Егіндікөл аудандық мәслихатының 2011 жылғы 2 наурыздағы № 4С31-4 "Егіндікөл ауданында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер мен демонстрациялар өткізу тәртібін қосымша реттеу туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы Егіндікөл аудандық мәслихатының 2015 жылғы 4 қыркүйектегі № 5С36-5 шешімі. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 8 қазанда № 5006 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Егіндікөл аудандық мәслихатының 2016 жылғы 18 мамырдағы № 6С4-8 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды – Ақмола облысы Егіндікөл аудандық мәслихатының 18.05.2016 № 6С4-8 шешімімен.
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 17 наурыздағы "Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер мен демонстрациялар ұйымдастыру мен өткізу тәртібі туралы" Заңына сәйкес, Егіндікөл аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Егіндікөл аудандық мәслихатының 2011 жылғы 2 наурыздағы № 4С31-4 "Егіндікөл ауданында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер мен демонстрациялар өткізу тәртібін қосымша реттеу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1-8-110 тіркелген, 2011 жылғы 1 сәуірде аудандық "Егіндікөл" газетінде жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:
      жоғарыда көрсетілген шешімнің қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда баяндалсын.
      2. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
      Аудандық мәслихаты
сессиясының төрағасы
Е.Исаченко
      Аудандық мәслихаттың хатшысы Р.Муллаянов

      КЕЛІСІЛДІ
      Егіндікөл ауданының әкімі А.Тайжанов

      2015 жылғы 04 қыркүйек

  Егіндікөл аудандық
мәслихатының
2015 жылғы 04 қыркүйектегі
№ 5С36-5 шешіміне
қосымша
  Егіндікөл аудандық
мәслихатының
2011 жылғы 02 наурыздағы
№ 4С31-4 шешіміне
қосымша

Егіндікөл ауданында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер мен демонстрациялар өткізу орындары

р/р №
Елді мекендер атауы
Бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер мен демонстрациялар өткізу орындары
1
Абай ауылы
Ауыл орталығындағы алаң
2
Полтавское ауылы
Ауылдық клубтың алдындағы алаң, Ружинского қиылысы, 7
3
Көркем ауылы
Ауылдық клубтың алдындағы алаң, Көркем көшесі, 12
4
Бауманское ауылы
Ауыл орталығындағы алаң
5
Буревестник ауылы
Ауыл орталығындағы алаң
6
Егіндікөл ауылы
Мира көшесі бойындағы ауыл орталығындағы алаң
7
Жалманқұлақ ауылы
Ауыл орталығындағы алаң
8
Жұлдыз ауылы
Ауыл орталығындағы алаң
9
Қоржынкөл ауылы
Ауыл орталығындағы алаң
10
Спиридоновка ауылы
Мәдениет үйінің алдындағы алаң, Казахстанская көшесі, 52
11
Ұзынкөл ауылы
Победа көшесі бойындағы ауыл орталығындағы алаң
12
Тоғанас ауылы
Ауыл орталығындағы алаң

      

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады