Ақкөл ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 4 наурыздағы № А-3/70 "2015 жылға арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшерін бекіту туралы" қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Ақмола облысы Ақкөл ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 9 маусымдағы № А-6/192 қаулысы. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 16 шілдеде № 4875 болып тіркелді

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 4 наурыздағы Заңына сәйкес, Ақкөл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Ақкөл ауданы әкімдігінің «2015 жылға арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшерін бекіту туралы» 2015 жылғы 4 наурыздағы № А-3/70 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4736 болып тіркелген, 2015 жылғы 17 сәуірде «Ақкөл өмірі» және «Знамя Родины KZ» аудандық газеттерінде жарияланған) қаулысына келесі өзгеріс енгізілсін:
      3-тармақ келесі редакцияда баяндалсын:
      «Осы қаулы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және 2015 жылдың 1 қаңтарынан бастап туындаған құқықтық қатынастарға таралады».
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Ақкөл ауданы әкімінің орынбасары Н.Т.Әбдірахмановқа жүктелсін.
      3. Осы қаулы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі                                Т.Едігенов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады