«Қоршаған ортаны қорғау саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 23 сәуірдегі № 301 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 13 қарашадағы № 641 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 20 қаңтарда № 12878 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2016 жылғы 24 мамырдағы № 215 бұйрығымен

      Ескерту. Бұйрықтың күші жойылды - ҚР Энергетика министрінің 24.05.2016 № 215 бұйрығымен.

      БҰЙЫРАМЫН :
      1. «Қоршаған ортаны қорғау саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 23 сәуірдегі № 301 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тізілімінде № 11229 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 3 тамызда жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Парниктік газдар шығарындыларына сертификат беру және қайта ресімдеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
      көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Парниктік газдар шығарындылары мен сіңірулерін қысқарту, сондай-ақ парниктік газдарды түгендей туралы есепті растау саласындағы кәсіби верификациялық және валидациялық (детерминициялық) қызметті жүзеге асыратын тәуелсіз ұйымдарды аккредиттеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында:
      7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «7. Мемлекеттік қызмет заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызмет алушылар) тегін көрсетіледі».
      2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Мұнай-газ кешеніндегі экологиялық реттеу, бақылау және мемлекеттік инспекция комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгенінен кейін он күнтізбелік күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспа басылымдарына және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;
      3) осы бұйрықты алған күннен бастап он күнтізбелік күн ішінде оның көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
      4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің ресми интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың порталында орналастыруды;
      5) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 2) 3) және 4) тармақшаларымен көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Энергетика вице-министріне жүктелсін.
      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Энергетика министрі                        В. Школьник

      «КЕЛІСІЛДІ»
      Қазақстан Республикасының
      Инвестициялар және даму министрі
      _______________ Ә. Исекешев
      2015 жылғы 14 желтоқсан

      «КЕЛІСІЛДІ»
      Қазақстан Республикасының
      Ұлттық экономика министрі
      _______________ Е. Досаев
      2015 жылғы 30 қараша

Қазақстан Республикасы
Энергетика министрінің
2015 жылғы 13 қарашадағы
№ 641 бұйрығына 
қосымша       

Қазақстан Республикасы
Энергетика министрінің
2015 жылғы 23 сәуірдегі
№ 301 бұйрығына  
8-қосымша      

«Парниктік газдар шығарындыларына сертификат беру және қайта
ресімдеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты 1. Жалпы ережелер

      1. «Парниктік газдар шығарындыларына сертификат беру және қайта ресімдеу» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
      2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) әзірледі.
      3. Мемлекеттік қызметті Министрліктің Мұнай-газ кешеніндегі экологиялық реттеу, бақылау және мемлекеттік инспекция комитеті (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
      Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру:
      1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;
      2) www.egov.kz, www.elicense.kz «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы жүзеге асырылады.

2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі

      4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі:
      1) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап, сондай-ақ порталға жүгінген кезде - 30 күнтізбелік күн;
      2) көрсетілетін қызметті алушының құжаттарды тапсыруы үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты - 15 минут;
      3) көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты - 20 минут.
      5. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.
      6. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – парниктік газдар шығарындыларына сертификат.
      Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру нысаны: электрондық.
      Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін алу үшін қағаз түрінде өтініш берген жағдайда, мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі электрондық нысанда ресімделіп, басып шығарылады және көрсетілетін қызметті берушінің мөрімен және уәкілетті адамның қолымен расталады.
      Порталда мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамның электронды цифрлық қолы (бұдан әрі – ЭЦҚ) қойылған электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» жолданады.
      7. Мемлекеттік қызмет заңды тұлғаларға (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті алушы) тегін көрсетіледі.
      8. Жұмыс кестесі:
      1) көрсетілетін қызметті берушінің Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап жұманы қоса сағат 13-00-ден 14-30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9-00-ден 18-30-ға дейін.
      Өтініш қабылдау және көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нәтижесі сағат 13-00-ден 14-30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9-00-ден 17-30-ға дейін;
      Мемлекеттік қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетіп қызмет көрсетусіз кезек күту тәртібімен көрсетіледі.
      2) порталда – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда тәулік бойы (көрсетілет қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталған соң, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтініштерді қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижелерін беру келесі жұмыс күнінде жүзеге асырылады).
      9. Көрсетілетін қызметті алушы (не сенімхат бойынша оның өкілі) жүгінген кезде мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:
      көрсетілетін қызметті берушіге:
      1) Сертификатты алу үшін:
      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес белгіленген нысандағы парниктік газдар шығарындыларына сертификат алу үшін өтініш;
      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес есепті жылға парниктік газдарды түгендеу туралы есеп;
      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3-қосымшаға сәйкес қондырғы паспорты;
      парниктік газдар шығарындыларын азайту бағдарламасы;
      парниктік газдар шығарындыларын азайту бойынша жобаларды іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары.
      Парниктік газдар шығарындыларына сертификат алу үшін өтініштен басқа жоғарыда көрсетілген құжаттарды тәуелсіз аккредиттелген ұйым растайды.
      Квоталарды бөлудің ұлттық жоспарына енгізілген қолданыстағы қондырғылар бойынша сертификаттар алуға құжаттар оның қолданылуының бірінші жылының 1 мамырына дейін беріледі.
      2) Жаңа қондырғылар үшін:
      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес белгіленген нысандағы парниктік газдар шығарындыларына сертификат алу үшін өтініш;
      жоспарланып отырған қуатын (қуатының жоспарланып отырған ұлғаюын) бағалауы;
      энергия үнемдеу сараптамасының қорытындысы.
      Квоталарды бөлудің ұлттық жоспарына енгізілмеген жаңа қондырғылар бойынша құжаттар парниктік газдар шығарындыларын квоталау бойынша талаптарға сай келетін жаңа қондырғы пайдалануға енгізілгенге дейін беріледі.
      Көрсетілетін қызметті алушы есептік кезең ішінде алдында берілген парниктік газдар шығарындыларына квоталар көлемін өзгерту үшін:
      қондырғылардың сипатында немесе жұмыс істеуінде жоспарланған өзгерістер;
      парниктік газдардың жаңа көздерін енгізген жағдайларда жүгінеді.
      3) квоталарды өзгерту үшін:
      осы мемлекеттік қызмет стандартының 4 қосымшасына сәйкес нысан бойынша парниктік газдар шығарындыларына квотаны өзгертуге өтініш;
      тәуелсіз аккредиттелген ұйым растаған квота көлемінің өзгеруін негіздейтін есептеулер;
      тәуелсіз аккредиттелген ұйым растаған өзгерістерді ескере отырып, осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3-қосымшаға сәйкес қондырғы паспорты мониторинг жоспарымен қоса.
      Парниктік газдар шығарындыларына берілген квоталардың көлемін өзгертуге құжаттар тиісті ұлттық жоспар қолданылуының соңғы жылының 1 қазанына дейінгі мерзімде ұсынылады.
      Көрсетілетін қызметті алушының ауысуына (иеліктен айыру, қайта ұйымдастыру, ұйымдастыру-құқықтық нысанының, заңды тұлға атауының өзгеруіне) байланысты:
      4) сертификатты қайта ресімдеу үшін:
      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
      қондырғы операторы ауысқан (иеліктен айырған) жағдайда - қондырғыны сатып алу-сату шарты не қабылдау-беру актісі.
      порталға:
      5) сертификатты алу үшін:
      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы парниктік газдар шығарындыларына сертификат алу үшін өтініш;
      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес есепті жылға парниктік газдарды түгендеу туралы есептің электрондық көшірмесі;
      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3-қосымшаға сәйкес қондырғы паспортын электрондық көшірмесі;
      парниктік газдар шығарындыларын азайтуға бағдарламасының электрондық көшірмесі;
      парниктік газдар шығарындыларын азайтуға бойынша жобаларды іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының электрондық көшірмесі.
      Парниктік газдар шығарындыларына сертификат алу үшін өтінішітен басқа жоғарыда көрсетілген құжаттарды тәуелсіз аккредиттелген ұйымдар растайды.
      Квоталарды бөлудің ұлттық жоспарына енгізілген қолданыстағы қондырғылар бойынша сертификаттар алуға құжаттар оның қолданылуының бірінші жылының 1 мамырына дейін беріледі.
      6) жаңа қондырғылар үшін:
      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы парниктік газдар шығарындыларына сертификат алу үшін өтініш;
      жоспарланып отырған қуатын (қуатының жоспарланып отырған ұлғаюын) бағалаудың электрондық көшірмесі;
      энергия үнемдеу сараптамасы қорытындысының электрондық көшірмесі.
      Квоталарды бөлудің ұлттық жоспарына енгізілмеген жаңа қондырғылар бойынша құжаттар парниктік газдар шығарындыларын квоталау бойынша талаптарға сай келетін жаңа қондырғы пайдалануға енгізілгенге дейін беріледі.
      Көрсетілетін қызметті алушы есептік кезең ішінде алдында берілген парниктік газдар шығарындыларына квоталар көлемін өзгерту үшін:
      қондырғылардың сипатында немесе жұмыс істеуінде жоспарланған өзгерістер;
      парниктік газдардың шығарындыларының жаңа көздерін енгізген жағдайларда жүгінеді.
      7) квоталарды өзгерту үшін:
      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 4-қосымшаға сәйкес көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы парниктік газдар шығарындыларына квотаны өзгертуге өтініш;
      тәуелсіз аккредиттелген ұйым растаған квота көлемінің өзгеруге негіздейтін есептеулердің электрондық көшірмесі;
      тәуелсіз аккредиттелген ұйым растаған өзгерістерді ескере отырып, осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3-қосымшаға сәйкес қондырғы паспорты мониторинг жоспарын қоса.
      Парниктік газдар шығарындыларына берілген квоталардың көлемін өзгертуге құжаттар тиісті ұлттық жоспар қолданылуының соңғы жылының 1 қазанына дейінгі мерзімде ұсынылады.
      Көрсетілетін қызметті алушының ауысуына (иеліктен айыру, қайта ұйымдастыру, ұйымдастыру-құқықтық нысанының, заңды тұлға атауының өзгеруіне) байланысты:
      8)сертификатты қайта ресімдеу үшін:
      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 5-қосымшаға сәйкес көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы өтініш;
      қондырғы операторы ауысқан (иеліктен айырған) жағдайда қондырғыны сатып алу-сату шарты не қабылдау-беру актісінің элетрондық көшірмесі;
      Қондырғының операторы ауысқан жағдайда тиісті ұлттық жоспармен белгіленген квотаның көлемі өзгерсе, қондырғы операторы осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының квоталарды өзгерту үшін көрсетілген құжаттарын тапсырады.
      Жеке басын куәландыратын, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) құжаттары туралы мәліметтерді «электрондық үкіметтің» шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден ұсынылады.
      Көрсетілетін қызметті алушы егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, мемлекеттік қызмет көрсету кезінде ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісімін береді.
      Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды:
      көрсетілетін қызметті берушіге тапсырған кезде – көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде құжаттар топтамасын қабылдау күні мен уақытын көрсете отырып, оның тіркелгені туралы көшірмесіндегі белгі қағаз жеткізгіштегі өтініштің қабылданғанын растау болып табылады;
      порталға тапсырған кезде – «жеке кабинетіне» мемлекеттік қызмет көрсетуге сұрау салуды қабылдау туралы мәртебе жіберіледі.

3. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша орталық
мемлекеттік органдардың, сондай-ақ көрсетілетін қызметті
берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне,
әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

      10. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша Министрліктің, көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану үшін: шағым осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 12-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына не Министрлікке мына мекенжай бойынша беріледі: 010000, Астана қаласы, Министрліктер үйі (сол жағалау), Орынбор көшесі, № 8, № 14 кіреберіс, телефон 8 (7172) 74 08 55.
      Шағым жазбаша түрде почта арқылы не жұмыс күндері көрсетілетін қызметті берушінің не Министрліктің кеңсесі арқылы қолма-қол қабылданады.
      Көрсетілетін қызметті берушінің, Министрліктің кеңсесінде шағымның тіркелуі (мөртаңба, кіріс нөмірі және тіркеу күні шағымның екінші нұсқасына немесе шағымға ілеспе хатқа қойылады) оның қабылданғанын растау болып табылады.
      Портал арқылы жүгінген кезде шағымдану тәртібі туралы ақпаратты бірыңғай байланыс орталығының 1414 телефоны арқылы алуға болады.
      Шағымды портал арқылы жолдаған кезде көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетінен» көрсетілетін қызметті берушінің өтініштерді өңдеуі барысында (жеткені, тіркелгені, орындалғаны туралы белгі, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) жаңартылатын өтініш туралы ақпарат қолжетімді болады.
      Шағымда:
      1) жеке тұлғаның – тегі, аты, әкесінің аты, почталық мекенжайы;
      2) заңды тұлғаның – атауы, почталық мекенжайы, шығыс нөмірі мен күні көрсетіледі.
      Көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қарауға жатады. Қарастырылған шағымның нәтижесі туралы дәлелді жауап көрсетілетін қызметті алушыға почталық байланыс арқылы жіберіледі, не көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінен қолма-қол беріледі.
      Электронды түрде портал арқылы жүгінген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы өтініш туралы ақпаратты «жеке кабинетінен» көре алады, ол өтініштерді көрсетілетін қызметті берушінің өңдеуі барысында жаңартылып тұрады (жеткізілгені, тіркелгені, орындалғаны туралы белгілер, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап).
      Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгіне алады.
      Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қарауға жатады.»;
      11. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы сотқа жүгінеді.

4. Мемлекеттік қызмет көрсету оның ішінде электрондық нысанда
ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар

      12. Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары мынадай интернет-ресурстарда:
      1) Министрліктің – www.energo.gov.kz, «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімінде;
      2) көрсетілетін қызметті берушінің – www.ecokomitet.gov.kz, «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімінде орналастарылған;
      13. Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сы болған жағдайда, портал арқылы электрондық нысанда мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға мүмкіндігі бар.
      14. Көрсетілетін қызметті алушының порталдағы «жеке кабинеті» арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде, сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты алу мүмкіндігі бар.

«Парниктік газдар шығарындыларына
сертификат беру және қайта ресімдеу»
мемлекеттік көрсетілетін    
қызмет стандартына 1-қосымша  

Қазақстан Республикасы    
Энергетика министрлігінің   
Мұнай-газ кешеніндегі экологиялық
реттеу, бақылау және мемлекеттік
инспекция комитетіне     

Парниктік газдар шығарындыларына сертификат алу үшін өтініш

1. Қондырғы операторының атауы


2. Жалпы мәліметтер:

2.1. Заңды мекенжайы

2.2. Бизнес-сәйкестендіру нөмірі (БСН)

2.3. Байланыс телефоны, факс, электрондық почта


3. Экономикалық қызмет түрлерінің жалпы сыныптауышы бойынша парниктік газдар шығарындыларын квоталау талаптарына сай келетін қондырғыға қатысты экономика секторы (атауы мен коды)


4. Парниктік газдар шығарындыларына сұралатын квоталар көлемі:

4.1. Ұлттық жоспардан (жаңа қондырғылар үшін толтырылмайды)

4.2. Ұлттық жоспардың квота көлемі қорының (жаңа және кеңейтілген қондырғылар үшін)

__________________________ тонна

__________________________ тонна

__________________________ тонна

5. Парниктік газдар шығарындыларына квотаны алудың көзі


6. Парниктік газдар шығарындыларына квоталар арналған уақыт кезеңі

20____ жылға

7. Өтінімге мына құжаттардың түп нұсқалары қоса беріледі:

Қолданыстағы қондырғылар үшін:
1) есепті жылға парниктік газдарды түгендеу туралы есеп;
2) қондырғының паспорты;
3) парниктік газдар шығарындыларын қысқарту бағдарламасы;
4) парниктік газдар шығарындыларын қысқарту бойынша жобаларды іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары.
Жаңа қондырғылар үшін:
1) жоспарланып отырған қуатын (қуатының жоспарланып отырған ұлғаюын) бағалаудың электрондық көшірмесі;
2) энергия үнемдеу сараптамасы қорытындысының электрондық көшірмесі.

      Ақпараттық жүйелерде қамтыған, заңмен қорғалатын құпияны
құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісемін.

      Өтініш беруші мәліметтердің дұрыстығына жауапты болады.
      Басшы
      (Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), лауазымы, қолы, мөр орны)

«Парниктік газдар шығарындыларына
сертификат беру және қайта ресімдеу»
мемлекеттік көрсетілетін    
қызмет стандартына 2-қосымша  

Парниктік газдарды түгендеу туралы есеп

1. Ұйымның толық атауы, бизнес-сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі -
БСН), _______________________________________________________________
2. Ұйымның заңды мекенжайы (аудан, қала, ауыл) _____________________________________________________________________
3. Парниктік газдар шығарындыларына берілген сертификат нөмірі
__________________
4. Экономикалық қызмет түрінің жалпы жіктеуіші бойынша парниктік
газдар шығарындыларын квоталауды жүзеге асыратын қызмет түрі
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
5. Парниктік газдарды түгендеу туралы есеп бойынша жауапты адам
(Тегі, аты және әкесінің аты – бар болған жағдайда (бұдан әрі -ТАӘ))
_____________________________________________________________________
6. Парниктік газдарды түгендеу туралы есеп беру бойынша жауапты
адамның байланыс деректері _
7. Есептік жыл ______________________________________________________
8. Стационарлыққа теңестірілген стационарлық көздер немесе мобильдік
көздер бойынша есептік жыл ішінде парниктік газдар шығарындыларының
нақты көлемі

Жол коды

Көрсеткіштердің атауы

Көздің №

Көздің атауы

Көміртегі қос тотығы шығарындыларының көлемі, тонна

Метан шығарындыларының көлемі

Азот қышқылы шығарындыларының көлемі

Перфтокөміртегілері шығарындыларының көлемі

Көміртегі қос тотығы тоннасына тең келетін парниктік газдар шығарындыларының көлемі, барлығы

Көміртегі қос тотығы тоннасына тең келетін барлық көздер бойынша парниктік газдар шығарындыларының жалпы көлемі

тонна

көміртегі қос тотығы тоннасына тең келетін

тонна

көміртегі қос тотығы тоннасына тең келетін

тонна

көміртегі қос тотығы тоннасына тең келетін

А

Б

В

1

2

3

4

5

6

7

8

9

1












2











3











4












5











      9. Есептік жыл ішінде басқа да көліктен болған парниктік газдар
шығарындыларының нақты көлемі

Жол коды

Көрсеткіштердің атауы

Көздің атауы, сипаттамасы және саны

Көміртегі қос тотығы шығарындыларының көлемі, тонна

Метан шығарындыларының көлемі

Азот қышқылы шығарындыларының көлемі

Көміртегі қос тотығы тоннасына тең келетін барлық көздер бойынша парниктік газдар шығарындыларының жалпы көлемі, барлығы

Көміртегі қос тотығы тоннасына тең келетін барлық көздер бойынша парниктік газдар шығарындыларының жалпы көлемі

тонна

көміртегі қос тотығы тоннасына тең келетін

тонна

көміртегі қос тотығы тоннасына тең келетін

А

Б

1

2

3

4

5

6

7

1









2









      10. Пайдаланылған есептеу әдістемелері
_____________________________________________________________________
      11. Есептеу үшін пайдаланылған коэффициенттер

Жол коды

Көрсеткіштердің атауы

Көздің №

Көздің атауы

Тұтынылған отынның нақты көлемі мен түрі (натуралды бірлікте)

Есептік жылда өндірілген өнімнің түрі мен мөлшері (натуралды бірлікте)

Есептеу үшін пайдаланылған коэффициенттер

Жылу шығару нетто-мағынасының коэффициенті, тонна отынға терраДжоуль

Тотығу коэффициенті
(отын жағу жағдайында) немесе өзгеру коэффициенті (өнеркәсіптік процестер жағдайында)

Көміртегі шығарындыларының коэффициенті, терраДжоуль тоннасына немесе өнім бірлігіне

А

Б

В

1

2

3

4

5

1








2








3








4








5








      12. Есептік жыл ішінде қондырғылар деректерінің өзгеруі (дерек
бойынша)

Жол коды

Қызмет түрі

Есептік жыл ішіндегі қондырғылар деректерінің өзгеруі

Ескертпе

А

Б

В

Г

1

сатып алу



2

иесіздендіру



3

аутсорсинг



4

өндірістің азаюы



5

өндірістің кеңеюі



6

энергияны тиімді пайдалану және энергияны үнемдеу бойынша іс-шараларды жүзеге асыру, басқа технология немесе отынға көшу



7

парниктік газдар шығарындыларын (парниктік газдар көлемі) азайту бойынша ішкі жобаларды жүзеге асыру



8

есептеу әдіснамасының (мониторинг жоспарының) өзгеруі (иә/жоқ)



9

басқалар



      13. Қондырғы бойынша көміртегі диоксиді шығарындыларының
жиынтық белгісіздігін бағалау _______________________________________
      14. Көміртегі бірліктері бойынша мәліметтер (алынған, сатып
алынған, иеліктен шығарылған және берілген)

Жол коды

Көрсеткіштердің атауы



Көміртегі бірлігінің түрі

Есептік жылда алынған

Есептік жылда сатып алынған

Есептік жылда иеліктен шығарылған

Есептік жылда квотаны өтеу үшін берілген

А

Б

1

2

3

4

1

Квота бірліктері





2

Шығарындылардың ішкі азаюының бірліктері





3

Барлығы





      15. Есептік жыл ішінде мониторинг жоспарындағы өзгерістер

Жол коды

Көрсеткіштердің атауы


Көздің №

Көздің атауы

Мониторинг жоспарымен сәйкес мерзімділік

Мониторинг жоспарынан ауытқу

Ауытқу себептері

Ескертпе

А

Б

В

Г

Д

Е

Ж

1







2







3







4







5







      16. Ұйым басшысының қолы (ТАӘ), мөр

      17. Есепті верификатор
      маңыздылық деңгейімен (%)____________________________________
      куәландыру деңгейімен (саналы немесе шектеулі)
_________________ растады
      1) верификацияны жүзеге асыратын ұйымның толық атауы, БСН;
      2) аккредиттеу туралы куәліктің нөмірі, сериясы, берілген күні;
      3) ұйымның заңды мекенжайы;
      4) телефон, факс;
      5) электрондық поштасы;
      6) басшының ТАӘ;
      7) верификацияға жауапты адамның ТАӘ;
      8) мына көлемдегі:
      _____ тонна көміртегі қос тотығының парниктік газдар
шығарындылары;
_____ тонна көміртегінің қос тотығына тең келетін ПГ жалпы
шығарындылары растала ма;
      9) ұйым басшысының қолы (ТАӘ), мөр.

«Парниктік газдар шығарындыларына
сертификат беру және қайта ресімдеу»
мемлекеттік көрсетілетін    
қызмет стандартына 3-қосымша  

Қондырғы паспорты

      1. Қондырғы паспортын тіркеу нөмірі (уәкілетті орган толтырады)
      _______________________________________________________________
      2. Паспортты толтыру күні _____________________________________
      3. Ұйымның (қондырғы операторының) толық атауы ________________
      4. Ұйымның (қондырғы операторының) заңды мекенжайы ____________
      5. Телефон ____________________________________________________
      6. Факс _______________________________________________________
      7. Электрондық почта __________________________________________
      8. Ұйымның бизнес-сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі - БСН) ______
      9. Экономикалық қызмет түрлерінің жалпы сыныптауышы бойынша
ұйымның негізгі қызмет түрі _________________________________________
      10. Ұйым басшысының тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) (бұдан
әрі - Т.А.Ә.) _______________________________________________________
      11. Қондырғы паспортын даярлауға жауапты адамның Т.А.Ә.
_____________________________________________________________________
      12. Жауапты адамның байланыстары ______________________________
      13. Қондырғы бойынша деректер:

Қондыр ғы №

Қондыр ғының атауы

Экономи калық қызмет түрлерінің жалпы сыныптауы

шы бойынша қызмет түрі

География лық орналас қан жері

Парниктік газдар шығарынды ларының көзі болып табылатын қолданылатын отын немесе өнеркәсіптік процесс түрі

Көміртегі қос тотығының тоннасына балама парниктік газдар шығарындыларының базалық көлемі













Көміртегі қос тотығының тоннасына балама барлық қондырғылар бойынша шығарындыларының жалпы көлемі


      14. Әр қондырғы үшін қолданылатын технология, қуат пен жұмыстың
уақыт кезеңінің сипаттамалары (бу мен ыстық су өндіру үшін
қазандықтар, түрлі технологиялық процестер үшін қажетті жылу энергия
көздері, цемент немесе балқыту пештері, көміртегі шикізатын
тасымалдау үшін стационарлық жүйелер, алауларда ілеспелі газды жағу,
парниктік газдар шығарындыларына байланысты технологиялық процестер
және тағы басқа).
      15. Парниктік газдар шығарындыларын есептеу әдістемесін қоса
алғанда, мониторинг жоспары.
      16. Ұйым басшысының (қондырғы операторының) қолы, мөр
_____________________________________________________________________
      17. _________________________________________________ расталған
      1) верификацияны жүзеге асыратын ұйымның толық атауы, БСН;
      2) аккредитация туралы куәліктің нөмірі, сериясы, күні;
      3) ұйымның заңды мекенжайы;
      4) телефон, факс;
      5) электрондық почта;
      6) басшының Т.А.Ә.;
      7) верификацияға жауапты адамның тегі, аты-жөні;
      8) парниктік газдар шығарындылары мына көлемде расталады ма:
көміртегі қос тотығының _________ тонна балама;
      9) басшының қолы, мөр.

«Парниктік газдар шығарындыларына
сертификат беру және қайта ресімдеу»
мемлекеттік көрсетілетін    
қызмет стандартына 4-қосымша  

Парниктік газдар шығарындыларына квотаны
өзгерту үшін өтініш

      Есепті кезең 20___ж.

      Индексі: № 1-ПГ
      Кезеңділігі: жылдық
      Ұсынатын тұлғалар тобы: Парниктік газдар шығарындыларына
квоталар бөлудің ұлттық жоспарына кірген табиғат пайдаланушылар
      Қайда ұсынылады: Қазақстан Республикасы Энергетика
министрлігінің Мұнай-газ кешеніндегі экологиялық реттеу, бақылау және
мемлекеттік инспекциялау комитетіне
      Тапсыру мерзімі: 1 қазанға дейін

1. Қондырғы операторының атауы


2. Жалпы мәліметтер:
2.1. Заңды мекенжайы
2.2. Бизнес-сәйкестендіру нөмірі (БСН)
2.3. Байланыс телефоны, факс, электрондық пошта


3 Парниктік газдар шығарындыларын квоталау талаптарына жататын қондырғыға қатысты экономикалық қызмет түрлерінің Жалпы жіктеуішіне сәйкес экономикалық қызмет түрі (атауы мен коды)


4. Қайта ресімделуге жататын парниктік газдар шығарындыларына сертификаттың сериясы мен нөмірі


5. Қайта ресімделуге жататын сертификатқа сәйкес бекітілген квота көлемі


6. Қосымша (өзгертілетін) квота көлемі


7. Жалпы квота көлемі (қайта ресімделуге жататын сертификатқа сәйкес квота көлемінің соммасы және қосымша квота көлемі)


8. Квота өзгертуге өтініштің себебі (қажеттерін белгілеу):


8.1. қондырғылардың сипатында немесе қызмет етуінде жоспарланып отырған өзгерістер


8.2. парниктік газдар шығарындыларының жаңа көздерін іске қосу


9. Парниктік газдар шығарындыларына квоталар арналған уақыт кезеңі

20__жылға

10. Өтінішке мына құжаттар қоса беріледі:

Квотаның өзгеруін негіздейтін есептеулер;
Қондырғы паспорты (мониторинг жоспарымен қоса)

      Ақпараттық жүйелерде қамтыған, заңмен қорғалатын құпияны
құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісемін.

      Өтініш беруші мәліметтердің дұрыстығына толық жауапты болады.

Басшы
____________________________

(Т.А.Ә., қолы)
______________________________

«Парниктік газдар шығарындыларына
сертификат беру және қайта ресімдеу»
мемлекеттік көрсетілетін    
қызмет стандартына 5-қосымша  

Қазақстан Республикасы     
Энергетика министрлігінің   
Мұнай-газ кешеніндегі экологиялық
реттеу, бақылау және мемлекеттік
инспекция комитетіне     
___________________________________
(қондырғы операторының толық атауы)
қондырғы операторының БСН __________________________

Сертификатты қайта ресімдеу
үшін өтініш

____________________________________________________________
(қайта ресімдеу себебін көрсету)

      себебі бойынша парниктік газдар шығарындыларына сертификатты
қайта ресімдеуіңізді сұраймын.

      Ақпараттық жүйелерде қамтыған, заңмен қорғалатын құпияны
құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісемін.

      20__ жылғы « »

      Басшы: ____________________________________________________
                 (қолы)                  (Т.А.Ә.)
              (мөр орны)

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады