындалатын комиссия хатшысы қамтамасыз етеді. Хатшы комиссия мүшесі болып табылмайды.

      32. Комиссия оның құрылуы туралы шешім қабылданған күнінен бастап қызмет етеді және өзінің қызметін қызметтер көрсету туралы шарт жасасқан күнінен бастап тоқтатады.

      33. Егер комиссия мүшелерінің кемінде үштен екісі қатысқан жағдайда, конкурстық комиссияның отырысы заңды болып табылады. Конкурстық комиссия мүшелерінің бірі болмаған жағдайда, конкурстық комиссия отырысының хаттамасында оның болмау себебі көрсетіледі.

      Комиссия отырысы өткізілмей қатысуға арналған өтінімдерді қарауға жол берілмейді.

      34. Конкурстық комиссия шешімі ашық дауыс беру арқылы қабылданады және отырысқа қатысқан комиссия мүшелерінің жалпы санынан оған көп дауыс берген жағдайда шешім қабылданған болып есептеледі. Дауыстар тең болған жағдайда, комиссия төрағасы, ол болмаған жағдайда комиссия төрағасының орынбасары дауыс берген комиссия мүшелерінің шешімі қабылданған болып есептеледі.

      Комиссия мүшелері конкурстық комиссия шешімімен келіспеген жағдайда төрағаға жазбаша түрде дәлелді қарсы пікірлерін ұсынады.

      35. Конкурстық комиссия шешімдерін хаттамалар түрінде комиссия хатшысы ресімдейді, оның әрбір парағына және соңына төраға, төраға орынбасары және қатысып отырған комиссияның мүшелері қолдарын қояды.

      Комиссия отырысының хаттамасы қатысып отырған, қатыспаған комиссия мүшелері, дауыс санын (жақтау, қарсы) көрсете отырып, комиссия отырысында қабылданған шешім туралы мәліметтерді қамтиды.

      Әлеуетті өнім берушінің немесе оның өкілінің сұранысы бойынша қабылданған шешімге қатысты комиссия отырысы хаттамасының үзінді көшірмесі беріледі.

      36. Осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Орта білім беру ұйымдарында білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша қызмет берушіні немесе тауарларды жеткізушіні таңдау жөніндегі үлгілік конкурстық құжаттамаға (бұдан әрі – Үлгілік конкурстық құжаттама) сәйкес конкурсты ұйымдастырушы:

      1) Үлгілік конкурстық құжаттамаға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көрсетілетін қызметті алушылар санатының тізбесін, тауарды жеткізушіні таңдау кезінде 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша сатып алынатын тауарлардың тізбесін;

      2) Үлгілік конкурстық құжаттамаға 3-қосымшаға сәйкес Орта білім беру ұйымдарында білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша көрсетілетін қызметті берушіні немесе тауарларды жеткізушіні таңдау бойынша конкурстық құжаттамаға техникалық тапсырманы;

      3) Үлгілік конкурстық құжаттамаға 4, 5-қосымшаларға сәйкес нысандар бойынша заңды және жеке тұлғалар үшін конкурсқа қатысуға өтінімді;

      4) Үлгілік конкурстық құжаттамаға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша әлеуетті өнім берушінің қызметкерлерінің біліктілігі туралы мәліметтерді;

      5) Үлгілік конкурстық құжаттамаға 7, 8-қосымшаларға сәйкес көрсетілетін қызмет берушіні немесе тауарларды жеткізушіні таңдау өлшемшарттарының тізбесін;

      6) Үлгілік конкурстық құжаттамаға 9-қосымшаға сәйкес Орта білім беру ұйымдарында білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша қызмет көрсету немесе тауарлардың жеткізілімі туралы үлгілік шартты қамтитын конкурстық құжаттаманы әзірлейді және бекітеді.

      37. Конкурстық құжаттама конкурсты ұйымдастырушының немесе конкурсты ұйымдастырушының жеке интернет-ресурсы болмаған жағдайда білім беру органының интернет-ресурсында және (немесе) тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында таратылатын мерзімді баспасөз басылымдарда орналастырылады және ол әлеуетті өнім берушілерге қағаз түрінде беріледі.

      Конкурстық комиссияның хатшысы конкурс қатысушыларына конкурстық құжаттаманың қағаз түріндегі көшірмелерін қол қойғызып береді және деректерді осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша конкурстық құжаттаманың көшірмесін алған адамдарды тіркеу журналына енгізеді.

      38. Конкурстық құжаттаманың көшірмесін алған адамдарды тіркеу журналы тігіледі, беттері нөмірленеді, соңғы парағы конкурсты ұйымдастырушының мөрімен бекітіледі.

      39. Конкурсты ұйымдастырушы конкурстық құжаттама бекітілген күнінен бастап күнтізбелік бес күн ішінде, бірақ әлеуетті өнiм берушiлер конкурсқа қатысуға өтiнiмдер беретін соңғы күнге дейін кемiнде күнтiзбелiк жиырма күн қалғанда осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша конкурсты ұйымдастырушының немесе конкурсты ұйымдастырушының жеке интернет-ресурсы болмаған жағдайда білім беру органының интернет-ресурсында және (немесе) тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында таратылатын мерзімді баспасөз басылымдарда конкурс туралы хабарландыруды орналастыру арқылы әлеуетті өнім берушілерді хабардар етеді.

      Хабарландыруда конкурсты ұйымдастырушының толық пошталық мекенжайы, бөлме нөмірі, конкурстық құжаттаманы қабылдауға және тіркеуге жауапты адамның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), өтінім берудің күні және соңғы мерзімі, сондай-ақ конверттерді ашу күні, уақыты мен жері көрсетіледі.

      40. Конкурсқа қатысуға құқықтық қабілеті бар, төлеуге қабілетті болып табылатын және материалдық, еңбек ресурстары бар әлеуетті өнім беруші үміткер болады.

      41. Әлеуетті өнім беруші немесе сенімхат бойынша оның өкілі конкурсты ұйымдастырушының пошталық мекенжайына немесе қолма-қол тігілген және нөмірленген, басшының қолы қойылып, мөрімен (бар болса) бекітілген құжаттар пакетін, оны ұсынудың соңғы мерзімі аяқталуына дейін жолдайды, онда келесі құжаттар қамтылады:

      1) Үлгілік конкурстық құжаттамаға 4, 5-қосымшаларға сәйкес мемлекеттік және орыс тілдерінде жасалған және әлеуетті өнім берушінің қолы қойылып, мөрімен куәландырылған конкурсқа қатысуға өтінім;

      2) құқықтық қабілетін және қабілеттілігін растайтын құжаттар:

      заңды тұлғалар үшін:

      заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің көшірмесі немесе анықтама;

      заңнамада белгіленген тәртіппен бекітілген жарғы көшірмесі;

      жеке тұлғалар үшін:

      жеке кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркеу туралы куәлік көшірмесі;

      жеке басты куәландыратын құжат көшірмесі;

      конкурсқа қатысуға өтінім беруге, қол қоюға, комиссия отырысына қатысуға құқық беретін оның мүдделерін білдіретін адамға сенімхат;

      3) конкурстық өтінімдері бар конверттерді ашу күнінің алдындағы бір айдан бұрын емес алынған салық төлеушінің салық берешегінің, міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары және әлеуметтік аударымдар бойынша берешегінің жоқ (бар) екендігі туралы мәліметтер;

      4) конкурсқа қатысуға банктік кепілдік немесе кепілдік берілген ақшалай жарна түрінде өтінімді қамтамасыз етуді растайтын құжаттың түпнұсқасы;

      5) Үлгілік конкурстық құжаттамаға 3-қосымшаға сәйкес оқушыларды тиімді тамақтандыруды қамтамасыз ету үшін талап етілетін перспективалы мәзір қоса беріле отырып, Орта білім беру ұйымдарында білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша көрсетілетін қызметті берушіні немесе тауарларды жеткізушіні таңдау бойынша конкурстық құжаттамаға техникалық тапсырма;

      6) Үлгілік конкурстық құжаттамаға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша әлеуетті өнім берушінің қызметкерлерінің біліктілігі туралы мәліметтер.

      42. Қатысуға өтінімді және тиісті құжаттарды әлеуетті өнім беруші конкурсты ұйымдастырушыға тігілген, парақтары нөмірленген түзетусіз түрінде ұсынады. Өтінімнің соңғы парағына бірінші басшының қолы қойылады және мөрімен бекітіледі.

      Егер конкурс лоттар бойынша бөлінген жағдайда, әлеуетті өнім беруші конкурсқа қатысуға құжаттарды әр лотқа бөлек ұсынады.

      43. Әлеуетті өнім беруші конкурсты ұйымдастырушының банк шотына банктік кепілдік немесе кепілдік берілген ақша жарнасы түрінде конкурсқа бөлінген соманың бір пайызы мөлшерінде конкурстық өтінімді қамтамасыз етуді енгізеді.

      44. Конкурстық комиссияның хатшысы өтінімдері бар конверттерді қабылдайды және өтінімдерді тіркеу журналына конкурсқа қатысуға өтінім берген әлеуетті өнім беруші туралы мәліметтерді енгізеді.

      Конкурсқа қатысуға өтінімдерді тіркеу журналы осы Қағидалардың 37-тармағына сәйкес конкурстық құжаттама көшірмелерін алған адамдарды тіркеу журналына ұқсас өтінімді тіркеу немесе себебін көрсете отырып, тіркеуден бас тарту күні мен уақыты туралы мәліметтерді енгізуді есепке алып, ресімделеді.

      45. Конкурсты ұйымдастырушы бекіткен мерзім өткеннен кейін ұсынылған құжаттар тіркелуге жатпайды және әлеуетті өнім берушілерге қайтарылады.

      46. Конкурстық комиссия әлеуетті өнім берушілердің құжаттары бар конверттерді ашуды хабарландыруда көрсетілген құжаттарды қабылдау аяқталған күні мен уақытында өткізеді.

      47. Конкурстық комиссияның төрағасы қатысушыларға конкурстық комиссияның құрамы, белгіленген мерзімде конкурсқа қатысуға құжаттарды ұсынған әлеуетті өнім берушілердің саны туралы хабарлайды және әлеуетті өнім берушілердің конверттерін ашуды жүзеге асырады.

      Конкурсты ұйымдастырушының хабарландыруында белгіленген мерзімде ұсынылған конкурсқа қатысуға өтінімдері бар конверттер ашылуға жатады.

      48. Конверттерді ашу хаттамасы осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ресімделеді, оған конкурстық комиссияның төрағасы, төраға орынбасары және мүшелері әрбір парағына және соңына қолын қояды конкурсты ұйымдастырушының немесе конкурсты ұйымдастырушының жеке интернет-ресурсы болмаған жағдайда білім беру органының интернет-ресурсында және (немесе) тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында таратылатын мерзімді баспасөз басылымдарында орналастырылады.

      49. Өтінімдері бар конверттерді ашқан күнінен бастап үш жұмыс күн ішінде конкурстық комиссия конкурсқа қатысуға рұқсат беру үшін толықтығы және конкурстық құжаттамаға сәйкестігі тұрғысынан өтінімді қарайды. Конкурстық құжаттама талаптарына сәйкес келмейтін құжаттар қабылданбайды.

      Әлеуетті өнім беруші ұсынған құжаттардың дұрыстығын анықтау қажет болған жағдайда, комиссия тиісті мемлекеттік органдар мен заңды тұлғалардан жазбаша түрде қажетті ақпаратты сұратады.

      50. Конкурстық комиссияның өтінімді конкурстық құжаттама талаптарына сәйкестендіруге байланысты сұраныстарына және өтінімді жетіспейтін құжаттармен толықтыруға, құжаттарды алмастыруға, тиісінше ресімделмеген құжаттарды дұрыстауға бағытталған әрекетіне жол берілмейді.

      51. Комиссия өтінімдерді ашу кезінде әлеуетті өнім берушілер және (немесе) олардың өкілдері өздерінің қалауы бойынша аудиожазба мен бейнетүсірілім жүргізу құқығымен комиссия қызметіне араласпай қатыса алады.

      52. Конкурстық комиссия конкурстық құжаттама талаптарына сәйкес келетін әлеуетті өнім берушілерді айқындайды және оларды конкурсқа қатысушылар ретінде таниды.

      53. Осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша конкурстық комиссияның шешімі әрбір парағына және соңына конкурстық комиссияның төрағасының, төраға орынбасарының және мүшелерінің қолы қойылған конкурсқа қатысуға рұқсат беру туралы хаттамасымен ресімделеді.

      Конкурсқа қатысу туралы рұқсат беру хаттамасы комиссия отырысы күнінен бастап бір жұмыс күнінен кешіктірмей конкурсты ұйымдастырушының немесе конкурсты ұйымдастырушының жеке интернет-ресурсы болмаған жағдайда білім беру органының интернет-ресурсында және (немесе) тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында таратылатын мерзімді баспасөз басылымдарында орналастырылады.

      54. Комиссия конкурсқа қатысуға рұқсат беру туралы хаттама жарияланған күнінен бастап екі жұмыс күн ішінде рұқсат берілген әлеуетті өнім берушілердің құжаттамасын қарайды.

      55. Егер неғұрлым үздік сипаттамалары бар көрсетілетін қызмет ұсынылған жағдайда, әлеуетті өнім берушінің техникалық тапсырмасының конкурстық құжаттамада көрсетілген техникалық тапсырмаға сәйкес болмауына жол беріледі.

      56. Конкурстық құжаттама талаптарына және біліктілік талаптарына сәйкес келетін әлеуетті өнім беруші конкурс жеңімпазы болып танылады.

      57. Егер конкурсқа екі және одан да көп әлеуетті өнім берушілерге рұқсат берілген жағдайда Үлгілік конкурстық құжаттамаға 7, 8-қосымшаларға сәйкес көрсетілетін қызмет берушіні немесе тауарларды жеткізушіні таңдау өлшемшарттары қолданылады. Бұл жағдайда, барынша көп балл жинаған және басқа әлеуетті жеткізушілермен салыстырғанда міндеттемелерді ең үздік орындау шарттарын ұсынған әлеуетті өнім беруші конкурс жеңімпазы болып танылады.

      Егер конкурста конкурстық құжаттаманың талаптарына сәйкес өтінімді ұсынған және осы Қағидалардың талаптарына сәйкес келетін бір әлеуетті өнім беруші қатысқан жағдайда, ол конкурс жеңімпазы болып танылады.

      58. Конкурстық комиссияның төрағасы, ол болмаған жағдайда төраға орынбасары конкурстық комиссияның отырысына қатысып отырған адамдарға конкурс қорытындыларын жариялайды.

      59. Конкурс қорытындылары туралы хаттама осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ресімделеді, оған комиссияның төрағасы, төраға орынбасары және мүшелері әрбір парағына және соңына қолын қояды және конкурс қорытындылары туралы хаттама қол қойылған күннен бастап бір жұмыс күн ішінде конкурсты ұйымдастырушының немесе конкурсты ұйымдастырушының жеке интернет-ресурсы болмаған жағдайда білім беру органының интернет-ресурсында және (немесе) тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында таратылатын мерзімді баспасөз басылымдарында орналастырылады.

      Конкурс қорытындылары туралы хаттама қызмет көрсету немесе тауарлардың жеткізілімі туралы шарт жасасуға негіз болып табылады.

      60. Конкурс жеңімпазы болып танылған әлеуетті өнім беруші қонкурс қорытындылары туралы хаттамаға қол қойылған күнінен бастап және оны конкурсты ұйымдастырушының немесе конкурсты ұйымдастырушының жеке интернет-ресурсы болмаған жағдайда білім беру органының интернет-ресурсында және (немесе) тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында таратылатын мерзімді баспасөз басылымдарында ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн ішінде шарттың жалпы сомасынан үш пайыз мөлшерінде шартты орындауды қамтамасыз етуді енгізеді.

      61. Конкурсты ұйымдастырушы өнім беруші шартты орындауды қамтамасыз етуді енгізгеннен кейін екі жұмыс күні ішінде қол қойылған қызмет көрсету немесе тауарлардың жеткізілімі туралы шартты әлеуетті өнім берушіге жолдайды.

      62. Өнім беруші шартты алған күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қол қойылған қызмет көрсету немесе тауарлардың жеткізілімі туралы шартты конкурсты ұйымдастырушыға қайтарады.

      63. Егер әлеуетті өнім беруші осы мерзім ішінде шартқа қол қоймаса, ол шартты қол қоюдан жалтарған деп есептеледі.

      64. Шарт бөлінген қаражат шегінде тиісті қаржы жылында міндеттемелер бойынша бекітілген жеке қаржыландыру жоспарына сәйкес жасалады және шарт мерзімі аяқталғаннан кейін өнім беруші тарапынан бұзушылықтар болмаған жағдайда екі реттен көп емес ұзартылады.

      Тамақтанушылардың саны өзгерген жағдайда қолданыстағы шартқа қосымша келісім жасалады.

      Шарт бюджетті орындау жөніндегі орталық уәкілетті органның аумақтық бөлімшелерінде міндетті түрде тіркелгеннен кейін күшіне енеді.

      Ескерту. 64-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Білім және ғылым министрінің м.а. 22.02.2017 № 76 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      65. Конкурста жеңімпаз болып танылған әлеуетті өнім беруші күнтізбелік он бес күн ішінде мемлекеттік мүлік туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мектеп асханасының бөлмесін және жабдықтарын жалдау жөнінде шарт жасасады.

      66. Көрсетілетін қызметті жеткізуші беруші жалдау шартын алғаннан кейін білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша қызметті көрсеткенге дейін объектінің халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерге және гигиеналық нормативтерге сәйкестігі (сәйкес еместігі) туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды алады.

      Ескерту. 66-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің м.а. 22.02.2017 № 76 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      67. Шарттық міндеттемелерді орындау процесінде туындайтын барлық даулар Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес шешіледі.

      68. Конкурс қорытындыларын шығарғанға дейінгі, бірақ қаржы жылының кемінде үш айдан аспайтын кезеңге қажеттілікке сәйкес білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша қызметтерді көрсетуге немесе тауарларды жеткізуге қажеттілік болған жағдайда, конкурсты ұйымдастырушы тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша қызмет көрсететін тиісті өнім берушіні немесе тауарларды жеткізушіні тарту туралы шешім қабылдайды.

      Аталған шешімді қабылдаған жағдайда конкурсты ұйымдастырушы орта білім беру ұйымдарында тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша қызметтер көрсетуге немесе тауарларды жеткізуге тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша белгілі қызметтер көрсететін немесе тауарларды жеткізетін өнім берушіге сұрату жібереді.

      69. Тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша қызмет көрсететін немесе тауарларды жеткізетін өнім беруші келіскен жағдайда конкурсты ұйымдастырушының хаты түскен күнінен бастап үш жұмыс күн ішінде заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің немесе анықтамасының (заңды тұлғалар үшін) немесе жеке кәсіпкерлік ретінде мемлекеттік тіркеу туралы куәлігінің, жеке басты куәландыратын құжат (жеке тұлғалар үшін) көшірмелерін, техникалық тапсырманы және әлеуетті өнім берушінің қызметкерлерінің біліктілігі туралы мәліметтерін қоса беріп, жауап жолдайды.

      70. Конкурсты ұйымдастырушы көрсетілетін қызметтер немесе тауарларды белгілі берушіден хат алғаннан кейін бір жұмыс күні ішінде оған қол қойылған қызмет көрсету немесе тауарлардың жеткізілімі туралы шартты жібереді.

      71. Өнім беруші шарт жобасын алған күнінен бастап бір жұмыс күні ішінде қол қойылған қызмет көрсету немесе тауарлардың жеткізілімі туралы шартты конкурсты ұйымдастырушыға қайтарады.

      72. Конкурстық комиссияның хатшысы екі жұмыс күні ішінде конкурсты ұйымдастырушының немесе конкурсты ұйымдастырушының жеке интернет-ресурсы болмаған жағдайда білім беру органының интернет-ресурсында және (немесе) тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында таратылатын мерзімді баспасөз басылымдарында көрсетілетін қызмет беруші немесе тауарларды жеткізуші туралы ақпарат жариялайды.

      73. Конкурсты ұйымдастырушы:

      1) ұсынылған өтінімдер болмаған;

      2) конкурсқа қатысуға бірде-бір әлеуетті өнім беруші жіберілмеген;

      3) конкурс жеңімпазы, егер аталған өнім беруші конкурсқа жалғыз қатысып, шарт жасасудан жалтарған жағдайларда, конкурсты өткізілмеді деп таниды.

      74. Конкурс өткізілмеді деп танылған жағдайда, конкурсты ұйымдастырушы конкурс өткізілмеді деп танылған күнінен бастап бір жұмыс күнінен кешіктірмей, бірақ әлеуетті өнім берушілер конкурсқа қатысуға өтінімдер беретін соңғы күнге кемінде күнтізбелік он күн қалғанда конкурсты ұйымдастырушының немесе конкурсты ұйымдастырушының жеке интернет-ресурсы болмаған жағдайда білім беру органының интернет-ресурсында және (немесе) тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында таратылатын мерзімді баспасөз басылымдарда орналастыру арқылы осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша конкурсты қайта өткізу туралы жариялайды.

      Егер конкурс жеңімпазы шарт жасасудан жалтарған жағдайда конкурсқа екі және одан да көп әлеуетті өнім беруші қатысқан кезде, конкурстық комиссия көрсетілетін қызметтерді, тауарларды берушілерді таңдау өлшемшарттары бойынша конкурс жеңімпазынан кейін көп балл жинаған әлеуетті өнім берушімен шарт жасасу туралы шешім қабылдайды.

      75. Осы Қағидалардың 73-тармағына сәйкес қайта өткізілген конкурс өткізілмеген болып танылған жағдайда конкурстық комиссияның шешімі бойынша тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша қызметтерді көрсететін немесе тауарларды жеткізетін өнім берушіні тарту туралы шешім қабылдайды.

      Өнім берушіні тарту осы Қағидалардың 69, 70, 71, 72-тармақтарының ұқсастығы бойынша жүзеге асырылады.

      Ескерту. 75-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Білім және ғылым министрінің м.а. 22.02.2017 № 76 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

5. Орта білім беру ұйымдарында білім алушыларды тамақтандыруды
ұйымдастыру үшін жағдайларды қамтамасыз етуге талаптар

      76. Тағамды дайындау кезінде халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілердің талаптарын сақтау қамтамасыз етіледі.

      77. алып тасталды - ҚР Білім және ғылым министрінің м.а. 22.02.2017 № 76 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      78. Білім беру ұйымдарының медициналық пунктінің медицина қызметкері асхана қызметкерлерінің медициналық тексеруден уақытылы өтуін бақылайды.

      Ескерту. 78-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің м.а. 22.02.2017 № 76 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      79. Аспазшы күн сайын халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілердің талаптарына сәйкес дайын өнімнің тәуліктік сынамасын алуды жүзеге асырады.

      80. Орта білім беру ұйымдарында ата-аналар комитеті өкілдерінің, мектеп әкімшілігінің, білім беру ұйымдарының медициналық пунктінің медицина қызметкерінің және басқа адамдардың қатысуымен тамақтандырудың сапасына мониторинг жүргізу жөніндегі комиссия құрылады. Орта білім беру ұйымының басшысы комиссия төрағасы болып табылады.

      Ескерту. 80-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің м.а. 22.02.2017 № 76 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      81. Комиссияның міндетіне жеткізілетін тамақ өнімдерінің сапасына, тағамдарды дайындау технологиясына тоңазытқыш-технологиялық жабдықтардың жарамдылығына, өнімдердің және дайын тағамдардың сақтау мерзімдері мен жағдайларының сақталуына мониторинг жүргізу кіреді.

      82. Комиссия жұмысының қорытындылары тоқсан сайын ақпарат түрінде ресімделеді, кейін ол білім беру ұйымдарының педагогикалық кеңесінде қаралады және орта білім беру ұйымының интернет-ресурсында орналастырылады.

      83. "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 90-бабының 4-тармағының 4)-тармақшасына және халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілердің талаптарына сәйкес көрсетілетін қызмет беруші өндірістік бақылауды қамтамасыз етеді.

      84. Білім беру органдары жанында жұмыс істейтін тамақтандырудың сапасына бақылау жасау жөніндегі ведомствоаралық сараптама топтары тамақтандырудың сапасына мониторинг жүргізу жөніндегі комиссия қызметіне жүйелі мониторинг жүргізеді және оқушыларды тамақтандыруды тиімді ұйымдастыру бойынша шаралар қабылдайды.

6. Қорытынды ережелер

      85. Осы қағидалардың сақталуын бақылауды балалар құқықтарын қорғау саласындағы уәкілетті орган мен мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдары жүзеге асырады.

  Орта білім беру ұйымдарында білім
алушыларды тамақтандыруды
ұйымдастыру қағидаларына
1-қосымша

      нысан

      Бекітемін:

      _____________________________________

      (Тапсырыс берушінің толық атауын

      және оның лауазымды адамының

      тегін, атын, әкесінің атын (бар болса)

      көрсету)

Көрсетілетін қызметтерді немесе тауарларды сатып алу жоспары

      Тапсырыс берушінің БСН-і ___________________________________________

      Тапсырыс берушінің атауы (мемлекеттік тілде) _______________________

      Тапсырыс берушінің атауы (орыс тілінде) ____________________________

      Қаржы жылы _________________________________________________________

п/п

Сатып алу мәнінің түрі

Сатып алынатын қызметтердің немесе тауарлардың мемлекеттік тілдегі атауы

Сатып алынатын қызметтердің немесе тауарлардың орыс тіліндегі атауы

Көрсетілетін қызметтердің немесе тауарлардың, мемлекеттік тілдегі сипаттамасы (сипаты)

Көрсетілетін қызметтердің немесе тауарлардың орыс тіліндегі сипаттамасы (сипаты)

1

2

3

4

5

6


      кестенің жалғасы

Өлшем бірлігі

Саны, көлемі

Бір бірлігі үшін баға, теңге

Сатып алу үшін бекітілген жалпы сома, теңге

Қызметтерді көрсету немесе тауарды жеткізу мерзімі

Қызметтерді көрсету немесе тауарды жеткізудің орны

Аванстық төлемнің мөлшері, %

7

8

9

10

11

12

13

  Орта білім беру ұйымдарында білім
алушыларды тамақтандыруды
ұйымдастыру қағидаларына
2-қосымша

Орта білім беру ұйымдарында білім алушыларды тамақтандыруды
ұйымдастыру бойынша көрсетілетін қызмет берушіні немесе
тауарларды жеткізушіні таңдау жөніндегі үлгілік
конкурстық құжаттама

      ____________________________________________________________________

      (конкурс атауын көрсету)

      Конкурсты ұйымдастырушы _______________________________ (тапсырыс берушінің толық атауын, орналасқан жерін, БСН, банкті деректемелерін, байланыс телефондарын, электрондық және почта мекенжайын көрсету)

      1. Жалпы ережелер

      1. Конкурс өнім берушіні таңдау мақсатында өткізіледі (көрсетілетін қызметтер немесе тауарлар атын көрсету).

      2. Көрсетілетін қызметті немесе тауарды сатып алу жөніндегі осы конкурс (лот) үшін бөлінген сома ____ теңгені құрайды (көрсетілетін қызметтерді немесе тауарларды) лоттарға бөлген жағдайда, әрбір лот үшін сома жеке көрсетіледі).

      3. Осы конкурстық құжаттама мыналарды:

      1) осы Үлгілік конкурстық құжаттамаға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көрсетілетін қызметтерді алушылар санаттарының тізбесін, тауарды жеткізушіні таңдау кезінде 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша сатып алынатын тауарлардың тізбесін;

      2) осы Үлгілік конкурстық құжаттамаға 3-қосымшаға сәйкес Орта білім беру ұйымдарында білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша көрсетілетін қызметтерді берушіні немесе тауарларды жеткізушіні таңдау бойынша конкурстық құжаттамаға техникалық тапсырманы;

      3) осы конкурстық құжаттамаға 4, 5-қосымшаларға сәйкес нысандар бойынша заңды және жеке тұлғалар үшін конкурсқа қатысуға арналған өтінімді;

      4) осы конкурстық құжаттамаға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша әлеуетті өнім берушінің біліктілігі туралы мәліметтерді;

      5) осы конкурстық құжаттамаға 7, 8-қосымшаларға сәйкес таңдау өлшемшарттарды;

      6) осы конкурстық құжаттамаға 9-қосымшаға сәйкес Орта білім беру ұйымдарында білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша қызмет көрсету немесе тауарлардың жеткізілімі туралы үлгілік шартты қамтиды.

      Конкурсқа қатысуға ниет білдірген әлеуетті өнім берушіні конкурсқа қатысуға өтінімімен қоса көрсетілетін қызметтерді немесе тауарларды сатып алу үшін бөлінген соманың бір пайызы мөлшерінде конкурсқа қатысуға арналған өтінімнің қамтамасыз етуін төменде аталған нысандардың біреуімен енгізеді:

      1) мынадай банк шотында ________ орналастырылатын ақшаның кепілдік берілген ақшалай жарнасы (тапсырыс берушінің не сатып алуды ұйымдастырушының банк шотының толық деректемелері көрсетілсін);

      2) банктік кепілдік.

      Қағидалардың 41-тармағына сәйкес әлеуетті өнім беруші немесе оның сенімхат бойынша өкілі құжаттар пакетін ________ мерзімге дейін конкурсты ұйымдастырушының ____________________ (конкурсты ұйымдастырушының атауы және мекенжайын көрсету) мекенжайында орналасқан пошталық мекенжайына жібереді немесе комиссияның хатшысына (кабинет №___) қолма-қол береді.

      Құжаттарды әлеуетті өнім беруші конкурсты ұйымдастырушыға тігілген, парақтары нөмірленген түзетусіз түрінде ұсынады. Өтінімнің соңғы парағына бірінші басшының қолы қойылады және мөрімен бекітіледі.

      Конкурсты ұйымдастырушы белгіленген мерзім өткеннен кейін ұсынылған құжаттар тіркелуге жатпайды және әлеуетті өнім берушілерге қайтарылады.

  Орта білім беру ұйымдарында
білім алушыларды
тамақтандыруды ұйымдастыру
бойынша көрсетілетін қызметтерді
берушіні немесе тауарларды
жеткізушіні таңдау жөніндегі
үлгілік конкурстық құжаттамаға
1-қосымша

      нысан

Көрсетілетін қызметті алушылар санатының тізбесі

      ________________________________ бойынша конкурс (конкурсты ұйымдастырушының толық атауын көрсету)

Конкурсты ұйымдастырушының атауы

Білім беру ұйымындағы көрсетілетін қызметті алушылардың жалпы саны

Оның ішінде бюджет қаражаты есебінен тегін тамақтандыру мен қамтамасыз етілетін білім алушылар

Қызметті көрсету мерзімдері

Қызметті көрсету орны

Білім алушыларды тегін тамақтандыруды қамтамасыз етуге бюджет қаражаты есебінен бөлінген сома

1

2

3

4

5

6

7


      Күні

      Басшының қолы ____________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), лауазымын көрсету)

      М.О.

  Орта білім беру ұйымдарында
білім алушыларды
тамақтандыруды ұйымдастыру
бойынша көрсетілетін қызметтерді
берушіні немесе тауарларды
жеткізушіні таңдау жөніндегі
үлгілік конкурстық құжаттамаға
2-қосымша

Сатып алынатын тауарлардың тізбесі

      ______________________________________ сатып алу бойынша конкурс

      (толық атауын көрсету)

Лот

Тапсырыс берушінің атауы

Тауарлардың атауы

Өлшем бірлігі

Саны, көлемі

1

2

3

4

5



(Тауарлардың сипаттамалары техникалық ерекше нұсқамада көрсетілетін жағдайда бұл бағанда тауардың қысқаша атауы және әрбір ұстаным бойынша техникалық ерекше нұсқаманың нақты бөліміне сілтеме көрсетіледі)




      кестенің жалғасы

Жеткізу шарттары

Тауарларды беру мерзімі

Тауарларды беру орны

Аванстық төлем мөлшері, %

Сатып алу үшін бөлінген сома (№ лот бойынша), теңге

6

7

8

9

10


      * Тауарлардың толық сипаты мен сипаттамасы техникалық тапсырмада көрсетіледі.

Конкурсты ұйымдастырушы басшысының лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) және қолы ___________________________

/____________ /_________________

Күні ___________________________

М.О.

Тапсырыс беруші басшысының лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) және қолы

________________________________

/____________ /_________________

Күні ___________________________

М.О.

  Орта білім беру ұйымдарында білім
алушыларды тамақтандыруды
ұйымдастыру бойынша көрсетілетін
қызметтерді берушіні немесе тауарларды
жеткізушіні таңдау жөніндегі үлгілік
конкурстық құжаттамаға
3-қосымша

Орта білім беру ұйымдарында білім алушыларды тамақтандыруды
ұйымдастыру бойынша көрсетілетін қызметті берушіні немесе
тауарларды жеткізушіні таңдау бойынша конкурстық
құжаттамаға техникалық тапсырма

      Ескерту. 3-қосымшаға өзгеріс енгізілді – ҚР Білім және ғылым министрінің м.а. 22.02.2017 № 76 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      Тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша қызмет. Осы техникалық тапсырмада _____ (орта білім беру ұйымының атауын көрсету) білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша көрсетілетін қызметтің сәйкес келуі тиіс сандық және сапалық сипаттамалар беріледі.

      Тамақтандыру _____ (санын көрсету) білім алушыға, оның ішінде жергілікті бюджет қаражаты есебінен бөлінетін сома _____ (сомасын көрсету) теңгеге ______ (санын көрсету) білім алушыға ұсынылады.

      ______________(білім беру ұйымының атауын көрсету) оқушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру барысында негізгі мақсаттары мен міндеттері жас ерекшелігі бойынша тағам заттары мен қуатына физиологиялық қажеттіліктеріне сәйкес оқушыларды тиімді тамақтандырумен қамтамасыз ету болып табылады.

      Білім алушыларды тамақтандыру ____________ (білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру орны, асхана және (немесе) буфет) жүзеге асырылады.

      Көрсетілетін қызмет беруші ас әзірлейтін бөліктің және оның қызметкерлерінің жұмысына басшылық жасайды, сондай-ақ тамақ дайындау технологиясына, азық-түліктерді салудың, порциялардың шығу нормасының сақталуына, білім алушыларға өнімдер мен тағамдардың берілуіне және жеткізілетін азық-түліктердің сапасына, оны сақтау және тарату қағидаларының сақталуына бақылауды қамтамасыз етеді.

      Көрсетілетін қызмет беруші ас әзірлейтін бөлікте, өндірістік және қойма бөлмелерінде санитариялық-эпидемиологиялық және гигиеналық қағидаларды сақтауды қамтамасыз етеді.

      Өнім беруші білім беру ұйымының Санитарлық қағидалармен бекітілген нысан бойнша дайын өнімнің сапасына (бракераж) бақылау журналын жүргізуге жағдайды қамтамасыз етеді.

      Тағамдардың, тамақ өнімдерінің және аспаздық бұйымдардың тұтынушылық қасиеттері, олардың органолептикалық ерекшеліктері, технологиясы және дайындау жағдайлары балаларға арналған тағам өнімдерінің қауіпсіздігі бөлігінде Еуразиялық экономикалық одақтың техникалық регламенттеріне сәйкес болуы тиіс.

      _______________ (білім беру ұйымының атауын көрсету) асханасына және (немесе) буфетіне тағамдарды мектептік тамақтандырудың базалық ұйымдарынан жеткізілген жағдайда тиісті температураны сақтауды қамтамасыз ететін арнайы ыдыстар (термоконтейнерлер) қолданылады.

      __________ (басшының тегін, атын, әкесінің атын (бар болса) көрсету) директоры бекіткен білім алушыларды тамақтандырудың белгіленген тәртібіне сәйкес бірінші ауысым үшін білім алушыларға _______ (уақытын және үзілісті көрсету), екінші ауысым үшін _______ (уақытын және үзілісті көрсету) ыстық тамақ ұсынылады.

      Санитариялық-эпидемиологиялық талаптарға сәйкес буфет өнімдерін тарату үшін жағдайлар жасалады.

      Дайын аспаздық өнімдер мен тамақ өнімдерін тарату сағат ______ (асхананың және (немесе) буфеттің жұмыс уақытын көрсету) жүзеге асырылады.

      Көрсетілетін қызмет беруші ай сайын _____________ (орта білім беру ұйымы басшысының тегін, атын, әкесінің атын (бар болса) көрсету) тамақ өнімдерінің сапасы мен қауіпсіздігін растайтын құжаттарды қоса бере отырып, білім алушылар үшін пайдаланатын тамақ өнімдерінің тізбесі туралы мәлімет ұсынады.

      Әлеуетті өнім беруші шығарылатын өнімнің ассортименттік тізбесін халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік орган ведомствосының аумақтық бөлімшелерінде міндетті түрде бекітеді.

      Тамақтанудың іс жүзіндегі рационы бекітілген перспективалы мәзірге сәйкес келуі тиіс. Санитариялық-эпидемиологиялық заңнама талаптарына сәйкес, ерекше жағдайларда бір өнімді, тағамды және аспаздық бұйымдарды басқаларымен ауыстыруға жол беріледі.

      Жекелеген оқушыларға жеңіл (емдәм) тамақтандыру ұйымдастырылады.

      Көрсетілетін қызмет беруші тағамды дайындау технологиясын және дайын тағамдарды каллориялығына сәйкестігін сақтау үшін ас әзірлейтін бөліктерде бірыңғай тағамды дайындау картотекасының бар болуын қамтамасыз етеді.

      Тағамдар картотекасын пайдалану арқылы тамақты дайындау жүзеге асырылады, онда өнімдердің таратылуы, тағамдардың түсімі, әр тағамның құрамы туралы және оның тағамдық құндылығы (ақуыздың, майлардың, көмірсулардың, витаминдердің болуы) және әр тағамның (аспаздық бұйымның) энергетикалық құндылығы (калориялығы) мен әр тамақты қабылдау жиынтығы туралы толық ақпарат көрсетіледі.

      Асхананың ас әзірлейтін бөлігінде тағамдарды және аспаздық өнімдерді дайындаудың технологиялық процесін қамтамасыз ету бойынша жұмысты ұйымдастыруды өндіріс меңгерушісі қамтамасыз етеді.

      Ас әзірлейтін бөлікте санитариялық-эпидемиологиялық заңнама талаптарына сәйкес қажетті құжаттама болуы тиіс (тамақ өнімдерінің және азық-түлік шикізатының бракераждар, дайын аспаздық өнімдердің журналдарын, денсаулық журналын, тағамдарды витаминдеуді жүргізу, температура режимін, тоңазытқыш жабдықтарын есепке алу журналдарын, мәзірді, тағамдарды дайындаудың технологиялық карталарын, тамақ өнімдеріне кіріс құжаттарын, жеткізілетін тамақ өнімдерінің сапасын растайтын құжаттарын (жөнелтпе құжаттар, сәйкестік сертификаттары, сапа куәлігі, ветеринариялық-санитариялық сараптама құжаттар, ұсыныс-пікірлерге арналған кітап және тағы басқалары) атап көрсету).

      Өнім берушіде ас әзірлейтін бөліктің әр қызметкеріне жұмысқа рұқсатымен медициналық кітапшалары бар.

      Өнім беруші бар технологиялық, тоңазытқыш және санитариялық-техникалық жабдықтардың жөнділігін және уақытылы мемлекеттік тексерілуін (өлшем құралдары үшін) қамтамасыз етеді.

      Отандық қызмет көрсетушілерді, тауар өндірушілерді қолдау үшін өнім беруші тамақтандыруды ұйымдастыру шеңберінде тамақ өнімдерінің кемінде 80% (сексен пайызын) отандық қызмет көрсетушілерден, тауар өндірушілерден сатып алады.

      Тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша көрсетілген қызметтің әлеуетті өнім берушісінің өтінімдері, егер:

      1) "Мемлекеттік сатып алу туралы" 2015 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес қалыптастырылатын мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тізілімінде тұрса;

      2) егер әлеуетті өнім берушінің жақын туыстары, жұбайы (зайыбы) немесе жекжаттары және (немесе) аталған әлеуетті өнім берушінің өкілі өнім берушіні таңдау туралы шешім қабылдау құқығына ие болса не өткізілетін конкурстарда конкурсты ұйымдастырушының өкілі болып табылса;

      3) Қазақстан Республикасының резиденті болып табылмаса;

      4) бір теңге мөлшерінде және одан астам салық берешегінің және міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдары бойынша берешегі (төлем мерзімі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ұзартылған жағдайларды қоспағанда) болса қабылданбайды.

      Тауарларды жеткізу. Техникалық тапсырмада жеткізілетін тауарларға сәйкес болуы тиіс сатып алынатын тауарлардың толық сипаты және талап етілетін функционалдық, техникалық, сапалық сипаттамалары беріледі, кепілдік мерзімі, шығару орны көрсетіледі.

      Тауарларға берілетін техникалық тапсырмада функционалдық, техникалық, сапалық сипаттамаларын сипаттау функционалдық шектерді, техникалық сипаттама параметрлерін, үздік сипаттаманы айқындау мақсатында тауардың мақсатын қамтитын тиісті бөлімдерге бөлінуге тиіс.

      Сатып алынатын өнімдер тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы Қазақстан Республикасының заңнамасының талаптарына сәйкес болуы тиіс.

      Отандық тауар өндірушілерді қолдау үшін өнім беруші тамақтандыруды ұйымдастыру шеңберінде тамақ өнімдерінің кемінде 80% (сексен пайызын) тауар өндірушілерден сатып алады.

      Тауарлардың әлеуетті өнім берушісінің өтінімдері, егер:

      1) "Мемлекеттік сатып алу туралы" 2015 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес қалыптастырылатын мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тізілімінде тұрса;

      2) егер әлеуетті өнім берушінің жақын туыстары, жұбайы (зайыбы) немесе жекжаттары және (немесе) аталған әлеуетті өнім берушінің өкілі өнім берушіні таңдау туралы шешім қабылдау құқығына ие болса не өткізілетін конкурстарда конкурсты ұйымдастырушының өкілі болып табылса;

      3) Қазақстан Республикасының резиденті болып табылмаса;

      4) бір теңге мөлшерінде және одан астам салық берешегінің және міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдары бойынша берешегі (төлем мерзімі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ұзартылған жағдайларды қоспағанда) болса қабылданбайды.

      Күні

      Білім беру ұйымы басшысының қолы ____________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), лауазымын көрсету)

      М.О.

  Орта білім беру ұйымдарында
білім алушыларды
тамақтандыруды ұйымдастыру
бойынша көрсетілетін қызметтерді
берушіні немесе тауарларды
жеткізушіні таңдау жөніндегі
үлгілік конкурстық құжаттамаға
4-қосымша

      нысан

Конкурсқа қатысуға өтінім

      (заңды тұлғалар үшін)

      Кімге _______________________________________________________________

      (конкурсты ұйымдастырушының атауы)

      Кімнен ______________________________________________________________

      (әлеуетті өнім берушінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

      1. Конкурсқа қатысуға үміткер әлеуетті өнім беруші туралы мәліметтер:

Әлеуетті өнім берушінің заңды, почта мекенжайы және байланыс телефондары


Заңды тұлғаның банктік деректемелері (БСН, БСК), сондай-ақ заңды тұлғаға қызмет көрсететін банктің немесе оның филиалының толық атауы мен мекенжайы


Заңды тұлғаның бірінші басшысының тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)


Заңды тұлға "Мемлекеттік сатып алу туралы" 2015 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес қалыптастырылатын мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тізілімінде бар ма


Заңды тұлғаның басшысында және (немесе) аталған заңды тұлғаның өкілінде өнім берушіні таңдау туралы шешім қабылдау құқығына ие болатын жақын туыстары, жұбайы (зайыбы) немесе жекжаттары бар ма не олар өткізілетін конкурстарда конкурсты ұйымдастырушының өкілі болып табылады ма


Заңды тұлғаның резиденттігі



      2.____________________________________________________________

      (заңды тұлғаның толық атауы)

      осы өтініммен _______________________________________________________

      (конкурстың толық атауы)

      конкурсқа әлеуетті өнім беруші ретінде қатысуға ниет білдіреді

      және конкурстық құжаттамада көзделген талаптар мен шарттарға сәйкес

      _____________________________________________________________________

      (қажетін көрсету керек)

      қызмет көрсетуді жүзеге асыруға келісім береді.

      3._____________________________________________________________

      (заңды тұлғаның толық атауы)

      осы өтініммен заңнамада көзделген бұзушылықтардың жоқтығын растайды.

      4._____________________________________________________________

      (заңды тұлғаның толық атауы)

      конкурстық құжаттамамен танысқанын және конкурсты ұйымдастырушыға

      және конкурстық комиссияға өзінің құқықтық қабілеті, біліктілігі,

      сапалық және ______________________________ көрсетілетін қызметтердің

      (қажетін көрсету керек)

      өзге де сипаттамалары туралы дұрыс емес мәліметтерді бергені үшін

      жауапкершілігі, сондай-ақ Қазақстан Республикасының қолданыстағы

      заңнамасында көзделген өзге де шектеулерді сақтауы туралы хабардар

      етілгендігін растайды.

      _____________________________________________________________________

      (заңды тұлғаның толық атауы)

      осы конкурсқа қатысуға өтінімде және оған қоса берілетін құжаттарда

      мұндай дұрыс емес мәліметтерді бергені үшін өзіне толық

      жауапкершілікті қабылдайды.

      5. Осы конкурстық өтінім ______________ күн ішінде қолданылады.

      6. ____________________________________________________________

      (заңды тұлғаның толық атауы)

      жеңімпаз деп танылған жағдайда, біз шарттың орындалуын қамтамасыз

      етуді шарттың жалпы сомасының үш пайызын құрайтын сомада енгізуге

      міндеттенеміз.

      7. Конкурсқа қатысуға өтінім біздің арамыздағы міндетті шарттың

      рөлін атқарады.

      Күні

      Басшының қолы ______________________________________________________

      (тегін, атын, әкесінің лауазымын көрсету)

      М.О.

  Орта білім беру ұйымдарында
білім алушыларды
тамақтандыруды ұйымдастыру
бойынша көрсетілетін қызметтерді
берушіні немесе тауарларды
жеткізушіні таңдау жөніндегі
үлгілік конкурстық құжаттамаға
5-қосымша

      нысан

Конкурсқа қатысуға өтінім

      (жеке тұлға үшін)

      Кімге _______________________________________________________________

      (конкурсты ұйымдастырушының атауы)

      Кімнен ______________________________________________________________

      (әлеуетті өнім берушінің толық атауы)

      1. Конкурсқа қатысуға үміткер әлеуетті өнім беруші туралы мәліметтер:

Жеке тұлғаның – әлеуетті өнім берушінің жеке басын куәландыратын құжатқа сәйкес тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)


Жеке тұлғаның – әлеуетті өнім берушінің жеке басын куәландыратын құжаттың деректері (№, кім берген)


Жеке тұлғаның – әлеуетті өнім берушінің тіркелген мекенжайы


Тіркеу туралы куәліктің, патенттің не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес конкурс мәніне сәйкес келетін кәсіпкерлік қызметпен айналысуға құқық беретін өзге де құжаттың нөмірі


Жеке тұлғаның – әлеуетті өнім берушінің банктік деректемелері (СТН, БСН, ЖСК), сондай-ақ жеке тұлғаға қызмет көрсететін банктің немесе оның филиалының толық атауы мен мекенжайы


Жеке тұлғаның – әлеуетті өнім берушінің байланыс телефондары, почта мекенжайы мен электрондық почта мекенжайы (болған жағдайда)


Жеке тұлға "Мемлекеттік сатып алу туралы" 2015 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес қалыптастырылатын мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тізілімінде бар ма


Жеке тұлғада және (немесе) аталған жеке тұлғаның өкілінде өнім берушіні таңдау туралы шешім қабылдау құқығына ие болатын жақын туыстары, жұбайы (зайыбы) немесе жекжаттары бар ма не олар өткізілетін конкурстарда конкурсты ұйымдастырушының өкілі болып табылады ма


Жеке тұлғаның резиденттігі



      2. ____________________________________________________________

      (жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) көрсетіледі)

      осы өтініммен конкурсқа (конкурстың толық атауын көрсету) әлеуетті

      өнім беруші ретінде қатысуға ниет білдіреді және конкурстық

      құжаттамада көзделген талаптар мен шарттарға сәйкес қызметтер

      көрсетуді (қажеттісін көрсету керек) жүзеге асыруға келісім

      білдіреді.

      3. ____________________________________________________________

      (әлеуетті өнім берушінің атауы)

      осы өтініммен заңнамада көзделген бұзушылықтардың жоқтығын растайды.

      4. ____________________________________________________________

      (әлеуетті өнім берушінің атауы)

      конкурстық құжаттамамен танысқанын және конкурсты ұйымдастырушыға

      өзінің құқығы, біліктілігі, сапалық және өзге де сипаттамалары туралы

      (қажеттісін көрсету) дұрыс емес мәліметтер бергені үшін

      жауапкершілігі, сондай-ақ Қазақстан Республикасының қолданыстағы

      заңнамасында көзделген өзге де шектеулерді сақтауы туралы хабардар

      етілгендігін растайды.

      _____________________________________________________________________

      (әлеуетті өнім берушінің атауы)

      осы конкурсқа қатысуға өтінімде және оған қоса берілетін құжаттарды

      мұндай дұрыс емес мәліметтер бергені үшін өзіне толық жауапкершілікті

      қабылдайды.

      5. Осы конкурстық өтінім ______________ күн ішінде қолданылады.

      6._____________________________________________________________

      (әлеуетті өнім берушінің атауы)

      конкурстың жеңімпазы деп танылған жағдайда, біз шарттың атқарылуын

      қамтамасыз етуді шарттың жалпы сомасының үш пайызын құрайтын сомада

      енгізуді міндеттенеміз (егер де конкурстық құжаттамада шарттың

      орындалуын қамтамасыз етуді енгізу көзделген болса көрсетіледі).

      7. Конкурсқа қатысуға өтінім біздің арамыздағы міндетті шарттың

      рөлін атқарады.

      Күні

      Басшының қолы _______________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), лауазымын көрсету)

      М.О.

  Орта білім беру ұйымдарында
білім алушыларды
тамақтандыруды ұйымдастыру
бойынша көрсетілетін қызметтерді
берушіні немесе тауарларды
жеткізушіні таңдау жөніндегі
үлгілік конкурстық құжаттамаға
6-қосымша

      нысан

Әлеуетті өнім берушінің қызметкерлерінің біліктілігі туралы мәліметтер

      (әлеуетті өнім беруші көрсетілетін қызметтерді сатып алу кезінде толтырады)

      1. Әлеуетті өнім берушінің атауы ______________________________

      2. Орта білім беру ұйымдарында білім алушыларды тамақтандыруды

      ұйымдастыру бойынша қызметті көрсету үшін ___________________________

      (атауын, әлеуетті өнім берушінің тегін,

      атын, әкесінің атын (бар болса) көрсету)

      әлеуетті өнім берушіде қажетті штат қызметкерлері бар.

      Қызметкерлердің жалпы саны ____ құрайды, оның ішінде растайтын

      құжаттарының көшірмелері қоса берілген ____ аспазшы, ____ технолог,

      ____ диетолог және _____ басқа қызметкерлерді құрайды:

Қызметкердің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

Білімі (арнайы орта, техникалық және кәсіптік, жоғары) және мамандығы(диплом №)

Білімі (қысқа мерзімді курстар)және біліктілігі (куәлік №)

Атқаратын жұмысы

Мамандығы бойынша еңбек өтілі

Біліктілікті арттыру курстары туралы мәліметтер

Жұмыс істеуге рұқсат берілгендігі туралы мәліметтер (рұқсат беру туралы белгісі бар медициналық кітапшалардың көшірмелері)

1

2

3

4

5

6

7

Барлығы








      3. Растайтын құжаттардың көшірмелерін қоса бере отырып,

      ________________________________ соңғы бес жыл ішінде конкурста

      (әлеуеттi өнiм берушiнің атауын көрсету)

      сатып алынатын көрсетілетін қызметтерге ұқсас көрсеткен қызметтердің

      көлемі.

Көрсетiлген қызметтердiң атауы

Тапсырыс берушiлердiң атауы

Қызметтерді көрсету орны және жылы

1

2

3


      4. Әлеуетті өнім беруші қызмет көрсету үшін ресурстардың бар

      екені туралы қосымша мәліметтерді көрсетеді.

      Бiлiктiлiгi туралы барлық мәлiметтердiң дұрыстығын растаймын.

      Күні

      Басшының қолы ______________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), лауазымын көрсету)

      М.О.

      Әлеуетті өнім берушінің қызметкерлерінің біліктілігі туралы мәліметтер

      (әлеуетті өнім беруші тауарларды сатып алу кезінде толтырады)

      1. Әлеуетті өнім берушінің атауы ______________________________

      _____________________________________________________________________

      2. Конкурста сатып алынатын, әлеуетті өнім берушінің соңғы он

      жыл ішінде жеткізген (шығарған) осындай тауарлардың көлемі (болған

      кезде), теңгемен ____________________________________________________

Тауардың атауы

Тапсырыс берушілердің атауы және олардың телефон нөмірлері

Тауарды жеткізу орны және күні

Шарттың құны, теңге (әлеуетті өнім берушінің қарауы бойынша)

1

2

3

4


      3. Ұсынымдар туралы мәліметтер, олар болған кезде. Басқа заңды

      және (немесе) жеке тұлғалардың ұсыным хаттарын, пікірлерін тізбелеп

      көрсету және қоса беру қажет.

      ____________________________________________________________________

      Біліктілік туралы барлық мәліметтердің дәйектілігін растаймын.

      Қолы_________________________

      Күні

      Басшының қолы _______________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), лауазымын көрсету)

      М.О.

  Орта білім беру ұйымдарында
білім алушыларды
тамақтандыруды ұйымдастыру
бойынша көрсетілетін қызметтерді
берушіні немесе тауарларды
жеткізушіні таңдау жөніндегі
үлгілік конкурстық құжаттамаға
7-қосымша

Көрсетілетін қызмет берушіні таңдау өлшемшарттары

      Ескерту. 7-қосымшаға өзгеріс енгізілді – ҚР Білім және ғылым министрінің м.а. 22.02.2017 № 76 (бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

Өлшемшарттар

Балдар

1.

Конкурстың мәні болып табылатын қызмет көрсету нарығындағы жұмыс тәжірибесі

Әр жылға 2 балдан, бірақ 10 балдан аспайды

2.

Экологиялық менеджмент жүйесін қанағаттандыратын тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша көрсетілетін қызметке қолданылатын сәйкестік сертификатының бар болуы

Жоқ

(0 балл)

Бар

(1 балл)

3.

Тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша көрсетілетін қызметке қолданылатын менеджмент сапасы жүйесі сертификатының бар болуы

Жоқ

(0 балл)

Бар

(1 балл)

4.

Аспазшылардың біліктілігі (10 балдан аспайды)

Арнайы орта білім (білім туралы құжатын 2007 жылғы 27 шілдеге дейін алған жағдайда) немесе техникалық және кәсіптік білім 3 разряд (1 балл)

Арнайы орта білім (білім туралы құжатын 2007 жылғы 27 шілдеге дейін алған жағдайда) немесе техникалық және кәсіптік білім 4 разряд (2 балл)

Арнайы орта білім (білім туралы құжатын 2007 жылғы 27 шілдеге дейін алған жағдайда) немесе техникалық және кәсіптік білім 5 разряд және (немесе) жоғары білім (3 балл)

5.

Технологтың, диетологтың ("Қоғамдық тамақтану технологы" мамандығы бойынша) болуы (2 балдан аспайды)

Жоқ

(0 балл)

Бір маман ғана бар

(1 балл)

Бар

(2 балл)

6.

"Қоғамдық тамақтану технологы" мамандығы бойынша технолог біліктілігі бар өндіріс меңгерушінің болуы (кемінде 1 балл)

Жоқ

(0 балл)

Бар

(1 балл)

7.

Шығарылатын өнімнің ассортименттік тізбесінің бар болуы

10-нан кем ас атауы

(1 балл)

10-нан 30-ға дейін ас атауы

(2 балл)

30-дан 50-ге дейін ас атауы

(3 балл)

8.

Азық-түлікті арнайы көлікпен жеткізу шарттары (кемінде 3 балл)

Жалдап алу, өтеусіз пайдалану, лизинг және басқа шарттар негізінде көліктің болуы

(2 балл)

Жеке көлігінің болуы

(3 балл)

9.

100% қызметкерде жұмысқа рұқсаты бар болуы (кемінде 1 балл)

Бір қызметкерде жоқ

(0 балл)

Барлық қызметкерде бар

(1 балл)

10.

Отандық өндірушілерден сатып алынатын тамақ өнімдерінің көлемі (кемінде 3 балл)

85-тен 90 %-ға өнімдер

(2 балл)

90-нан 100%-ға дейін өнімдер

(3 балл)

11.

Тамақ өнімдерінің жеке өндірісінің бар болуы (шаруа және ферма қожалығы, жылыжай және басқалары) (кемінде 2 балл)

Жоқ
(0 балл)

Бар
(2 балл)

12.

Тамақты дайындаудың технологиялық картасының болуы (кемінде 1 балл)

Қолданылмайды

(0 балл)

Қолданылады

(1 балл)

13.

Қызметкерлердің арнайы киімдерінің және залалсыздандырушы құралдардың болуы (кемінде 2 балл)

Талап етілген көлемде

(1 балл)

Талап етілген көлемнен көп

(2 балл)

14.

Тағамдарды дайындау кезінде жеке қуат үнемдеуші жабдықтардың, көрсетілетін қызметтің тиісті сапасын қамтамасыз ететін өндірістік құрал-жабдықтардың болуы (кемінде 2 балл)

Жоқ

(0 балл)

Ішінара

(1 балл)

Толық көлемде бар

(2 балл)

15.

Тамақтандыруды ұйымдастыру мәселесі бойынша аспазшылардың біліктілігін көтеру туралы сертификаттың болуы (кемінде 1 балл)

Жоқ

(0 балл)

Бар

(1 балл)

16.

Өндірістік бақылау жоспарының болуы (кемінде 1 балл)

Жоқ

(0 балл)

Бар

(1 балл)

17.

Тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша қызмет көрсеткен білім беру ұйымдары ата-аналар комитеті төрағаларының қолы, мектептер директорларының қолы қойылған және мөрімен бекітілген көрсетілетін қызмет берушіге ата-аналар тарапынан берілген сипаттамалардың болуы (кемінде 3 балл)

Жоқ

(0 балл)

Бар

(әр сипаттамаға 1 балдан, бірақ кемінде 3 балл)

18.

Әлеуетті өнім берушілердің конкурс өткізілетін тиісті облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың аумағында, астанада тіркелуінің бар болуы

Жоқ
(0 балл)

Бар
(3 балл)


      Ескертпе: 1-тармақ бойынша конкурстың мәні жөнінде тәжірибе бұған дейін жасасқан шарттармен расталады, 4, 5-тармақтарда балл әр маман үшін қойылады, 10 және 13-тармақтар бойынша балл қою үшін алдыңғы жылы өндірілген өнімдер, арнайы киімдер және дезинфекциялық құралдарды сатып алу туралы жасасқан шарттардың деректері қолданылады, 14-тармақ бойынша жабдықтарға құқық белгілеуші құжаттарды ұсыну қажет (жабдық паспорты, төлем құжаттары және басқасы)

  Орта білім беру ұйымдарында
білім алушыларды
тамақтандыруды ұйымдастыру
бойынша көрсетілетін қызметтерді
берушіні немесе тауарларды
жеткізушіні таңдау жөніндегі
үлгілік конкурстық құжаттамаға
8-қосымша

Тауарларды жеткізушіні таңдау өлшемшарттары

      Ескерту. 8-қосымшаға өзгеріс енгізілді – ҚР Білім және ғылым министрінің м.а. 22.02.2017 № 76 (бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

Өлшемшарттар

Балдар

1.

Конкурстың мәні болып табылатын тауар нарығындағы жұмыс тәжірибесі

Әр жылға 2 балдан, бірақ кемінде 10 балл

2.

Отандық тауар өндірушілер үшін тауарларды ерікті түрде сертификаттау туралы құжаттың бар болуы

Жоқ

(0 балл)

Бар

(1 балл)

3.

Ұлттық стандарт талаптарына сәйкес сапа менеджментінің сертификатталған жүйесінің (сертификатталған жүйелерінің) бар болуы

Жоқ

(0 балл)

Бар

(1 балл)

4.

Ұлттық стандарттар талаптарына сәйкес қоршаған ортаны басқару менеджментінің сертификатталған жүйесінің (сертификатталған жүйелерінің) және (немесе) экологиялық таза өнім стандартына сәйкестікті растаудың бар болуы

Жоқ

(0 балл)

Бар

(1 балл)

5.

Отандық өндірушілерден сатып алынатын тамақ өнімдерінің көлемі (кемінде 3 балл)

85-90%-ға дейін өнімдер

(2 балл)

90-ден 100%-ға дейін өнімдер

(3 балл)

6.

Тамақ өнімдерінің жеке өндірісінің бар болуы (шаруа және ферма қожалығы, жылыжай және басқалары) (кемінде 2 балл)

Жоқ
(0 балл)

Бар
(2 балл)

7.

Азық-түлікті арнайы көлікпен жеткізу шарттары (кемінде 3 балл)

Жалдап алу, өтеусіз пайдалану, лизинг және басқа шарттар негізінде көліктің болуы

(2 балл)

Жеке көлігінің болуы

(3 балл)

8.

Тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша қызмет көрсеткен білім беру ұйымдары ата-аналар комитеті төрағаларының қолы, мектептер директорларының қолы қойылған және мөрімен бекітілген көрсетілетін қызмет берушіге ата-аналар тарапынан берілген сипаттамалардың болуы (кемінде 3 балл)

Жоқ

(0 балл)

Бар (әр сипаттамаға 1 балдан, бірақ кемінде 3 балл)

9.

Әлеуетті өнім берушілердің конкурс өткізілетін тиісті облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың аумағында, астанада тіркелуінің бар болуы

Жоқ
(0 балл)

Бар
(3 балл)

  Орта білім беру ұйымдарында
білім алушыларды
тамақтандыруды ұйымдастыру
бойынша көрсетілетін қызметтерді
берушіні немесе тауарларды
жеткізушіні таңдау жөніндегі
үлгілік конкурстық құжаттамаға
9-қосымша

Орта білім беру ұйымдарында білім алушыларды тамақтандыруды
ұйымдастыру бойынша қызмет көрсету немесе тауарлардың
жеткізілімі туралы үлгілік шарт

      ______________________ "___" ____________ _______ ж.

      (Өткізілетін орын)

      Бұдан әрі Тапсырыс беруші деп аталатын _____________ (Конкурсты

      ұйымдастырушының толық атауын көрсету) атынан, _____________________

      (лауазымы, басшының тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) бір тараптан

      және бұдан әрі Өнім беруші деп аталатын_______________________атынан

      (өнім беруші – конкурс жеңімпазының толық атауы)

      _______________________(жеке кәсіпкерді тіркеу туралы куәлік, Жарғы

      және басқасы) негізінде әрекет ететін_______________________________

      (лауазымы, басшының тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) екінші

      тараптан, тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша 20___жылғы "___" _______

      өткен көрсетілетін қызметтерді берушіні немесе тауарларды жеткізушіні таңдау жөніндегі конкурс қорытындылары туралы хаттама негізінде осы Орта білім беру ұйымдарында білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша қызмет көрсету немесе тауарлардың жеткізілімі туралы шартты (бұдан әрі – Шарт) жасасты және мына төмендегілер туралы келісімге келді:

      1. Өнім беруші (сомасы цифрлармен және жазумен көрсетілсін) мөлшердегі сомаға (бұдан әрі – Шарттың бағасы) білім беру ұйымында білім алушыларды, оның ішінде білім алушылардың жекелеген санаттарын тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша қызметті немесе тауарларды Тапсырыс берушіге жеткізуді міндетіне алады.

      2. Осы Шартта төменде көрсетілген ұғымдар мынадай түсіндірмені білдіретін болады:

      1) дүлей күш (форс-мажор) – төтенше және тойтаруға болмайтын мән-жайлар (дүлей құбылыстар, соғыс қимылдары және басқалары). Ондай мән-жайларға, атап айтқанда, мiндеттеменi орындау үшiн қажеттi тауарлардың рынокта болмауы жатпайды;

      2) "Көрсетілетін қызмет" – өндіріс процесі және тауарлар мен аспаздық өнімдерді өндіруді қосқанда орта білім беру ұйымдарының білім алушыларына сапалы және қауіпсіз тамақтандыруды ұсыну.

      3) "Тапсырыс беруші" – орган немесе орта білім беру ұйымы.

      4) "Тауар" – орта білім беру ұйымдарында білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша тауар.

      5) "Өнім беруші" – кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлға (егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік мекемелерді қоспағанда), Тапсырыс берушімен жасасқан шартта оның контрагенті ретінде әрекет ететін тұлға.

      6) "Шарт" – Тапсырыс беруші мен Өнім беруші арасында Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес жазбаша нысанда жазылған, тараптар оған барлық қосымшаларымен және толықтыруларымен бірге, сондай-ақ шартта сілтеме бар барлық құжаттамамен бірге қол қойған азаматтық-құқықтық акт;

      7) "Шарттың бағасы" Тапсырыс беруші Шарттың шеңберінде Өнім берушіге өзінің шарттық міндеттемелерін толық орындағаны үшін төленуге тиіс соманы білдіреді;

      Тараптар осы шарт бойынша міндеттемелерін толық немесе жартылай орындамаған жағдайда, егер ол дүлей күш нәтижесі болып табылса жауапкершілік артпайды.

      3. Төменде көрсетілген құжаттар мен оларда айтылған жағдайлар, осы Шартты құрайды және оның ажырамас бөлігі болып саналады, атап айтқанда:

      1) осы Шарт;

      2) техникалық тапсырма;

      3) Шарттың орындалуын қамтамасыз ету.

      4. Өнім беруші Шарттың орындалуын қамтамасыз етудi (банктік кепілдеме, кепілдік ақшалай жарна төлеу) Орта білім беру ұйымдарында білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру қағиадаларында көзделген жағдайларда енгiзеді.

      5. Өнім берушінің үшінші тұлғалардың тұтастай не Шартты қамтамасыз етуді орындау бөлігінде талап қою құқығының туындауына әкеп соғатын іс-қимыл жасауына жол берілмейді. Тапсырыс берушінің Өнім беруші енгізген Шарттың орындалуын қамтамасыз етуді пайдалануына жол берілмейді.

      6. Шарт тиісті қаржы жылына міндеттемелер бойынша бекітілген жеке қаржыландыру жоспарына сәйкес бөлінген қаражат шегінде жасалады және шартты орындау кезінде өнім беруші тарапынан бұзушылықтар болмаған жағдайда көрсетілген мерзім аяқталғаннан кейін, бірақ кемінде екі рет ұзартылады.

      7. Өнім беруші қызметті көрсетуді немесе тауарды жеткізуді, ал Тапсырыс беруші осы Шарттың ажырамас бөлігі болып табылатын техникалық тапсырмаға сәйкес білім беру ұйымдарында жекелеген санаттағы _____ санда (балалар санын көрсету) білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша қызметті немесе тауарды қабылдауды және төлеуді міндетіне алады.

      Ақы төлеу нысаны _______ (аударым, қолма-қол есеп айырысу)

      8. Төлеу мерзімі _____________________________________________

      9. Ақы төлеу алдындағы қажеттi құжаттар: _____________________

      (шот-фактура немесе қабылдау-беру актiсi)

      10. Өнім беруші Тапсырыс берушінің алдын ала жазбаша келісімінсіз қандай да болмасын адамға Шарттың мазмұнын немесе оның қандай да бір ережелерін, сондай-ақ Тапсырыс беруші немесе осы Шартты орындау үшін Өнім беруші тартқан персоналды қоспағанда, оның атынан басқа адам берген құжаттаманы немесе ақпаратты ашпауға тиіс. Көрсетілген ақпарат бұл персоналға құпия түрде және шарттық міндеттемелерді орындау үшін қажетті шамада берілуге тиіс.

      11. Өнім берушінің орта білім беру ұйымдарында жекелеген санаттағы білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша көрсетілген қызметін немес тауарды төлеуді көрсетілетін қызметті іс жүзінде орындау бойынша осы Шарттың ____ және ____ тармақтарында көрсетілген нысанда және мерзімде жүргізіледі.

      12. Біржолғы мектептік тамақтандырудың құны _____ теңгені құрайды.

      13. Өнім берушімен қызметті көрсету Шартта белгіленген мерзімге сәйкес жүзеге асырылады.

      14. Өнім беруші тарапынан қызметті орындауды кешіктіру Шартты орындауды қамтамасыз етуді ұстап, қызметті уақытылы орындамағаны немесе заңнамада қарастырылған басқа шаралар үшін тұрақсыздық айыбын төлеп Тапсырыс берушімен Шартты бұзуына негіз болып табылады.

      15. Егер Өнім беруші Шартта көзделген мерзімде қызметтерді көрсетпесе, Тапсырыс беруші шарт шеңберінде әрбір мерзімі өткен күн үшін Шарттың бағасынан 0,1 % соманы тұрақсыздық айыбы түрінде шегеріп тастайды.

      16. Шарт талаптарын бұзғаны үшін Тапсырыс беруші Өнім берушіге міндеттемелерді орындамағаны туралы жазбаша хабарлама жібере отырып:

      1) егер Өнім беруші қызмет бөлігін немесе барлығын Шартта көзделген мерзімде (дерде) немесе Тапсырыс беруші берген осы Шартты ұзарту кезеңі ішінде бере алмаса;

      2) егер Өнім беруші Шарт бойынша қандай да болмасын басқа да өзінің міндеттемелерін орындай алмаса осы Шартты бұзады.

      17. Дүлей күш жағдайлары туындаған кезде Өнім беруші Тапсырыс берушіге бір жұмыс күн ішінде мұндай жағдайлар мен олардың себептері туралы жазбаша хабарлама жібереді. Егер Тапсырыс берушіден өзгеше жазбаша нұсқаулықтар түспесе, Өнім беруші Шарт бойынша өзінің міндеттемелерін орындауды жалғастырады және дүлей күшке байланысты емес Шартты орындаудың баламалы тәсілдерін іздеуді жүргізеді.

      18. Өнім беруші, осы Шарттың 17-тармағының талаптарын орындаған жағдайда егер Шартты орындауды кешіктіру дүлей күш нәтижесі болса, өзінің Шартты орындауды қамтамасыз етуден айырылмайды және Шарттың талаптарын орындамауына орай тұрақсыздық айыбын төлеуге немесе оны бұзуға жауапкершілік жүктемейді.

      19. Тапсырыс беруші, егер Өнім беруші төлеуге қабілетсіз болса немесе Жосықсыз әлеуетті өнім берушілердің тізіліміне енсе, Өнім берушіге тиісті жазбаша хабарлама жібере отырып, кез келген уақытта Шартты бұза алады. Бұл жағдайда бұзу тез арада жүзеге асады және Тапсырыс беруші, егер Шартты бұзу залал келтірмесе немесе іс-әрекеттерді жасауға қандай да болмасын құқықтарды қозғамаса немесе Тапсырыс берушіге қойылған немесе соңынан қойылатын санкцияларды қолданатын жағдайда Өнім берушіге қатысты ешқандай қаржылық міндеттемелер жүктемейді.

      20. Тапсырыс беруші Өнім берушіге тиісті жазбаша хабарлама жібере отырып, оның бұдан әрі орындалуының орынсыздығына орай кез келген уақытта Шартты бұза алады. Хабарламада Шартты бұзудың себебі көрсетіледі, күші жойылған шарттық міндеттемелердің көлемі, сондай-ақ Шарттың бұзылуы күшіне енген күні көрсетіледі.

      Ас әзірлейтін бөлік қызметкерлері конкурс кезеңінде ұсынылған қызметкерлеріне сәйкес келмесе Шартты бұзудың негізі болады.

      21. Жоғарыда көрсетілген жағдаяттар негізінде Шарт жойылған кезде, Өнім беруші Шарт бойынша бұзуға байланысты оны бұзатын күні іс жүзіндегі шығындар үшін ғана ақы төленеді.

      22. Тапсырыс беруші мен Өнім беруші тікелей келіссөздер процесінде олардың арасында Шарт бойынша немесе оған байланысты туындайтын барлық келіспеушіліктерді немесе дауларды шешуге бар күш-жігерін жұмсайды.

      23. Егер осындай келіссөздер басталғаннан кейін 21 (жиырма бір) күн ішінде Тапсырыс беруші мен Өнім беруші Шарт бойынша дауды шеше алмаса, тараптардың кез келгені осы мәселені Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мәселені шешеді.

      24. Шарт мемлекеттік және орыс тiлдерiнде жасалады.

      25. Шартқа сәйкес тараптардың бірі екінші тарапқа жіберетін кез келген хабарлама, кейін түпнұсқасын бере отырып, хат, жеделхат, телекс немесе факс түрінде жіберіледі.

      26. Хабарлама жеткізілгеннен кейін немесе күшіне ену көрсетілген күні (егер хабарламада көрсетілсе), бұл күндердің қайсысы кеш болатындығына байланысты күшіне енеді.

      27. Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес төленуге тиіс.

      28. Осы Шартта Тапсырыс беруші мен Өнім беруші белгіленген тәртіппен келісілген өзге де айыппұл санкциялары немесе Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін өзге де шарттар көзделуі мүмкін.

      29. Осы Шарт Тапсырыс беруші оны Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің аумақтық қазынашылық тіркеуден өткізгеннен кейін және Өнім беруші Шарттың орындалуын қамтамасыз етуді енгізгеннен кейін күшіне енеді.

      30. Осы Үлгі шарт орта білім беру ұйымдарында білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша көрсетілетін қызметті көрсетуді немесе тауарларды сатып алуды Тапсырыс беруші жүзеге асыру процесінде Тапсырыс беруші мен Өнім беруші арасында туындайтын құқықтық қатынастарды реттейді.

      Осы Шартқа енгізілетін кез келген өзгерістер мен толықтырулар Тапсырыс берушінің конкурстық құжаттамасына, Өнім берушінің конкурстық өтініміне және Конкурс қорытындылары туралы хаттамаға сәйкес келуі тиіс.

      Егер тегін тамақтандыруды алуға құқығы бар білім алушылардың саны өзгерген жағдайда, конкурсты ұйымдастырушы (тапсырыс беруші) Шартқа тиісті өзгерістер мен толықтырулар енгізеді.".

      31. Тараптардың мекенжайлары мен деректемелері:

      Тапсырыс беруші Өнім беруші

      ______________________________ _____________________________

      (толық атауы) (толық атауы)

      ______________________________ _____________________________

      (мекен-жайы) (мекен-жайы)

      ______________________________ _____________________________

      (телефоны, факс) (телефоны, факс)

      ______________________________ _____________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (тегі, аты, әкесінің аты

      (бар болса)) (бар болса))

      _______________________________ _______________________________

      (қолы) (қолы)

      "___"_____________________ ____ж."___"_____________________ ____ж.

      М.О. М.О.

      Аумақтық қазынашылық органында тіркеу күні ____________________

  Орта білім беру ұйымдарында білім
алушыларды тамақтандыруды
ұйымдастыру қағидаларына
3-қосымша

      нысан

Конкурстық құжаттаманың көшірмесін алған адамдарды тіркеу
журналы

р/с

Конкурсты өткізудің атауы

Конкурсты өткізу мерзімі

Әлеуетті өнім берушінің немесе заңды тұлға өкілінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

ЖСН/БСН

1

2

3

4

5


      кестенің жалғасы

Жеке басты куәландыратын құжат нөмірі (кім берді және берілген күні)

Заңды тұлғаны немесе жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік тіркеу туралы мәліметтер

Орналасқан жері және байланыс телефондары

Конкурстық құжаттаманың көшірмесін алған уақыты және күні

6

7

8

9

  Орта білім беру ұйымдарында білім
алушыларды тамақтандыруды
ұйымдастыру қағидаларына
4-қосымша

      нысан

Конкурс туралы хабарландыру

      _____________________________________________________________________

      (конкурсты ұйымдастырушының атауы, пошталық және электрондық

      мекенжайлары)

      орта білім беру ұйымдарында білім алушыларды тамақтандыруды

      ұйымдастыру бойынша көрсетілетін қызмет берішіні немесе тауарларды

      жеткізушіні таңдау жөніндегі конкурс өткізу туралы хабарлайды

      _____________________________________________________________________

      (сатып алынатын көрсетілетін қызметтердің немесе тауарлардың атауы)

      Қызмет: _______________________________________________ (қызмет

      көрсету орны және оның көлемі, көрсетілетін қызметті алушылар

      санаттарының толық тізбесі және оның саны, қызмет көрсетуге бөлінген

      сома көрсетіледі) көрсетілуі тиіс.

      Қызметті көрсету мерзімі ______________________________________

      Немесе:

      Тауар _________________________________________________________

      (тауарларды жеткізудің орны, сатып алынатын тауарлардың

      тізбесі, тауарларды сатып алуға бөлінген сома көрсетіледі)

      Тауарларды жеткізудің талап етілетін мерзімі _________________.

      Конкурстық құжаттаманың талаптарына сәйкес келетін барлық

      әлеуетті өнім берушілер конкурсқа жіберіледі.

      Конкурстық құжаттама көшірмелерінің топтамасын __________ жылғы

      "___" ___________ дейінгі мерзімді қоса алғанда мына мекенжай

      бойынша: _______, бөлме № __ сағат ____-дан ____-ге дейін және/немесе

      ___________________________________ интернет-ресурсынан алуға болады.

      Конвертке салынған конкурсқа қатысуға конкурстық өтінімдерді әлеуетті

      өнім берушілер _____________________________________________

      (конкурсты ұйымдастырушының атауын көрсету керек) мына

      мекенжай бойынша ______________________________ жібереді.

      (толық мекенжайы, бөлменің № көрсету керек)

      Конкурсқа қатысуға өтінімдер берудің соңғы мерзімі (уақыты мен

      күнін көрсету керек) дейін.

      Конкурсқа қатысуға өтінімдер бар конверттер _______ (уақыты мен

      күні көрсетілсін) мына мекенжай бойынша ___________________ (толық

      мекенжайы, бөлменің №, уақыты мен күні көрсетілсін) ашылады.

      Қосымша ақпарат пен анықтаманы мына телефон арқылы алуға

      болады: ________________________ (телефон нөмірін көрсету керек).

  Орта білім беру ұйымдарында білім
алушыларды тамақтандыруды
ұйымдастыру қағидаларына
5-қосымша

      нысан

Конверттерді ашу хаттамасы

      ______________________ _____________________

      (өткізілетін орын) (уақыты мен күні)

      Мынадай құрамдағы конкурстық комиссия: (конкурстық комиссия

      төрағасының, оның орынбасарының, мүшелерінің тегі, аты, әкесінің аты

      (бар болса) лауазымы, конкурсқа қатысуға өтінімдерді ашу күні, уақыты

      мен орны көрсетіледі) конкурсқа қатысуға өтінімдер бар конверттерді

      ашу рәсімін жүргізді.

      Конкурстық құжаттаманың көшірмесі мынадай әлеуетті өнім

      берушілерге берілді: (конкурстық құжаттаманың көшірмесі берілген

      барлық әлеуетті өнім берушілердің атауы, мекенжайы).

      Мынадай әлеуетті өнім берушілердің _______________________

      конкурсқа қатысуға өтінімдері (конкурсқа қатысуға өтінімдерді берудің

      түпкілікті мерзімі өткеннен кейін конкурсқа қатысуға өтінімдерді

      ұсынған барлық әлеуетті өнім берушілердің атауы, мекенжайы

      көрсетіледі) __________________________ негізінде ашылмай қайтарылды.

      (ашылмау себебі көрсетілсін)

      Белгіленген мерзімде конкурстық өтінімдерді берудің соңғы

      мерзімі өткенге дейін конкурстық өтінімді ұсынған мынадай әлеуетті

      өнім берушілердің конкурсқа қатысуға өтінімдері:

      _____________________________________________________________________

      (конкурстық өтінімдерді берудің соңғы мерзімі өткенге дейін

      конкурстық өтінімдер ұсынған барлық әлеуетті өнім берушілердің

      атауы, мекенжайы, конкурсқа қатысуға өтінімді беру уақыты)

      ашылды және конкурстық өтінімдерді ашу кезінде барлық қатысушы және

      комиссия конкурсқа қатысуға рұқсат берген адамдарға жарияланған

      ____________________________________________________________________

      (конкурстық өтінімді құрайтын құжаттардың бар немесе жоқтығы

      туралы ақпарат және конкурстық өтінімдер ашылған кезде

      жарияланған басқа ақпарат)

      қамтиды.

      Конкурстық өтінімдерді ашқан кезде мынадай әлеуетті өнім

      берушілер қатысты (олар қатысқан жағдайда):

      _____________________________________________________________________

      (конкурсқа қатысуға өтінімдерді ашқан кезде қатысқан барлық

      әлеуетті өнім берушілердің атауы, мекенжайы)

      Конкурстық комиссия төрағасының, оның орынбасарының,

      мүшелерінің және хатшысының тегі, аты, әкесінің аты (бар болса),

      қолдары.

  Орта білім беру ұйымдарында білім
алушыларды тамақтандыруды
ұйымдастыру қағидаларына
6-қосымша

      нысан

Конкурсқа қатысуға рұқсат беру туралы хаттама

      ______________________ _____________________

      (өткізілетін орын) (уақыты мен күні)

      _____________________________________________________________________

      (білім беру ұйымының атауы)

      білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша көрсетілетін

      қызметтерді берушілерді немесе тауарларды жеткізушіні таңдау конкурсы

      1. Мынадай құрамдағы конкурстық комиссия:

      ___________________________________________________________________

      (конкурстық комиссияның құрамын көрсету)

      ___________________________ (күнін көрсету) ___________________ білім

      алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша көрсетілетін

      қызметтерді берушілерді немесе тауарларды жеткізушіні таңдау

      жөніндегі конкурсқа қатысуға өтінімдерді қарады.

      2. Конкурсқа қатысуға өтінімдер берудің соңғы мерзімі өткенге

      дейін белгіленген мерзімде өтінім берген мынадай әлеуетті өнім

      берушілердің: ______________________________________________________

      (конкурстық өтінімдер берудің соңғы мерзімі өткенге дейін конкурстық

      өтінімдер берген барлық әлеуетті өнім берушілердің атауы, мекенжайы,

      конкурсқа қатысуға өтінім берген уақыты, өтінім қамтитын құжаттар

      тізбесі, конкурстық құжаттамада көзделген қандай да бір құжаттың

      болуы болмауы туралы ақпарат, конкурсқа қатысуға өтінімдерді кері

      қайтару және өзгерту туралы және басқа ақпарат көрсетіледі) конкурсқа

      қатысуға өтінімдері конкурстық комиссия отырысының барлық

      қатысушыларына жарияланды.

      3. Конкурсқа қатысуға арналған мынадай конкурстық өтінімдер

      конкурсқа қатысуға жіберілмейді: __________________________________

      ___________________________________________________________________

      (конкурстық құжаттаманың талаптарына сәйкес келмейтіндігінің себебін

      көрсете отырып, конкурсқа қатысуға конкурстық өтінімдері

      қабылданбаған әлеуетті өнім берушілер (оның деректемелері) көрсетіледі).

      4. Әлеуетті өнім берушілердің конкурстық құжаттаманың

      талаптарына сәйкес келетін конкурстық өтінімдері __________________.

      (барлық әлеуетті өнім берушілердің тізбесі көрсетіледі)

      5. Конкурстық комиссия конкурсқа қатысуға берілген өтінімдерді

      қарау нәтижелері бойынша ашық дауыс беру жолымен былай деп шешті:

      1) мынадай әлеуетті өнім берушілер конкурсқа қатысуға

      жіберілсін: ________________________________________________________.

      (конкурсқа қатысуға жіберілген әлеуетті өнім берушілердің

      тізбесін көрсету)

      2) мынадай әлеуетті өнім берушілер конкурсқа қатысуға

      жіберілмесін: ______________________________________________________.

      (конкурсқа қатысуға жіберілмеген әлеуетті өнім берушілердің тізбесін

      және жіберілмеу себебін көрсету)

      3) Конкурсқа қатысуға әлеуетті өнім берушілердің конкурстық

      құжаттамаларын қарау орны, күні, уақыты _______________ белгіленсін.

      Осы шешімге дауыс бергендер:

      Жақтаушы дауыс _______ (конкурстық комиссия мүшелерінің тегі,

      аты, әкесінің аты (бар болса)

      Қарсы дауыс __________ (конкурстық комиссия мүшелерінің тегі,

      аты, әкесінің аты (бар болса))

      Конкустық комиссия төрағасының, төраға орынбасарының, мүшелерімен

      хатшысының қолдары.

  Орта білім беру ұйымдарында білім
алушыларды тамақтандыруды
ұйымдастыру қағидаларына
7-қосымша

      нысан

Конкурс қорытындылары туралы хаттама

      _____________________________________________________________________

      конкурстың атауы)

      ______________________ _____________________

      (өткізілетін орын) (уақыты мен күні)

      1. Мынадай құрамдағы конкурстық комиссия: ____________________.

      (конкурстық комиссияның құрамын көрсету)

      2. Мынадай әлеуетті өнім берушілердің өтінімдері конкурсқа

      қатысуға жіберілді: _______________________________________________.

      (рұқсат беру туралы хаттамаға сәйкес конкурсқа жіберілген

      әлеуетті өнім берушілердің конкурсқа қатысуға өтінімдерін

      көрсету)

      3. Конкурстық комиссия өлшемдерге сәйкес қарастыру нәтижелері

      бойынша ашық дауыс беру жолымен былай деп шешті:

      1) конкурстың жеңімпазы ретінде _____________________ танылсын;

      (конкурсқа қатысушының атауы мен орналасқан жерін, сондай-ақ ол

      жеңімпаз деп танылған шарттарды көрсету)

      2) конкурс ___________________________________________________

      (конкурс атауы)

      өткізілмеді деп танылсын.

      Егер конкурсқа қатысушылардың конкурстық өтінімдерін қарастыру

      кезінде конкурс жеңімпазы анықталмаса немесе барлық конкурстық

      өтінімдер қабылданбаса, тиісті себебін көрсету.

      3) Конкурсты ұйымдастырушы ___________________________________

      (атауын және орналасқан жерін көрсету)

      _____ жылға дейінгі мерзімде _______________________________________

      (конкурс жеңімпазының атауын көрсету)

      -мен орта білім беру ұйымдарында білім алушыларды тамақтандыруды

      ұйымдастыру бойынша қызмет көрсету немесе тауарлардың жеткізілімі

      туралы шарт жасассын;

      4) Конкурсты ұйымдастырушы ___________________________________

      (конкурсты ұйымдастарушының атауын көрсету) аталған конкурс

      қорытындылары туралы хаттаманың мәтінін интернет ресурста орналастырсын.

      Осы шешімге дауыс бергендер:

      Жақтаушы дауыс _______ (конкурстық комиссия мүшелерінің тегі,

      аты, әкесінің аты (бар болса)

      Қарсы дауыс __________ (конкурстық комиссия мүшелерінің тегі,

      аты, әкесінің аты (бар болса)

      Конкустық комиссия төрағасының, төраға орынбасарының, мүшелерімен хатшысының қолдары.

  Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
міндетін атқарушының
2015 жылғы 31 желтоқсандағы
№ 717 бұйрығына
2-қосымша

Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында, жетім балалар мен ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларға білім беру ұйымдарында тәрбие алатын және оқитын балаларды тамақтандыруды қамтамасыз етуге байланысты тауарларды сатып алу қағидалары

      Ескерту. Тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің м.а. 22.02.2017 № 76 (бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында, жетім балалар мен ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарында тәрбие алатын және оқитын балаларды тамақтандыруды қамтамасыз етуге байланысты тауарларды сатып алу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың оқу бағдарламаларын іске асыратын мемлекеттік мекемелердің (бұдан әрі – ММ), мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорындардың (бұдан әрі – МКҚК), шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындардың (бұдан әрі – ШЖҚМК) ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған білім беру ұйымдарында, сондай-ақ жетім балалар, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған ұйымдарда тәрбие алатын және оқитын балаларды тамақтандыруды қамтамасыз етуге байланысты тауарларды сатып алудың тәртібін белгілейді.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің м.а. 22.02.2017 № 76 (бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2. Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

      1) әлеуетті өнім беруші – тауарлардың жеткізілімі туралы шарт жасасуға үмiткер, кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыратын жеке тұлға, заңды тұлға (егер Қазақстан Республикасының заңдарында олар үшiн өзгеше белгiленбесе, мемлекеттiк мекемелердi қоспағанда), заңды тұлғалардың уақытша бiрлестiгi (консорциум);

      2) бюджет – мемлекеттік мекеменің бюджеті.

      3) интернет-ресурс – аппараттық-бағдарламалық кешенде орналастырылатын, бірегей желілік адресі және (немесе) домендік аты бар және Интернетте жұмыс істейтін, мәтіндік, графикалық, аудиокөрінімді немесе өзге де түрде бейнеленетін электрондық ақпараттық ресурс;

      4) конкурсқа қатысуға өтінім – конкурстық құжаттамаға сәйкес жасалған, тауарларды жеткізу үшін материалдық, қаржылық және еңбек ресурстарына ие екенін растайтын, әлеуетті өнім беруші ұсынатын құжаттар;

      5) конкурстық комиссия – конкурс өткізуге конкурсты ұйымдастырушы құратын алқалы орган;

      6) конкурстық құжаттама – әлеуетті өнім берушіге конкурсқа қатысуға өтінім дайындау үшін және конкурс өткізу шарттары мен тәртібі қамтылған конкурсты ұйымдастырушы ұсынатын құжаттар;

      7) конкурсты ұйымдастыру және өткізу рәсімі – әлеуетті өнім берушімен тауарларды жеткізу туралы шарт жасасу мақсатында конкурсты ұйымдастырушы Қағидаларға сәйкес жүзеге асыратын өзара байланысты, жүйелі іс-шаралар кешені;

      8) конкурсты ұйымдастырушы (тапсырыс беруші) – ММ ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған мектепке дейінгі білім беру ұйымы, жетім балалар мен ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымы немесе ММ ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған мектепке дейінгі білім беру ұйымы, жетім балалар мен ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымы бухгалтерлік есепті өз бетінше жүргізбеген жағдайда, білім беру органы;

      9) қаржы жылы – ағымдағы жылғы 1 қаңтарда басталып, 31 желтоқсанда аяқталатын уақыт аралығы;

      10) мемлекеттік мекеме (ММ) – басқарушылық, әлеуметтік-мәдени немесе коммерциялық емес сипаттағы өзге де функцияларды жүзеге асыру үшін мемлекет құрған және қаржыландырудың қосымша көздері Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленбесе, тек қана бюджет немесе Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің бюджеті (шығыстар сметасы) есебінен қамтылатын коммерциялық емес ұйым;

      11) мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорын (МКҚК) – мемлекет жедел басқару құқығында бөліп берген мүлкі бар коммуналдық коммерциялық ұйым;

      12) шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорын (ШЖҚМК) – мемлекет шаруашылық жүргізу құқығында бөліп берген мүлкі бар және өз міндеттемелері бойынша өзіне тиесілі барлық мүлкімен жауап беретін коммерциялық ұйым;

      13) отандық тауар өндірушілерді қолдау – 2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексінің 17-бабының 1-тармағына сәйкес тауарлардың отандық өндірісін дамытуды ынталандыру үшін қолайлы жағдайлар жасау жөніндегі шаралар;

      14) өнім беруші – кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыратын жеке тұлға немесе тауарлардың жеткізілімі туралы шарт жасасқан заңды тұлға;

      15) өнім берушінің біліктілік талаптары – тауарлардың жеткізілімі туралы шарт бойынша міндеттемелерді орындау үшін жеткілікті, материалдық, қаржылық және еңбек ресурстарына ие екенін растайтын құжаттар тізбесі.

      16) тауар – мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында, жетім балалар мен ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларға білім беру ұйымдарында тәрбиеленуші және білім алушы балаларды тамақтандыруды қамтамасыз етуге байланысты тауар;

      17) тауарларды жеткізушілерді таңдау өлшемшарттары – әлеуетті өнім берушінің тауарларды жеткізу бойынша мүмкіндіктері мен жағдайларын бағалау негізінде жасалатын белгілер;

      18) тауарларды сатып алу – тапсырыс берушінің тауарларды осы Қағидаларда белгіленген тәртіпте сатып алуы;

      19) шарт – тапсырыс беруші мен өнім беруші арасында тауарлардың жеткізілімі туралы жасалған азаматтық-құқықтық шарт;

      3. Конкурсты ұйымдастырушы конкурс өткізу кезінде мынадай қағидаттарды негізге алады:

      1) сатып алу үшін пайдаланылатын ақшаны оңтайлы және тиімді жұмсау;

      2) әлеуетті өнім берушілерге конкурсты өткізу рәсіміне қатысуы үшін тең жағдай жасау;

      3) әлеуетті өнім берушілер арасындағы адал бәсекелестік;

      4) конкурс процесінің жариялылығы және айқындылығы;

      5) отандық тауарларды өндірушілерге қолдау көрсету.

      4. Тауарларды сатып алу процесі мыналарды қамтиды:

      1) тауарларды сатып алу жоспарын қалыптастыру және бекіту;

      2) тауарларды жеткізушілерді таңдау және олармен шарт жасасу;

      3) шартты орындау.

      Тауарларды сатып алудың бекітілген жоспарында көзделмеген тауарларды сатып алуға жол берілмейді.

2. Тауарларды сатып алу жоспары

      5. Конкурсты ұйымдастырушы немесе МКҚК, ШЖҚМК ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған мектепке дейінгі білім беру ұйымының басшысы осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тауарларды сатып алу жоспарын әзірлейді және бекітеді.

      Тауарларды сатып алу жоспарын конкурсты ұйымдастырушы тиісті бюджет бекітілген күнінен бастап он жұмыс күні ішінде бекітеді.

      МКҚК, ШЖҚМК ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған мектепке дейінгі білім беру ұйымдарда тауарларды сатып алу жоспары қаржы жылының желтоқсан айында бекітіледі.

      6. Тауарларды сатып алу жоспары конкурсты ұйымдастырушының немесе МКҚК, ШЖҚМК ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының қызметін қамтамасыз ету және міндеттері мен функцияларына қол жеткізу үшін тауарларға деген қажеттілік негізінде қаржы жылына қалыптастырылады.

      7. Конкурсты ұйымдастырушы немесе МКҚК, ШЖҚМК ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған мектепке дейінгі білім беру ұйымының басшысы тауарларды сатып алу жоспары бекітілген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде оны конкурсты ұйымдастырушының, МКҚК, ШЖҚМК ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған мектепке дейінгі білім беру ұйымының немесе конкурсты ұйымдастырушының, МКҚК, ШЖҚМК ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған мектепке дейінгі білім беру ұйымының жеке интернет-ресурсы болмаған жағдайда білім беру органының интернет-ресурсында және (немесе) тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында таратылатын мерзімді баспасөз басылымдарында орналастырады.

      8. Тауарларды сатып алу туралы шешімді тауарларды сатып алудың бекітілген жоспарының негізінде конкурстық комиссия немесе МКҚК, ШЖҚМК ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған мектепке дейінгі білім беру ұйымының басшысы қабылдайды.

      9. Тауарларды сатып алу жоспарына өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізуге жол беріледі.

      Тауарларды сатып алу жоспарына өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу тапсырыс берушінің бюджетіне өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілген жағдайларда жүзеге асырылады.

      10. Конкурсты ұйымдастырушы немесе МКҚК, ШЖҚМК ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған мектепке дейінгі білім беру ұйымының басшысы тауарларды сатып алу жоспарына өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу туралы шешім қабылданған күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде, енгізілген өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды конкурсты ұйымдастырушының, МКҚК, ШЖҚМК ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған мектепке дейінгі білім беру ұйымының немесе конкурсты ұйымдастырушының, МКҚК, ШЖҚМК ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған мектепке дейінгі білім беру ұйымының жеке интернет-ресурсы болмаған жағдайда білім беру органының интернет-ресурсында және (немесе) тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында таратылатын мерзімді баспасөз басылымдарында орналастырады.

3. Мемлекеттік мекемелердің ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған
мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында, сондай-ақ
жетім балалар мен ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған
балаларға арналған білім беру ұйымдарында тауарларды
жеткізушіні таңдау жөніндегі конкурсты ұйымдастыру және
өткізу тәртібі

      11. ММ ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында, жетім балалар мен ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарында тәрбиеленуші және білім алушы балаларды тамақтандыруды қамтамасыз етуге байланысты тауарлар сатып алуды конкурстық негізде конкурсты ұйымдастырушы жүзеге асырады. Егер конкурсты ұйымдастырушы білім беру органы болған жағдайда, соңғысы конкурсты ММ ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған мектепке дейінгі білім беру ұйымдары, жетім балалар мен ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдары бойынша лоттар бөлінісінде өткізеді.

      Отандық тауар өндірушілерді қолдау үшін конкурсты ұйымдастырушы техникалық тапсырмада тауарларды жеткізушіні таңдау кезінде әлеуетті өнім берушілерге тамақ өнімдерін кемінде 80% (сексен пайыз) мөлшерінде отандық тауар өндірушілерден сатып алу туралы талаптарды қарастырады.

      12. Тауарларды сатып алу рәсімі мынадай жүйелі іс-шараларды орындауды көздейді:

      1) конкурстық құжаттаманы бекіту;

      2) конкурстық комиссия құрамын қалыптастыру және бекіту;

      3) әлеуетті өнім берушілерді конкурсты ұйымдастырушының немесе конкурсты ұйымдастырушының жеке интернет-ресурсы болмаған жағдайда білім беру органының интернет-ресурсында және (немесе) тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында таратылатын мерзімді баспасөз басылымдарында хабарландыру беру арқылы тауарларды сатып алу рәсімін жүзеге асыру туралы хабардар ету;

      4) әлеуетті өнім берушілерден конкурсқа қатысуға құжаттарын қабылдау;

      5) комиссияның тауарларды жеткізушілерге қойылатын талаптарға сәйкес келетін және (немесе) сәйкес келмейтін әлеуетті өнім берушілерді айқындау үшін құжаттарды қарауы;

      6) тауарлардың жеткізілімі туралы шарт жасасу.

      13. Конкурстық комиссия төрағадан, төраға орынбасарынан және комиссияның мүшелерінен тұрады. Комиссия мүшелерінің жалпы саны тақ санды құрайды, бірақ жеті адамнан кем болмауы керек.

      Өз құзыреті шегінде мемлекеттік мүлікті басқару саласындағы, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік орган ведомствосының аумақтық бөлімшелерінің өкілдері, үкіметтік емес ұйымдардың және ата-аналар жұртшылығының өкілдері келісім бойынша конкурстық комиссия құрамына енгізіледі.

      Егер конкурсты ұйымдастырушы білім беру органы болған жағдайда ММ ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының, жетім балалар мен ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарының басшылары конкурстық комиссия құрамына енгізіледі.

      14. ММ ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған мектепке дейінгі білім беру ұйымының, жетім балалар мен ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарының немесе білім беру органының бірінші басшысы комиссия төрағасы болып табылады.

      Комиссия төрағасы комиссияның жұмысын жоспарлайды және қызметін басқарады, комиссия отырыстарында төрағалық етеді және осы Қағидаларда көзделген басқа функцияларды жүзеге асырады. Комиссия төрағасы болмаған уақытта оның функцияларын комиссия төрағасының орынбасары атқарады.

      15. ММ ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған мектепке дейінгі білім беру ұйымының қызметкері, жетім балалар мен ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымы басшысының орынбасары конкурстық комиссия төрағасының орынбасары болып табылады.

      Егер конкурсты ұйымдастырушы білім беру органы болған жағдайда, комиссия төрағасының орынбасары ашық дауыспен ММ ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған мектепке дейінгі білім беру ұйымдары, жетім балалар, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдары басшыларының ішінен сайланады.

      16. Комиссияның ұйымдастырушылық қызметін ұйымның немесе органның лауазымды адамдары ішінен айқындалатын комиссия хатшысы қамтамасыз етеді. Хатшы комиссия мүшесі болып табылмайды.

      17. Комиссия оның құрылуы туралы шешім қабылданған күнінен бастап қызмет етеді және өзінің қызметін тауарлар жеткізілімінің шартын жасасқан күнінен бастап тоқтатады.

      18. Егер комиссия мүшелерінің кемінде үштен екісі қатысқан жағдайда, конкурстық комиссияның отырысы заңды болып табылады. Конкурстық комиссия мүшелерінің бірі болмаған жағдайда, конкурстық комиссия отырысының хаттамасында оның болмау себебі көрсетіледі.

      Комиссия отырысы өткізілмей қатысуға арналған өтінімдерді қарауға жол берілмейді.

      19. Конкурстық комиссия шешімі ашық дауыс беру арқылы қабылданады және отырысқа қатысқан комиссия мүшелерінің жалпы санынан оған көп дауыс берген жағдайда шешім қабылданған болып есептеледі. Дауыстар тең болған жағдайда, комиссия төрағасы, ол болмаған жағдайда комиссия төрағасының орынбасары дауыс берген комиссия мүшелерінің шешімі қабылданған болып есептеледі. Комиссия мүшелері конкурстық комиссия шешімімен келіспеген жағдайда төрағаға жазбаша түрде дәлелді қарсы пікірлерін ұсынады.

      20. Конкурстық комиссия шешімдерін хаттамалар түрінде комиссия хатшысы ресімдейді, оның әрбір парағына және соңына төраға, төраға орынбасары және қатысып отырған комиссияның мүшелері қолын қояды.

      Комиссия отырысының хаттамасы қатысып отырған, қатыспаған комиссия мүшелері, дауыс санын (жақтау, қарсы) көрсете отырып, комиссия отырысында қабылданған шешім туралы мәліметтерді қамтиды.

      Әлеуетті өнім берушінің немесе оның өкілінің сұранысы бойынша қабылданған шешімге қатысты комиссия отырысы хаттамасының үзінді көшірмесі беріледі.

      21. Осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Мемлекеттік мекемелердің ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында, жетім балалар мен ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарында тәрбиеленуші және білім алушы балаларды тамақтандыруды қамтамасыз етуге байланысты тауарларды сатып алу жөніндегі үлгілік конкурстық құжаттамаға (бұдан әрі – Үлгілік конкурстық құжаттама) сәйкес конкурсты ұйымдастырушы:

      1) Үлгілік конкурстық құжаттамаға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша сатып алынатын тауарлардың тізбесін;

      2) Үлгілік конкурстық құжаттамаға 2-қосымшаға сәйкес мемлекеттік мекемелердің ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында, жетім балалар мен ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарында тәрбиеленуші және білім алушы балаларды тамақтандыруды қамтамасыз етуге байланысты тауарларды сатып алу жөніндегі үлгілік конкурстық құжаттамаға техникалық тапсырманы;

      3) Үлгілік конкурстық құжаттамаға 3, 4-қосымшаларға сәйкес нысандар бойынша заңды және жеке тұлғалар үшін конкурсқа қатысуға өтінімді;

      4) Үлгілік конкурстық құжаттамаға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша әлеуетті өнім берушінің қызметкерлерінің біліктілігі туралы мәліметтерді;

      5) Үлгілік конкурстық құжаттамаға 6-қосымшаға сәйкес неғұрлым сапалы тауар ұсынатын конкурсқа қатысушыны айқындау мақсатында конкурстық комиссия конкурс жеңімпазын айқындау кезінде есепке алатын тауарларды жеткізушіні таңдау өлшемшарттарды;

      6) Үлгілік конкурстық құжаттамаға 7-қосымшаға сәйкес Мемлекеттік мекемелердің ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында, жетім балалар мен ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарында тәрбиеленуші және білім алушы балаларды тамақтандыруды қамтамасыз етуге байланысты тауарлар жеткізілімінің үлгілік шартын қамтитын конкурстық құжаттаманы әзірлейді және бекітеді.

      22. Конкурстық құжаттама конкурсты ұйымдастырушының немесе конкурсты ұйымдастырушының жеке интернет-ресурсы болмаған жағдайда білім беру органының интернет-ресурсында және (немесе) тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында таратылатын мерзімді баспасөз басылымдарда орналастырылады және ол әлеуетті өнім берушілерге қағаз түрінде беріледі.

      Конкурстық комиссияның хатшысы конкурс қатысушыларына конкурстық құжаттаманың қағаз түріндегі көшірмелерін қол қойғызып береді және деректерді осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша конкурстық құжаттаманың көшірмесін алған адамдарды тіркеу журналына енгізеді.

      23. Конкурстық құжаттаманың көшірмесін алған адамдарды тіркеу журналы тігіледі, беттері нөмірленеді, соңғы парағы конкурсты ұйымдастырушының мөрімен бекітіледі.

      24. Конкурсты ұйымдастырушы конкурстық құжаттама бекітілген күнінен бастап күнтізбелік бес күн ішінде, бірақ әлеуетті өнiм берушiлер конкурсқа қатысуға өтiнiмдер беретін соңғы күнге дейін кемiнде күнтiзбелiк жиырма күн қалғанда осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша конкурсты ұйымдастырушының немесе конкурсты ұйымдастырушының жеке интернет-ресурсы болмаған жағдайда білім беру органының интернет-ресурсында және (немесе) тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында таратылатын мерзімді баспасөз басылымдарда конкурс туралы хабарландыруды орналастыру арқылы әлеуетті өнім берушілерді хабардар етеді.

      Хабарландыруда конкурсты ұйымдастырушының толық пошталық мекенжайы, бөлме нөмірі, конкурстық құжаттаманы қабылдауға және тіркеуге жауапты адамның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), өтінім берудің күні және соңғы мерзімі, сондай-ақ конверттерді ашу күні, уақыты мен жері көрсетіледі.

      25. Конкурсқа қатысуға құқықтық қабілеті бар, төлеуге қабілетті болып табылатын және материалдық, еңбек ресурстары бар әлеуетті өнім беруші үміткер болады.

      26. Әлеуетті өнім беруші немесе сенімхат бойынша оның өкілі конкурсты ұйымдастырушының пошталық мекенжайына немесе қолма-қол тігілген және нөмірленген, басшының қолы қойылып, мөрімен (бар болса) бекітілген құжаттар пакетін, оны ұсынудың соңғы мерзімі аяқталуына дейін жолдайды, онда келесі құжаттар қамтылады:

      1) осы Үлгілік конкурстық құжаттамаға 3, 4-қосымшаларға сәйкес мемлекеттік және орыс тілдерінде жасалған және әлеуетті өнім берушінің қолы қойылып, мөрімен куәландырылған конкурсқа қатысуға өтінім;

      2) құқықтық қабілетін және қабілеттілігін растайтын құжаттар:

      заңды тұлғалар үшін:

      заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің көшірмесі немесе анықтама;

      заңнамада белгіленген тәртіппен бекітілген жарғы көшірмесі;

      жеке тұлғалар үшін:

      жеке кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркеу туралы куәлік көшірмесі;

      жеке басты куәландыратын құжат көшірмесі;

      конкурсқа қатысуға өтінім беруге, қол қоюға, комиссия отырысына қатысуға құқық беретін оның мүдделерін білдіретін адамға сенімхат;

      3) төлем қабілеттілігін растайтын құжаттар:

      конкурстық өтінімдері бар конверттерді ашу күнінің алдындағы бір айдан бұрын емес алынған салық төлеушінің салық берешегінің, міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары және әлеуметтік аударымдар бойынша берешегінің жоқ (бар) екендігі туралы мәліметтер;

      конкурсқа қатысуға банктік кепілдік немесе кепілдік берілген ақшалай жарна түрінде өтінімді қамтамасыз етуді растайтын құжаттың түпнұсқасы;

      4) Үлгілік конкурстық құжаттамаға 2-қосымшаға сәйкес мемлекеттік мекемелердің ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында, жетім балалар мен ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарында тәрбиеленуші және білім алушы балаларды тамақтандыруды қамтамасыз етуге байланысты тауарларды сатып алу жөніндегі үлгілік конкурстық құжаттамаға техникалық тапсырма;

      5) Үлгілік конкурстық құжаттамаға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша әлеуетті өнім берушінің қызметкерлерінің біліктілігі туралы мәліметтер.

      27. Қатысуға өтінімді және тиісті құжаттарды әлеуетті өнім беруші конкурсты ұйымдастырушыға тігілген, парақтары нөмірленген түзетусіз түрінде ұсынады. Өтінімнің соңғы парағына бірінші басшының қолы қойылады және мөрімен бекітіледі.

      Егер конкурс лоттар бойынша бөлінген жағдайда, әлеуетті өнім беруші конкурсқа қатысуға құжаттарды әр лотқа бөлек ұсынады.

      28. Әлеуетті өнім беруші конкурсты ұйымдастырушының банк шотына банктік кепілдік немесе кепілдік берілген ақша жарнасы түрінде конкурсқа бөлінген соманың бір пайызы мөлшерінде конкурстық өтінімді қамтамасыз етуді енгізеді.

      29. Конкурстық комиссияның хатшысы өтінімдері бар конверттерді қабылдайды және өтінімдерді тіркеу журналына конкурсқа қатысуға өтінім берген әлеуетті өнім беруші туралы мәліметтерді енгізеді.

      Конкурсқа қатысуға өтінімдерді тіркеу журналы осы Қағидалардың 22-тармағына сәйкес конкурстық құжаттама көшірмелерін алған адамдарды тіркеу журналына ұқсас өтінімді тіркеу немесе себебін көрсете отырып, тіркеуден бас тарту күні мен уақыты туралы мәліметтерді енгізуді есепке алып, ресімделеді.

      30. Конкурсты ұйымдастырушы бекіткен мерзім өткеннен кейін ұсынылған құжаттар тіркелуге жатпайды және әлеуетті өнім берушілерге қайтарылады.

      31. Конкурстық комиссия әлеуетті өнім берушілердің құжаттары бар конверттерді ашуды хабарландыруда көрсетілген құжаттарды қабылдау аяқталған күні мен уақытында өткізеді.

      32. Конкурстық комиссияның төрағасы қатысушыларға конкурстық комиссияның құрамы, белгіленген мерзімде конкурсқа қатысуға құжаттарды ұсынған әлеуетті өнім берушілердің саны туралы хабарлайды және әлеуетті өнім берушілердің конверттерін ашуды жүзеге асырады.

      Конкурсты ұйымдастырушының хабарландыруында белгіленген мерзімде ұсынылған конкурсқа қатысуға өтінімдері бар конверттер ашылуға жатады.

      33. Конверттерді ашу хаттамасы осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ресімделеді, оған конкурстық комиссияның төрағасы, төраға орынбасары және мүшелері әрбір парағына және соңына қолын қояды және конкурсты ұйымдастырушының немесе конкурсты ұйымдастырушының жеке интернет-ресурсы болмаған жағдайда білім беру органының интернет-ресурсында және (немесе) тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында таратылатын мерзімді баспасөз басылымдарында орналастырылады.

      34. Өтінімдері бар конверттерді ашқан күнінен бастап үш жұмыс күні ішінде конкурстық комиссия конкурсқа қатысуға рұқсат беру үшін толықтығы және конкурстық құжаттамаға сәйкестігі тұрғысынан өтінімді қарайды. Конкурстық құжаттама талаптарына сәйкес келмейтін құжаттар қабылданбайды.

      Әлеуетті өнім беруші ұсынған құжаттардың дұрыстығын анықтау қажет болған жағдайда, комиссия тиісті мемлекеттік органдар мен заңды тұлғалардан жазбаша түрде қажетті ақпаратты сұратады.

      35. Конкурстық комиссияның өтінімді конкурстық құжаттама талаптарына сәйкестендіруге байланысты сұраныстарына және өтінімді жетіспейтін құжаттармен толықтыруға, құжаттарды алмастыруға, тиісінше ресімделмеген құжаттарды дұрыстауға бағытталған әрекетіне жол берілмейді.

      36. Комиссия өтінімдерді ашу кезінде әлеуетті өнім берушілер және (немесе) олардың өкілдері өздерінің қалауы бойынша аудиожазба мен бейнетүсірілім жүргізу құқығымен комиссия қызметіне араласпай қатыса алады.

      37. Конкурстық комиссия конкурстық құжаттама талаптарына сәйкес келетін әлеуетті өнім берушілерді айқындайды және оларды конкурсқа қатысушылар ретінде таниды.

      38. Осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша конкурстық комиссияның шешімі әрбір парағына және соңына конкурстық комиссияның төрағасының, төраға орынбасарының және мүшелерінің қолы қойылған конкурсқа қатысуға рұқсат беру туралы хаттамасымен ресімделеді.

      Конкурсқа қатысуға рұқсат беру туралы хаттамасы комиссия отырысы күнінен бастап бір жұмыс күнінен кешіктірмей конкурсты ұйымдастырушының немесе конкурсты ұйымдастырушының жеке интернет-ресурсы болмаған жағдайда білім беру органының интернет-ресурсында және (немесе) тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында таратылатын мерзімді баспасөз басылымдарында орналастырылады.

      39. Комиссия конкурсқа қатысуға рұқсат беру туралы хаттама жарияланған күнінен бастап екі жұмыс күні ішінде рұқсат берілген әлеуетті өнім берушілердің құжаттамасын қарайды.

      40. Егер неғұрлым үздік сипаттамалары бар тауарлар ұсынылған жағдайда, әлеуетті өнім берушінің техникалық тапсырмасының конкурстық құжаттамада көрсетілген техникалық тапсырмаға сәйкес болмауына жол беріледі.

      41. Конкурстық құжаттама талаптарына және біліктілік талаптарына сәйкес келетін әлеуетті өнім беруші конкурс жеңімпазы болып танылады.

      42. Егер конкурсқа екі және одан да көп әлеуетті өнім берушілерге рұқсат берілген жағдайда Үлгілік конкурстық құжаттамаға 6-қосымшаға сәйкес тауарларды жеткізушіні таңдау өлшемшарттары қолданылады. Бұл жағдайда, барынша көп балл жинаған және басқа әлеуетті өнім берушілермен салыстырғанда міндеттемелерді ең үздік орындау шарттарын ұсынған әлеуетті өнім беруші конкурс жеңімпазы болып танылады.

      Егер конкурста конкурстық құжаттаманың талаптарына сәйкес өтінімді ұсынған және осы Қағидалардың талаптарына сәйкес келетін бір әлеуетті өнім беруші қатысқан жағдайда, ол конкурс жеңімпазы болып танылады.

      43. Конкурстық комиссияның төрағасы, ол болмаған жағдайда төраға орынбасары конкурстық комиссияның отырысына қатысып отырған адамдарға конкурс қорытындыларын жариялайды.

      44. Конкурс қорытындылары туралы хаттама осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ресімделеді, оған комиссияның төрағасы, төраға орынбасары және мүшелері әрбір парағына және соңына қолын қояды және конкурс қорытындылары туралы хаттама қол қойылған күннен бастап бір жұмыс күн ішінде конкурсты ұйымдастырушының немесе конкурсты ұйымдастырушының жеке интернет-ресурсы болмаған жағдайда білім беру органының интернет-ресурсында және (немесе) тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында таратылатын мерзімді баспасөз басылымдарында орналастырылады.

      Конкурс қорытындылары туралы хаттама тауарлардың жеткізілімі туралы шарт жасасуға негіз болып табылады.

      Конкурс жеңімпазы болып танылған әлеуетті өнім беруші қонкурс қорытындылары туралы хаттамаға қол қойылған күнінен бастап және оны конкурсты ұйымдастырушының немесе конкурсты ұйымдастырушының жеке интернет-ресурсы болмаған жағдайда білім беру органының интернет-ресурсында және (немесе) тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында таратылатын мерзімді баспасөз басылымдарында ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн ішінде шарттың жалпы сомасынан үш пайыз мөлшерінде шартты орындауды қамтамасыз етуді енгізеді.

      45. Конкурсты ұйымдастырушы өнім беруші шартты орындауды қамтамасыз етуді енгізгеннен кейін екі жұмыс күні ішінде тауарлар жеткізілімінің шартын әлеуетті өнім берушіге жолдайды.

      46. Өнім беруші шартты алған күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қол қойылған тауарлар жеткізілімінің шартын конкурсты ұйымдастырушыға қайтарады.

      47. Егер әлеуетті өнім беруші осы мерзім ішінде шартқа қол қоймаса, ол шартты қол қоюдан жалтарған деп есептеледі.

      48. Шарт бөлінген қаражат шегінде тиісті қаржы жылында міндеттемелер бойынша бекітілген жеке қаржыландыру жоспарына сәйкес жасалады және шарт мерзімі аяқталғаннан кейін өнім беруші тарапынан бұзушылықтар болмаған жағдайда екі реттен көп емес ұзартылады.

      Шарт бюджетті орындау жөніндегі орталық уәкілетті органның аумақтық бөлімшелерінде міндетті түрде тіркелгеннен кейін күшіне енеді.

      Ескерту. 48-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Білім және ғылым министрінің м.а. 22.02.2017 № 76 (бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      49. Шарттық міндеттемелерді орындау процесінде туындайтын барлық даулар Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес шешіледі.

      50. Конкурс қорытындыларын шығарғанға дейінгі кезеңге қажеттілікке сәйкес тауарларды жеткізуге қажеттілік болған жағдайда, конкурсты ұйымдастырушы тиісті тауарларды жеткізушіні тарту туралы шешім қабылдайды.

      Аталған шешімді қабылдаған жағдайда конкурсты ұйымдастырушы тауарларды жеткізу үшін тауарларды жеткізушіге сұрату жібереді.

      51. Тауарларды жеткізуші келіскен жағдайда конкурсты ұйымдастырушының хаты түскен күнінен бастап үш жұмыс күні ішінде заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің немесе анықтамасының (заңды тұлғалар үшін) немесе жеке кәсіпкерлік ретінде мемлекеттік тіркеу туралы куәлігінің, жеке басты куәландыратын құжат (жеке тұлғалар үшін) көшірмелерін, техникалық тапсырманы және әлеуетті өнім берушілердің қызметкерлерінің біліктілігі туралы мәліметтерін қоса беріп, жауап жолдайды.

      52. Конкурсты ұйымдастырушы тауарларды жеткізушіден хат алғаннан кейін бір жұмыс күн ішінде тауарларды жеткізушіге қол қойылған тауарлар жеткізілімінің шартын жібереді.

      53. Өнім беруші шартты алған күнінен бастап бір жұмыс күні ішінде қол қойылған тауарлар жеткізілімінің шартын конкурсты ұйымдастырушыға қайтарады.

      54. Конкурстық комиссияның хатшысы екі жұмыс күні ішінде конкурсты ұйымдастырушының немесе конкурсты ұйымдастырушының жеке интернет-ресурсы болмаған жағдайда білім беру органының интернет-ресурсында және (немесе) тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында таратылатын мерзімді баспасөз басылымдарында көрсетілетін тауарларды жеткізуші туралы ақпарат жариялайды.

      55. Конкурсты ұйымдастырушы:

      1) ұсынылған өтінімдер болмаған;

      2) конкурсқа қатысуға бірде-бір әлеуетті өнім беруші жіберілмеген;

      3) конкурс жеңімпазы, егер аталған өнім беруші конкурсқа жалғыз қатысып, шарт жасасудан жалтарған жағдайларда, конкурсты өткізілмеді деп таниды.

      56. Конкурс өткізілмеді деп танылған жағдайда, конкурсты ұйымдастырушы конкурс өткізілмеді деп танылған күнінен бастап бір жұмыс күнінен кешіктірмей, бірақ әлеуетті өнім берушілер конкурсқа қатысуға өтінімдер беретін соңғы күнге кемінде күнтізбелік он күн қалғанда конкурсты ұйымдастырушының немесе конкурсты ұйымдастырушының жеке интернет-ресурсы болмаған жағдайда білім беру органының интернет-ресурсында және (немесе) тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында таратылатын мерзімді баспасөз басылымдарда орналастыру арқылы осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша конкурсты қайта өткізу туралы жариялайды.

      Егер конкурс жеңімпазы шарт жасасудан жалтарған жағдайда конкурсқа екі және одан да көп әлеуетті өнім беруші қатысқан кезде, конкурстық комиссия тауарларды жеткізушілерді таңдау өлшемшарттары бойынша конкурс жеңімпазынан кейін көп балл жинаған әлеуетті өнім берушімен шарт жасасу туралы шешім қабылдайды.

      57. Осы Қағидалардың 55-тармағына сәйкес қайта өткізілген конкурс өткізілмеген болып танылған жағдайда конкурстық комиссияның шешімі бойынша тауарларды жеткізетін өнім берушіні тарту туралы шешім қабылдайды.

      Өнім берушіні тарту осы Қағидалардың 51, 52, 53, 54-тармақтарының ұқсастығы бойынша жүзеге асырылады.

      Ескерту. 57-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Білім және ғылым министрінің м.а. 22.02.2017 № 76 (бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

4. Мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорындардың,
шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорын
ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған мектепке дейінгі
білім беру ұйымдарында тауарларды сатып алу

      58. МКҚК, ШЖҚМК ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында тауарларды сатып алу Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес тауарларды жеткізушілермен тікелей тауарлар жеткізілімінің шартын жасасу жолымен жүзеге асырылады.

      59. МКҚК, ШЖҚМК ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған мектепке дейінгі білім беру ұйымының басшысы тауарларды жеткізу үшін тауарларды жеткізушіге сұрату жібереді.

      60. Тауарларды жеткізуші келіскен жағдайда МКҚК, ШЖҚМК ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған мектепке дейінгі білім беру ұйымының хаты түскен күнінен бастап үш жұмыс күні ішінде:

      1) құқықтық қабілетін және қабілеттілігін растайтын құжаттарды:

      заңды тұлғалар үшін:

      заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің көшірмесі немесе анықтама;

      заңнамада белгіленген тәртіппен бекітілген жарғы көшірмесі;

      жеке тұлғалар үшін:

      жеке кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркеу туралы куәлік көшірмесі;

      жеке басты куәландыратын құжат көшірмесі;

      2) Тауарлардың сипаты көрсетілген сатып алынатын тауарлардың тізбесі. Сатып алынатын өнімдер тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы Қазақстан Республикасының заңнамасының талаптарына сәйкес болады.

      Отандық тауар өндірушілерді қолдау үшін өнім беруші тамақтандыруды ұйымдастыру шеңберінде тамақ өнімдерінің кемінде 80% (сексен пайызын) тауар өндірушілерден сатып алады.

      61. МКҚК, ШЖҚМК ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған мектепке дейінгі білім беру ұйымының басшысы тауарларды жеткізушіден хат алғаннан кейін бір жұмыс күні ішінде тауарларды жеткізушіге қол қойылған тауарлар жеткізілімінің шартын жібереді.

      62. Өнім беруші шартты алған күнінен бастап бір жұмыс күні ішінде қол қойылған тауарлар жеткізілімінің шартын МКҚК, ШЖҚМК ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған мектепке дейінгі білім беру ұйымының басшысына қайтарады.

      Егер өнім беруші белгіленген мерзімде қол қойылған шартты ұсынбаса, МКҚК, ШЖҚМК ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған мектепке дейінгі білім беру ұйымының басшысы осы өнім берушіге жолданған шарттың жобасын кері қайтаруға және басқа өнім берушіге сұрату жіберуге құқылы.

      63. МКҚК, ШЖҚМК ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған мектепке дейінгі білім беру ұйымының басшысы шартқа қол қойылған күнінен бастап екі жұмыс күні ішінде МКҚК, ШЖҚМК ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған мектепке дейінгі білім беру ұйымының немесе МКҚК, ШЖҚМК ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған мектепке дейінгі білім беру ұйымының жеке интернет-ресурсы болмаған жағдайда білім беру органының интернет-ресурсында және (немесе) тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында таратылатын мерзімді баспасөз басылымдарында тауарларды жеткізуші туралы ақпарат жариялайды.

      64. Тауарлар жеткізілімінің шарты бойынша өнім беруші келісілген мерзімде МКҚК, ШЖҚМК ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған мектепке дейінгі білім беру ұйымына тауарларды жеткізеді.

      65. Тауарлар жеткiзiлiмiнің шарты бiр жылға, бiр жылдан астам мерзiмге (ұзақ мерзiмдi шарт) немесе тараптардың келiсiмiнде көзделген өзге де мерзiмге жасалуы мүмкiн.

      66. Тауарлар жеткізілімінің шартын орындау процесінде туындайтын барлық даулар Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес шешіледі.

Қорытынды ережелер

      67. Осы қағидалардың сақталуын бақылауды баланың құқықтарын қорғау саласындағы уәкілетті орган мен мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдары жүзеге асырады.

  Мектепке дейінгі білім беру
ұйымдарында, жетім балалар мен
ата-аналарының қамқорлығынсыз
қалған балаларға білім беру
ұйымдарында тәрбиеленуші және
білім алушы балаларды
тамақтандыруды қамтамасыз етуге
байланысты тауарларды сатып алу
қағидаларына 1-қосымша

      нысан

      Бекітемін:

      ___________________________

      (Тапсырыс берушінің толық атауын

      және оның лауазымды адамының тегін,

      атын, әкесінің атын (бар болса) көрсету)

Тауарларды сатып алу жоспары

      Тапсырыс берушінің БСН-і ____________________________________________

      Тапсырыс берушінің атауы (мемлекеттік тілде) ________________________

      Тапсырыс берушінің атауы (орыс тілінде) _____________________________

      Қаржы жылы __________________________________________________________

п/п

Сатып алу мәнінің түрі

Сатып алынатын тауарлардың мемлекеттік тілдегі атауы

Сатып алынатын тауарлардың орыс тіліндегі атауы

Тауарлардың, мемлекеттік тілдегі сипаттамасы (сипаты)

Тауарлардың орыс тіліндегі сипаттамасы (сипаты)

1

2

3

4

5

6


      кестенің жалғасы

Өлшем бірлігі

Саны, көлемі

Бір бірлігі үшін баға, теңге

Сатып алу үшін бекітілген жалпы сома, теңге

Тауарды жеткізу мерзімі

Тауарды жеткізудің орны

Аванстық төлемнің мөлшері, %

7

8

9

10

11

12

13

  Мектепке дейінгі білім беру
ұйымдарында, жетім балалар мен
ата-аналарының қамқорлығынсыз
қалған балаларға білім беру
ұйымдарында тәрбиеленуші және
білім алушы балаларды
тамақтандыруды қамтамасыз етуге
байланысты тауарларды сатып алу
қағидаларына 2-қосымша

Мемлекеттік мекемелердің ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған
мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында, жетім балалар
мен ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларға
арналған білім беру ұйымдарында тәрбиеленуші және білім
алушы балаларды тамақтандыруды қамтамасыз етуге
байланысты тауарларды сатып алу жөніндегі үлгілік
конкурстық құжаттама

      _____________________________________________________________________

      (конкурс атауын көрсету)

      Конкурсты ұйымдастырушы ___________________________________ (тапсырыс

      берушінің толық атауын, орналасқан жерін, БСН, банкті деректемелерін,

      байланыс телефондарын, электрондық және почта мекенжайын көрсету)

      1. Жалпы ережелер

      1. Конкурс тауарларды жеткізушіні таңдау мақсатында өткізіледі (тауардың атын көрсету қажет).

      2. Тауарды сатып алу жөніндегі осы конкурс (лот) үшін бөлінген сома ____ теңгені құрайды (тауарларды) лоттарға бөлген жағдайда, әрбір лот үшін сома жеке көрсетіледі).

      3. Осы конкурстық құжаттама мыналарды:

      1) осы Үлгілік конкурстық құжаттамаға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша сатып алынатын тауарлардың тізбесін;

      2) осы үлгілік конкурстық құжаттамаға 2-қосымшаға сәйкес мемлекеттік мекемелердің ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында, жетім балалар мен ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарында тәрбиеленуші және білім алушы балаларды тамақтандыруды қамтамасыз етуге байланысты тауарларды сатып алу жөніндегі үлгілік конкурстық құжаттамаға техникалық тапсырманы;

      3) осы Үлгілік конкурстық құжаттамаға 3, 4-қосымшаларға сәйкес нысандар бойынша заңды және жеке тұлғалар үшін конкурсқа қатысуға арналған өтінімді;

      4) осы Үлгілік конкурстық құжаттамаға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша әлеуетті өнім берушінің қызметкерлерінің біліктілігі туралы мәліметтерді;

      5) Үлгілік конкурстық құжаттамаға 6-қосымшаға сәйкес неғұрлым сапалы тауар ұсынатын конкурсқа қатысушыны айқындау мақсатында конкурстық комиссия конкурс жеңімпазын айқындау кезінде есепке алатын тауарларды жеткізушіні таңдау өлшемшарттарды;

      6) Үлгілік конкурстық құжаттамаға 7-қосымшаға сәйкес Мемлекеттік мекемелердің ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында, жетім балалар мен ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарында тәрбиеленуші және білім алушы балаларды тамақтандыруды қамтамасыз етуге байланысты тауарлар жеткізілімінің үлгілік шартын қамтиды.

      4. Конкурсқа қатысуға ниет білдірген әлеуетті өнім беруші конкурсқа қатысуға өтінімімен қоса тауарларды сатып алу үшін бөлінген соманың бір пайызы мөлшерінде конкурсқа қатысуға арналған өтінімнің қамтамасыз етуін төменде аталған нысандардың біреуімен енгізеді:

      1) мынадай банк шотында ________ орналастырылатын ақшаның кепілдік берілген ақшалай жарнасы (тапсырыс берушінің не сатып алуды ұйымдастырушының банк шотының толық деректемелері көрсетілсін);

      2) банктік кепілдік.

      Қағидалардың 26-тармағына сәйкес әлеуетті өнім беруші немесе оның сенімхат бойынша өкілі құжаттар пакетін ________ мерзімге дейін конкурсты ұйымдастырушының ____________________ (конкурсты ұйымдастырушының атауы және мекенжайын көрсету) мекенжайында орналасқан почталық мекенжайына жібереді немесе комиссияның хатшысына (кабинет №___) қолма-қол береді.

      Құжаттарды әлеуетті өнім беруші конкурсты ұйымдастырушыға тігілген, парақтары нөмірленген түзетусіз түрінде ұсынады. Өтінімнің соңғы парағына бірінші басшының қолы қойылады және мөрімен бекітіледі.

      Конкурсты ұйымдастырушы белгіленген мерзім өткеннен кейін ұсынылған құжаттар тіркелуге жатпайды және әлеуетті өнім берушілерге қайтарылады.

  Мемлекеттік мекемелердің ұйымдық
-құқықтық нысанында құрылған мектепке
дейінгі білім беру ұйымдарында, жетім
балалар мен ата-аналарының
қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған
білім беру ұйымдарында тәрбиеленуші және
білім алушы балаларды тамақтандыруды
қамтамасыз етуге байланысты тауарларды
сатып алу жөніндегі үлгілік конкурстық
құжаттамаға 1-қосымша

      нысан

Сатып алынатын тауарлардың тізбесі

      _____________________________________ сатып алу бойынша конкурс

      (толық атауын көрсету)

Лот

Тапсырыс берушінің атауы

Тауарлардың атауы

Өлшем бірлігі

Саны, көлемі

1

2

3

4

5



(Тауарлардың сипаттамалары техникалық ерекше нұсқамада көрсетілетін жағдайда бұл бағанда тауардың қысқаша атауы және әрбір ұстаным бойынша техникалық ерекше нұсқаманың нақты бөліміне сілтеме көрсетіледі)




      кестенің жалғасы

Жеткізу шарттары

Тауарларды беру мерзімі

Тауарларды беру орны

Аванстық төлем мөлшері, %

Сатып алу үшін бөлінген сома (№ лот бойынша), теңге

6

7

8

9

10


      * Тауарлардың толық сипаты мен сипаттамасы техникалық тапсырмада көрсетіледі.

Конкурсты ұйымдастырушы басшысының лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) және қолы ___________________________

/___________ /__________________

Күні ___________________________

М.О.

Тапсырыс беруші басшысының лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) және қолы________________________________

/____________ /_________________

Күні ___________________________

М.О.

  Мемлекеттік мекемелердің ұйымдық
-құқықтық нысанында құрылған мектепке
дейінгі білім беру ұйымдарында, жетім
балалар мен ата-аналарының
қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған
білім беру ұйымдарында тәрбиеленуші және
білім алушы балаларды тамақтандыруды
қамтамасыз етуге байланысты тауарларды
сатып алу жөніндегі үлгілік конкурстық
құжаттамаға 2-қосымша

      нысан

Мемлекеттік мекемелердің ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған
мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында, жетім балалар
мен ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларға
арналған білім беру ұйымдарында тәрбиеленуші және білім
алушы балаларды тамақтандыруды қамтамасыз етуге
байланысты тауарларды сатып алу жөніндегі үлгілік
конкурстық құжаттамаға техникалық тапсырма

      Ескерту. 2-қосымшаға өзгеріс енгізілді – ҚР Білім және ғылым министрінің м.а. 22.02.2017 № 76 (бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      Техникалық тапсырмада жеткізілетін тауарларға сәйкес болуы тиіс сатып алынатын тауарлардың толық сипаты және талап етілетін функционалдық, техникалық, сапалық сипаттамалары беріледі, кепілдік мерзімі, шығару орны көрсетіледі.

      Тауарларға берілетін техникалық тапсырмада функционалдық, техникалық, сапалық сипаттамаларын сипаттау функционалдық шектерді, техникалық сипаттама параметрлерін, үздік сипаттаманы айқындау мақсатында тауардың мақсатын қамтитын тиісті бөлімдерге бөлінуге тиіс.

      Сатып алынатын өнімдер тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы Қазақстан Республикасының заңнамасының талаптарына сәйкес болуы тиіс.

      Отандық тауар өндірушілерді қолдау үшін өнім беруші тамақтандыруды ұйымдастыру шеңберінде тамақ өнімдерінің кемінде 80% (сексен пайызын) тауар өндірушілерден сатып алады.

      Тауарларды жеткізуші әлеуетті өнім берушінің өтінімдері, егер:

      1) "Мемлекеттік сатып алу туралы" 2015 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес қалыптастырылатын мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тізілімінде тұрса;

      2) егер әлеуетті өнім берушінің жақын туыстары, жұбайы (зайыбы) немесе жекжаттары және (немесе) аталған әлеуетті өнім берушінің өкілі өнім берушіні таңдау туралы шешім қабылдау құқығына ие болса не өткізілетін конкурстарда конкурсты ұйымдастырушының өкілі болып табылса;

      3) Қазақстан Республикасының резиденті болып табылмаса;

      4) бір теңге мөлшерінде және одан астам салық берешегінің және міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдары бойынша берешегі (төлем мерзімі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ұзартылған жағдайларды қоспағанда) болса қабылданбайды.

      Күні

      Білім беру ұйымы басшысының қолы ____________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), лауазымын көрсету)

      М.О.

  Мемлекеттік мекемелердің ұйымдық
-құқықтық нысанында құрылған мектепке
дейінгі білім беру ұйымдарында, жетім
балалар мен ата-аналарының
қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған
білім беру ұйымдарында тәрбиеленуші және
білім алушы балаларды тамақтандыруды
қамтамасыз етуге байланысты тауарларды
сатып алу жөніндегі үлгілік конкурстық
құжаттамаға 3-қосымша

      нысан

Конкурсқа қатысуға өтінім

      (заңды тұлғалар үшін)

      Кімге _______________________________________________________________

      (конкурсты ұйымдастырушының атауы)

      Кімнен ______________________________________________________________

      (әлеуетті өнім берушінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

      1. Конкурсқа қатысуға үміткер әлеуетті өнім беруші туралы мәліметтер:

Әлеуетті өнім берушінің заңды, почта мекенжайы және байланыс телефондары


Заңды тұлғаның банктік деректемелері (БСН, БСК), сондай-ақ заңды тұлғаға қызмет көрсететін банктің немесе оның филиалының толық атауы мен мекенжайы


Заңды тұлғаның бірінші басшысының тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)


Заңды тұлға "Мемлекеттік сатып алу туралы" 2015 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес қалыптастырылатын мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тізілімінде бар ма


Заңды тұлғаның басшысында және (немесе) аталған заңды тұлғаның өкілінде өнім берушіні таңдау туралы шешім қабылдау құқығына ие болатын жақын туыстары, жұбайы (зайыбы) немесе жекжаттары бар ма не олар өткізілетін конкурстарда конкурсты ұйымдастырушының өкілі болып табылады ма


Заңды тұлғаның резиденттігі



      2. ____________________________________________________________

      (заңды тұлғаның толық атауы)

      осы өтініммен _______________________________________________________

      (конкурстың толық атауы)

      конкурсқа әлеуетті өнім беруші ретінде қатысуға ниет білдіреді және

      конкурстық құжаттамада көзделген талаптар мен шарттарға сәйкес

      _____________________________________________________________________

      (қажетін көрсету керек)

      Тауарларды жеткізуге келісім береді.

      3. __________________________________________________________________

      (заңды тұлғаның толық атауы)

      осы өтініммен заңнамада көзделген бұзушылықтардың жоқтығын растайды.

      4. __________________________________________________________________

      (заңды тұлғаның толық атауы)

      конкурстық құжаттамамен танысқанын және конкурсты ұйымдастырушыға

      және конкурстық комиссияға өзінің құқықтық қабілеті, біліктілігі,

      сапалық және _______________________________ жеткізілетін тауарлардың

      (қажетін көрсету керек)

      өзге де сипаттамалары туралы дұрыс емес мәліметтерді бергені үшін

      жауапкершілігі, сондай-ақ Қазақстан Республикасының қолданыстағы

      заңнамасында көзделген өзге де шектеулерді сақтауы туралы хабардар

      етілгендігін растайды.

      ___________________________________________________________________

      (заңды тұлғаның толық атауы)

      осы конкурсқа қатысуға өтінімде және оған қоса берілетін құжаттарда

      мұндай дұрыс емес мәліметтерді бергені үшін өзіне толық

      жауапкершілікті қабылдайды.

      5. Осы конкурстық өтінім ________________ күн ішінде қолданылады.

      6. ________________________________________________________________

      (заңды тұлғаның толық атауы)

      жеңімпаз деп танылған жағдайда, біз шарттың орындалуын қамтамасыз

      етуді шарттың жалпы сомасының үш пайызын құрайтын сомада енгізуге

      міндеттенеміз.

      7. Конкурсқа қатысуға өтінім біздің арамыздағы міндетті шарттың

      рөлін атқарады.

      Күні

      Басшының қолы _____________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), лауазымын көрсету)

      М.О.

  Мемлекеттік мекемелердің ұйымдық
-құқықтық нысанында құрылған мектепке
дейінгі білім беру ұйымдарында, жетім
балалар мен ата-аналарының
қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған
білім беру ұйымдарында тәрбиеленуші және
білім алушы балаларды тамақтандыруды
қамтамасыз етуге байланысты тауарларды
сатып алу жөніндегі үлгілік конкурстық
құжаттамаға 4-қосымша

      нысан

Конкурсқа қатысуға өтінім

      (жеке тұлға үшін)

      Кімге ______________________________________________________________

      (конкурсты ұйымдастырушының атауы)

      Кімнен _____________________________________________________________

      (әлеуетті өнім берушінің толық атауы)

      1. Конкурсқа қатысуға үміткер әлеуетті өнім беруші туралы мәліметтер:

Жеке тұлғаның – әлеуетті өнім берушінің жеке басын куәландыратын құжатқа сәйкес тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)


Жеке тұлғаның – әлеуетті өнім берушінің жеке басын куәландыратын құжаттың деректері (№, кім берген)


Жеке тұлғаның – әлеуетті өнім берушінің тіркелген мекенжайы


Тіркеу туралы куәліктің, патенттің не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес конкурс мәніне сәйкес келетін кәсіпкерлік қызметпен айналысуға құқық беретін өзге де құжаттың нөмірі


Жеке тұлғаның – әлеуетті өнім берушінің банктік деректемелері (СТН, БСН, ЖСК), сондай-ақ жеке тұлғаға қызмет көрсететін банктің немесе оның филиалының толық атауы мен мекенжайы


Жеке тұлғаның – әлеуетті өнім берушінің байланыс телефондары, почта мекенжайы мен электрондық почта мекенжайы (болған жағдайда)


Жеке тұлға "Мемлекеттік сатып алу туралы" 2015 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес қалыптастырылатын мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тізілімінде бар ма


Жеке тұлғада және (немесе) аталған жеке тұлғаның өкілінде өнім берушіні таңдау туралы шешім қабылдау құқығына ие болатын жақын туыстары, жұбайы (зайыбы) немесе жекжаттары бар ма не олар өткізілетін конкурстарда конкурсты ұйымдастырушының өкілі болып табылады ма


Жеке тұлғаның резиденттігі



      2. ____________________________________________________________

      (жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)көрсетіледі)

      осы өтініммен конкурсқа (конкурстың толық атауын көрсету) әлеуетті

      өнім беруші ретінде қатысуға ниет білдіреді және конкурстық

      құжаттамада көзделген талаптар мен шарттарға сәйкес тауарларды

      жеткізуге (қажеттісін көрсету керек) келісім білдіреді.

      3. ____________________________________________________________

      (әлеуетті өнім берушінің атауы)

      осы өтініммен заңнамада көзделген бұзушылықтардың жоқтығын растайды.

      4._____________________________________________________________

      (әлеуетті өнім берушінің атауы)

      конкурстық құжаттамамен танысқанын және конкурсты ұйымдастырушыға

      өзінің құқығы, біліктілігі, сапалық және өзге де сипаттамалары туралы

      (қажеттісін көрсету) дұрыс емес мәліметтер бергені үшін

      жауапкершілігі, сондай-ақ Қазақстан Республикасының қолданыстағы

      заңнамасында көзделген өзге де шектеулерді сақтауы туралы хабардар

      етілгендігін растайды.

      _____________________________________________________________________

      (әлеуетті өнім берушінің атауы)

      осы конкурсқа қатысуға өтінімде және оған қоса берілетін құжаттарды

      мұндай дұрыс емес мәліметтер бергені үшін өзіне толық жауапкершілікті

      қабылдайды.

      5. Осы конкурстық өтінім ______________ күн ішінде қолданылады.

      6.____________________________________________________________

      (әлеуетті өнім берушінің атауы)

      конкурстың жеңімпазы деп танылған жағдайда, біз шарттың атқарылуын

      қамтамасыз етуді шарттың жалпы сомасының үш пайызын құрайтын сомада

      енгізуді міндеттенеміз (егер де конкурстық құжаттамада шарттың

      орындалуын қамтамасыз етуді енгізу көзделген болса көрсетіледі).

      7. Конкурсқа қатысуға өтінім біздің арамыздағы міндетті шарттың

      рөлін атқарады.

      Күні

      Басшының қолы _______________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), лауазымын көрсету)

      М.О.

  Мемлекеттік мекемелердің ұйымдық
-құқықтық нысанында құрылған мектепке
дейінгі білім беру ұйымдарында, жетім
балалар мен ата-аналарының
қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған
білім беру ұйымдарында тәрбиеленуші және
білім алушы балаларды тамақтандыруды
қамтамасыз етуге байланысты тауарларды
сатып алу жөніндегі үлгілік конкурстық
құжаттамаға 5-қосымша

      нысан

Әлеуетті өнім берушінің қызметкерлерінің біліктілігі
туралы мәліметтер

      (әлеуетті өнім беруші тауарларды сатып алу кезінде толтырады)

      1. Әлеуетті өнім берушінің атауы ______________________________

      _____________________________________________________________________

      2. Конкурста сатып алынатын, әлеуетті өнім берушінің соңғы он

      жыл ішінде жеткізген (шығарған) осындай тауарлардың көлемі (болған

      кезде), теңгемен ____________________________________________________

      _____________________________________________________________________

Тауардың атауы

Тапсырыс берушілердің атауы және олардың телефон нөмірлері

Тауарды жеткізу орны және күні

Шарттың құны, теңге (әлеуетті өнім берушінің қарауы бойынша)

1

2

3

4


      3. Ұсынымдар туралы мәліметтер, олар болған кезде. Басқа заңды

      және (немесе) жеке тұлғалардың ұсыным хаттарын, пікірлерін тізбелеп

      көрсету және қоса беру қажет.______________________________________.

      Біліктілік туралы барлық мәліметтердің дәйектілігін растаймын.

      Қолы _________________________

  Мемлекеттік мекемелердің ұйымдық
-құқықтық нысанында құрылған мектепке
дейінгі білім беру ұйымдарында, жетім
балалар мен ата-аналарының
қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған
білім беру ұйымдарында тәрбиеленуші және
білім алушы балаларды тамақтандыруды
қамтамасыз етуге байланысты тауарларды
сатып алу жөніндегі үлгілік конкурстық
құжаттамаға 6-қосымша

Тауарларды жеткізушіні таңдау өлшемшарттары

      Ескерту. 6-қосымшаға өзгеріс енгізілді – ҚР Білім және ғылым министрінің м.а. 22.02.2017 № 76 (бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

Өлшемшарттар

Балдар

1.

Конкурстың мәні болып табылатын тауар нарығындағы жұмыс тәжірибесі

Әр жылға 2 балдан, бірақ кемінде 10 балл

2.

Отандық тауар өндірушілер үшін тауарларды ерікті түрде сертификаттау туралы құжаттың бар болуы

Жоқ

(0 балл)

Бар

(1 балл)

3.

Ұлттық стандарт талаптарына сәйкес сапа менеджментінің сертификатталған жүйесінің (сертификатталған жүйелерінің) бар болуы

Жоқ

(0 балл)

Бар

(1 балл)

4.

Ұлттық стандарттар талаптарына сәйкес қоршаған ортаны басқару менеджментінің сертификатталған жүйесінің (сертификатталған жүйелерінің) және (немесе) экологиялық таза өнім стандартына сәйкестікті растаудың бар болуы

Жоқ

(0 балл)

Бар

(1 балл)

5.

Отандық өндірушілерден сатып алынатын тамақ өнімдерінің көлемі (кемінде 3 балл)

85-90%-ға дейін өнімдер

(2 балл)

90-ден 100% -ға дейін өнімдер

(3 балл)

6.

Тамақ өнімдерінің жеке өндірісінің бар болуы (шаруа және ферма қожалығы, жылыжай және басқалары) (кемінде 2 балл)

Жоқ
(0 балл)

Бар
(2 балл)

7.

Азық-түлікті арнайы көлікпен жеткізу шарттары (кемінде 3 балл)

Жалдап алу, өтеусіз пайдалану, лизинг және басқа шарттар негізінде көліктің болуы

(2 балл)

Жеке көлігінің болуы

(3 балл)

8.

Тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша қызмет көрсеткен мектептердің ата-аналар комитеті төрағаларының қолы, директорлардың қолы қойылған және мөрімен бекітілген көрсетілетін қызмет берушіге ата-аналар тарапынан берілген жинақталған сипаттамалардың бар болуы

Жоқ

(0 балл)

Бар (әр сипаттамаға 1 балдан, бірақ кемінде

3 балл)

9.

Әлеуетті өнім берушілердің конкурс өткізілетін тиісті облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың аумағында, астанада тіркелуінің бар болуы

Жоқ
(0 балл)

Бар
(3 балл)


      Ескерту. 8-тармақ жетім балалар мен ата-аналарының қамқорлығынсыз

      қалған балаларға арналған ұйымдарда қолданылмайды.

  Мемлекеттік мекемелердің ұйымдық
-құқықтық нысанында құрылған мектепке
дейінгі білім беру ұйымдарында, жетім
балалар мен ата-аналарының
қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған
білім беру ұйымдарында тәрбиеленуші және
білім алушы балаларды тамақтандыруды
қамтамасыз етуге байланысты тауарларды
сатып алу жөніндегі үлгілік конкурстық
құжаттамаға 7-қосымша

Мемлекеттік мекемелердің ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған
мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында, жетім балалар
мен ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларға
арналған білім беру ұйымдарында тәрбиеленуші және білім
алушы балаларды тамақтандыруды қамтамасыз етуге
байланысты тауарлар жеткізілімінің үлгілік шарты

      ___________________________ "___" ____________ _______ ж.

      (Өткізілетін орын)

      Бұдан әрі Тапсырыс беруші деп аталатын _____________ (Конкурсты ұйымдастырушының толық атауын көрсету) атынан, _____________________ (лауазымы, басшының тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)) бір тараптан және бұдан әрі Өнім беруші деп аталатын ____________________________ атынан (өнім беруші – конкурс жеңімпазының толық атауы) _____________________________ (жеке кәсіпкерді тіркеу туралы куәлік, Жарғы және басқасы) негізінде әрекет ететін_________________________

      (лауазымы, басшының тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) екінші тараптан, Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында, жетім балалар мен ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларға білім беру ұйымдарында тәрбиеленуші және білім алушы балаларды тамақтандыруды қамтамасыз етуге байланысты 20___жылғы "___" _______ өткен тауарларды жеткізушілерді таңдау жөніндегі конкурс қорытындылары туралы хаттама негізінде осы Үлгілік конкурстық құжаттамаға 7-қосымшаға сәйкес Мемлекеттік мекемелердің ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында, жетім балалар мен ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарында тәрбиеленуші және білім алушы балаларды тамақтандыруды қамтамасыз етуге байланысты тауарлар жеткізілімінің шартын (бұдан әрі – Шарт) жасасты және мына төмендегілер туралы келісімге келді:

      1. Өнім беруші (сомасы цифрлармен және жазумен көрсетілсін) мөлшердегі сомаға (бұдан әрі – Шарттың бағасы) тауарларды Тапсырыс берушіге жеткізуді міндетіне алады.

      2. Осы Шартта төменде көрсетілген ұғымдар мынадай түсіндірмені білдіретін болады:

      1) дүлей күш (форс-мажор) – төтенше және тойтаруға болмайтын мән-жайлар (дүлей құбылыстар, соғыс қимылдары және басқалары). Ондай мән-жайларға, атап айтқанда, мiндеттеменi орындау үшiн қажеттi тауарлардың рынокта болмауы жатпайды;

      2) "Өнім беруші" – кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлға (егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік мекемелерді қоспағанда), Тапсырыс берушімен жасасқан шартта оның контрагенті ретінде әрекет ететін тұлға.

      3) "Тапсырыс беруші" – орган немесе мектепке дейінгі білім беру ұйымы немесе жетім балалар, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымы.

      4) "Тауар" – мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында, жетім балалар, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарында білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша тауар.

      5) "Шарт" – Тапсырыс беруші мен Өнім беруші арасында Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес жазбаша нысанда жазылған, тараптар оған барлық қосымшаларымен және толықтыруларымен бірге, сондай-ақ шартта сілтеме бар барлық құжаттамамен бірге қол қойған азаматтық-құқықтық акт;

      6) "Шарттың бағасы" Тапсырыс беруші Шарттың шеңберінде Өнім берушіге өзінің шарттық міндеттемелерін толық орындағаны үшін төленуге тиіс соманы білдіреді;

      Тараптар осы шарт бойынша міндеттемелерін толық немесе жартылай орындамаған жағдайда, егер ол дүлей күш нәтижесі болып табылса жауапкершілік артпайды.

      3. Төменде көрсетілген құжаттар мен оларда айтылған жағдайлар, осы Шартты құрайды және оның ажырамас бөлігі болып саналады, атап айтқанда:

      1) осы Шарт;

      2) техникалық тапсырма;

      3) Шарттың орындалуын қамтамасыз ету.

      4. Өнім беруші Шарттың орындалуын қамтамасыз етудi (банктік кепілдеме, кепілдік ақшалай жарна төлеу) Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында, жетім балалар мен ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларға білім беру ұйымдарында тәрбиеленуші және білім алушы балаларды тамақтандыруды қамтамасыз етуге байланысты тауарларды сатып алу қағидаларында көзделген жағдайларда енгiзеді.

      5. Өнім берушінің үшінші тұлғалардың тұтастай не Шартты қамтамасыз етуді орындау бөлігінде талап қою құқығының туындауына әкеп соғатын іс-қимыл жасауына жол берілмейді. Тапсырыс берушінің Өнім беруші енгізген Шарттың орындалуын қамтамасыз етуді пайдалануына жол берілмейді.

      6. Шарт тиісті қаржы жылына міндеттемелер бойынша бекітілген жеке қаржыландыру жоспарына сәйкес бөлінген қаражат шегінде жасалады және шартты орындау кезінде өнім беруші тарапынан бұзушылықтар болмаған жағдайда көрсетілген мерзім аяқталғаннан кейін, бірақ кемінде екі рет ұзартылады.

      7. Өнім беруші жеткізуді, ал Тапсырыс беруші осы Шарттың ажырамас бөлігі болып табылатын техникалық тапсырмаға сәйкес тауарларды қабылдауды және төлеуді міндетіне алады.

      Ақы төлеу нысаны _______ (аударым, қолма-қол есеп айырысу)

      8. Төлеу мерзімі ____________________________________________

      9. Ақы төлеу алдындағы қажеттi құжаттар:__________ (шот-фактура немесе қабылдау-беру актiсi).

      10. Өнім беруші Тапсырыс берушінің алдын ала жазбаша келісімінсіз қандай да болмасын адамға Шарттың мазмұнын немесе оның қандай да бір ережелерін, сондай-ақ Тапсырыс беруші немесе осы Шартты орындау үшін Өнім беруші тартқан персоналды қоспағанда, оның атынан басқа адам берген құжаттаманы немесе ақпаратты ашпауға тиіс. Көрсетілген ақпарат бұл персоналға құпия түрде және шарттық міндеттемелерді орындау үшін қажетті шамада берілуге тиіс.

      11. Өнім берушінің тауарды жеткізуді төлеуді іс жүзінде орындау бойынша осы Шарттың ____ және ____ тармақтарында көрсетілген нысанда және мерзімде жүргізіледі.

      12. Тауарлардың құны _____ теңгені құрайды.

      13. Өнім берушімен тауарларды жеткізу Шартта белгіленген мерзімге сәйкес жүзеге асырылады.

      14. Өнім беруші тарапынан тауарларды жеткізуді кешіктіру Шартты орындауды қамтамасыз етуді ұстап, тауарларды жеткізуді уақытылы орындамағаны немесе заңнамада қарастырылған басқа шаралар үшін тұрақсыздық айыбын төлеп Тапсырыс берушімен Шартты бұзуына негіз болып табылады.

      15. Егер Өнім беруші Шартта көзделген мерзімде тауарды жеткізбесе, Тапсырыс беруші шарт шеңберінде әрбір мерзімі өткен күн үшін Шарттың бағасынан 0,1 % соманы тұрақсыздық айыбы түрінде шегеріп тастайды.

      16. Шарт талаптарын бұзғаны үшін Тапсырыс беруші Өнім берушіге міндеттемелерді орындамағаны туралы жазбаша хабарлама жібере отырып:

      1) егер Өнім беруші тауар бөлігін немесе барлығын Шартта көзделген мерзімде (дерде) немесе Тапсырыс беруші берген осы Шартты ұзарту кезеңі ішінде бере алмаса;

      2) егер Өнім беруші Шарт бойынша қандай да болмасын басқа да өзінің міндеттемелерін орындай алмаса осы Шартты бұзады.

      17. Дүлей күш жағдайлары туындаған кезде Өнім беруші Тапсырыс берушіге бір жұмыс күн ішінде мұндай жағдайлар мен олардың себептері туралы жазбаша хабарлама жібереді. Егер Тапсырыс берушіден өзгеше жазбаша нұсқаулықтар түспесе, Өнім беруші Шарт бойынша өзінің міндеттемелерін орындауды жалғастырады және дүлей күшке байланысты емес Шартты орындаудың баламалы тәсілдерін іздеуді жүргізеді.

      18. Өнім беруші, осы Шарттың 17-тармағының талаптарын орындаған жағдайда егер Шартты орындауды кешіктіру дүлей күш нәтижесі болса, өзінің Шартты орындауды қамтамасыз етуден айырылмайды және Шарттың талаптарын орындамауына орай тұрақсыздық айыбын төлеуге немесе оны бұзуға жауапкершілік жүктемейді.

      19. Тапсырыс беруші, егер Өнім беруші төлеуге қабілетсіз болса немесе Жосықсыз әлеуетті өнім берушілердің тізіліміне енсе, Өнім берушіге тиісті жазбаша хабарлама жібере отырып, кез келген уақытта Шартты бұза алады. Бұл жағдайда бұзу тез арада жүзеге асады және Тапсырыс беруші, егер Шартты бұзу залал келтірмесе немесе іс-әрекеттерді жасауға қандай да болмасын құқықтарды қозғамаса немесе Тапсырыс берушіге қойылған немесе соңынан қойылатын санкцияларды қолданатын жағдайда Өнім берушіге қатысты ешқандай қаржылық міндеттемелер жүктемейді.

      20. Тапсырыс беруші Өнім берушіге тиісті жазбаша хабарлама жібере отырып, оның бұдан әрі орындалуының орынсыздығына орай кез келген уақытта Шартты бұза алады. Хабарламада Шартты бұзудың себебі көрсетіледі, күші жойылған шарттық міндеттемелердің көлемі, сондай-ақ Шарттың бұзылуы күшіне енген күні көрсетіледі.

      21. Жоғарыда көрсетілген жағдаяттар негізінде Шарт жойылған кезде, Өнім беруші Шарт бойынша бұзуға байланысты оны бұзатын күні іс жүзіндегі шығындар үшін ғана ақы төленеді.

      22. Тапсырыс беруші мен Өнім беруші тікелей келіссөздер процесінде олардың арасында Шарт бойынша немесе оған байланысты туындайтын барлық келіспеушіліктерді немесе дауларды шешуге бар күш-жігерін жұмсайды.

      23. Егер осындай келіссөздер басталғаннан кейін 21 (жиырма бір) күн ішінде Тапсырыс беруші мен Өнім беруші Шарт бойынша дауды шеше алмаса, тараптардың кез келгені осы мәселені Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мәселені шешеді.

      24. Шарт мемлекеттік және орыс тiлдерiнде жасалады.

      25. Шартқа сәйкес тараптардың бірі екінші тарапқа жіберетін кез келген хабарлама, кейін түпнұсқасын бере отырып, хат, жеделхат, телекс немесе факс түрінде жіберіледі.

      26. Хабарлама жеткізілгеннен кейін немесе күшіне ену көрсетілген күні (егер хабарламада көрсетілсе), бұл күндердің қайсысы кеш болатындығына байланысты күшіне енеді.

      27. Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес төленуге тиіс.

      28. Осы Шартта Тапсырыс беруші мен Өнім беруші белгіленген тәртіппен келісілген өзге де айыппұл санкциялары немесе Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін өзге де шарттар көзделуі мүмкін.

      29. Осы Шарт Тапсырыс беруші оны Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің аумақтық қазынашылық тіркеуден өткізгеннен кейін және Өнім беруші Шарттың орындалуын қамтамасыз етуді енгізгеннен кейін күшіне енеді.

      30. Осы Үлгілік шарт тауарларды сатып алуды Тапсырыс беруші жүзеге асыру процесінде Тапсырыс беруші мен Өнім беруші арасында туындайтын құқықтық қатынастарды реттейді.

      Осы Шартқа енгізілетін кез келген өзгерістер мен толықтырулар Тапсырыс берушінің конкурстық құжаттамасына, Өнім берушінің конкурстық өтініміне және Конкурс қорытындылары туралы хаттамаға сәйкес келуі тиіс.

      31. Тараптардың мекенжайлары мен деректемелері:

      Тапсырыс беруші Өнім беруші

      ______________________________ _____________________________

      (толық атауы) (толық атауы)

      ______________________________ _____________________________

      (мекен-жайы) (мекен-жайы)

      ______________________________ ______________________________

      (телефоны, факс) (телефоны, факс)

      ________________________________ ________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (тегі, аты, әкесінің аты (бар

      (бар болса) болса)

      _______________________________ _______________________________

      (қолы) (қолы)

      "___"___________________ ____ж. "___"_____________________ ____ж.

      М.О. М.О.

      Аумақтық қазынашылық органында тіркеу күні ____________________

  Мектепке дейінгі білім беру
ұйымдарында, жетім балалар мен
ата-аналарының қамқорлығынсыз
қалған балаларға білім беру
ұйымдарында тәрбиеленуші және
білім алушы балаларды
тамақтандыруды қамтамасыз етуге
байланысты тауарларды сатып алу
қағидаларына 3-қосымша

      нысан

Конкурстық құжаттаманың көшірмесін алған адамдарды
тіркеу журналы

р/с

Конкурсты өткізудің атауы

Конкурсты өткізу мерзімі

Әлеуетті өнім берушінің немесе заңды тұлға өкілінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

ЖСН/БСН

1

2

3

4

5


      кестенің жалғасы

Жеке басты куәландыратын құжат нөмірі (кім берді және берілген күні)

Заңды тұлғаны немесе жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік тіркеу туралы мәліметтер

Орналасқан жері және байланыс телефондары

Конкурстық құжаттаманың көшірмесін алған уақыты және күні

6

7

8

9

  Мектепке дейінгі білім беру
ұйымдарында, жетім балалар мен ата
-аналарының қамқорлығынсыз қалған
балаларға білім беру ұйымдарында
тәрбиеленуші және білім алушы
балаларды тамақтандыруды қамтамасыз
етуге байланысты тауарларды сатып алу
қағидаларына 4-қосымша

      нысан

Конкурс туралы хабарландыру

      _____________________________________________________________________

      (конкурсты ұйымдастырушының атауы, пошталық және электрондық

      мекенжайлары)

      Мемлекеттік мекемелердің ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған мектепке

      дейінгі білім беру ұйымдарында, жетім балалар мен ата-аналарының

      қамқорлығынсыз қалған балаларға білім беру ұйымдарында тәрбиеленуші

      және білім алушы балаларды тамақтандыруды қамтамасыз етуге байланысты

      тауарларды жеткізушіні таңдау бойынша конкурс өткізу туралы хабарлайды

      _____________________________________________________________________

      (сатып алынатын тауарлардың атауы)

      Тауар _________________________________________________________

      (тауарларды жеткізу орны көрсетіледі)

      (конкурсты ұйымдастырушымен сатып алынатын тауарлардың толық

      тізбесі, оның саны және толық ерекшелігі конкурстық құжаттамада

      көрсетілуі туралы сілтемелерді көрсетуге жол беріледі) жеткізіледі.

      Тауарларды жеткізудің талап етілетін мерзімі _________________.

      Конкурстық құжаттаманың талаптарына сәйкес келетін барлық

      әлеуетті өнім берушілер конкурсқа жіберіледі.

      Конкурстық құжаттама көшірмелерінің топтамасын __________ жылғы

      "____" ___________ дейінгі мерзімді қоса алғанда (конкурстық

      өтінімдері бар конверттерді ашуға 24 сағат қалғанға дейін уақытын

      және күнін көрсету) мына мекенжай бойынша: _______, бөлме № __ сағат

      ____-дан ____-ге дейін және/немесе __________________________________

      интернет-ресурсынан алуға болады.

      Конвертке салынған конкурсқа қатысуға конкурстық өтінімдерді

      әлеуетті өнім берушілер _____________________________________________

      (конкурсты ұйымдастырушының атауын көрсету керек) мына

      мекенжай бойынша ____________________________________________________

      (толық мекенжайы, бөлменің № көрсету керек) жібереді.

      Конкурсқа қатысуға өтінімдер берудің соңғы мерзімі ____________

      (уақыты мен күнін көрсету керек) дейін.

      Конкурсқа қатысуға өтінімдер бар конверттер _______ (уақыты мен

      күні көрсетілсін) мына мекенжай бойынша ___________________ (толық

      мекенжайы, бөлменің №, уақыты мен күні көрсетілсін) ашылады.

      Қосымша ақпарат пен анықтаманы мына телефон арқылы алуға

      болады: ________________________(телефон нөмірін көрсету керек).

  Мектепке дейінгі білім беру
ұйымдарында, жетім балалар мен
ата-аналарының қамқорлығынсыз
қалған балаларға білім беру
ұйымдарында тәрбиеленуші және
білім алушы балаларды
тамақтандыруды қамтамасыз етуге
байланысты тауарларды сатып алу
қағидаларына 5-қосымша

      нысан

Конверттерді ашу хаттамасы

      ______________________ _____________________

      (өткізілетін орын) (уақыты мен күні)

      1. Мынадай құрамдағы конкурстық комиссия: _______________

      (конкурстық комиссия төрағасының, оның орынбасарының, мүшелерінің

      тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), лауазымы, конкурсқа қатысуға

      өтінімдерді ашу күні, уақыты мен орны көрсетіледі) конкурсқа қатысуға

      өтінімдер бар конверттерді ашу рәсімін жүргізді.

      2. Конкурстық құжаттаманың көшірмесі мынадай әлеуетті өнім

      берушілерге берілді:___________ (конкурстық құжаттаманың көшірмесі

      берілген барлық әлеуетті өнім берушілердің атауы, мекенжайы)

      3. Мынадай әлеуетті өнім берушілердің _______________________

      конкурсқа қатысуға өтінімдері (конкурсқа қатысуға өтінімдерді берудің

      түпкілікті мерзімі өткеннен кейін конкурсқа қатысуға өтінімдерді

      ұсынған барлық әлеуетті өнім берушілердің атауы, мекенжайы

      көрсетіледі) __________________________ негізінде ашылмай қайтарылды.

      (ашылмау себебі көрсетілсін)

      4. Белгіленген мерзімде конкурстық өтінімдерді берудің соңғы

      мерзімі өткенге дейін конкурстық өтінімді ұсынған мынадай әлеуетті

      өнім берушілердің конкурсқа қатысуға өтінімдері:

      _____________________________________________________________________

      (конкурстық өтінімдерді берудің соңғы мерзімі өткенге дейін

      конкурстық өтінімдер ұсынған барлық әлеуетті өнім берушілердің

      атауы, мекенжайы, конкурсқа қатысуға өтінімді беру уақыты)

      ашылды және конкурстық өтінімдерді ашу кезінде барлық қатысушы және

      комиссия конкурсқа қатысуға рұқсат берген адамдарға жарияланған

      ____________________________________________________________________

      (конкурстық өтінімді құрайтын құжаттардың бар немесе жоқтығы

      туралы ақпарат және конкурстық өтінімдер ашылған кезде жарияланған

      басқа ақпарат)

      қамтиды.

      5. Конкурстық өтінімдерді ашқан кезде мынадай әлеуетті өнім

      берушілер қатысты (олар қатысқан жағдайда):

      ____________________________________________________________________

      (конкурсқа қатысуға өтінімдерді ашқан кезде қатысқан барлық

      әлеуетті өнім берушілердің атауы, мекенжайы)

      Конкурстық комиссия төрағасының, оның орынбасарының,

      мүшелерінің және хатшысының тегі, аты, әкесінің аты (бар болса),

      қолдары.

  Мектепке дейінгі білім беру
ұйымдарында, жетім балалар мен
ата-аналарының қамқорлығынсыз
қалған балаларға білім беру
ұйымдарында тәрбиеленуші және
білім алушы балаларды
тамақтандыруды қамтамасыз етуге
байланысты тауарларды сатып алу
қағидаларына 6-қосымша

      нысан

Конкурсқа қатысуға рұқсат беру туралы

      _____________________________

      (конкурс атауы)

      ______________________ _____________________

      (өткізілетін орын) (уақыты мен күні)

      1. Мынадай құрамдағы конкурстық комиссия:

      ____________________________________________________________________

      (конкурстық комиссия төрағасының, оның орынбасарының, мүшелерінің

      фамилиясы, аты, әкесінің аты (бар болса) көрсетіледі) ____________________________ сатып алу бойынша конкурсқа қатысуға

      өтінімдерді қарады.

      2. Конкурсқа қатысуға өтінімдер берудің соңғы мерзімі өткенге

      дейін белгіленген мерзімде өтінім берген мынадай әлеуетті өнім

      берушілердің: ______________________________________________________

      (конкурстық өтінімдер берудің соңғы мерзімі өткенге дейін конкурстық

      өтінімдер берген барлық әлеуетті өнім берушілердің атауы, мекенжайы,

      конкурсқа қатысуға өтінім берген уақыты, өтінім қамтитын құжаттар

      тізбесі, конкурстық құжаттамада көзделген қандай да бір құжаттың

      болуы болмауы туралы ақпарат, конкурсқа қатысуға өтінімдерді кері

      қайтару және өзгерту туралы және басқа ақпарат көрсетіледі) конкурсқа

      қатысуға өтінімдері конкурстық комиссия отырысының барлық

      қатысушыларына жарияланды.

      3. Конкурсқа қатысуға арналған мынадай конкурстық өтінімдер

      конкурсқа қатысуға жіберілмейді: __________________________________

      (конкурстық құжаттаманың талаптарына сәйкес келмейді себебінен

      конкурсқа қатысуға конкурстық өтінімдері қабылданбаған әлеуетті өнім

      берушілер, әр лот бойынша бөлек (оның деректемелері) көрсетіледі) 4. Әлеуетті өнім берушілердің конкурстық құжаттаманың

      талаптарына сәйкес келетін конкурстық өтінімдері___________________.

      (барлық әлеуетті өнім берушілердің тізбесі, әр лот бойынша бөлек

      (деректемелер) көрсетіледі)

      5. Конкурстық комиссия конкурсқа қатысуға берілген өтінімдерді

      қарау нәтижелері бойынша ашық дауыс беру жолымен былай деп ШЕШТІ:

      1) мынадай әлеуетті өнім берушілер конкурсқа қатысуға

      жіберілсін: ________________________________________________________;

      (конкурсқа қатысуға жіберілген әлеуетті өнім берушілердің

      тізбесін көрсету)

      2) мынадай әлеуетті өнім берушілер конкурсқа қатысуға

      жіберілмесін: _____________________________________________________;

      (конкурсқа қатысуға жіберілмеген әлеуетті өнім берушілердің

      тізбесін және жәбермеу себебін көрсету)

      3) алып тасталды - ҚР Білім және ғылым министрінің м.а. 22.02.2017 № 76 (бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

  Мектепке дейінгі білім беру
ұйымдарында, жетім балалар мен
ата-аналарының қамқорлығынсыз
қалған балаларға білім беру
ұйымдарында тәрбиеленуші және
білім алушы балаларды
тамақтандыруды қамтамасыз етуге
байланысты тауарларды сатып алу
қағидаларына 7-қосымша

      нысан

Конкурс қорытындылары туралы хаттама

      _____________________________

      (конкурстың атауы)

      ______________________ _____________________

      (өткізілетін орын) (уақыты мен күні)

      1. Мынадай құрамдағы конкурстық комиссия: ____________________.

      (конкурстық комиссияның құрамын көрсету)

      2. Мынадай әлеуетті өнім берушілердің өтінімдері конкурсқа

      қатысуға жіберілді: _______________________________________________.

      (рұқсат беру туралы хаттамаға сәйкес конкурсқа жіберілген

      әлеуетті өнім берушілердің конкурсқа қатысуға өтінімдерін көрсету)

      3. Конкурстық комиссия өлшемшарттарға сәйкес қарастыру

      нәтижелері бойынша ашық дауыс беру жолымен былай деп шешті:

      1) конкурстың жеңімпазы ретінде ______________________________

      (конкурсқа қатысушының атауы мен орналасқан жерін, сондай-ақ ол

      жеңімпаз деп танылған шарттарды көрсету) танылсын;

      2) конкурс ___________________________________________________

      (конкурс атауы және конкурсты өткізілмеді деп тану себебі

      көрсетіледі) өткізілмеді деп танылсын.

      Егер конкурсқа қатысушылардың конкурстық өтінімдерін қарастыру

      кезінде конкурс жеңімпазы анықталмаса немесе барлық конкурстық

      өтінімдер қабылданбаса, тиісті себебін көрсету;

      3) Конкурсты ұйымдастырушы ___________________________________

      (атауын және орналасқан жерін көрсету)

      _____ жылға дейінгі мерзімде _______________________________________

      (конкурс жеңімпазының атауын көрсету) - мен тауарлар жеткізілімінің шартын жасассын;

      4) Конкурсты ұйымдастырушы ___________________________________

      (конкурсты ұйымдастарушының атауын көрсету) аталған конкурс

      қорытындылары туралы хаттаманың мәтінін конкурсты ұйымдастырушының

      немесе конкурсты ұйымдастырушының жеке интернет-ресурсы болмаған

      жағдайда білім беру органының интернет-ресурсында орналастырсын.

      Осы шешімге дауыс бергендер:

      Жақтаушы дауыс _______ (конкурстық комиссия мүшелерінің тегі,

      аты, әкесінің аты (бар болса)

      Қарсы дауыс __________ (конкурстық комиссия мүшелерінің тегі,

      аты, әкесінің аты (бар болса)

      Конкустық комиссия төрағасының, төраға орынбасарының, мүшелерімен

      хатшысының қолдары.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады