Ақмола облысы әкімдігінің кейбір қаулыларына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы әкімдігінің 2015 жылғы 7 желтоқсандағы № А-12/562 қаулысы. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 6 қаңтарда № 5177 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы әкімдігінің 2022 жылғы 3 мамырдағы № А-5/222 қаулысымен.

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы әкімдігінің 03.05.2022 № А-5/222 (оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, Ақмола облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес өзгерістер енгізілетін, облыс әкімдігінің қаулыларының тізбесі бекітілсін.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Ақмола облысы әкімінің бірінші орынбасары Қ.М.Отаровқа жүктелсін.

      3. Осы қаулысы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуден өткен күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Облыс әкімі

С.Кулагин

      "КЕЛІСІЛДІ"

      "Қазақстан Республикасы

      Ауыл шаруашылығы министрлігі

      Су ресурстары комитеті

      Су ресурстарын пайдалануды

      реттеу және қорғау жөніндегі

      Есіл бассейндік инспекциясы"

      республикалық мемлекеттік

      мекемесінің басшысы

      Э.А.Мейрамов

      2015 жылғы "7" 12



  Ақмола облысы әкімдігінің
2015 жылғы 07 желтоқсандағы
№ А-12/562 қаулысымен
бекітілді

Өзгерістер енгізілетін облыс әкімдігі қаулыларының тізбесі

      1. "Қатаркөл, Щучье, Кіші Шабақты, Үлкен Шабақты, Бурабай, Жөкей көлдері, Нұра өзенінде су қорғау аймақтары мен белдеулерін және оларды шаруашылыққа пайдалану режимін белгілеу туралы" Ақмола облысы әкімдігінің 2008 жылғы 21 ақпандағы № А-2/54 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3241 болып тіркелген, "Акмолинская правда" және "Арқа ажары" газеттерінде 2008 жылдың 4 наурызында жарияланған):

      кіріспедегі "Су қорғау аймақтары мен белдеулерін белгілеу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы үкіметінің 2004 жылғы 16 қаңтардағы № 42 қаулысына" сөздері "Су қорғау аумақтары мен белдеулерін белгілеу ережесін бекіту туралы" Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 18 мамырдағы № 19-1/446 бұйрығына" сөздерімен ауыстыру.

      2. "Айдабол, Зеренді, Майбалық, Қараүңгір, Сұлтангелді, Теңіз, Қопа көлдері, Террісаққан, Жабай, Селеті, Колутон, Шағалалы, Қылшақты өзендерінде су қорғау аймақтары мен белдеулерін және оларды шаруашылыққа пайдалану режимін белгілеу туралы" Ақмола облысы әкімдігінің 2009 жылғы 26 қаңтардағы № А-1/19 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3312 болып тіркелген, "Акмолинская правда" және "Арқа ажары" газеттерінде 2009 жылдың 16 мамырында жарияланған):

      кіріспедегі "Су қорғау аймақтары мен белдеулерін белгілеу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы үкіметінің 2004 жылғы 16 қаңтардағы № 42 қаулысына" сөздері "Су қорғау аумақтары мен белдеулерін белгілеу ережесін бекіту туралы" Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 18 мамырдағы № 19-1/446 бұйрығына" сөздерімен ауыстыру.

      3. "Есіл өзенінде су қорғау аймағы мен белдеуiн және оларды шаруашылыққа пайдалану режимін белгiлеу туралы" Ақмола облысы әкімдігінің 2011 жылғы 7 желтоқсандағы № А-11/492 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3417 болып тіркелген, "Акмолинская правда" және "Арқа ажары" газеттерінде 2012 жылдың 12 ақпанында жарияланған):

      кіріспедегі "Су қорғау аймақтары мен белдеулерін белгілеу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы үкіметінің 2004 жылғы 16 қаңтардағы № 42 қаулысына" сөздері "Су қорғау аумақтары мен белдеулерін белгілеу ережесін бекіту туралы" Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 18 мамырдағы № 19-1/446 бұйрығына" сөздерімен ауыстыру.

      4. "Бозайғыр, Құмдыкөл, Жақсы-Жалғызтау көлдеріне су қорғау аймақтары мен белдеулерін және оларды шаруашылықта пайдалану режимін белгілеу туралы" Ақмола облысы әкімдігінің 2013 жылғы 3 шілдедегі № А-6/269 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3793 тіркелген, "Акмолинская правда" және "Арқа ажары" газеттерінде 2013 жылғы 5 қыркүйекте жарияланған):

      кіріспедегі "Су қорғау аймақтары мен белдеулерін белгілеу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы үкіметінің 2004 жылғы 16 қаңтардағы № 42 қаулысына" сөздері "Су қорғау аумақтары мен белдеулерін белгілеу ережесін бекіту туралы" Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 18 мамырдағы № 19-1/446 бұйрығына" сөздерімен ауыстыру.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады