"Ақмола облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы" мемлекеттік мекемесінің ережесін бекiту туралы" Ақмола облысы әкімдігінің 2014 жылғы 14 шілдедегі № А-6/298 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы әкімдігінің 2015 жылғы 26 наурыздағы № А-3/113 қаулысы. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 6 сәуірде № 4734 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы әкімдігінің 2016 жылғы 17 мамырдағы № А-6/219 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы әкімдігінің 17.05.2016 № А-6/219 (қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес, Ақмола облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. "Ақмола облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы" мемлекеттік мекемесінің ережесін бекiту туралы" Ақмола облысы әкімдігінің 2014 жылғы 14 шілдедегі № А-6/298 қаулысына (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тіркеу тізілімiнде № 4320 болып тіркелді, "Арқа ажары" және "Акмолинская правда" газеттерінде 2014 жылдың 28 тамызында жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген "Ақмола облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы ережеде:
      8-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
      "8. Заңды тұлғаның орналасқан жері: 020000, Қазақстан Республикасы, Ақмола облысы, Көкшетау қаласы, Абай көшесі, 114 Б.";
      15-тармағының 20) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:
      "20) Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасы бойынша үйлестіруді іске асыру;".
      2. "Ақмола облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы ережеге енгізілетін өзгерістердің қоса ұсынылған мәтіні бекітілсін.
      3. "Ақмола облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте және мерзімде енгізілетін өзгерістер туралы әділет органдарына хабарлауды қамтамасыз етсін.
      4. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Д.З.Әділбековке жүктелсін.
      5. Облыс әкімдігінің осы қаулысы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуден өткен күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланғаннан күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.
      Ақмола облысының әкімі С.Кулагин

  Ақмола облысы әкімдігінің
2015 жылғы "26" наурыздағы
№ А-3/113 қаулысымен
бекітілген

"Ақмола облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы" мемлекеттік
мекемесі туралы ережеге енгізілетін өзгерістердің мәтіні

      8-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
      "8. Заңды тұлғаның орналасқан жері: 020000, Қазақстан Республикасы, Ақмола облысы, Көкшетау қаласы, Абай көшесі, 114 Б.";
      15-тармағының 20) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:
      "20) Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасы бойынша үйлестіруді іске асыру;".

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады