Тұтыну бағасының индексін құру әдіснамасын бекіту туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті Төрағасының м.а. 2015 жылғы 30 желтоқсандағы № 230 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 30 қаңтарда № 12955 болып тіркелді.

      "Қазақстан Республикасының "Мемлекеттік статистика туралы" Заңының 12-бабы 5) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 5 қазандағы № 427 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі туралы ереженің 17-тармағы 26) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы Басшысының 31.08.2021 № 16 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Қоса беріліп отырған Тұтыну бағасының индексін құру әдіснамасы бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің Баға статистикасы басқармасы Заң басқармасымен бірлесіп заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспасөз басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      4) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің интернет-ресурстарында орналастырылуын;

      5) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің аумақтық органдарына жұмыс бабында басшылыққа алу және пайдалану үшін жеткізілуін қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті төрағасының орынбасарына (Ж.Ә. Жарқынбаев) жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Төрағаның


міндетін атқарушы

Б.Иманәлиев


  Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі
Статистика комитеті төрағасының
міндетін атқарушының
2015 жылғы 30 желтоқсандағы
№ 230 бұйрығымен
бекітілді

Тұтыну бағасының индексін құру әдіснамасы
1-тарау. Жалпы ережелер

      Ескерту. 1-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы Басшысының 31.08.2021 № 16 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Осы Тұтыну бағасының индексін құру әдіснамасы (бұдан

      әрі – Әдіснама) "Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 19 наурыздағы Заңына сәйкес бекітілетін және халықаралық стандарттарға сәйкес қалыптастырылатын статистикалық әдіснамаға жатады.

      2. Осы Әдіснамада келесі анықтамалар қолданылады:

      1) баға белгіленімі – бұл белгілі бір сауда объектісінде тіркелген, нақты тұтыну қасиеттері бар (атауы, өндірушісі, өзіне тән ерекшеліктері) тауардың (көрсетілетін қызметтің) бағасы;

      2) бағаларды тіркеу – жалпымемлекеттік статистикалық байқауларды жүргізу кезінде тауарлар мен көрсетілетін қызметтерге бағалар (тарифтер) туралы алғашқы статистикалық деректерді жинау;

      3) базалық халық – есептеуде тұтыну шығыстары қолданылатын, тұтыну бағасының индексі (бұдан әрі – ТБИ) мақсатына сәйкес алынған, халықтың қатаң белгіленген санаты;

      4) базалық объект – бағаларды тіркеуге іріктеліп алынған байқау объектісі;

      5) ерекшелік – бағаны тіркеу үшін іріктелген жеке тауарды (көрсетілетін қызметті) сәйкестендіру үшін қолданылатын суреттеме немесе сипаттамалар тізбесі;

      6) өкіл тауар (көрсетілетін қызмет) – бұл тауар тобындағы тауардың (көрсетілетін қызметтің) сапасы мен негізгі тұтыну қасиеттеріне әсер етпейтін және мақсаты бойынша біртекті бір-бірінен елеусіз ерекшеліктерімен (бөлшектерімен) айрықшаланатын, белгілі бір тауар (көрсетілетін қызмет) түрлерінің жиынтығы;

      7) салмақ – бұл үй шаруашылықтары шығыстарының сомасында олардың үлестерімен өлшенетін тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің салыстырмалы маңыздылығын көрсететін мән;

      8) салмақтау – бұл жиынтық көрсеткіштерді алу үшін индексті есептуде қолданатын және тікелей қосындылауға келмейтін әртүрлі тауарларды салыстыруды қамтамасыз ететін рәсім. Өлшемдес тауарлардың (көрсетілетін қызметтердің) жиынтығына өту индекстер салмағын енгізу жолымен іске асырылады;

      9) тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің белгіленген қоржыны – бұл уақыттың берілген кезеңі ішінде анықталған және өзгермейтін оның элементтерін құрайтын сандық қатынастарымен тұтыну шығыстарының репрезентативті іріктелген баптарының шектелген жиынтығы;

      10) тұтыну шығыстары – тұтыну тауарлары мен көрсетілетін қызметтерін сатып алуға бағытталған үй шаруашылықтарының ақшалай шығыстарының бөлігі. Тамақ өнімдерін, алкогольді ішімдіктерді, темекі өнімдерін сатып алуды, үйден тыс жерде тамаққа жұмсалған шығыстарды, азық-түлік емес тауарлар мен ақылы көрсетілетін қызметтерді қамтиды;

      11) тіркеу бағасы – бұл сапасы, сатылу жағдайлары мен уақыт кезеңдері нақты анықталған белгілі бір тауар, көрсетілетін қызмет түріне төленген ақшалай бірлік саны;

      12) тіркеме коэффициенті – салмақтау жүйесін жаңарту кезеңінде тіркеме индекстерінің байланысу рәсімін жүзеге асыруға пайдаланылатын көрсеткіш.

      Ескерту. 2-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы Басшысының 31.08.2021 № 16 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      3. Осы Әдіснама:

      1) тұтыну бағасының индексін байқау саласын;

      2) бағаларды тіркеуге арналған іріктемені;

      3) бағаларды тіркеуді;

      4) тұтыну сегментін;

      5) базалық объектілерді және тауарларды (көрсетілетін қызметтерді) алмастыруды;

      6) маусымдық тауарларды есепке алуды;

      7) тауарлардың (көрсетілетін қызметтердің) сапасындағы өзгерістерді есепке алуды;

      8) алғашқы деректердің сапасын және анықтығын қамтамасыз етуді;

      9) индекстердің салмағын;

      10) баға индекстерін және орташа бағаларды есептеуді;

      11) бағаның туынды индекстерін;

      12) тұтыну қоржынының тұтыну бағасының индекстерін құрайтын баға өзгерісінің үлесін;

      13) ресми статистикалық ақпаратты таратуды айқындайды.

      4. Осы Әдіснаманы Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы (бұдан әрі - Бюро) және оның аумақтық бөлімшелері тұтыну тауарларының және ақылы көрсетілетін қызметтердің бағаларына жалпымемлекеттік статистикалық байқау жүргізу және баға индекстерін құру кезінде қолданады.

      Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы Басшысының 31.08.2021 № 16 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      5. Әдіснама тұтыну бағасының индексін құрудың мынадай халықаралық стандарттарына сәйкес әзірленді:

      1) Халықаралық еңбек ұйымы, Халықаралық Валюта Қоры, Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы, Еуропалық қауымдастықтың статистикалық бюросы, Біріккен Ұлттар Ұйымының Еуропалық экономикалық комиссиясы және Дүниежүзілік банкі дайындаған "Тұтыну бағаларының индексі жөніндегі нұсқау: теория және тәжірибе" (2004 жыл);

      2) "Тұтыну бағасының индексі жөніндегі практикалық нұсқаулық" (2009 жыл);

      3) "Маусымдық тауарлармен жұмыс жөніндегі Еуропалық комиссияның регламенті" (№ 330, 2009 жыл);

      4) "Ұлттық шоттар жүйесі" (2008 жыл).

      6. ТБИ халықтың жеке тұтынуы үшін сатып алған тауарларының және көрсетілетін қызметтерінің белгіленген қоржынына бағалардың орташа деңгейінің әр уақыттағы өзгерісін сипаттайды.

      7. ТБИ тұтыну бағасының өңірлердегі және елдегі өзгерісін көрсететін олардың шынайы серпінін айқындау, сондай-ақ тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің нақты топтарына бағаның қозғалысы туралы егжей-тегжейлі көріністі қамтамасыз ету үшін есептеледі.

      Инфляцияның жалпы қабылданған көрсеткіші ретінде ТБИ мемлекеттің ақшалай-кредиттік, қаржылық, салықтық, бюджеттік және әлеуметтік саясатында әлеуметтік-экономикалық құбылыстар серпінін зерттеу, экономикадағы баға үрдістерін болжау және талдау кезінде пайдаланылады.

      8. ТБИ-ді қалыптастыру әдіснамасы орта есеппен жан басына шаққандағы ақшалай табысы әртүрлі деңгейдегі халық топтары үшін баға индексін, базалық инфляцияны, бөлшек сауда бағасының индексін есептеуге негіз болып табылады. Оларды есептеу үшін ақпараттық негіз халық сатып алатын тұтыну тауарлары мен ақылы көрсетілетін қызметтерге баға деңгейі, үй шаруашылықтарының тұтыну шығыстарының құрылымы, бөлшек сауда тауар айналымы туралы деректер болып табылады.

2-тарау. ТБИ-ды байқау саласы

      Ескерту. 2-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы Басшысының 31.08.2021 № 16 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      9. Индекстi байқау саласы аумақты географиялық қамтуды, үй шаруашылықтарының және сауда объектілерінің типтерін, есепке алынатын тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің ассортиментін біріктіреді.

      10. Базалық халықтың тұтыну шығыстары тұрғысынан бағаны тіркеу кезіндегі географиялық қамту республиканың барлық аумағын қамтиды.

      ТБИ құру кезінде базалық халық ретiнде шығыстарын ел аумағында жүргізетін "барлық халық" таңдап алынған. Тұтыну бағасының ұлттық деңгейдегі орташа өзгерісін өлшейтін индекс үшін, базалық ретінде елде тұратын "барлық халық" санатындағы үй шаруашылықтары алынады. Индексті құру кезінде бағаның өзгеруі халықтың жекелеген әлеуметтік-экономикалық топтарына қалай әсер ететінін анықтау үшін осы топтардың тұтыну шығыстары қолданылады.

      11. Іріктемеде қалалық және ауылдық аумақтардың болуы халықтың бөлінуіне, бағалардың өзгерістеріне және шығыстар құрылымындағы ерекшеліктерге байланысты. Қамтуға ірі қалалар (астана, республикалық маңызы бар қалалар, облыс орталықтары) және бағаны тіркеу негіздеріне белгіленген талаптарды ескере отырып, сауда мен көрсетілетін қызметтердің қолданыстағы саласы тұрақты бағалық ақпарат алуды қамтамасыз ететін халықтың басым көпшілігі тұратын аудан орталықтары кіреді. Басқа елді мекендердегі баға өзгерісінің үрдістері белгілі бір уақыт кезеңіндегі ірі қалалардағы баға қозғалысын қайталайды.

      Ескерту. 11-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы Басшысының 31.08.2021 № 16 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      12. Сауда объектілерінің қамтылуы сауда жасауға қатысты үй шаруашылықтарының мінез-құлқымен анықталады. Баға тіркеуді аумақтық статистика бөлімшелерінің тиісті лауазымды адамдары (бұдан әрі – маман) сауда объектілерінде жүргізеді. Үй шаруашылықтары сауда жасайтын барлық сауда объектілері ТБИ қамтылуына енгізіледі және базалық объектілерді іріктеу үшін іріктеменің негізін құрайды.

      Базалық объектілердің іріктеме жиынтығына қойылатын негізгі өлшемшарттар – өңірлік және салалық бөліністерде репрезентативті болуы тиіс.

      Ескерту. 12-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы Басшысының 31.08.2021 № 16 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      13. ТБИ-ды байқау саласында негізгі емес немесе қажетсіз ретінде қандай да бір ерекшеліксіз, негізгі халыққа арналған мәнді беретін тұтыну тауарлары мен көрсетілетін қызметтерінің барлық түрлері қамтылады. Іскерлік мақсаттар үшін сатып алынған тауарлар мен көрсетілетін қызметтер, бағалы заттарды сатып алуға арналған шығыстар, табыс салықтарын төлеу, әлеуметтік сақтандыру жүйесіне жарналар және айыппұл тұтыну тауарлары мен көрсетілетін қызметтеріне жатпайды немесе индексті қамту саласынан алып тасталады.

      14. Тұтыну элементтерінің құнын бағалау барысында "сатып алу" тәсілі қолданылады, оған сәйкес тауарды тұтыну тауардың пайдаланылатын уақытына қарамастан оны сатып алу сәтінде анықталады. Тауарларды сатып алу уақыты осы тауардың меншік құқығы тұтынушыға берілген уақыты болып табылады. ТБИ үшін "алу" негізіндегі әдіс макроэкономикалық көрсеткіш ретінде экономикалық негізделген болып табылады.

3-тарау. Бағаларды тіркеу үшін іріктеме

      Ескерту. 3-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы Басшысының 31.08.2021 № 16 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      15. Бағаны тiркеу іріктемелі статистикалық байқау қағидаттарына негізделеді және өңірдің елді мекендерінің, елді мекеннің сауда объектілерінің, тауарлардың (көрсетілетін қызметтердің), олардың базалық объектідегі әртүрлілігінің тек бір бөлігін қамтиды. Бағалары тіркелетін базалық объектілерге, тауарларға (көрсетілетін қызметтерге) қатысты іріктеме көлемі мен іріктеу әдістері қадағаланатын бағалардың репрезентативті сипатын және индекстің дәйектілігі бойынша талаптарды сақтау үшін олардың жеткіліктілігін қамтамасыз етеді.

      Базалық объектілерді, тауарларды (көрсетілетін қызметтерді) іріктеу үшін ТБИ құру кезінде ықтималдық емес іріктеу әдісі пайдаланылады:

      1) "алып тастау" әдісі. Іріктемеге өзге бірліктерді енгізудің нөлдік мүмкіндігін қалдыра отырып, іріктеменің ең ірі бірліктерінің саны белгілілікпен іріктеледі. Базалық объектілерде орталықтандырыла берілген ерекшелігінің шеңберінде едәуір көп сатылатын тауар (көрсетілетін қызмет) іріктеліп алынады;

      2) "үлестік іріктеу" әдісі. Алынған іріктемеде бірліктер баршаға мәлім сипаттамалары тұрғысынан алып қаралып, бас жиынтықтағыдай сол пропорциямен берілген. Тауарлардың кіші тобы, сауда объектісінің түрі, орналасқан жері және басқалары сипаттама болып табылады. Бірліктерді іс жүзінде таңдау соңғы іріктеме құрамы үлестік іріктеу өлшемшарттарына жауап беретіндей субъективті әдістерді пайдаланумен жүргізіледі. Нәтижесінде іріктеме өздігінен салмақталған болады;

      3) "репрезентативті өнімдер" әдісі. Ерекшеліктерге сәйкес орталықтандырыла берілген тізбе бойынша тауарларды (көрсетілетін қызметтерді) таңдағанда қолданылады.

      16. Базалық объектілер, тауарлар (көрсетілетін қызметтер) іріктемесін жаңарту ескі іріктемені толықтай қарап, оның неғұрлым кешірек кезеңде бас жиынтыққа қатысты репрезентивтілігін қамтамасыз етуге арналғанын білдіреді. Іріктемені жаңартудың жиілігі тауарлардың (көрсетілетін қызметтердің) нақты тобындағы ассортименттің өзгеріс қарқынына байланысты.

      Тауарлардың (көрсетілетін қызметтердің) әртүрлі түрлері мен базалық объектілерінің пайда болып отыратын және жоғалып кетіп отыратын базалық объектілер, тауарлар (көрсетілетін қызметтер) іріктемесін жаңартуға арналған қарапайым агрегаттары деңгейіндегі серпінді өзгерістерді сипаттаудың үш тәсілі бар:

      1) белгілі бір уақыт ішінде толық қарапайым агрегат үшін тауарлар (көрсетілетін қызметтер) іріктемесін жаңарту жолымен;

      2) тауарлардың (көрсетілетін қызметтердің) бір түрін немесе базалық объектісін басқа тауар түріне немесе базалық объектісіне ауыстыру жолымен;

      3) индекс тобы ішінде байқаудың жекелеген элементтерін (тауарлар (көрсетілетін қызметтер) және базалық объектілерін) қосу немесе алып тастау жолымен.

      Егер нарықта қандай да бір нақты ескі түріне ауыстырылмайтын, ұзақ пайдаланатын тауардың жаңа маркасы не моделі пайда болса, онда оны оның енгізілу уақытынан бастап іріктемеге қосады.

      Байқауда жоқ тауар (көрсетілетін қызмет) іріктемеден ауыстырусыз жойылады, баға өзгерістері қалған тауарлар (көрсетілетін қызметтер) үшін есептеледі. Егер көптеген немесе барлық базалық объектілерінде осы қарапайым агрегаттың барлық түрлері жоғалып кетсе және мұның өзінде алдағы уақытта индексті қалыптастыруға арналған бағаларға байқаудың жеткілікті санын қамтамасыз ету үшін агрегаттың осыған ұқсас түрлерін таңдауға мүмкіндік болмаса, қарапайым агрегаттарды жою қажет болып табылады.

1-параграф. Елді мекенді таңдау

      17. Елді мекен іріктемесіне қойылатын негізгі критерий елдің барлық өңірлерінің келістілігі болып табылады. Тұтыну бағаларының зерттеуіне астана, республикалық маңызы бар қалалар, облыстық маңызы бар қалалар (облыс орталықтары) және аудандық маңызы бар қалалардың іріктеме тобы кіреді.

      Әр өңірде келесі өлшемшарттарға сәйкес жекелеген елді мекендер таңдалып алынады:

      1) зерттеуге халықтың басым бөлігі тұратын және негізінен сауда желілері шоғырланған ірі елді мекендер кіреді;

      2) бағаларды байқау үшін іріктелген елді мекендер өңірдің географиялық ерекшеліктерін көрсетіп, оның әртүрлі бөлігінде орналасады;

      3) бір-біріне және облыс орталықтарына тікелей жақын орналасқан, егер осы елді мекендерде бағаның деңгейлері мен серпінінің принциптік ерекшеліктері болмаса олар іріктемеге қосылмайды;

      4) байқауға іріктелген елді мекендер бағаны тіркеу үшін кіретін тұтыну нарығындағы тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің тұрақтылығымен сипатталады.

      Тұтыну нарығында сауда және ақылы қызмет көрсету саласы объектілерінің көптігімен, тауарлар мен көрсетілетін қызметтің кең ассортименті бар ірі қалаларда бағаны тіркеу байқауға іріктеліп алынған барлық тауарлар және көрсетілетін қызметтер бойынша жүргізіледі. Шағын елді мекендерде бағаны тіркеу күнделікті сұраныстағы маңызды тауарларға және көрсетілетін қызметтердің жекелеген түрлеріне жүргізіледі, себебі олардағы сауда және қызмет көрсету саласы объектілерінің жеткіліксіз саны толық көлемде деректер алуға және ұзақ уақыт аралығында баға өзгерісін қадағалауға мүмкіндік бермейді.

      Мұндай тәсіл ТБИ-ді есептегенде аудан деңгейінің өкілділігін қамтамасыз етеді және тауарлардың тұрақсыз ұсынылған кезіндегі жеткіліксіз ақпаратты көптеген қоса есептеулердің қажеттілігіне байланысты өңір бойынша индекстің бұрмалануын азайтады.

      Ескерту. 17-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы Басшысының 31.08.2021 № 16 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

2-параграф. Базалық объектілерді таңдау

      18. Базалық объектілерді таңдау зерттеуге іріктеліп алынған елді мекеннің аумағында бар олардың барлық жиынтығынан жүзеге асырылады. Алдымен географиялық жерлерді (аудандарды) іріктеу жүзеге асырылады, содан соң осы жерлердің әрбіреуінің шеңберінде сауда объектілерін іріктеу жүргізіледі.

      Таңдауға негiз ретiнде статистикалық бизнес-тіркелімдері, бизнес телефон анықтамалықтары, көтерме сауда компаниялары және бөлшек сауда ұйымдарының каталогтары және өзге де тізбелері қолданылады.

      Базалық объектілерді таңдау келесі шарттарды сақтай отырып жүзеге асырылады:

      1) әртүрлі сауда жағдайлары бар объектілер (қызмет көрсетулер) іріктеледі. Тауарлардың кең ауқымды түрлері мен ақылы қызметтері бар ірі сауда объектілері (кешенді ақылы қызмет көрсететін гипермаркеттер, әмбебап дүкендер, сауда үйлері, мамандандырылған дүкендер мен объектілер) тауардың бір-екі тобын немесе ақылы көрсетілетін қызметтерді өткізетін, заттардың, аралас және азық-түлік нарығының шағын және орта объектілері қосылады;

      2) тауарлар (көрсетілетін қызметтердің), іріктелген елді мекенде олардың жалпы сатылымынан тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің едәуір көлемі сатылатын объектілері қосылады;

      3) олардың аумақтық өкілділігі қамтамасыз етіледі, яғни базалық объектілер елді мекеннің әртүрлі бөліктерінде (орталықта, шағын аудандарда, шет жақтарында) орналасады;

      4) әртүрлі меншік нысанындағы объектілер іріктеледі;

      5) базалық объектілер қызметкерлерінің зерттеуге қатысуға, тауарға бағаны тіркеу кезінде оның сапасы және танымдылығын бағалауға көмек көрсетуге дайындығы ескеріледі;

      6) сатылатын тауарларға (көрсетілетін қызметтерге) бағалары орта деңгейден біршама жоғары болатын сауда объектілері олар жоғары тауар айналымды болса және оларда тауарлар (көрсетілетін қызметтер) тұтынушылық қасиеті және жаппай тұтынушыларға саналған баға деңгейі бойынша сатылса байқауға қосылады;

      Байқауға баға деңгейі ұқсас тауарларға орташа қалыптасқан баға деңгейінен анағұрлым асатын сауда объектілері қосылмайды. Киімдердің эксклюзивті модельдері немесе шетелдік фирмалардың әйгілі, өте сәнді аяқ киімдерін сататын дүкендерде (бутиктерде) баға деңгейі басқа дүкендерге қарағанда жоғарылығы, тауардың түсімі көлемі жағынан аз мөлшердегі партиямен, түрлерінің тұрақты жаңарып отыруымен жоғары болады. Мұндай объектілер байқауға қосылмайды.

3-параграф. Өкіл тауарларды (көрсетілетін қызметтерді) таңдау

      19. Орталықтандыра іріктелген тұтыну тауарлары және көрсетілетін қызметтері жүйелі сатып алу және халық сатып алатын қызметтердің негізін білдіреді. Үй шаруашылықтарының тұтыну шығыстарының негізінде оларды таңдау жүзеге асырылады. Жеке тұтыну шығыстарының халықаралық стандартты жіктелімі Мақсаттар бойынша жеке тұтыну жіктелімі (бұдан әрі – МЖТЖ) болып табылады. Үй шаруашылықтары шығыстарының (айқындамаларының) баптарын тауарларды (көрсетілетін қызметтерді) бөлімдерге, топтарға, кластарға бөлу иерархиялық жүйе шеңберінде МЖТЖ-ға және үй шаруашылықтарының пайдалану бағыттарына сәйкес жүргізіледі.

      20. МЖТЖ негізінде тауарлар мен көрсетілетін қызметтер кластарын нақтылау үшін ведомстволық жіктеуіш статусы бар және ішкі кластар, 8 белгіге дейін түрлері мен ішкі түрлері айқындалған МЖТЖ Тауарлық айқындамаларының номенклатурасы (бұдан әрі – МЖТЖН) әзірленді.

      МЖТЖН мынадай нақтылау деңгейлеріне бөлінеді:

      1) бөлім – 1 деңгей (2 белгі)

      2) топ – 2 деңгей (3 белгі)

      3) класс – 3 деңгей (4 белгі)

      4) ішкі класс – 4 деңгей (5 белгі)

      5) тауардың, көрсетілетін қызметтің түрі – 5 деңгей (6 белгі)

      6) тауардың, көрсетілетін қызметтің ішкі түрі – 6 деңгей (8 белгі)

      МЖТЖН негiзгi он екi бөлiмі мынадай тауарлар және көрсетілетін қызметтерді қамтиды:

      1) тамақ өнімдері және алкогольсiз сусындар;

      2) алкогольді ішімдіктер, темекi өнімдері;

      3) киім және аяқкиім. Мата, киім, трикотаж бұйымдарын, үлкендер мен балаларға арналған аяқкиімнің барлық түрлерін, сонымен қоса киімді тігу мен күту және аяқ киімді жөндеу бойынша көрсетілетін қызметтерін қамтиды;

      4) тұрғын үй қызметтерi, су, электр энергиясы, газ және отынның басқа да түрлерi. Халықтың тұрғын үйді, ыстық және суық суды, жылытуды, газды, электр энергиясын пайдаланғаны үшін ақы төленетін қызметтерді, сондай-ақ пәтерлерді және оған арналған тауарларды жөндеу, тұрғын үй иесінің жалгерлік төлемі бойынша көрсетілетін қызметтерді біріктіреді;

      5) үй тұрмысының заттары, тұрмыстық техника және үйге ағымдағы қызмет көрсету. Жиһаз, кілемдер, тұрмыстық техника, ыдыс-аяқ, жуғыш және тазалағыш заттар және басқаларды есепке алады;

      6) денсаулық сақтау. Фармацевтикалық препараттар мен медициналық қызметтерді біріктіреді;

      7) көлік. Жеке көлік құралдарын, жанар жағар майларын сатып алуды, автомобильдерге техникалық қызмет көрсету, қоғамдық көлік қызметтері бойынша көрсетілетін қызметтерді есепке алады;

      8) байланыс. Пошта, телефон, ұялы байланыс және байланысқа арналған құрылғыны қамтиды;

      9) демалыс және мәдениет. Мәдени шаралармен, спортпен шұғылдану, ойындар мен бос уақытта шұғылданатын басқа да шаралармен байланысты тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді қамтиды;

      10) білім беру. Мектепке дейінгі және бастауыш, жалпы орта, орта кәсіптік және жоғары білімді есепке алады. Ересектерге арналған білім беру бағдарламаларын қамтиды;

      11) мейрамханалар және қонақүйлер. Қонақүйлерде орналастыру қызметтері мен мейрамхана, дәмхана және асханалардағы тамақ өнімдері мен сусындарды тұтынуды қамтиды;

      12) әртүрлі тауарлар мен көрсетілетін қызметтер. Басқа топтарға енгізілмеген тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді (жеке қызмет көрсету, сақтандыру, құқықтық, қаржы, салт-жора қызметтері және басқалар) біріктіреді.

      МЖТЖН-нің маңызды бөлімдері бойынша тауарларды (көрсетілетін қызметтерді) топтар мен кластарға жіктеу осы Әдіснаманың 1-қосымшасында келтірілген.

      МЖТЖН-ға сәйкес тауар (көрсетілетін қызмет) түрі кодының құрылымы осы Әдіснаманың 2-қосымшасында келтірілген.

      21. Тұтыну тауарлары мен көрсетілетін қызметтер қоржынын қалыптастыру кезінде халықтың тұтынуы үшін олардың салыстырмалы маңыздылығы, репрезентативтілігі, сатылымда орнықты болуы ескеріледі. Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің әрбір түрі бойынша олардың нақты түрлері алынады өкіл тауарлар (көрсетілетін қызметтер).

      Өкіл тауарларды (көрсетілетін қызметтерді) таңдау мынадай өлшемшарттарды есепке ала отырып жүргізіледі:

      1) базалық объектілерде жүйелі түрде көп мөлшерде өткізіледі, жаппай сұранысқа ие тауарлар болып табылады және оларды барлық сатып алушылар сатып алады;

      2) қызметтер ақы төлеуге міндетті болып табылады немесе үнемі негізгі объектілер ұсынады;

      3) оларға бағалар мен тарифтердің өзгеруі олар ұсынатын тауарлардың (көрсетілетін қызметтің) айқындамасына типті;

      4) іріктелген өкіл тауарлар (көрсетілетін қызметтер) бағалары мен тарифтері зерттеу үшін қолжетімді.

      Байқауға отандық және импорттық өндіріс тауарлары қосылады.

      Тұтыну қоржынының репрезентативтілігін сақтау мақсатында тауарларды (көрсетілетін қызметтерді) іріктеу кезең-кезеңмен жаңартылып отырылады. Үй шаруашылықтарының тұтынуында өзектiлiгін жоғалтқан шығыс баптары іріктеу өлшемшарттарына жауап беретiн, нарықта пайда болған жаңа тауармен ауыстырылады.

      22. Әрбір өкіл тауарға (көрсетілетін қызметке) ерекшелік құрастырылады.

      Ерекшелік қысқа және кең болып бөлінеді.

      Кең ерекшелік бұл байқауға қосу үшін қандай да бір шектеусіз тауарлардың (көрсетілетін қызметтердің) түрлері және ерекшеліктерін тізбектей отырып, оларды жалпы сипаттауға арналған. Кең сипаттамалар нақты елді мекенде таралған тауарлардың (көрсетілетін қызметтердің) әр түрін іріктемеге қосуға және өңіраралық салғастырымдылықты сақтауға мүмкіндік береді.

      Репрезентативтілігі мен салыстырымдылығын қамтамасыз ету мақсатында бағаларын байқауға енгізілген тауарлардың (көрсетілетін қызметтердің) кең сипаттамалары болады. Жекелеген тауарлар (көрсетілетін қызметтер) үшін олардың бағасын анықтаудың негізгі сипаттамалары (көлемі, өлшемі, шанақ түрі, жады көлемі және басқалары) бойынша нақты шектеулер беріледі. Бұл іріктеу үшін тауарлар (көрсетілетін қызметтер) тобын тарылтады және іріктеменің ішіндегі бағалар дисперсиясын азайтуға кепілдік береді.

      Қысқа ерекшелік тауардың (көрсетілетін қызметтің) жеткілікті тура суреттемесін көрсетеді және олардың атрибуттарына қойылатын нақты талаптардан тұрады. Олар іріктемені қалыптастыру үшін тауарлар (көрсетілетін қызметтер) ауқымын біршама шектейді және қасиеттері бірдей тауарлар (көрсетілетін қызметтер) бағасын байқау үшін қолданылады. Қысқа ерекшелік жергілікті нарықтарға тән байқаудағы тауарлардың (көрсетілетін қызметтердің) ерекшеліктерін анықтау үшін құрылады.

      23. Әзірленген ерекшеліктер аясында іріктеп алынған елді мекендердің базалық объектілерінде неғұрлым репрезентативті тауарларды (көрсетілетін қызметтерді) іріктеу және оларға толық сипаттамалар құрастыру жүргізіледі.

      Толық сипаттама өкіл тауарды (көрсетілетін қызметті) неғұрлым толық сипаттау мақсатында әзірленеді. Онда тауар (көрсетілетін қызмет) атауы және сол тауарды басқа да түрлерінен (маркасы, моделі, материал түрі, шикізат құрамы, өндіруші (ел), сорты, өлшемі, артикулы және басқалары) ажыратуға мүмкіндік беретін барлық сапалық және техникалық атрибуттарының сипаттамасы бар. Сонымен бірге тауарды сату әдістері тіркеледі, яғни ол өлшеніп немесе орауышта сатылады. Келесі зерттеулер барысында тауарды сатудың осы таңдалған нұсқасын ұстанады.

      Байқалатын өкіл тауардың (көрсетілетін қызметтің) толық сипаттамасының қосымша мақсаты, тауардың жоғалуы кезінде, салыстырмалы ауыстыруды іріктеу және байқалатын осы тауар мен базалық объект бекітілген маман уақытша болмаған кезінде баға тіркеуді жүргізу мүмкіндігін қамтамасыз ету болып табылады.

      24. Тіркеу кезінде баға белгіленімінің жиналған мөлшері сауда объектілерінде (көрсетілетін қызметтер саласында) оларды сатудың әртүрлі шарттарымен халықтың нақты тауарларды (көрсетілетін қызметтерді) сатып алуының шынайы құрылымын көрсетеді.

      Әр өкіл тауарға (көрсетілетін қызметке) кем дегенде 6 баға белгіленімі тіркеледі. Ерекшелікті реттелетін және бәсекелес ортада болатын көрсетілетін қызметтер түрі (тұрғын үй-коммуналдық, байланыс, көлік және басқалар) құрайды.

      Байқауға баға белгіленімінің әртүрлі диапазонды тауарлары іріктеліп алынады, бұл нақты тауарға (көрсетілетін қызметке) орташа бағаны репрезентативті анықтауға мүмкіндік береді.

      Киім және аяқкиімнің жекелеген түрлерінің бағаларын байқау үшін іріктеу кезінде ең сәнді тауарға емес, дәстүрлі бағыттағы модельдерге басымдық беріледі. Оларға бағаларды байқау ұзақ уақыт бойы кезеңге жүргізіледі, қажеттілігіне қарай ескі модельдер бағаларына байқау жүргізуді болдырмау үшін, тиісті ауыстыруды іске асырылады.

4-тарау. Бағаларды тіркеу

      Ескерту. 4-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы Басшысының 31.08.2021 № 16 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      25. Бағаны тіркеудің ең маңызды қағидаттарының бірі үздіксіздікті және бағаның "таза" өзгеруін сақтау болып табылады. Таза бағалық өзгерiстердi қадағалау бағаларды тіркеудің екі кезеңінде салыстыру сол бір өкіл тауардың (көрсетілетін қызметтің) сапасы бірдей, сатудың және ақы төлеудің бірыңғай шарттарымен өткізілуі, көлем бірліктерінің бірдей болуы қарастырылады.

      Тауарлар (көрсетілетін қызметтер) салғастырымдылығының басты қағидаты олардың бағаларын айқындайтын белгілері арасында елеулі айырмашылықтарының болмауы болып табылады. Егер баға өнімнің сол ассортиментті түріне тіркелсе, сапалық сипаттамасы бірдей және іріктелген базалық объектілерде өткізілетін болған жағдайда, екі кезеңде (айда) тауардың (көрсетілетін қызметтің) бағасы (тарифы) салғастырымды болып есептеледі.

      26. Бағаны тіркеу тауар өткізу (қызмет көрсету) орындарында тікелей жүргізіледі. Тіркеу жүргізілген күні төленген (қолданыстағы) бағалар (тарифтер), салықты қоса бақыланады. Бағалардың (тарифтердің) кез келген өзгерісі, немесе баға құрудың факторлары және басқа да себептермен туындаған оның жаңа деңгейі тіркеледі. Тіркеу кезінде сапасы немесе саны (стандартты бірлік көлемі) есебінен бағалар мен тарифтердің ауытқуы есепке алынбайды

      27. Баға тұтыну тауарларына базалық объектілерді аралау және оларды затбелгілерден (бағалықтан) санау арқылы мамандармен тіркеледі, қажет болған жағдайда базалық объектілердің білікті қызметкерлерімен консультация немесе базардағы сатушыларға пікіртерім жүргізіледі.

      Ақылы қызметтерге бағаларды (тарифтерді) тіркеу баға (тарифтер) орналастырылған прейскуранттар негізінде тіркелетін базалық объектілерді (шаштараздар мен сұлулық салондарының қызметі, моншаға бару, химиялық тазалау және басқа) аралау жолымен жүзеге асырылады, немесе ақылы қызмет көрсететін адамдардан (аяқ киім жөндеу, тұрмыстық техниканы жөндеу, киімдерді шақтау, кілттерді жасау және басқа) сұрау арқылы жүргізіледі.

      Тауарлар мен ақылы көрсетілетін қызметтердің жекелеген түрлеріне бағалар (тарифтер) интернет арқылы (жолаушылардың теміржол көлігі мен әуе көлігі қызметі, ұялы байланыс, медициналық қызметтің жекелеген түрлері және басқа) немесе телефон (факс) арқылы тіркеледі. Баға туралы ақпаратты телефон арқылы қабылдаған жағдайда олардың қызметкерлерімен жеке байланысты ұстап тұру мақсатында және бағаны анықтағанда өкіл тауарды (көрсетілетін қызметті) таңдаған кезде қателіктерді болдырмау мақсатында, сондай-ақ іріктелген тауарлардың, өкіл тауарлардың (көрсетілетін қызметтердің) ерекшеліктерінің салыстырмалылығына көз жеткізу үшін мамандар базалық объектілерге кезең-кезеңімен (тоқсанына бір рет) барып тұрады.

      Ұзақ уақыт кезеңіне бағаларды (тарифтерді) белгілеу тән ұйымдарға (шипажай, медициналық және білім беру мекемелері, салттық қызмет көрсететін ұйымдар және басқа) көрсетілетін қызметтерге бағалар (тарифтер) туралы ақпаратты беру өтінішімен ресми хат жолданады. Бағалар (тарифтер) ұсынылған прейскуранттар негізінде тіркеледі. Деректердің дәйектілігін бақылау мақсатында алынған бағалық ақпаратты растау үшін мамандар тоқсанына кемінде бір рет базалық объектілерді аралайды.

      Тұрғын үй-коммуналдық қызметтеріне тарифтер қызметтердің тиісті түрлері үшін сәйкес тұрғындарға ұсынылатын төлем құжаттары (түбіртектер) негізінде тіркеледі. Тарифтер өзгерген жағдайда олардың жаңа деңгейі табиғи монополия және реттелетін нарық саласында басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік органдардың және осы қызмет түрлерін көрсететін ұйымдардың бұйрықтарымен расталады.

      28. Бағаларды тіркеу алдын ала құрастырылған кестеге сәйкес ай сайын жүзеге асырылады. Нақты базалық объектідегі тауардың (көрсетілетін қызметтің) белгілі бір түріне бағаны тіркеудің негізгі шарты өткен кезеңдегідей айдың сол күніне тіркелген бағалар болып табылады. Ауытқуы 1-2 күннен аспауы тиіс.

      Күнделікті сұраныстағы тауарлардың (көрсетілетін қызметтердің) негізгі түрі (тағамдық өнімдер, киімнің кейбір түрлері, үйге және жеке бас гигиенасына арналған тауарлар, ақы төленуі міндетті қызметтер және басқалары) бойынша бағаны қадағалау бір ай ішінде бірнеше рет жүргізіледі. Ұзақ уақыт пайдаланылатын тауарлардың бағасы айына бір-екі рет тіркеледі. Оларды тіркеу бір айға бөлінеді.

      Тез бұзылатын өнiмдер бойынша бағаларды тiркеу үшін күннiң бiрiншi жартысы таңдалады. Базалық объектіні жабар алдында қолдағы тауарлардың мөлшері немесе оларға ақауын барынша азайту үшін бағалар төмендетілгенде, тиісінше оларға бағалар репрезентативті емес.

      29. Баға:

      1) өндірістік ақауы бар ластанған тауарларға;

      2) сақтау мерзімі өткен тағам өнімдеріне;

      3) тауар түсімі шектеулі және ол көпшілік сұранысына ие болмайтын болса, маусым басында "экстремалды" көтерілген бағамен ұсынылған тауарларға;

      4) алдағы уақытта базалық объектінің жабылуына, маусымның аяқталуына және басқа да себептерге байланысты төмендетілген бағалар бойынша өткізілетін тауарларға тіркелмейді.

      30. Жеңілдіктер және жаппай сату көп жағдайда, жаңа емес, тауарлық түрін жоғалтқан, моральдық тозған, сәнді үлгіден шыққан, бүлінген немесе ақауы бар, таратып, жаппай сату бағаларымен сатылатын тауарларға қолданылады. Оларға бағалар мынадай себептермен есепке алынбайды:

      1) жаңа маусым басталғанда сатуға қайта түскен тауарларының бағасын өткен маусымдағы тауарлардың төмендетілген бағаларымен салыстыру дұрыс емес. Мұндай жағдайда баға өсімі негізсіз көтерілген;

      2) төмендетілген бағалармен сату тұрақты және кеңінен таралған құбылыс болып табылмағанда;

      3) жаппай сату немесе жеңілдіктер бағасы бойынша өткізілетін тауарлардың көлеміне елеулі шектеулер болады.

      Тауарларға уақытша бірқатар қосымша тауарлар саны қосылатын және арнайы акциялар болатын "2-ін сатып алсаң 1-і тегін" немесе әр тауарға сыйлық қоса берілетін тауарлар бағасы тіркеуге жатпайды.

      Тұтынушылардың тек шектелген топтарына (зейнеткерлер, студенттер және басқалары) ұсынылатын тауарлардың жеңілдіктер бағасы тіркелмейді.

5-тарау. Тұтыну сегменті

      Ескерту. 5-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы Басшысының 31.08.2021 № 16 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      31. Тұтыну бағасы статистикасында негізгі міндеттердің бірі зерттелетін жиынтықтың мөлшеріне, іріктеме негіздеріне және тауарлар (көрсетілетін қызметтер), сауда обьектілеріне қатысты іріктеу әдістеріне шектерді қою болып табылады. Егер іріктеме негізінің қамту мөлшері тым үлкен болса, іріктеме көлемі алдын ала қойылған талаптарға сәйкес емес. Бағаны бақылаудың халықаралық тәжірибесінде іріктеме негізі болып тұтыну сегменті ерекшеленеді. Мұндай негіз сапалы болып саналады және байқалатын бағалардың репрезентативті сипатын, индекстің дәйектілігі бойынша талаптарды сақтауға олардың жеткіліктілігін қамтамасыз етеді. Тұтыну сегменті тауарлар (көрсетілетін қызметтер) нарығындағы ұсыныспен байланысты әрекеттердің жиынтығын білдіреді, олар ортақ белгілері негізінде:

      1) тұтынушылық пайдалану үшін өткізіледі;

      2) ортақ ерекшелікпен суреттеледі;

      3) тұтынушылармен балама ретінде қаралады.

      32. Тұтыну сегменті тұтынушылардың таңдауы, бұйымның әртүрлі сипаттары және параметрлерімен сатып алу қарқындылығының байланысы, бағаға, ассортиментке, сапаға және сату орнына өзіндік сұрау негізінде қалыптасады.

      Бағаның қалыптасуына әсерін тигізетін сипаттамалар жиынтығының көмегімен тұтыну сегментін анықтау жүргізіледі. Іріктеменің негіз болатын өлшемшарттарға байланысты төмен баға, жұмыс мерзімінің ұзақтығы, жоғары сапа, бір немесе бірнеше тауар маркасын қолдану бағыттарымен тұтыну сегменті ерекшеленеді. Автомобильдер нарығының тұтыну сегменті тауарлық маркалары, автомобиль өлшемі, қозғалтқыш және қолданылуы (алыс қашықтыққа қатынамайтын қала маңында жүру үшін кішкентай автомобильдер және алыс қашықтыққа қатынайтын отбасылық автомобильдер) бойынша сараланған сегменттерге бөлінеді. Кір жуғыш машиналардың тұтыну сегменті тауарлық маркасы, ең жоғары жүктеме, автоматтық режимнің бар болуы, жүктеу амалдары және сығу жылдамдығы сияқты баға құру сипаттамаларымен сәйкестендіріледі.

      33. Тұтыну сегменті тауарға (көрсетілетін қызметке) қатынасы бойынша қалыптастырылады және МЖТЖН бойынша жіктеледі.

      Шай тауары (4 деңгей, ішкі класс, 5 белгі) мысалында МЖТЖН тұтыну сегментінің иерархиялық сызбасы осы Әдіснаманың 3-қосымшасында келтірілген.

      Іріктеуді қалыптастыру кезінде жалпы сұранысқа ие тауарлардың (көрсетілетін қызметтердің) болуына көңіл бөлінеді. Сатып алушы қоржынында маңыздылығынан басқа қолжетімділік, көрнектілік, тауар (көрсетілетін қызмет) сатылымда нақты болуы, мөлшері, сауда нүктелерінің типтері және олардың орналасуы ескеріледі, бұл барлық топтар өкілдерінің қатысуына негізеледі, сол арқылы топ аралық диспропорцияларды нивелирлейді.

      Бағаны байқау үшін таңдалып, объектілердің тобын тарылтуға бағытталған тұтыну сегменттерін қалыптастыру нақты іріктеуді болжамдайды. Тауарларды (көрсетілетін қызметтерді) дұрыс іріктеу сипаттамалардың объективтілігін және негізділігін қамтамасыз етеді, іріктеме жиынтықтың бірлігін дұрыс бөлуге және тауарларды алмастырудың нақты үдерістерін ескеруге мүмкіндік береді, зерттеу нәтижелерінің нақтылығын арттырады. Тауарларды (көрсетілетін қызметтерді) ауыстыру бір тұтыну сегментінің шегінде жүзеге асырылады. Тауардың (көрсетілетін қызметтің) сапасының өзгерісін ескере отырып баға индексін құрастыру үшін тұтыну сегменті жөнелтетін нүкте болып табылады.

6-тарау. Базалық объектілерді және тауарларды (көрсетілетін қызметтерді) алмастыру

      Ескерту. 6-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы Басшысының 31.08.2021 № 16 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      34. Негiзгi объектілердi алмастыру мына жағдайларда жүзеге асырылады:

      1) базалық объектінің ұзақ уақыт бойы жабылуы немесе таратылуы. Алмастыру бейіні, меншiк нысандары, өткізу көлемдерi ұқсас объектіге алмастыру;

      2) негiзгi объектіде қадағаланатын тауардың (көрсетілетін қызметтің) жоғалуы және осы объектіде оның салғастырымды түрін іріктеу мүмкін болмағанда. Тауарды (көрсетілетін қызметті) ауыстыру, басқа базалық объектідегі тұтыну қасиеті барынша жақын тауарға (көрсетілетін қызметке) жүргізіледі.

      Базалық объектілерді уақтылы айырбастауды жүргізу үшін сауда және ақылы қызмет көрсету салаларының қосымша объектілерін іріктеу жүргізіледі, ондағы тауарлар ассортименті, баға деңгейі және өткізу шарттары негізгі байқауға қосылғандармен ұқсас болып келеді.

      35. Егер де тауар бұдан әрі қол жетімді болмаса, едәуір көлемде немесе әдеттегі сауда жағдайларында сатылмайтын болса тауарларды (көрсетілетін қызметтерді) алмастыру жүргізіледі. Алмастыру тауар қолжетімсіз болғаннан бастап, алғашқы үш ай ішінде жүргізілуі тиіс. Баға қатарының үздіксіздігін және оның салғастырымдылығын қамтамасыз ету үшін алмастырудың мынадай тәсілдері қолданылады.

      Саудаға бұрынғы орындаудағыдай түспейтiн тауарлар бойынша:

      1) тауардың жоғалған ассортиментті түрінің орнына сатуда жаңадан пайда болған тұтыну қасиеттері бірдей, бірақ жаңа орындаудағы тауар іріктеліп алынады. Сол бір қарапайым агрегатта ескерілетін, тауардың жоқ түрімен тікелей салыстырылатын тауарлар арасындағы ең танымал түрлері алынады;

      2) базалық объектіде жоғалған тауар (көрсетілетін қызмет) орналасуы бір және сату жағдайлары жақын болатын басқа базистік объектідегі осыған ұқсас түріне алмастырылады;

      3) болашақта сатылымда болатын тауардың бір түрі таңдалып алынады.

      Уақытша жоғалған және маусымдық тауарлар бойынша:

      1) өзгерiссiз бағаларда немесе олардың болмашы өзгеруінде, болмағанының орнына соңғы тiркелген баға пайдаланылады;

      2) жоқ айқындамаға жататын кластар немесе тауарлар (көрсетілетін қызметтер) тобы бойынша бағалар индексiнің көмегімен "шартты" есептік баға анықталады. Баға осы кластағы немесе топтағы бар уақытша жоғалған және маусымдық тауарлар бағасының көлемінде өзгереді деп болжанады (осы Әдіснаманың 42-тармағының 3), 4) тармақшаларында есептеу әдістері баяндалған).

      Ауыстырылатын тауар нарықтан мүлде жоғалған немесе нарықта немесе нақты базалық объектіде сатылу үлесін жоғалтқан басқаны алмастыру ретінде белгіленеді. Айырбастау егер ескі түрі едәуір көлемде сатылып жатқан болса да репрезентативті тауарлардың сол айқындамасына сәйкес немесе сол топқа жататын басқа түрінің сатылу қарқыны байқалған уақытта жүргізіледі. Егер бастапқыда тауар (көрсетілетін қызмет) көбірек сатылатын болып таңдалса, онда ауыстыру кезінде жаңа тауарды таңдау шарты сақталады. Мұндай тәсіл тауардың репрезентативтілігін қамтамасыз етеді.

      Тұтыну қасиеттері бір тауарды таңдағанда тауарды барынша ұқсас тауарға алмастыруды жүзеге асырады. Мұндай тауарды алмастыруды жүргізу кезінде сапаға түзету енгізу мәселесі шешіледі.

      Амалсыздан алмастырудың әрбір нақты жағдайы жеке талдауды, жалпылауды және шешiм қабылдауды талап етедi.

7-тарау. Маусымдық тауарларды есепке алу

      Ескерту. 7-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы Басшысының 31.08.2021 № 16 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      36. Жылдың белгілі бір уақытында нарықта жоқ немесе жыл бойы болатын, бірақ олар өндірілетін жылдың нақты маусымдарымен немесе жыл мезгілдерімен сәйкес келетін бағаның немесе көлемнің жүйелі ауытқуымен сипатталатын тауарлар маусымдық тауарлар деп есептеледі. Маусымдық тауарлар келесі түрлерге бөлінеді:

      1) "айқын көрінетін". Бұл жылдың бір бөлігінде "маусым уақытында" сатылатын тауарлар, яғни жыл сайын бірдей уақытта нарықта болмайды және олардың көп жағдайда болмайтын кезеңін алдын-ала болжамдау оңай. Бұларға киім және аяқкиімнің, жеміс-көкөніс өнімдерінің жекелеген түрлері және басқалары жатады;

      2) "байқалмайтын". Бұл жыл бойы сатылатын тауарлар, бірақ олардың бағалары жыл уақытына байланысты ауытқып отырады. Оған жеміс-көкөніс өнімдерінің жекелеген түрлері, балық және басқалары жатады.

      37. "Байқалмайтын" маусымдық тауарларға бағаларды тіркеу кезінде тікелей араласу және ауыстыру әдістерін қолдану талап етілмейді. Қиындықтар маусым емес кезеңде сатылымда болмайтын "айқын көрінетін" маусымдық тауарларға бағаларды тіркеу кезінде пайда болады.

      Халықаралық тәжірибеде бұл мәселені шешу үшін екі негізгі әдісті қолданады:

      1) тауарлар салмағы барлық айлар кезеңінде өзгеріссіз қалғанда, "тұрақты салмақтар" әдісі;

      2) тауарлар салмағы тауарлар топтарының ішінде өзгерген, ал топтың өз үлесі тұрақты болып қалғанда, "құбылмалы салмақтар" әдісі.

      "Тұрақты салмақтар" әдісін қолданғанда, маусым емес кезеңінде "айқын көрінетін" маусымдық тауарларға бағалар екі тәсілмен есептеледі:

      1) маусымнан тыс бағалау (counter-seasonal estimation). "Маусымнан тыс" тауарларға бағалар өзгерісі МЖТЖН-ның бір класындағы немесе тобындағы "маусымдағы" тауарлардың бағаларының өзгерісі арқылы бағаланады. Қыс кезеңінде сатылымда жоқ жазғы маусымның тауарына баға МЖТЖН-ның бір класынан/тобынан таңдалған қысқы маусымның тауарына баға индексінің негізінде есептеледі, немесе керісінше. Бұл есептеу тәсілі киім және аяқкиімнің жекелеген түрлері үшін қолданылады;

      2) барлық-маусымдық бағалау (all-seasonal estimation). "Маусымнан тыс" тауарларға бағалар өзгерісі МЖТЖН-ның бір класында немесе тобында орналасқан сатылымда бар барлық қол жетімді тауарлардың бағаларының өзгерісі арқылы бағаланады. Қыс кезеңінде сатылымда жоқ жазғы маусымның тауарына баға, осы кезеңде МЖТЖН-ның бір класында немесе тобында орналасқан барлық қолжетімді тауарларға баға индексі негізінде есептеледі, немесе керісінше. Бұл тәсіл жемістер мен көкөністердің жекелеген түрлері үшін қолданылады.

      Есептеудің екі тәсілінде де маусымдық емес кезеңнің бірінші айында сатылымда жоқ "айқын көрінетін" маусымдық тауардың бағасы осы тауарға маусымдық кезеңде тіркелген бағалардың серпінділік қатарының орташа бағасына теңеседі. Маусымдық емес кезеңнің екінші айынан бастап және нарықта тауар пайда болғанға дейін сатылымда жоқ баға "жалпы орта мәнді шартты есептеу" немесе "орташа класты шартты есептеу" әдісімен есептеледі (әдістер осы Әдіснаманың 42-тармағының 3), 4) тармақшаларында баяндалған).

      "Тұрақты үлестер" әдісін қолданудың артықшылығы оның жыл бойы барлық тауар өзгеріссіз қалатын ТБИ есептеу кезінде қолданылатын бекітілген қоржынға сәйкестігі болып табылады.

      38. "Айқын көрінетін" маусымдық тауарларға баға маусым емес кезеңде бағаларды "жалпы орта мәнді шартты есептеу" немесе "орташа класты шартты есептеу" әдісімен маусымнан тыс және барлық маусымдық бағалау негізінде есептеледі. Әдістер жылдың жеке кезеңдерінде сатылымда болмайтын маусымдық тауарларға баға осы кезеңде сатылымда бар сәйкес МЖТЖН-ның кластың немесе топтың ұқсас немесе балама тауарларына пропорционалды түрде өзгергенде қолданылады.

      Жаңа маусым келгенде өткен кезеңдегі тауар болмаған жағдайда оған тұтыну сипаттамалары барынша жақын алмастыратын тауар алынады. Алмастырылған тауар бағасы соңғы есептеу бағасымен салыстырылады. Егер жаңа маусымның тауары салыстыруға келмейтін болып бағаланса, онда сапаға түзету қолданылады.

8-тарау. Тауарлардың (көрсетілетін қызметтердің) сапасындағы өзгерістерді есепке алу

      Ескерту. 8-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы Басшысының 31.08.2021 № 16 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      39. Баға туралы ақпараттың сапасы индекстің сенімділігін анықтайтын маңызды фактор болып табылады. Бағаны тіркеудің жоғары сапасын қамтамасыз ететін стандартты рәсімдер бар. Олар бағаның таза өзгерісін, деректер жинаудың ұйымдастырушылық мәселелері мен бақылауды қамтиды.

      40. Тауарды алмастыру кезінде тіркелген бағадан сападағы өзгерістердің әсерін болдырмау және бағадағы таза өзгерістерді бағалау үшін жоғалған тауар мен орнын алмастырушы түрінің сипаттамасындағы нақты айырмашылықтар анықталады. Сапада өзгерістер болған жағдайда ауыстырылатын тауар бағасына түзету жүргізіледі. Сапаға түзетулер енгізу индексте баға өзгерісін дұрыс көрсету үшін керек. Ол үшін тұтыну нарығының конъюнктурасын, өндіріс технологиясын және деректердің баламалы көздерін білу керек.

      41. Сапаға бағаны түзету үшін "имплицитті" (айқын емес немесе жанама) және "эксплицитті" (айқын немесе тура) әдістер қолданылады.

      Сапаға түзету енгізу әдісін таңдау кейбір сапаны бағалау әдістері, базалық объектілер персоналымен ынтымақтастық дәрежесі, қорлардың жеткіліктілігі, бағаны жинауды жүзеге асыратын мамандар біліктілігі үшін қажет сыртқы дереккөздер ақпараттарына қол жеткізудің мүмкіндіктеріне тәуелді болады.

      42. Сапаға "имплицитті" әдістер көмегімен түзетулер енгізу ұқсас тауарлардың бағаларының өзгерісі негізінде ескі және ауыстыратын тауарлар арасындағы бағалардың таза өзгеріс компоненті бағаланады. Сапаға имплицитті түзетулер қарапайым және қорлардың едәуір шығындарын талап етпейді. Оларға мыналар жатады:

      1) "бағаны тікелей салыстыру" әдісі жоқ тауардың бағасы ауыстыратын тауар бағасымен олардың сапасы бойынша толық сәйкестігі жағдайында тікелей салыстыру үшін қолданылады. Бағаның кез келген өзгерісі сапа өзгерісінің әсеріне ұшырайтын болмайды.

      "Бағаны тікелей салыстыру" әдісі егер ауыстырылатын тауар репрезентативті және халықтың сұранысына ие болса, тауарлар сапасын тұрақты ұстап тұру үшін қолданылады. "Бағаны тікелей салыстыру" әдісін қолдану осы Әдіснаманың 4-қосымшасында келтірілген;

      2) "біріктіру" әдісі жоқ тауардың базистік бағасын, ауыстыратын тауардың өткен кезендегі бағасына түзету үшін қолданылады. Жоқ тауардың базистік бағасын түзету жолымен ауыстыруы, жоқ тауармен салыстыруға болмағанда жүргізіледі. Жоқ тауар мен оны ауыстыратын тауар арасындағы уақыттың бір сәтіндегі бағасындағы барлық айырмашылық сападағы айырмашылықтармен байланысты. "Біріктіру" әдісін қолдану осы Әдіснаманың 5-қосымшасында келтірілген;

      3) "жалпы орта мәнді шартты есептеу" әдісі бір топтағы тауарларға бағаның орташа өзгерісін қолдану арқылы жоқ тауарларға баға өзгерісін бағалауға негізделген. Алынған баға өзгерісінің мәндері жоқ тауардың бағасын шартты есептеу үшін қолданылады. Жоқ тауар мен оны алмастырушы тауар арасындағы бағаның таза айырмашылығы қалған тауарлар бағасының орташа өзгерісіне тең. "Жалпы орта мәнді шартты есептеу" әдісімен есептеу осы Әдіснаманың 6-қосымшасында келтірілген;

      4) "орташа класты шартты есептеу" әдісі "жалпы орта мәнді шартты есептеу" әдісінен жоқ тауарларға баға өзгерісін бағалау үшін балама тауарларға баға өзгерісін қолданумен ерекшеленеді. "Орташа класты шартты есептеу" әдісін қолдану осы Әдіснаманың 7-қосымшасында келтірілген;

      5) "бағаны келесі кезеңге көшіру" әдісі. Баға өзгеруін есептеу кезінде келесі кезеңге көшірілетін өткен кезеңнің бағасы пайдаланылады. Бұл әдіс болашақта түсімі болатыны туралы ақпарат болғанда уақытша жоқ тауарлар үшін қолданылады.

      43. Сапаға "эксплицитті" әдістермен түзетулер енгізу арқылы жоқ тауарлар мен ауыстырылатын тауарлар арасындағы сапа айырмашылығы тікелей бағаланады және бағаның біреуіне түзету жасалады. Оларға мыналар жатады:

      1) "сараптамалық түзету" әдісі бірнеше сарапшылардың (тауартанушылармен, сауда ұйымдарының менеджерлерімен, бағаны тіркеуді жүзеге асыратын мамандармен) жоқ және ауыстырушы тауардың арасындағы сапасының кез келген айырмашылықтарының құнына бағалауына негізделген. Осы әдіс басқа, балама әдістерді пайдалану мүмкін болмаған жағдайда қолданылады;

      2) "өндірістік шығындардағы айырмашылықтар" әдісі ауыстырылатын тауарлардың (жаңа модельдердің) жаңа сипаттамаларына байланысты өндірушілердің өндіру құны туралы ақпаратына негізделген, оған кейін бөлшек сауда үстеме бағалары мен тиісті жанама салықтар қосылады. Тәжірибеде мұндай тәсіл өндірушілердің саны біршама аз және модельдердің жаңаруы сирек және болжамды болып тұратын нарықта қолданылады. Осы әдісті қолдану үшін өндірісте жаңа технологиялар енгізілгенін қадағалап отыру керек, олардың арқасында өнім сапасының бір мезгілде жоғарылауы кезінде шығындар қысқарады;

      3) "опциялар құны" әдісімен байқалатын жаңа сипаттамалардың құны бойынша ауыстырылатын тауарлардың бағасына түзетулер жүргізіледі. Бұл әдіс нарықтық баға негізінде ақшалай мәнінде бағаланатын жоқ және ауыстырылатын тауарлар сандық анықтауға ұшырайтын сипаттамаларымен ерекшеленетін жағдайда қолданылады (автомобильдің жаңа моделінің комплектациясына жекелеген бағамен жеке сатылатын аксессуарды қосу);

      4) "гедоникалық регрессия" әдісі тауардың сипаттамасына тәуелді болатын бағаны бағалау үшін қолданылады. Бағаны анықтайтын бағаның арақатынасы және барлық тиісті және байқалатын сипаттамалар бағаланады. Алынған нәтижелері сипаттамалар өзгерісінің бағаға әсерін бағалау үшін пайдаланылады. Бұл әдіс әр тауардың сапалық сипаттамаларын анықтайтын мәнді қамтитын деректердің кеңейтілген жиынтығын қолдануды қажет етеді.

      Сапаны түзетудің аталған "эксплицитті" әдістерін қолдану қорлардың көп шығынын талап етеді, тауардың сапасын сандық бағалау кезінде белгілі бір қиындықтарды туғызады.

      Бұдан бұрын қолжетімді болған тауарлармен салыстырғанда өзге де өлшемі бар тауарларға қолданылатын "санын түзету" әдісі басқа. Нақты орамадағы тауардың бағасын стандартты өлшем бірлік бағасына қайта санауда қолданылады. Есепті айдың алдындағы айда бағаны тіркеу кезінде салмағы 1000 грамм "Пассим" қарақұмық жармасы 350 теңге болды. Есепті айда салмағы 800 грамм жарманың орамасына 330 теңге баға тіркелді. Бағаның өзгеруін анықтау үшін алдымен стандартты өлшем бірлік бағасы есептеледі (330 теңге / 800 грамм х 1000 грамм = 412,5 теңге). Осыдан кейін өлшем бірліктері бойынша салыстырмалы баға индекстері (412,5 теңге / 350 теңге х 100 = 117,9 пайыз) анықталады.

9-тарау. Алғашқы деректердің сапасын және анықтығын қамтамасыз ету

      Ескерту. 9-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы Басшысының 31.08.2021 № 16 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      44. Бағаны тіркеуді ұйымдастыру тұрақты негізде жүргізілетін бағаны тіркеу талаптарын сақтау, деректер дәйектілігін және олардың сапасын қамтамасыз ету іс шараларын көздейді.

      Есепті кезеңде бір тауарға (көрсетілетін қызметке) жиналған деректер олардың өзгеру себебін анықтау мақсатында алдыңғы кезеңнің деректерімен салыстырылады. Сонымен бірге басқа базалық объектілердегі және байқауға іріктелмеген, сатылымда осы тауарлар бар жақын сауда нүктелеріндегі ұқсас тауарлар (көрсетілетін қызметтер) түрлеріне олардың өзгеру үрдісінің сәйкестігі тексеріледі.

      45. Тіркелген бағалардың дәйектілігін және сапасын қамтамасыз етудің негізгі тәсілдері мыналар болып табылады:

      1) бағаны тіркеу рәсімдері уақытында базалық объектілерге бақылап аралап шығулар;

      2) ретроспективті бақылау, тікелей бағаны тіркеу күні немесе келесі күні базалық объектіге қайта бару. Ретроспективті бақылау бағаның өзгеруі мәселесін болдырмау үшін алғашқы бағаны тіркеуден кейін жедел уақытта іске асырылады.

      Бақылап аралап шығу кезінде:

      1) тіркелген бағаның нақты сату бағасымен сәйкестігі;

      2) тауарлардың (көрсетілетін қызметтердің) ассортиментті түрлерін дұрыс іріктеу;

      3) өкіл тауардың (көрсетілетін қызметтің) тұтынушылық қасиеттерінің зерттеу құралында оған жазылған сипаттамалармен сәйкестігі;

      4) бару уақытында іріктелген базалық объектінің репрезентативтілігі тексеріледі.

      Тіркелген баға жалпы көріністен ерекшеленген жағдайда ретроспективті бақылау жүргізіледі (белгілі бір тауар түрінің бірнеше базалық объектілерде арзандауы, ал бір дүкенде қымбаттауы, және керісінше). Бұл іс-шара мынадай мәселелерді шешу үшін де пайдаланылады:

      1) бағаны тіркеуді жүзеге асыратын мамандардың біліктілік деңгейін бағалау;

      2) бағаны тіркеудің стандартты рәсімдерін сақтау;

      3) баға тіркеудегі кейбір қиындықтар кездесетін салаларды анықтау.

      46. Бақылап аралап шығу кезінде мынадай жетіспеушіліктер айқындалады:

      1) бағадағы айырмашылық. Егер баға бұдан бұрын тіркелген бағадан басқа болса, бағаны тіркеген уақыттан бері бағаның өзгерісі болды ма, ол жөнінде базалық объектінің персоналынан анықталады;

      2) тауардың (көрсетілетін қызметтің) толық емес сипаттамасы. Бұдан кейін бағаны тіркеу кезінде тауарды (көрсетілетін қызметті) оңай сәйкестендіруді қамтамасыз ету мақсатында әрбір тауар (көрсетілетін қызмет) нақты айқындалады;

      3) бағаны тіркеуге тауарды (көрсетілетін қызметті) дұрыс таңдамау;

      4) тауарды (көрсетілетін қызметті) дұрыс ауыстырмау;

      5) деректерді енгізу қателігі.

      47. Қателер мен тіркелген деректердің ауытқуын болдырмауға мүмкіндік беретін мынадай әдістер қолданылады:

      1) "қолмен тексеру". Жиналған бағалар алдында тіркелген сол тауарлардың бағаларымен немесе басқа сауда объектілеріндегі ұқсас тауарлардың бағаларымен салыстыру жолымен қолмен тексеріледі;

      2) "салыстыру кестелері көмегімен тексеру". Жыл басынан бері және өткен аймен салыстыру бойынша осы айдағы барлық алынған бағалардың пайыздық өзгеруі туралы деректерді құрайтын кесте жасалады. Содан кейін мәндер іріктеледі және едәуір өзгерістер себебін анықтауды және тексеруді қажет ететін экстремалды мәндердің болуы қаралады;

      3) "максималды немесе минималды бағалар". Тауарға (көрсетілетін қызметке) тіркелген бағаның мәні белгіленген аралықтан шықпайтындығына тексеру жүргізеді. Аралық өткен айдағы сол тауардың (көрсетілетін қызметтің) максималды және минималды бағасы негізінде белгіленеді және әртүрлі тауарлар үшін өзгеретін стандартты масштабты коэффициенттің көмегімен ұлғаяды. Коэффициент есепті айда тауарға (көрсетілетін қызметке) бағаның өзгеруі болып табылады. Максималды немесе минималды бағаларды анықтау осы Әдіснаманың 8-қосымшасында келтірілген;

      4) "индекс дисперсиясы туралы есептер". Бұл есепті айда бағаның елеулі өзгеруі тіркелген тауарлар (көрсетілетін қызметтер) үшін қолданылады. Олардың әрқайсысына баға салыстырымының мәні көрсетілген (ағымдағы бағаның өткен бағаға қатынасы) өкіл тауарлардың (көрсетілетін қызметтердің) тізімі құрылады. Баға салыстырымының мәні бойынша Excel форматта "ДИСП" функциясы көмегімен олардың дисперсиясы есептеледі. Келесі кезең баға қатынасы байқаудың негізгі жиынының шектері аралықтарынан шығатын айқындамаларды анықтау болып табылады. Аралықтың жоғарғы (төменгі) шегі тауардың баға салыстырымының және квадраттық мәнінің орташа ауытқу (дисперсиядан квадраттық түбір мәні) сомасына (айырымына) тең. Бағалардың осындай ауытқуынан кейін олар сол тауар үшін "бағаны байқау туралы есеп беру" әдісімен зерттеледі. Индекс дисперсиясы туралы есептер осы Әдіснаманың 9-қосымшасында келтірілген;

      5) "баға байқаулары туралы есептер". Олар "индекс дисперсиясы туралы есептің" негізінде ары қарай зерттеу қажеттілігі жөнінде шешім шығарылған тауардың деректері қатарынан тұрады. Мәліметтер тізіміне тауардың есепті бағасын, таяуда өткен кезеңдердің және өткен кезең бағаларын, сонымен қатар сауда объектілерінің орналасқан жерін және дүкендер түрін қосады.

      6) "деректерді сүзу". Деректерді сүзу арқылы болуы мүмкін қателерді немесе кенет ауытқыған баға мәні табылады. Ол үшін алдын ала шектер (

5 пайыз,

10 пайыз және басқалар) беріледі және қарапайым агрегат құрайтын тауарларға (көрсетілетін қызметтерге) баға өзгеруі олардың шектерінен тыс шығуын тексереді. Табылған қателер санына және ауытқу шамасына байланысты уақыт өте шектердің мәні өзгереді.

      Қосымша тұрақты жиналыстар (жоспарламалар) ұйымдастырылады. Жиналыстарда бағаны тіркеуді жүзеге асыратын мамандардың жұмыс күнін ұйымдастыру тәртібі, назар аударуды талап ететін, тіркеудің әдіснамалық аспектілерін, бағаны тіркеу кезінде пайда болған қиындықтар және оларды шешу жолдары талқыланады.

10-тарау. Индекстің салмақтары

      Ескерту. 10-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы Басшысының 31.08.2021 № 16 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      48. ТБИ салмағын құраушылар үй шаруашылықтарының тұтыну шығыстары құрылымының негiзiнде анықталады және республика мен өңірлер бойынша бiрыңғай болып табылады. Жалпы тұтыну шығыстарындағы әрбір шығын бабының үлесі оның салмағы болып табылады.

      Үй шаруашылықтарының шығыстарын зерттеу іріктемелі әдіспен жүргізіледі және нақты емес жауаптар немесе жауап бермеудің, сондай-ақ іріктеме қателіктері нәтижесінде қателіктердің болу ықтималдығы бар. Үй шаруашылықтарының шығыстары арқылы алынған жекелеген тауарлар салмағы басқа дереккөздер көмегімен анықталады. Қосымша ақпарат ретінде ұлттық шоттар жүйесі, бөлшек сауда тауар айналымы құрылымы және ақылы қызметтер саласы, жекелеген өнімдер түрлерін өндіру, іріктемелі зерттеулер материалдарының деректері пайдаланылады.

      Тауарлар мен көрсетілетін қызметтер айқындамалары бойынша салмақ үтірден кейін бес белгімен есептелінеді және "Тауарлар мен көрсетілетін қызметтер" тобы бойынша 1,00000 құрайды.

      49. Салмақтау сызбасын қолдану тауарларға (көрсетілетін қызметтерге) бағалардың (тарифтердің) көптеген өзгерістерінен тұтастай экономиканың тұтыну секторындағы бағалардың (тарифтердің) жалпы өзгерісін алуға мүмкіндік береді. Құрастырылған салмақтау сызбасы жыл бойы тұрақты болып қалады, тиісінше құрылған ТБИ тек баға мен тарифтің өзгеруін көрсетеді.

      50. Тауарлық айқындамалар типтік болмаған жағдайда, яғни олардың үш шаруашылығы шығындарындағы тұтынушылық мәндері төмендеген кезде оларға жаңарту жүргізіледі.

      Шығыстардың қолданыстағы кластарына жатқызу мүмкін емес тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің жаңа түрлері жыл басында салмақтау сызбасын ауыстыру кезеңінде байқауға қосылады. Шығыстардың қолдағы кластарына жататын қолданыстағы тауарлардың жаңа үлгілері мен ассортиментті түрлері олардың нарықтағы үлесі елеулі және тұрақты деп бағаланғанда байқауға енгізіледі.

      Салмақтау сызбасын өзектендіру жүйелі түрде (жылына бір реттен кем емес) жүзеге асырылады, үй шаруашылықтарының шығыстары туралы ең соңғы жылдық деректер пайдаланылады.

      51. ТБИ-ді құруда салмақтардың базистік кезеңдері бағалардың базистік кезеңдеріне сәйкес келуі қажет екендігі талап етіледі. Бұл базистік жылға арналған үй шаруашылықтары шығындарының орташа жылдық құнын өткен жылғы желтоқсанның бағасына түзетуді қажет етеді. Ол үшін салмақ мәндері шығарылатын сол жылдың орташа баға индексіне өткен жылғы желтоқсанның баға индекстерінің арақатынасындай әрбір тауарлық айқындамасы үшін түзету коэффициенті анықталады. Орташа баға индексі базистік жылдың айлары индекстерінің оның алдындағы жылдың индекстеріне орташа арифметикалық мәні түрінде есептеледі.

      Әрбір тауарлық айқындама салмағы түзету коэффициентіне көбейтіледі, одан кейін алынған деректерді қосындылау арқылы "Тауарлар мен көрсетілетін қызметтер" тобы бойынша түзетілген салмақ алынады. Салмақ 1,00000-ге тең болмағанда ол қалыпқа келтіріледі (1,00000-ге келтіріледі). Ол үшін әр тауардың (көрсетілетін қызметтің) түзетілген салмағын "Тауарлар мен көрсетілетін қызметтер" тобының түзетілген салмағына бөлінеді.

11-тарау. Баға индекстерін және орташа бағаларды есептеу

      Ескерту. 11-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы Басшысының 31.08.2021 № 16 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      52. ТБИ есептеу екі кезеңнен тұрады. Бiрiншi кезеңде қарапайым агрегаттың баға индекстері (бұдан әрі – бағаның жеке индексі),

      екiншiсінде – бағаның жеке индекстерiн біріктіру жолымен алынған неғұрлым жоғары деңгейдегi индекстер (бұдан әрі – бағаның біріктірілген индекстері) есептеледі.

      53. Бағаның жеке индексі жиынтықтың тек қана бір элементіне баға өзгерісін көрсетеді және жеке құбылыстың сипаттамалары үшін қолданылады.

      J тауар (көрсетілетін қызмет) түрі бойынша бағаның жеке индексі баға деңгейі туралы ақпараттың немесе оны анықтайтын өкіл тауарларға (көрсетілетін қызметтерге) баға өзгерісінің негізінде есептеледі. Бұл индекстің мәні салмақтарсыз есептелетін жалғыз агрегат.

      54. Жеке баға индексі әрбiр өңір бойынша әрбiр тауарлық айқындама бойынша есептеледi. Бағаның жеке индекстерін есептеу үшін бағаның жеке индекстерінің қарапайым (салмақталмаған) орташа геометриялық формуласы қолданылады, бұл салмақтанбаған геометриялық орташа бағаның (Джевонс индексі) қатынасына баламалы:


(1)

      мұнда,


– тауар (көрсетілетін қызмет) j түрі бойынша жеке баға индексі;

      i – жеке баға индекстері;

      t, t-1 – тиісінше, салыстырудың есепті және өткен кезеңдері;

      pt, pt-1 – тиісті кезеңдегі өкіл тауар (көрсетілетін қызмет) бірлігінің бағасы;

      j – бірнеше нақты өкіл тауарларды (көрсетілетін қызметтерді) біріктіретін тауар (көрсетілетін қызмет) түрі (бірден n-ге дейін);

      n – тауар (көрсетілетін қызмет) түрін анықтайтын өкіл тауарлар (көрсетілетін қызметтер) саны.

      Бағалардың алынған жеке индекстері біріктірілген баға индекстерін құру үшін бастапқы ақпарат болып табылады.

      55. Біріктірілген баға индекстері кластар, топтар, бөлімдер бойынша ұлттық деңгейде Ласпейрестің түрлендiрiлген формуласы бойынша бағаның жеке индекстерінің орташа салмақталған мәндері сияқты есептеледі. Осыған сәйкес әрбір уақыт кезінде қарапайым агрегаттардың баға өзгерісі тұрақты базистік салмақ арқылы салмақталады. Базистік салмақтардың тұрақтылығы бағалық теңестірудің тазалығын қамтамасыз етіп, құрылымдық өзгерістер (санындағы өзгеріс) әсерін тигізбейді.

      Ласпейрестің түрлендірілген формуласына сәйкес баға өзгерісі бағаларды жүйелі байқау негізінде есептеледі. Әрбір уақыт кезеңінде базистік салмақтар баға индексінің соңғы мәніне көбейтіледі:




(2)

      мұнда,

      IL – t-1 кезеңімен салыстырғандағы t кезеңі үшін баға индексі;


– t кезеңінің t-1 кезеңіне тауар (көрсетілетін қызмет) түрі бойынша жеке баға индекстері;

      P0 x Q0 - салмақтау сызбасын құру үшін негіз ретінде пайдаланылатын базистік кезең бағаларындағы тауарлардың (көрсетілетін қызметтердің) құны;

      Pt-1 x Q0 – есепті кезеңдегі тауар (көрсетілетін қызмет) құны;


– өткен кезеңге тауар (көрсетілетін қызмет) түрі бойынша жеке баға индекстерінің көбейтіндісі.

      Ласпейрестің түрлендірілген формуласын пайдалану көп деңгейлі агрегациялау индекстерін есептеуге мүмкіндік береді және бірқатар артықшылықтары бар:

      1) ағымдағы кезеңнің салмағына негізделген және тиісінше тек қана бағаның өзгеруін емес және санын да (тұтыну көлемін) көрсететін Пааше индексінен айырмашылығы, таза баға салыстырмалылығын нақты көрсетеді, өйткені оны есептеуде тұрақты салмақтау қолданылады;

      2) есептеу процесін едәуір тездетеді, өйткені салмақтау үшін алдында болған, өткен кезеңнің деректері пайдаланылады;

      3) тұтынушылар мінез-құлқының өзгеруінен туындаған тауарлар (көрсетілетін қызметтер) ассортиментінің өзгерісін жыл бойы есепке алуға мүмкіндік береді;

      4) экономикалық интерпретацияға тез икемделеді, өйткені бағаның әсері және саны бөлек бақыланады.

      Егер де мынадай талаптар орындалса осы артықшылықтардың күші болады:

      1) салмақтау схемасы ұзақ уақыт бойы өзгеріссіз қалмауы тиіс;

      2) белгіленген салмақтар олар үшін есептелген тауарлардың (көрсетілетін қызметтердің) біріктірілген гомогендік топтарының деңгейіне дейін бөлінеді. Ассортимент өзгергенде осы деңгейден төмен деңгейде өкіл тауарларды (көрсетілетін қызметтерді) ауыстыру жүргізіледі.

      56. ТБИ үздіксіз қатарын құру үшін салмақтау сызбасын өзгерткен кезде алдыңғы салмақтау сызбасымен есептелген көрсеткіштерімен жаңа салмақтау сызбасына негізделген индекс көрсеткіштерінің байланысы жүзеге асырылады. Байланыс немесе тіркеме рәсімдері жекелеген баға индекстері барлық деңгейлерде әртүрлі жылдардағы серпінді дұрыс көрсетуге арналған. Байланыс және тіркеме рәсімдері тіркеме коэффициентін қолданумен жүзеге асырылады. Ол ескі салмақтау сызбасы бойынша базистік жылғы желтоқсанға ұзақ мерзімді баға салыстырымы жаңа сызба бойынша есептелген салмақтау бойынша ұзақ мерзімді баға салыстырымының қатынасы түрінде анықталады. Ұзақ мерзімді баға салыстырымы базистік жылғы желтоқсанмен салыстырғанда есепті айдағы жиынтықтың бір элементі бағасының өзгеруін көрсетеді.

      Тіркеме коэффициенті тек топтық жолдар бойынша есептеледі және салмақтау сызбасын келесі ауыстырғанға дейін жыл бойы өзгеріссіз қалады. Жаңа салмақтау сызбасы бойынша ұзақ мерзімді баға салыстырымын әрі қарай есептеу алынған тіркеме коэффициентін есепке ала отырып жүргізіледі.

      57. Тауарлар (көрсетілетін қызметтер) топтары, әрбір айқындама бойынша және тұтастай өңір бойынша баға индекстерін есептеу бағаның жеке индекстеріне, ұзақ мерзімді баға салыстырымына және салмақтарға сүйене отырып жүзеге асырылады.

      Есепті айдың базистік жылғы желтоқсанға және өткен айға баға салыстырымын есептеу осы Әдіснаманың 10-қосымшасында келтірілген.

      Өткен жылғы желтоқсанға есепті айдың баға салыстырымын есептеу осы Әдіснаманың 11-қосымшасында келтірілген.

      58. Әрбір айқындама, тауарлардың (көрсетілетін қызметтердің) топтары және тұтастай барлық тауарлар (көрсетілетін қызметтер) бойынша республикалық баға индекстерінде өңірлер бойынша баға өзгерісінің әсерін анықтайды. Индекстерді республикалық деңгейде біріктіру үшін республика бойынша оның көлеміндегі әр өңірдің үй шаруашылықтары шығыстарының үлес салмағы пайдаланылады.

      Республика бойынша жекелеген тауарлық айқындамалар бойынша бағаның жеке индекстері мынадай формула бойынша анықталады:


(3)

      мұнда,

      Ij – республика бойынша j тауардың (көрсетілетін қызметтің) жеке баға индекстері;

      Ij1, Ij2,..., Ij16 – өңірлер бойынша j тауардың (көрсетілетін қызметтің) жеке баға индекстері;

      Wo1,..., Wo16 – республика бойынша олардың жалпы көлеміндегі әрбір өңірдің үй шаруашылықтары шығыстарының үлесі (үлес салмағы).

      Республика бойынша жекелеген тауарлық айқындамалар бойынша алынған бағаның жеке индекстері топтар және тауарлардың (көрсетілетін қызметтердің) барлық жиынтығы бойынша баға индекстерін есептеу үшін қолданылады.

      59. Өткен жылғы тиісті кезеңге баға индекстерін құру есептеуді бастаудан (ай, өспелі қорытынды жиынтық кезеңі) база ретінде белгіленген нүктені немесе базалық кезеңі бар жүйелі серпінділік қатарды құру үшін бағаның айлық индекстерінің өзара "байланысын" (тіркемесін) көздейтін базистік әдіспен жүзеге асырылады.

      Есепті жылғы бағаның айлық индекстерін өткен жылғы тиісті айға есептеу индекстік қатардағы есепті жылғы бағаның айлық индексін осы қатардағы өткен жылғы бағалық индекске бөлумен жүзеге асырылады:


(4)

      мұнда,

      It – g есепті жылғы t айының баға индексі g-1 өткен жылғы тиісті айға;

      Itg – индекстік қатардағы g есепті жылғы t айының баға индексі;

      It(g-1) – индекстік қатардағы g-1 өткен жылғы t айының баға индексі.

      Өспелі қорытындысымен баға индекстері өткен жылғы тиісті кезеңге салыстырмалы кезеңнің индекстік қатарындағы баға айлық индекстерінің сомасын өткен жылғы бағаның айлық индекстерінің осыған ұқсас сомасына бөлумен анықталады:


(5)

      мұнда,

      It112 – есепті жылғы қаңтар-желтоқсандағы бағаның индексі өткен жылғы қаңтар-желтоқсанға;

      I1g, I2g,..., I12g – индекстік қатардағы есепті жылғы қаңтар, ақпан,..., желтоқсандағы баға индексі;

      I1(g-1), I2(g-1),… I12(g-1) – индекстік қатардағы өткен жылғы қаңтар, ақпан,..., желтоқсандағы баға индексі.

      Есепті жылғы тоқсандағы, жартыжылдықтағы және тоғыз айдағы бағалар индексі өткен жылғы тиісті кезеңге осыған ұқсас есептеледі.

      Бір тоқсандағы баға индекстері өткен тоқсанға есепті тоқсанды анықтайтын индекстік қатардағы бағаның айлық индекстері сомасының өткен кезеңнің индекстік қатарындағы бағаның айлық индекстерінің сомасына қатынасы ретінде есептеледі:


(6)

      мұнда,


– есепті жылдың екінші тоқсанындағы баға индексі бірінші тоқсанға;

      I4g, I5g, I6g – есепті жылғы сәуір, мамыр, маусым индекстік қатарының баға индексі;

      I1g, I2g, I3g – есепті жылғы қаңтар, ақпан, наурыз индекстік қатарының баға индексі.

      60. Орташа баға бұл біртекті тауарлар тобындағы өкіл тауарлар (көрсетілетін қызметтер) бағасының жалпыланған шамасы болып табылады. Орташа бағалар белгілі бір уақыт кезеңі үшін аумақ бойынша, тауарлардың (көрсетілетін қызметтердің) түрлері бойынша есептеледі.

      Орташа бағаны есептегенде геометриялық орта мәнінің формуласы қолданылады:


(7)

      мұнда,


– t кезеңдегі j тауардың (көрсетілетін қызметтің) орташа бағасы;

      P1 x P2 x ... x Pn – t кезеңдегі өкіл тауар (көрсетілетін қызмет) бағаларының көбейтіндісі;

      n – тіркелген бағалар саны.

      Орташа бағаны есептеу кезінде салыстырылатын кезеңдердегі тіркелген бағалар сандарының теңдігі назарға алынады.

      Егер есепті кезеңде базалық объектідегі бағалар туралы мәлімет жоқ болған жағдайда есепті кезеңге "шартты есептелген" баға анықталады.

      Ол базистік кезеңдегі бағаның және есепті кезеңнің "шартты есептелген" баға салыстырымының көбейтіндісі ретінде анықталады:


(8)

      мұнда,

      Рjt – t есепті кезеңіндегі j тауардың (көрсетілетін қызметтің) "шартты есептелген" бағасы;

      Ij – есепті кезеңдегі тауарлардың (көрсетілетін қызметтердің) салғастырмалы түрлері бойынша есептелген есепті кезеңнің "шартты есептелген" баға салыстырымы;

      Рjt-1 – t-1 базистік кезеңдегі j тауардың (көрсетілетін қызметтің) бағасы.

      Егер есепті кезеңде зерттеуге жаңа базалық объектілер қосылып, бағалар саны көбейсе, онда базистік кезеңге "шартты есептелген" баға анықталады:


(9)

      мұнда,

      Рjt-1 – t-1 базистік кезеңіндегі j тауардың (көрсетілетін қызметтің) "шартты есептелген" бағасы;

      Рjt – t есепті кезеңіндегі j тауардың (көрсетілетін қызметтің) бағасы;

      Ij – есепті кезеңдегі тауарлардың (көрсетілетін қызметтердің) салғастырмалы түрлері бойынша есептелген есепті кезеңнің "шартты есептелген" баға салыстырымы.

      61. Республика бойынша орташа баға орташа салмақталған формула бойынша анықталады:


(10)

      мұнда,


– j тауардың (көрсетілетін қызметтің) республика бойынша орташа бағасы;

      Pjr – r өңіріндегі j тауардың (көрсетілетін қызметтің) орташа бағасы;

      Wr – r өңірдің үлес салмағы.

12-тарау. Бағаның туынды индекстері

      Ескерту. 12-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы Басшысының 31.08.2021 № 16 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      62. Ақшалай табысы әртүрлі деңгейдегі халық топтары үшін баға индексі ақшалай табыстары және тұтыну құрылымының әртүрлі деңгейі бар халықтың нақты топтары үшін тұтыну тауарлары мен көрсетілетін қызметтерге бағаның өзгеруін сипаттайды.

      Ең аз және ең көп табыстары бар топтар децильді бөлуден таңдалған, мұнда он топтың әрбіреуінде ақшалай табыстарының өсу шамасы бойынша саралау қатары түрінде бөлінген жалпы халық санының 10 пайызы шоғырланған. Бірінші топқа ақшалай табысы ең аз халықтың 10 пайызы, оныншы топқа ақшалай табысы ең көп халықтың 10 пайызы кіреді.

      Халық топтары үшін ТБИ құрастыру кезінде ТБИ-ді есептеудің барлық бар стандарттары сақталады. Индекс үй шаруашылықтарын зерттеу материалдарынан алынған, табыстары ең аз және ең көп халықтың нақты сатып алу құрылымынан қалыптасқан және ТБИ үшін тіркелген, тұтыну тауары, көрсетілетін қызметтерге бірыңғай баға мен тарифтер негізінде есептеледі.

      63. Бөлшек сауда бағасының индексі (бұдан әрі – БСБИ) бөлшек сауда кәсіпорындарында халыққа өткізілетін тауарларға бөлшек сауда бағаларының өзгерісін сипаттайды.

      Тауарлардың топтары мен кластарына агрегаттау үшін БСБИ есептеу кезінде бөлшек тауар айналымы құрылымынан анықталатын салмақ құрауыштары қолданылады. Салмақтау схемасы үшін жалпы республика бойынша бөлшек тауар айналымы құрылымының жылдық орташа деректері қолданылады. Оны жаңарту жыл сайын жүргізіледі.

      БСБИ құрау экономиканың тұтыну секторындағы индекстерді есептеудің бірыңғай кешенінде жүзеге асырылады. Бағалық ақпарат ретінде экономиканың тұтыну секторында бағаны тіркеу деректері индексті құрайтындар бойынша баға салыстырымдары қолданылады. Бағаның жиынтық индекстерін есептеу үшін Ласпейрес формуласы қолданылады.

      64. Тұтыну бағаларының базалық индексі (бұдан әрі – ТББИ) сұраныс пен ұсыным шоктарына, маусымдық, оқиғалық және кездейсоқ фактор әсерлеріне, сондай-ақ баға белгілеу үрдісіне әкімшілік әсерге ұшырамаған баға өзгерісінің ұзақ мерзімді серпінін көрсететін тұтыну бағаларының субиндексі болып табылады.

      ТББИ есептеу уақыттағы күшті баға өзгергіштігі бар неғұрлым волатильді тауарлардың қысқа мерзімді және қайтымды баға өзгерісі әсер етпейтін, елдегі болып жатқан инфляциялық үдерістердің сипатын ашуға көмектесетіндіктен ел экономикасы үшін үлкен маңызға ие.

      ТББИ құрастыру ТБИ қалыптастыру әдіснамасына негізделеді. ТББИ есептеу ТБИ-дан екі тікелей алып тастау әдіспен жүзеге асырылады:

      1) кез келген уақыт сәтінде олардағы нақты инфляциялық әсерге қарамастан, қасақана немесе мақсатты бағытталып іріктелген, жекелеген құрамдас бөліктерін;

      2) әлеуметтік маңыздылығы мен жалпы жиынтықтағы құрылымдық үлес салмағына қарамастан, оларға бағаның қарастырылған кезеңдегі нақты уақыт сәтінде ең үлкен өзгерісті көрсеткен құрамдас бөліктерді, ТБИ-дан тікелей шығаруға негізделген.

      ТБИ аясында құрылған барлық тұтыну тауарлары мен көрсетілетін қызметтерінің бағалық белгілеулері ТББИ-ді осы тәсілдер бойынша есептеу үшін бастапқы негізі болып табылады. Қолданылатын айқындамалардың салмағы ТБИ-дағы тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің базалық инфляцияны өлшеуге қосылған қалған компоненттер салмағының сомасы бірлікке немесе 100 пайызға тең болатындай етіп қалыпқа келтірілген базистік салмақтарына сәйкес келеді. Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің жекелеген түрлерін алып тастау рәсімдері әр нақты жағдайда ТББИ-ді құрудың мақсаты мен міндеттеріне байланысты.

13-тарау. ТБИ-да тұтыну қоржынын құрайтын баға өзгерісінің үлесі

      Ескерту. 13-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы Басшысының 31.08.2021 № 16 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      65. Жекелеген тұтыну терімінің неғұрлым жоғары деңгейлерге баға өзгерісінің әсерін зерттеу, сонымен бірге ТБИ-да олардың үлесін бағалау тұтыну бағалары статистикасының маңызды міндетті болып табылады. Жекелеген тауарлар (көрсетілетін қызметтер) айқындамаларына тіркелетін баға өзгерісі олардың класта, топта, бөлімде баға қозғалысына әсерін тигізеді, нәтижесінде жалпы ТБИ-да көрініс табады.

      Егер пайыз белгілі кезеңдегі қандай да бір тауарға баға өзгерісінің шамасын көрсетсе, үлес осы пайыздық өзгерістің ТБИ-дың жалпы мәніне әсер ету шамасы. Үлестің мәні бойынша, осы немесе басқа уақыт кезеңінде тауарлардың (көрсетілетін қызметтердің) қай тобы бойынша баға қозғалысы ТБИ-ға анағұрлым әсер еткені анықталады.

      Үлес тауарға (көрсетілетін қызметке) баға өзгерісінің шамасына және ТБИ-дың тұтыну қоржындағы оның салмағының мәніне байланысты. Тауардың салмағы мен оған баға өзгеруі неғұрлым үлкен болса, ол соғұрлым тікелей өзі кіретін тауарлық шағын топ бойынша индекске, ары қарай топ бойынша индекске және жалпы ТБИ-ға өзінің әсерін тигізеді.

      Үлесті есептеу үшін ТБИ құру кезінде әр тауарлық айқындама бойынша алынған жеке және агрегатталған баға салыстырымы және ағымдағы жылға дайындалған салмақтау сызбасы қолданылады.

      Үлесті есептеу келесі формула бойынша жүзеге асырылады:

      Vkladj = (Ij x Wj) - Wj (11)

      мұнда,

      Vkladj – j тауар (көрсетілетін қызмет) түрінің үлесі;

      j – тауардың (көрсетілетін қызметтің) түрі;

      Ij – j тауар (көрсетілетін қызмет) түрінің жеке индексі;

      Wj – j тауардың (көрсетілетін қызметтің) салмағы.

      Есептің тізбегі:

      1) әрбір тауарлық айқындама бойынша құрылымдық баға салыстырымы зерттеліп жатқан кезеңдегі баға салыстырымының (баға индексінің) тиісті салмақтау сызбасындағы салмаққа көбейтіндісі ретінде анықталады;

      2) құрылымдық баға салыстырымы мен салмақ арасындағы айырмашылық табылады. Бұл айырмашылық баға өсіміндегі топтар және жалпы ТБИ бойынша тауарлық айқындамадағы баға өзгерісінің үлесі болып табылады;

      3) топтық айқындамалар бойынша үлес тауарлық айқындамалар бойынша алынған үлес қосындысы ретінде табылады.

      Жеке топтық айқындамалар бойынша баға өзгерісінің үлесін есептеу осы Әдіснаманың 12-қосымшасында келтірілген.

14-тарау. Ресми статистикалық ақпаратты тарату

      Ескерту. 14-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы Басшысының 31.08.2021 № 16 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      66. Халықаралық Валюта Қоры әзірлеген Деректерді таратудың арнайы халықаралық стандартына сәйкес ақпаратты шығарудың алдын ала белгіленген мерзіміне сәйкес ТБИ ай сайын жарияланады. Ақпарат баспасөз хабарламасы, жедел ақпарат түрінде барлық пайдаланушылар үшін Бюроның Интернет-ресурсында орналастыру арқылы бір мезгілде таралады. Топтар, кластар және тауардың (көрсетілетін қызметтердің) түрлері бойынша егжей-тегжейлі баға өзгерістері туралы ақпарат статистикалық бюллетендерде, жинақтарда жарияланады.

      Пайдаланушыларға көмек ретінде баға индексінің жарияланымы қысқаша әдіснамалық түсініктемелермен бірге беріледі.

      Ескерту. 66-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы Басшысының 31.08.2021 № 16 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      67. Қоғамның индекске деген сенімін қамтамасыз ету мақсатында бағаны тіркеу және есептеу рәсімдерін сипаттау буклеттер, кітапшалар және басқа да басылымдар түрінде жарияланады және Бюро сайтында қолжетімді.

      Ескерту. 67-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы Басшысының 31.08.2021 № 16 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

  Тұтыну бағасының индексін
құру әдіснамасына
1-қосымша

Мақсаттар бойынша жеке тұтыну жіктеуішіне тауарлық
айқындамалардың номенклатурасының негізгі бөлімдері
бойынша топтар мен кластардың тауарларын
(көрсетілетін қызметтерін) бөлу

Бөлім

Атауы

Топтар

Кластар

Ішкі кластар

01

Тамақ өнімдері және алкогольсiз сусындар

2

11

34

02

Алкогольді ішімдіктер және темекi өнімдері

2

4

6

03

Киім және аяқкиім

2

6

13

04

Тұрғын үй қызметтерi, су, электр энергиясы, газ және отынның өзге түрлерi

4

13

13

05

Үй тұрмысының заттары, тұрмыстық техника және тұрғын үйді ағымдағы күтіп ұстау

6

12

18

06

Денсаулық сақтау

3

7

10

07

Көлік

3

13

18

08

Байланыс

3

3

3

09

Демалыс және мәдениет

6

20

22

10

Білім беру

5

5

5

11

Мейрамханалар және қонақүйлер

2

3

3

12

Әртүрлі тауарлар мен көрсетілетін қызметтер

5

11

16


Барлығы

43

108

161

  Тұтыну бағасының индексін
құру әдіснамасына
2-қосымша

Мақсаттар бойынша жеке тұтыну жіктеуішіне тауарлық
айқындамалардың номенклатурасына сәйкес тауар
(көрсетілетін қызмет) түрі кодының құрылымы



      01.1.1.21.02 – Бірінші сұрыпты бидай ұны



  Тұтыну бағасының индексін
құру әдіснамасына
3-қосымша

Шай тауары (4 деңгей, ішкі класс, 5 белгі) мысалында
Мақсаттар бойынша жеке тұтыну жіктеуішіне тауарлық
айқындамалардың номенклатурасының тұтыну сегментінің
иерархиялық сызбасы



      мұнда, p – өкіл тауарлар әртүрлілігінің бағасы;

      j – өкіл тауардың әртүрлілігі.

  Тұтыну бағасының индексін
құру әдіснамасына
4-қосымша

"Бағаны тікелей салғастыру" әдісін қолдану

Түрлері

Өткен айдың бағасы

Есепті айдың бағасы

Баға салыстырымы

А тауары

150

160

1,067

B тауары

225

250

1,111

C тауары

140


С тауарын ауыстыру


180

1,286

Қарапайым агрегаттың индексі (геометриялық орта)



1,151


      С тауарының есепті айдағы бағасы болмайды. Осындай өзіндік тұтыну ерекшелігі мен сипаттамасы бар бағасы 180 теңге болатын, оны ауыстыратын тауар таңдап алынады. С тауары бойынша баға салыстырымы ауыстыратын тауар бағасының жоқ С тауары бағасына арақатынасымен анықталады C: 180/140 = 1,286.

  Тұтыну бағасының индексін
құру әдіснамасына
5-қосымша

"Біріктіру" әдісін қолдану

Түрлері

Өткен айдың бағасы

Есепті айдың бағасы

2/1 баға салыстырымы

А тауары

150

160

1,067

B тауары

225

250

1,111

C тауары

140


С тауарын D тауарына ауыстыру

160

180

1,125

Қарапайым агрегаттың индексі (геометриялық орта)



1,101


      Екі тауар (С және D) да қолжетімді және ауыстыруды қажет ететін С тауарының болашақта жоғалып кетуі туралы ақпараттың болуы кезінде сапасы бойынша жақын, бірақ айырмашылықтары болатын, сипаттамасы бар ауыстыратын (D тауар) тауар таңдап алынады. Оған өткен айдың (160 теңге) және есепті айдың (180 теңге) бағалары белгіленеді. Ол үшін ауыстырылатын D тауар түріне бағаны екі-үш айдың көлемінде байқайды немесе сатушылардан сұрастыру жолымен алады. D тауары бойынша баға салыстырымын есептеу кезінде өткен айдағы баға ретінде С тауары бойынша мән 140 теңгенің орнына – 160 теңге ауыстыратын D тауар түрінің бағасы қойылады: 180/160=1,125.

  Тұтыну бағасының индексін
құру әдіснамасына
6-қосымша

"Жалпы орта мәнді шартты есептеу" әдісін қолдану

Түрлері

Өткен айдың бағасы

Есепті айдың бағасы

2/1 баға салыстырымы

А тауары

150

160

1,067

B тауары

225

250

1,111

C тауары

145


Ауыстыру


158

Шартты баға салыстырымы

1,089

Қарапайым агрегаттың индексі (геометриялық орта)



1,089


      А және В тауарларының баға салыстырымы геометриялық орта арқылы шартты баға салыстырымы есептеледі:

.

      Жоқ С тауары бойынша есепті айдың бағасы өткен айдың бағасын шартты баға салыстырымына көбейтумен анықталады: 145х1,089 = 158 теңге.

  Тұтыну бағасының индексін
құру әдіснамасына
7-қосымша

"Орташа класты шартты есептеу" әдісін қолдану

Түрлері

Өткен айдың бағасы

Есепті айдың бағасы

2/1 баға салыстырымы

А тауары

150

160

1,067

B тауары

225

250

1,111

C тауары

140

-


Ауыстыру


161

1,111

Қарапайым агрегаттың индексі (геометриялық орта)



1,096


      Жоқ С тауардың бағасын анықтау үшін оған едәуір балама тауар таңдап алынады, бұл В тауардың баға салыстырымы 1,111. Жоқ С тауардың есепті айдағы бағасы өткен айдағы бағасын баламалы В тауардың баға салыстырымына көбейту арқылы есептеледі

      B: 145х1,111 = 161 теңге.

  Тұтыну бағасының индексін
құру әдіснамасына
8-қосымша

Максималды немесе минималды бағаларды анықтау

      Ультрапастерленген, стерильденген сүт

Тауар сипаттамасы

Өткен айдың бағасы

Есепті айдың бағасы

Баға салыстырымы

Аралыққа тиістілігі

Ультрапастерленген, тетрапакет Мое 3,2% Косми Қостанай

200

220

1,1000

+

Ультрапастерленген, тетрапакет Шадринское 3,2% Ресей

170 (ең төменгі баға)

172

1,0118

-

Ультрапастерленген, тетрапакет Одари 3,2% Көкшетау

220 (ең жоғарғы баға)

220

1,0000

+

Ультрапастерленген, тетрапакет Lactel 3,2% "Фудмастер" Алматы

210

210

1,0000

+

Ультрапастерленген, тетрапакет Коровье 3,2% Фудмастер Алматы

210

225

1,0714

-

Ультрапастерленген, тетрапакет Айналайын 3,2% Алматы

200

200

1,0000

+

Ультрапастерленген, тетрапакет Мое 3,2% Костанай

195

195

1,0000

+

Ультрапастерленген, тетрапакет Мумуня 3,2% Алматы

195

195

1,0000

+

Масштабты коэффициент (ультрапастерленген сүттің баға салыстырымы)



1,0222


Аралықтың төменгі шегі (ең төменгі баға х масштаб коэффициенті)



173,78


Аралықтың жоғарғы шегі (ең жоғарғы баға х масштаб коэффициенті)



224,89



      Нәтиже:

      "Шадринское" және "Коровье" сүтінің есепті бағасын тексеру.

  Тұтыну бағасының индексін
құру әдіснамасына
9-қосымша

Индекс дисперсиясы туралы есеп

      Ультрапастерленген, стерильденген сүт

Тауар сипаттамасы

Өткен айдың бағасы

Есепті айдың бағасы

Баға салыстырымы

Аралыққа тиістілігі

Ультрапастерленген, тетрапакет Мое 3,2% Косми Қостанай

200

220

1,1000

+

Ультрапастерленген, тетрапакет Шадринское 3,2% Ресей

170

172

1,0118

+

Ультрапастерленген, тетрапакет Одари 3,2% Көкшетау

220

220

1,0000

+

Ультрапастерленген, тетрапакет Lactel 3,2% "Фудмастер" Алматы

210

210

1,0000

+

Ультрапастерленген, тетрапакет Коровье 3,2% Фудмастер Алматы

210

225

1,0714

-

Ультрапастерленген, тетрапакет Айналайын 3,2% Алматы

200

200

1,0000

+

Ультрапастерленген, тетрапакет Мое 3,2% Қостанай

195

192

0,9846

+

Ультрапастерленген, тетрапакет Мумуня 3,2% Алматы

195

195

1,0000

+

Ультрапастерленген сүт



1,0222


Дисперсия



0,0016


Аралықтың төменгі шегі (баға салыстырымы -




0,9825


Аралықтың жоғарғы шегі (баға салыстырымы +




1,0619



      Нәтиже:

      "Коровье" сүтінің есепті бағасын тексеру.

  Тұтыну бағасының индексін
құру әдіснамасына
10-қосымша

Есепті айдың базистік жылғы желтоқсанға және өткен айға баға
салыстырымын есептеу

      облыс (елді мекен) бойынша

Тауарлар мен тауар топтарының атауы

Коды

Салма-ғы

Базистік жылғы желтоқ-санға баға салыстырымы (өткен ай үшін)

Есепті айдың баға салыстырымы

Базистік жылғы желтоқсанға құрылымдық баға салыстырымы

өткен айға

базистік жылғы желтоқсанға

есепті айдың

өткен айдың

А

Б

1

2

3

4=2*3

5=1*2*3

6=1*2









Ұн

01112100

0,01939

0,934528

0,999308

0,933881

0,01810796

0,01812050

жоғарғы сұрыпты ұн

01112101

0,00713

0,947300

1,000500

0,947774

0,00675763

0,00675425

бірінші сұрыпты ұн

01112102

0,01226

0,927100

0,998600

0,925802

0,01135033

0,01136625


      Есепті айдағы тауарлық айқындамасы бойынша нақты тауардың (көрсетілетін қызметтің) баға салыстырымы:

      1) өткен айға (3-баған) 1-формула бойынша анықталады;

      2) өткен айдың базистік жылғы желтоқсанға баға салыстырымы (2-баған) мен есепті айдың өткен айға баға салыстырымының (3-баған) көбейтіндісі түрінде базистік жылғы желтоқсанға (4-баған) есептелінеді.

      Нақты тауардың (көрсетілетін қызметтің) тауарлық айқындамасы бойынша базистік жылғы желтоқсанға құрылымдық баға салыстырымы:

      1) салмақтың (1-баған), базистік жылғы желтоқсанға өткен айдағы баға салыстырымы (2-баған) және есепті айдың өткен айға баға салыстырымы (3-баған) көбейту түрінде есепті айдың құрылымдық баға салыстырымы табылады;

      2) салмақтың (1-баған), базистік жылғы желтоқсанға өткен айдағы баға салыстырымы (2-баған) көбейту түрінде өткен айдың құрылымдық баға салыстырымы табылады.

      Тауарлар (көрсетілетін қызметтер) тобы бойынша баға салыстырымы біртекті тауарлар (көрсетілетін қызметтер) тобына кіретін құрылымдық баға салыстырымының қосындысы арқылы:

      1) есепті айдың өткен айға (3-баған) есепті айдың базистік жылғы желтоқсанға топ бойынша құрылымдық баға салыстырымының (5-баған) қосындысын өткен айдың базистік жылғы желтоқсанынға құрылымдық баға салыстырымының (6-баған) қосындысына бөлу арқылы;

      2) есепті айдың базистік жылғы желтоқсанға (4-баған) есепті айдың базистік жылғы желтоқсанға топ бойынша құрылымдық салыстырымының қосындысын (5-баған) топтың салмағына (1-баған) бөлу арқылы анықталады.

      Баға индексі баға салыстырымын 100-ге көбейту арқылы алынады.

  Тұтыну бағасының индексін
құру әдіснамасына
11-қосымша

Есепті айдың өткен жылғы желтоқсанға баға салыстырымын есептеу

      облыс (елді мекен) бойынша

Тауарлар мен тауар топтарының атаулары

Коды

Өткен жылғы желтоқсанның базистік жылғы желтоқсанға баға салыстырымы

Есепті айдың базистік жылғы желтоқсанға баға салыстырымы

Есепті айдың өткен жылғы желтоқсанға баға салыстырымы

А

Б

1

2

3=2:1






Ұн

01112100

0,934528

0,933881

0,999308

жоғары сұрыпты ұн

01112101

0,947300

0,947774

1,000500

бірінші сұрыпты ұн

01112102

0,927100

0,925802

0,998600


      Есепті жылы 1-бағанға өткен жылғы салмақтау сызбасын қолдану арқылы өткен жылғы желтоқсанда есептелген деректер (топтық жолдар бойынша – тіркеме коэффициентін ескерумен) енгізіледі. 1-бағандағы деректер есепті жыл бойы өзгеріссіз болады. 2-бағанға осы Әдіснамасының 10-қосымшасында келтірілген кестедегі 4-бағаннан деректер (топтық жолдар бойынша – тіркеме коэффициентін ескерумен) енгізіледі.

      Барлық жолдар бойынша есепті айдың өткен жылғы желтоқсанға баға салыстырымы (3-баған) есепті айдың базистік жылғы желтоқсанға баға салыстырымы (2-баған) өткен жылғы желтоқсанның базистік жылғы желтоқсанға баға салыстырымына (1-баған) бөлумен есептелінеді.

      Баға индексі баға салыстырымын 100-ге көбейту арқылы алынады.

  Тұтыну бағасының индексін
құру әдіснамасына
12-қосымша

Жекелеген топтық айқындамалар бойынша баға өзгерісінің
үлесін есептеу

Код

Атауы

ТБИ-дағы салмағы

Баға салыстырымы

Құрылымдық баға салыстырымы

Баға өсіміндегі үлес

А

Б

1

2

3 = 1х2

4 = (3 - 1) х100

1140000

Сүт өнімдері және жұмыртқа

0,04148

1,011822

-

0,051

1141000

Сүт өнімдері

0,03455

1,009029

0,03486195

0,031

1142000

Жұмыртқа

0,00693

1,028803

0,00712960

0,020


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады