Орманда өрт қаупі жоғары кезеңдерде жеке тұлғалардың мемлекеттік орман қоры аумағында болуына тыйым салу туралы

Ақтөбе облысының әкімдігінің 2015 жылғы 22 мамырдағы № 163 қаулысы. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 11 маусымда № 4351 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақтөбе облысының әкімдігінің 2016 жылғы 13 желтоқсандағы № 526 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысының әкімдігінің 13.12.2016 № 526 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
      Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 шілдедегі Орман кодексінің 15-бабының 11-тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 27-бабына сәйкес облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. 2015 жылдың 31 қазанына дейін орманда өрт қаупі жоғары кезеңде жеке тұлғалардың Ақтөбе облысының мемлекеттік орман қоры аумағында болуына тыйым салынсын.
      2. "Ақтөбе облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы" мемлекеттік мекемесі:
      ормандарды өрттерден күзетуді және қорғауды ұйымдастыру жөнінде шаралар қабылдасын;
      осы қаулыны "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесіне орналастыруды қамтамасыз етсін.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары М.С. Жұмағазиевке жүктелсін.
      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Облыс әкімі А. Мұхамбетов

О запрещении пребывания физических лиц на территории государственного лесного фонда в период высокой пожарной опасности в лесу

Постановление акимата Актюбинской области от 22 мая 2015 года № 163. Зарегистрировано Департаментом юстиции Актюбинской области 11 июня 2015 года № 4351. Утратило силу постановлением акимата Актюбинской области от 13 декабря 2016 года № 526

      Сноска. Утратило силу постановлением акимата Актюбинской области от 13.12.2016 № 526 (вводится в действие со дня его первого официального опубликования).
      В соответствии с подпунктом 11 статьи 15 Лесного кодекса Республики Казахстан от 8 июля 2003 года, статьей 27 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан" акимат области ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. В период высокой пожарной опасности в лесу, на территории государственного лесного фонда Актюбинской области запретить пребывание физических лиц до 31 октября 2015 года.
      2. Государственному учреждению "Управление природных ресурсов и регулирования природопользования Актюбинской области":
      принять меры по организации охраны и защиты лесов от пожаров;
      обеспечить размещение настоящего постановления в информационно-правовой системе "Әділет".
      3. Контроль за исполнением данного постановления возложить на заместителя акима области Джумагазиева М.С.
      4. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.
      Аким области А.Мухамбетов