Шортанды ауданының "Жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы Шортанды ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 27 наурыздағы № А-3/57 қаулысы. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 29 сәуірде № 4772 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Шортанды ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 20 сәуірдегі № А-4/103 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Шортанды ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 20 сәуірдегі № А-4/103 (қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін–өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына және Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 29 қазандағы № 410 "Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының үлгі ережесін бекіту туралы" Жарлығына сәйкес Шортанды ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Шортанды ауданының "Жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Ережесі қосымшаға сәйкес бекітілсін.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Шортанды ауданы әкімі аппаратының басшысы Е.М.Қаленовқа жүктелсін.
      3. Осы қаулы Ақмола облысының әділет Департаментінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
      Аудан әкімі
міндетін атқарушы
Е.Мұхамедин

  Шортанды ауданы әкімдігінің
2015 жылғы "27" наурыздағы
№ А-3/57 қаулысына
қосымша

Шортанды ауданының "Жер қатынастары бөлімі"
мемлекеттік мекемесі туралы
ЕРЕЖЕ
1. Жалпы ережелер

      1. Шортанды ауданының "Жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі Шортанды ауданы аумағында жер қатынастары саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
      2. Шортанды ауданының "Жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің ведомстволары жоқ.
      3. Шортанды ауданының "Жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
      4. Шортанды ауданының "Жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
      5. Шортанды ауданының "Жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі азаматтық - құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
      6. Шортанды ауданының "Жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық - құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
      7. Шортанды ауданының "Жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі өз құзыретiнiң мәселелерi бойынша заңнамада белгiленген тәртiппен Шортанды ауданының "Жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актiлермен ресiмделетiн шешiмдер қабылдайды.
      8. Шортанды ауданының "Жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітіледі.
      9. Заңды тұлғаның орналасқан жерi: индекс 021600, Қазақстан Республикасы, Ақмола облысы, Шортанды ауданы, Лермонтов көшесі, 13.
      10. Мемлекеттік органның толық атауы - Шортанды ауданының "Жер қатынастары бөлімі" мемлекеттiк мекемесi.
      11. Осы Ереже Шортанды ауданының "Жер қатынастары бөлімі" мемлекеттiк мекемесiнің құрылтай құжаты болып табылады.
      12. Шортанды ауданының "Жер қатынастары бөлімі" мемлекеттiк мекемесiнің қызметін қаржыландыру республикалық және жергілікті бюджеттерден жүзеге асырылады.
      13. Шортанды ауданының "Жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесіне кәсiпкерлiк субъектiлерiмен Шортанды ауданының "Жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын мiндеттердi орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
      Егер Шортанды ауданының "Жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыр құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер республикалық бюджеттің кірісіне жіберіледі.

2. Шортанды ауданының "Жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің миссиясы, негiзгi мiндеттерi, функциялары, құқықтары мен мiндеттерi

      14. Шортанды ауданының "Жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің миссиясы: жер қатынастарын реттеу саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру.
      15. Мiндеттерi:
      1) мемлекеттік аграрлық саясаттың негізгі бағыттарын жүзеге асыру, жер қатынастарды және басқа заң жобаларды реттеу;
      2) жер ресурстармен басқару бойынша жұмыстарды жүзеге ұйымдастыру, жерге орналастыру жөніндегі іс – шараларды жүзеге асыру;
      3) заңнамаман жүктелген өзге де міндеттерді жүзеге асыру;
      4) аудан бойынша жер сауда-саттығын (конкурстар, аукциондар) өткізуді ұйымдастыру.
      16. Функциялары:
      1) иесі жоқ жер учаскелерін анықтау және оларды есепке алу жөніндегі жұмысты ұйымдастыру;
      2) жер қатынастарын реттеу саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;
      3) ауданның маңызы бар жергілікті атқарушы органының жер учаскелерін беру және олардың нысаналы мақсатын өзгерту жөніндегі ұсыныстары мен шешімдерінің жобаларын дайындау;
      4) жер қойнауын пайдаланудың мемлекеттік геологиялық зерттеуге және барлауға байланысты мақсаттары үшін жер учаскелерін беру жөніндегі аудандық атқарушы органның ұсыныстары мен шешімдерінің жобаларын дайындау;
      5) мемлекет мұқтажы үшін жер учаскелерін мәжбүрлеп иеліктен шығару жөнінде ұсыныстар дайындау;
      6) жер учаскелерінің бөлінетіндігі мен бөлінбейтіндігін айқындау;
      7) мемлекет жеке меншікке сататын нақты жер учаскелерінің кадастрлық (бағалау) құнын бекіту;
      8) жерге орналастыруды жүргізуді ұйымдастыру және жер учаскелерін қалыптастыру жөніндегі жерге орналастыру жобаларын бекіту;
      9) Шортанды ауданының маңызы бар жерлерін аймақтарға бөлу жобаларын, жерді ұтымды пайдалану жөніндегі жобалары мен схемаларын әзірлеуді ұйымдастыру;
      10) елді мекендер аумағының жер-шаруашылық орналастыру жобаларын әзірлеуді ұйымдастыру;
      11) жер сауда-саттығын (конкурстар, аукциондар) жүргізуді ұйымдастыру;
      12) жерді пайдалану мен қорғау мәселелерін қозғайтын аудандық маңызы бар жобалар мен схемаларға сараптама жүргізу;
      13) аудандардың маңызы бар жер балансын жасау;
      14) жер учаскелерінің меншік иелері мен жер пайдаланушылардың, сондай-ақ жер құқығы қатынастарының басқа да субъектілерінің есебін жүргізу;
      15) ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерінің паспорттарын беру;
      16) жер учаскесін сатып алу-сату шарттары мен жалдау және жерді уақытша өтеусіз пайдалану шарттарын жасасу және жасалған шарттар талаптарының орындалуын бақылауды жүзеге асыру;
      17) Қазақстан Республикасының Жер Кодекстінің 71-бабына сәйкес ауданның, жергілікті атқарушы органының іздестіру жұмыстарын жүргізу үшін жер учаскелерін пайдалануға рұқсат беруі жөнінде ұсыныстар дайындау;
      18) ауыл шаруашылығы алқаптарын бір түрден екіншісіне ауыстыру жөнінде ұсыныстар дайындау;
      19) пайдаланылмай жатқан және Қазақстан Республикасының заңнамасын бұза отырып пайдаланылып жатқан жерді анықтау;
      20) жерді резервке қалдыру жөніндегі ұсыныстарды дайындау;
      21) жер-кадастрлық жоспарды бекіту жатады;
      22) Шортанды ауданының "Жер қатынасы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің іс-қағаздар жүргізу құжаттамамен қамтамасыз етті:
      іс қағаздарды мемлекеттік тілде жүргізуді ұйымдастыру;
      қызметтік құжаттарды қарау;
      азаматтар мен заңды тұлғалардың өтініштерін қарау.
      17. Құқықтары мен мiндеттерi:
      1) мемлекеттік органдардан, басқа ұйымдардан, лауазымды тұлғалардан және азаматтардан жерді пайдалану және қорғау мәселелері бойынша қажетті ақпараттар сұрау және алу;
      2) жер заңнамаларына қайшы келетін жергілікті мемлекеттік басқару органдары шешімдерінің күшін жою туралы ұсыныстар енгізу.

3. Шортанды ауданының "Жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметiн ұйымдастыру

      18. Шортанды ауданының "Жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі басшылықты Шортанды ауданының "Жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.
      19. Шортанды ауданының "Жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысын аудан әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
      20. Шортанды ауданының "Жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының орынбасары жоқ.
      21. Шортанды ауданының "Жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының өкілеттілігі:
      1) мекеме атынан сенімхатсыз әрекет етеді;
      2) барлық органдарда мекеме мүддесін ұсынады;
      3) мекеме мүлкіне иелік етеді, шарттар жасайды, сенімхаттар береді;
      4) барлық қызметкерлер үшін міндетті бұйрықтар шығарады және тапсырмалар береді;
      5) қызметкерлерге марапаттау шараларын қабылдайды және тәртіптік шаралар қолданады.
      Шортанды ауданының "Жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.
      22. Шортанды ауданының "Жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің аппаратын Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын Шортанды ауданының "Жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің басшысы басқарады.

4. Шортанды ауданының "Жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мүлкi

      23. Шортанды ауданының "Жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.
      Шортанды ауданының "Жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастыралады.
      24. Шортанды ауданының "Жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік коммуналдық меншіке жатады.
      25. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, Шортанды ауданының "Жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі, өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5. Шортанды ауданының "Жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату

      26. Шортанды ауданының "Жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
      Шортанды ауданының "Жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қарамағында ведомстволар жоқ.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады