Қазақстан Республикасының Орман кодексі

Жаңартылған

Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 шілдедегі N 477 Кодексі.

      Қолданушылар назарына!
      Қолданушыларға ыңғайлы болу үшін ЗҚАИ мазмұнды жасады.

Мазмұны

      Ескерту. Мазмұны алып тасталды – ҚР 30.06.2021 № 59-VII (01.01.2022 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
      Ескерту. Бүкіл мәтін бойынша:
      "(республикалық маңызы бар қаланың, астананың)" деген сөздер ", республикалық маңызы бар қалалардың, астананың" деген сөздермен;
      "мемлекет қажеттiктерi үшін", "мемлекет қажетіне", "мемлекет қажеті үшін" деген сөздер "мемлекет мұқтажы үшін" деген сөздермен;
      "мәдени-сауықтыру, рекреациялық" деген сөздер "сауықтыру, рекреациялық, тарихи- мәдени" деген сөздермен;
      "Қазақстан Республикасының жер туралы заң актiсiне", "Қазақстан Республикасының жер туралы заң актiсiнде", "Қазақстан Республикасының жер туралы заңнамалық актiсiне" деген сөздер тиісінше "Қазақстан Республикасының Жер кодексіне", "Қазақстан Республикасының Жер кодексінде" деген сөздермен;
      "облыстық атқарушы орган", "облыстық өкiлдi органдардың", "облыстық атқарушы органдар", "облыстық атқарушы органның", "Облыстық атқарушы органның", "облыстың жергілікті атқарушы органының ұсынуы бойынша облыстық өкiлдi органның" және "облыстық атқарушы органның ұсынуы бойынша облыстық өкiлдi орган" деген сөздер тиісінше "облыстың жергілікті атқарушы органы", "облыстың жергілікті атқарушы органымен", "облыстың жергілікті өкiлдi органының", "облыстың жергілікті атқарушы органдары", "облыстың жергілікті атқарушы органының", "Облыстың жергілікті атқарушы органының", "облыстың жергілікті атқарушы органының ұсынуы бойынша облыстың жергілікті өкiлдi органының" және "облыстың жергілікті атқарушы органының ұсынуы бойынша облыстың жергілікті өкiлдi органы" деген сөздермен;
      "мемлекеттiк бюджет қаражаты есебiнен", "Мемлекеттiк бюджет қаражаты есебiнен" деген сөздер "бюджет қаражаты есебiнен", "Бюджет қаражаты есебiнен"деген сөздермен;
      "жануарлар дүниесiн қорғау, молайту мен пайдалану және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы" деген сөздер "жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы" деген сөздермен ауыстырылды - ҚР 2012.01.25 № 548-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
      Ескерту. Бүкіл мәтін бойынша "саябақтарға", "саябақтар", "табиғи саябақ", "саябақтардың" деген сөздер тиісінше "парктерге", "парктер", "табиғи парктер", "парктердің" деген сөздермен ауыстырылды - ҚР 15.06.2017 № 73-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

1-бөлім. Жалпы ережелер
1-тарау. Негізгі ережелер

1-бап. Қазақстан Республикасының орман заңдары

      1. Қазақстан Республикасының орман заңдары Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi және осы Кодекс пен Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актiлерiнен тұрады.

      2. Өсiмдiктер (ормандардан басқа) мен жануарлар дүниесiн, су объектiлерiн, жер қойнауын, жердi, атмосфералық ауаны, ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды пайдалану мен қорғау саласындағы құқықтық қатынастар Қазақстан Республикасының арнайы заңдарымен реттеледi.

      3. Егер Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шартта осы Кодекстегіден өзгеше ережелер белгіленсе, халықаралық шарттың ережелері қолданылады.

2-бап. Осы Кодекспен реттелетін қатынастар

      1. Осы Кодекс орман қорын иелену, пайдалану, оған билiк ету жөнiндегi қоғамдық қатынастарды реттейдi, сондай-ақ орман қорын күзетудiң, қорғаудың, молықтырудың, оның экологиялық және ресурстық әлеуетiн көтерудiң, оны ұтымды пайдаланудың құқықтық негiздерiн белгiлейдi.

      2. Орман құқығы қатынастарын реттеу орман биосфераның ғаламдық экологиялық, әлеуметтiк және экономикалық мәнi бар аса маңызды компоненттерiнiң бiрi болып табылатыны негiзге алына отырып жүзеге асырылады.

3-бап. Қазақстан Республикасы орман заңдарының принциптерi

      Қазақстан Республикасының орман заңдары:

      1) ормандардың климатты реттейтiн, орта түзетiн, егiс-топырақ қорғау, су сақтау және санитарлық-гигиеналық функцияларды орындайтын жалпымемлекеттiк мәнiн мойындау;

      2) ормандарды тұрақты дамыту (Қазақстан Республикасының орманды аумақтарын тұрақты ұлғайту);

      3) ормандардың, мемлекеттiк табиғи-қорық қоры объектiлерiнiң, мәдени және табиғи мұраның биологиялық әралуандығын сақтау;

      4) ормандарды көп мақсатқа пайдалану;

      5) орман ресурстарын ұтымды, үздiксiз, сарқылмайтындай етiп пайдалану;

      6) орман қорын күзету, қорғау, пайдалану, ормандарды молықтыру мен орман өсіру саласындағы мемлекеттік реттеу, бақылау мен қадағалау;

      7) басты мақсатта пайдалану үшiн ағаш кесу мен алынған сүректi қайта өңдеудi жүзеге асыру функцияларынан орман пайдалануды реттеу функцияларының ара жiгiн ажырату;

      8) Қазақстан Республикасының орман заңдарын бұзудан келтiрiлген залалдың орнын толтыру;

      9) орман ресурстарын ақылы пайдалану;

      10) орман қорының жай-күйi туралы ақпараттың қол жетiмдiлiгi;

      11) халықтың және қоғамдық бiрлестiктердiң орман қорын күзетуге және қорғауға қатысу принциптерiне негiзделедi.

      Ескерту. 3-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2006.07.07 № 176, 2012.01.25 № 548-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 24.05.2018 № 156-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 28.10.2019 № 268-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

4-бап. Осы Кодексте пайдаланылатын негiзгi ұғымдар

      Осы Кодексте мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) агроорман-мелиорациялық екпе – ауыл шаруашылығы үшiн қолайсыз табиғи факторлардың әсерiн азайтуға мүмкiндiк беретiн қорғаныштық орман екпесi;

      2) ағаш және бұта тұқымдыларының селекциясы (орман селекциясы) – шаруашылық және өзге де құндылығы бар орман тұқымдыларының түрлерi мен сорттарын табиғи популяция арқылы iрiктеу немесе қолдан өсiру жөнiндегi iс-шаралар кешенi;

      3) ағашы кесiлген жер – екпе ағашы кесiп алынған, ал орманның жаңа түптерi әлi көтерiле қоймаған орман алаңы;

      4) ағаштың заңсыз кесілуі – Қазақстан Республикасының орман қорында ағаштар мен бұталарды, оның ішінде табиғи, антропогендік және техногендік факторлардың салдарынан зақымданған және жойылған ағаштар мен бұталарды: ағаш кесу билетінсіз; ағаш кесу билеті бойынша мемлекеттік орман қоры учаскелерінде ағаш кесу қағидаларын бұзып, ағаш кесу билетінде белгіленген мерзімдерді сақтамай кесу; есепті кеспеағаш аймағынан асып түсетін мөлшерде кесу;

      5) алаңқай жерлер – ағашы жоқ, бiрақ орман өсiмдiктерiнiң элементтері сақталған орман алаңы;

      6) аралық мақсатта пайдалану үшiн ағаш кесу – орманды күтiп-баптау мақсатында ағаш кесу, iрiктеп санитариялық мақсатта ағаш кесу, құндылығы төмен орман екпелерін, сондай-ақ қорғаныштық, су сақтау және басқа да функцияларынан айырылған екпелерді қайта жаңғыртуға байланысты кесу, жекелеген талшыбықтарды кесу;

      7) арнайы мақсаттағы плантациялық екпелер – өнеркәсiптiк, энергетикалық, тағамдық және өзге де мақсаттар үшiн қолдан өсiрiлетiн екпелер;

      8) артықшылығы бар ағаш – дәл сондай орман өсiру жағдайларында өзiмен қатар өсiп тұрған, өзiмен бiр жастағы және бiрдей фенологиялық нысандағы айналасындағы ағаштардан бiр немесе бiрнеше шаруашылық жағынан құндылық белгiлері мен қасиеттерi бойынша айтарлықтай асып түсетiн ағаш;

      9) артықшылығы бар ағаштар клондарының мұрағаттары – артықшылығы бар ағаштардың гендiк қорын сақтау және тұқым қуалау қасиеттерiн зерттеу мақсатында олардың вегетативтік тұқымдарын пайдалану арқылы өсiрiлген екпелер;

      10) артықшылығы бар екпе – орман өсiрудiң белгiлi бiр жағдайларында өнiмдiлiгi жоғары және тұрақты екпе;

      11) аса құнды орман алқаптары – тұқымдық құрамы бойынша сирек кездесетiн және эндемиктiк тұқымдар бар бiрегей орман; өнiмдiлiгi мен гендiк сапасы бойынша бiрегей ормандар; күрделi табиғи жағдайларда маңызды қорғаныштық функциялар орындайтын ормандар;

      12) аэрофототүсірілім – жер иеліктерінің шекарасын картаға түсіру, анықтау; қоршаған ортаны зерттеу мен оның мониторингі үшін аэрофотосуреттерді пайдалану мақсатында аэрофотоаппараттың көмегімен әуе кемелерінен және басқа да ұшу аппараттарынан аумақты фотосуретке түсіру;

      13) басты мақсатта пайдалану үшiн ағаш кесу - сүрек дайындау үшiн толысқан және қураған сүрекдiңдердi кесу;

      14) биологиялық әралуандық – түр шеңберіндегі, түрлер арасындағы әртүрлілік пен экологиялық жүйелердің әртүрлілігін қамтитын, барлық көздерден, оның ішінде өздері бір бөлігі болып табылатын жердегі, теңіздегі және өзге де су экологиялық жүйелері мен экологиялық кешендерден тірі организмдердің өзгермелілігі;

      15) биоценоз - белгiлi бiр, салыстырмалы түрде бiртектi жер учаскесiн немесе су айдыны учаскесiн мекендейтiн және өзара қарым-қатынастағы өсiмдiктердiң, жануарлар мен микроорганизмдердің жиынтығы;

      16) гендiк қор - дарақтардың бiр тобы гендерiнiң (популяциялардың, популяциялар тобының немесе түрлердiң) олардың белгiлi бiр ұшырасу жиiлiгiмен сипатталатын шектегi жиынтығы;

      17) географиялық дақылдар - жаңа жағдайларда сынақтан өткiзу мақсатымен бiрнеше экотиптердiң (климатиптердiң) неғұрлым тән популяцияларының тұқымдық ұрығынан арнаулы әдiстемелер бойынша өсiрiлетiн тәжiрибелiк дақылдар;

      18) дериват – туынды өсімдік және одан немесе оның туындысынан жасалған өнім;

      19) зияндылықтың экономикалық шегi - орман ресурстарына келтiрілген залал құны бойынша осы зиянкестермен күресуге жұмсалатын шығыннан артып кететiн орман зиянкестерiнiң тығыздығы;

      20) кемiстiгi бар екпе - орман өсiрудiң белгiлi бiр жағдайлары үшін шығымдылығы төмен және сапасы нашар екпе;

      21) кеспеағаш аймағы - ағаш кесудiң барлық түрлерi үшiн бөлiнген немесе ағаштары кесiлу сатысындағы орман учаскесi;

      22) кеспеағаш аймағын бөлу - шекараны нақтылы және кеспеағаштарды таксациялай отырып айқындау, кесуге жатқызылған ағаштарға белгi соғу, кеспеағаш аймағында есепке алынған сүректердi заттай және ақшалай бағалау жөнiндегi iс-шаралар;

      23) кеспеағаш аймағынан тыс қоқыс - кеспеағаш аймағынан тыс жерде жатқан және өнеркәсiптiк мақсаттарда дайындалмайтын ағаштың (дiңдердiң және бұтақтардың) табиғи құлап, үзiлiп түсуi;

      24) кесу жасы - сүрекдiңдердiң толыса бастаған санатынан толысқан санатына өтуден басталатын және басты пайдалану мақсатында кесуге болатын жасы;

      25) кесiлмеген ағаш – кесуге арналған, бiрақ ағаш кесу билетiнде көзделген мерзiмде кесiлмеген орман ағаштары немесе учаскелерi;

      26) қала ормандары – қалалық елдi мекеннің шекарасында өсетін және мемлекеттік орман қоры құрамына енетін, негізінен санитариялық-гигиеналық және рекреациялық функцияларды орындайтын табиғи және (немесе) қолдан өсірілген екпелер;

      27) қалыпты екпе – орман өсiрудiң белгiлi бiр жағдайында өнiмдiлiгi жоғары және орташа, сапасы жақсы және орташа екпе;

      28) қосалқы сүрек ресурстары (материалдары) (бұдан әрi - қосалқы сүрек ресурстары) – ағаштар мен бұталардың қабықтары, бұтақтары, томарлары, тамырлары, жапырақтары, бүршiктерi;

      29) мемлекеттiк орман қоры алқабы – орман орналастыру кезiнде орман қорын мемлекеттiк есепке алу, арнайы картаға түсiру және орман шаруашылығы iс-шараларын жоспарлау мақсатында мемлекеттiк орман қоры құрамында бөлiнетiн жер учаскелерi;

      30) мемлекеттiк орман қорының санаты – Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен бөлiнген мемлекеттiк орман қорының ерекше қорғалатын, су сақтау, санитариялық-гигиеналық, рекреациялық, ғылыми немесе өзге де арнайы мақсаттағы, аумағында орман шаруашылығын жүргiзу мен орман пайдаланудың ерекше режимi белгiленген бiр бөлiгi;

      31) мемлекеттiк орман орналастыру ұйымы - Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорын;

      32) орман – ағаш пен бұта өсiмдiктерiнiң және тірі табиғаттың басқа да компоненттерiнiң жиынтығы негiзiнде белгiлi бiр аумақта қалыптасатын, қоршаған ортамен өзара байланыстағы және маңызды экологиялық, экономикалық және әлеуметтiк мәнi бар табиғи кешен;

      33) орман аурулары – қоршаған ортаның қолайсыз факторларынан немесе ауру өсiмдiктерден сау өсiмдiктерге берiлетiн организмдерден туындайтын және өсiмдiктер құрылысының өзгеруiне немесе олардың құрып кетуiне әкеп соқтыратын патологиялық процестер;

      34) орман дақылдары – орманның ағаш және бұта тұқымдыларынан қолдан өсірілген екпелер;

      35) орман дақылдарының қоры – орман көмкермеген жерлер (ағашы кесілген орындар, өртеңдер, алаңқайлар, селдір ормандар) және ормандануы орманды қолдан өсіру арқылы ғана мүмкін болатын ормансыз жерлер;

      36) орман зиянкестерi – орман екпелерiн зақымдайтын организмдер;

      37) орман иелену – орман шаруашылығын жүргiзу және орман пайдалану, ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жұмыс iстеуi үшiн мемлекеттiк орман иеленушiлерге Қазақстан Республикасының Үкiметi беретiн мемлекеттiк орман қоры учаскелерiн иелену және пайдалану құқығы, сондай-ақ жекеше орман иеленушiлерге осы Кодексте белгiленген тәртiппен берiлетiн жекеше орман қорын иелену, пайдалану және оған билiк ету құқығы;

      38) орман иеленушiлер – мемлекеттiк орман қоры учаскелерi тұрақты жер пайдалану құқығымен берiлген мемлекеттiк ұйымдар, сондай-ақ осы Кодекске сәйкес жекеше орман қоры учаскелерi меншiгiнде болатын Қазақстан Республикасының азаматтары және шетелдік қатысуы жоқ Қазақстан Республикасының мемлекеттiк емес заңды тұлғалары;

      39) орман қарау аймағы – орманшылық аумағын күзету үшiн бiр орманшыға бекiтiлiп берiлетiн, осы Кодексте және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiнде белгiленген тәртiппен айқындалатын орманшылық аумағының бiр бөлiгi;

      40) орман қорын күзету, қорғау, пайдалану, ормандарды молықтыру және орман өсіру саласындағы мемлекеттік бақылау – орман шаруашылығы саласындағы уәкілетті органның Қазақстан Республикасының заңнамасы белгілеген талаптарға тексерілетін субъектілер қызметінің сәйкес келуі нысанасына оларды тексеру және бақылау жөніндегі қызметі, оны жүзеге асыру барысында және оның нәтижелері бойынша жедел араласпай-ақ құқық шектеу сипатындағы шаралар қолданылуы мүмкін;

      40-1) орман қорын күзету, қорғау, пайдалану, ормандарды молықтыру және орман өсіру саласындағы мемлекеттік қадағалау – орман шаруашылығы саласындағы уәкілетті органның тексерілетін субъектілердің Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын сақтауын тексеру және байқау жөніндегі қызметі, оны жүзеге асыру барысында және оның нәтижелері бойынша құқық шектеу сипатындағы шаралар, оның ішінде жедел ден қою шаралары қолданылуы мүмкін;

      41) алып тасталды - ҚР 24.05.2018 № 156-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);

      42) орман қорын пайдалану – жеке және заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгiленген орман пайдалану, сондай-ақ орман қоры аумағындағы жердi, суды және кең таралған пайдалы қазбаларды шаруашылық және өзге де мақсаттарда пайдалану құқығы;

      43) орман қорын түгендеу – орман қорының жекелеген учаскелерiнiң сандық және сапалық көрсеткiштерiн сипаттау, картаға түсiру және анықтау жөнiндегi жұмыстар кешенi;

      44) орман орамы – орман шаруашылығын жүргізуді ұйымдастыру үшін қызмет ететін жергілікті жерде орман жолдарымен, табиғи шептермен (өзен жағалаулары, тау жоталары, жолдар және басқалар) шектелген орман қоры аумағының бір бөлігі;

      45) орман өрт сөндіру станциясы – орман өрттерінің алдын алу және оларды уақтылы жою жөніндегі шаралардың жүргізілуін қамтамасыз ететін өртке қарсы қызмет пен техниканы орналастыруға арналған мемлекеттік орман иеленушінің объектісі;

      46) орман өсiру – бұрын орман болмаған аумақтарда ағаш екпелерiн қолдан отырғызу және өсiру;

      47) орман пайдалану – орман ресурстары мен орманның пайдалы қасиеттерiн пайдалану жөнiндегi заңдық және экономикалық жағынан регламенттелген қызмет;

      48) орман пайдаланушы – осы Кодексте белгiленген тәртiппен уақытша орман пайдалану құқығы берiлген жеке немесе заңды тұлға;

      49) орман питомнигі – орман қоры аумағының ағаш және бұта тұқымдас екпе материалдарды өсiруге арналған учаскесi;

      50) орман соқпағы – орман орамдарының шекараларын белгiлеу немесе өзге мақсаттар үшiн ағаш және бұта өсiмдiктерiнен тазартылып жасалған белдеу;

      51) орман телімі – бастапқы орман шаруашылығы есептік бірлігі болып табылатын, орман орамы аумағының таксациялау сипаттамалары, топырақ-типологиялық жағдайлары және шаруашылық маңызы бойынша біртекті бөлігі;

      52) орман тұқымы плантациясы – берілген тұқым қуалаушылық қасиеттерi және себу сапасы жоғары сорттық, элиталық немесе будан тұқымдарын жүйелі түрде (ұзақ уақыт бойы) алуға арналған артықшылығы бар ағаштардың тұқымды, немесе вегетативтік ұрпағы болып табылатын өсімдіктердің арнаулы генетикалық схема бойынша отырғызылып, қолдан өсірілген екпесі;

      53) орман тұқым шаруашылығы – тұқым қуалаушылық қасиеттерi құнды және себу сапасы жоғары тұқым алуға бағытталған орман тұқымдарын дайындау, өңдеу, сақтау және пайдалану, олардың сапасы мен шығу тегiне бақылау жасау жөнiндегi iс-шаралар кешенi;

      54) орман шаруашылығы – орман қорын күзету және қорғау, ормандарды молықтыру мен орман өсiру, орман пайдалануды реттеу және оның жүзеге асырылуын бақылау жөнiндегi iс-шараларды қамтитын орман қорын зерттеу және оның есебiн жүргiзу жөнiндегi қызметтi жүзеге асыратын экономика саласы;

      55) орман шаруашылығын жобалау – орман өсімдіктері, агроорман-мелиорациялық, өртке қарсы іс-шараларды, орман және аңшылық шаруашылығы объектілерін салуды жобалау жөніндегі жұмыстардың кешені;

      56) орман шаруашылығы жолдары – орман шаруашылығы, өртке қарсы мақсаты бар, орман шаруашылығын жүргізу және орман пайдалануды жүзеге асыру үшін орманды аумақтардың қол жетімділігін қамтамасыз ететін орман шаруашылығы объектілері;

      57) орман шаруашылығы мемлекеттiк мекемесi (бұдан әрі – орман мекемесі) – мемлекеттiк орман қорын күзету және қорғау, ормандарды молықтыру және орман өсiру, орман пайдалануды реттеу жөнiндегi іс-шараларды жүзеге асыру үшiн Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен құрылған мекеме;

      58) орман шаруашылығы саласындағы уәкiлеттi орган (бұдан әрi – уәкiлеттi орган) – орман қорын күзету, қорғау, пайдалану, ормандарды молықтыру мен орман өсiру саласында басқару, бақылау мен қадағалау функцияларын жүзеге асыратын мемлекеттiк орган;

      59) орман шаруашылығы iс-шаралары – орман қорын күзету, қорғау, ормандарды молықтыру және орман өсiру, орман пайдалануды реттеу жөнiнде орман орналастыру материалдары негiзiнде жүргiзiлетiн ұйымдастырушылық және техникалық iс-шаралар кешенi;

      60) орман шеберiнiң учаскесi – орманшылық аумағының құрамында екi және одан да көп орман қарау аймағы бар бiр орман шеберiне бекiтiлген және орман шаруашылығы iс-шараларын орындауға арналған бiр бөлiгi;

      61) ормандағы өрт қаупi бар маусым – климат және ауа райы факторларын негiзге алып, орман шаруашылығы саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк орган, облыстық атқарушы орган айқындайтын, орман өртi шығу қаупi болуы мүмкiн күнтiзбелiк жылдың бiр бөлiгi;

      62) ормандану – ағаш өспеген алқаптарда орманды қолдан өсiру немесе орманның табиғи түрде өсуі;

      63) ормандарды күзету – орман өртiнiң алдын алу және орман өртiне, ағаштың заңсыз кесiлуiне және Қазақстан Республикасының орман заңнамасын басқа да бұзушылықтарға қарсы күрес жөнiндегi iс-шаралар жиынтығы;

      64) орманды күтiп-баптау мақсатында ағаш кесу – жоғары өнiмдi және төзiмдi екпелердi қалыптастыру мақсатында екпелердiң арасынан өспей қалған немесе ағаштардың басты тұқымдарының өсуiне кедергi келтiретiн ағаштарды жою жолымен жүзеге асырылатын орманды мерзiмдiк күтiп-баптау;

      65) орманның қайта түлеуі – сүрекдiңдер арасында, сондай-ақ ағашы кесiлген, өрт шалған және бұрын орман болған басқа да алаңдарда орманның жаңа түптерiнiң пайда болуының табиғи процесi;

      66) орманды қорғау – орманды орман зиянкестерінен, ауруларынан және табиғи, антропогендiк және техногендік сипаттағы қолайсыз факторлар әсерiнен қорғау жөнiнде жер үстiндегі және авиациялық әдiстермен жүзеге асырылатын iс-шаралар жиынтығы;

      67) орманды молықтыру – орман ағаштарын отырғызуға немесе орманды күтiп-баптау және оны сауықтыру жөнiндегi шараларды қоса алғанда, бұрынғы орманды алаңдарды табиғи түрде қайта жаңғыртуға ықпал ететiн шаралар жүргiзу;

      68) орманды (кеспеағаш аймағын) таксациялау – орман ресурстарының, соның iшiнде кесу көзделетiн екпе ағаштардың сапалық және сандық сипаттамаларын анықтау, есепке алу, бағалау жөнiндегi iс-шаралар;

      69) орманды өңір – қандай да бір аумақта орман басқан жерлердiң оның жалпы алаңына орман өскен жердiң арақатынасы арқылы анықталып, пайызбен белгiленетiн дәрежесi;

      70) орманның аса қауiптi зиянкестерi – жаппай көбейiп, таралатын, сөйтiп ормандарға зияндылықтың экономикалық шегiнен асып кететiн залал келтiретiн зиянкес организмдер;

      71) орманның генетикалық резерваты – өсiмдiктер түрi, түр тармағы популяциясының генетикалық-селекциялық тұрғыдан құнды бөлiгi бар орман учаскесi;

      72) орманның жинақталмаған ағаштары – қолдан өсiрiлген (себiлген немесе отырғызылған), бiрақ орманды алқаптарға көшiрiлмеген ағаштар;

      73) орманның санитариялық жай-күйi – қоқыстанған, солып қалған және қураған ағаштардың болуы, зиянкестер санының және орман аурулары таралуының қарқыны, орманның жай-күйіне керi әсер ететiн басқа да жағымсыз факторлар туралы мәлiметтердi қамтитын орман жай-күйiнiң сипаттамасы;

      74) орманшылық – орман иеленушiнiң өз шекарасында орналасқан, орман шаруашылығы iс-шараларын жоспарлау мен орындауға, орман пайдалану көлемiн есептеуге арналған құрылымдық бөлiмшесi;

      74-1) орманның экологиялық жүйелік қызметтері (бұдан әрі – орманның экожүйелік қызметтері) – орман қоры аумағында және оған іргелес жатқан учаскелерде қызметін жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар, пайдалы қасиеттерін қоса алғанда, орманды, оның функцияларын пайдаланудан алатын пайда;

      75) өртең – екпе ағашын өрт жойып жiберген, ал жаңа түптерi әлi көтерiле қоймаған орман алқабы;

      76) өскiн – орман жапырақтары астында немесе ағашы кесiлген жерде қалып қойған, көтеріліп өсуге немесе аналық сүрекдiңдердi алмастыруға жарамды ағаш өсімдіктерінің жас шыбықтары;

      77) санитариялық мақсатта ағаш кесу – орманның санитариялық жай-күйiн жақсарту мақсатында жүргiзiлетiн ағаш кесу (iшiнара, жаппай), оның барысында жекелеген ауру, зақымданған, солып қалған және қураған ағаштар кесiледi;

      78) селдiреу – жуандығы 0,1 - 0,2 мөлшерiндегi жасы бiрiншi және екiншi сыныптағы шыбықтарды қоспағанда, табиғи түрде қалыптасқан сүрекдiңдер;

      79) сөл алу – ағаштардың дiңдерiнен шайыр, сөл алу үшiн оларды көктеп-өсу кезеңiнде қолдан зақымдау;

      80) сүрекдiң – орман екпелерiнiң негiзгi компоненті болып табылатын ағаштар жиынтығы;

      81) тез өсетін ағаш және бұта тұқымдылары – өнеркәсіптік және энергетикалық мақсаттарда арнайы мақсаттағы плантациялық екпелер құру үшін өсірудің қарқынды агротехникасы қолданылатын ағаш және бұта тұқымдылар;

      82) тексеру кезеңi – орман шаруашылығын жүргiзу үшiн орман орналастыру жобасы немесе ерекше қорғалатын табиғи аумақты басқару жоспары әзiрленетiн мерзiм;

      83) тұрақты орман тұқым базасы – тұқым қуалаушылық қасиетi құнды және себу сапасы жоғары тұқым алу үшiн Қазақстан Республикасының орман заңнамасында белгiленген тәртiппен мемлекеттiк орман қорында аумағы жағынан бөлiнген, селекциялық-тұқым шаруашылығы мақсатындағы объектiлер жиынтығы;

      84) тұрақты орман тұқымы учаскесі – осы орман өсiру жағдайларында ұзақ уақыт бойы тұқым алуға арналған артықшылығы бар екпелерде, тұқым плантацияларында артықшылығы бар ағаштардан дайындалған тұқымдардан өсірілген, егiлген немесе отырғызылған көшеттерден жасалған жоғары өнімді табиғи түрдегі немесе орман дақылдары екпелерінің қалыптасқан учаскелері;

      85) усадьба – ағаш өспеген алқаптарға жататын, орман шаруашылығын жүргiзумен және ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жұмыс iстеуiмен байланысты тұрғын үйге арналған және кiсi тұрмайтын қора-жайлар орналасқан жер учаскелерiн бiлдiретiн мемлекеттiк орман қоры алқаптарының түрi;

      86) шайыр – қылқан жапырақты ағаштар зақымданған кезде бөлiнетiн қоймалжың зат;

      87) шоқ ормандар – орманды дала аймағында шағын учаскелер (0,1-ден 30 гектарға дейін) болып өсетін табиғи ормандар.

      Ескерту. 4-бап жаңа редакцияда - ҚР 2012.01.25 № 548-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), өзгерістер енгізілді - ҚР 2012.07.10 № 34-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); 15.06.2017 № 73-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 24.05.2018 № 156-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 28.10.2019 № 268-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 30.06.2021 № 59-VII (01.01.2022 бастап қолданысқа енгізіледі); 02.01.2023 № 184-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

2-тарау. Орман құқығы қатынастарының объектілері мен субъектілері

5-бап. Орман құқығы қатынастарының объектiлерi

      1. Орман қоры жерлерiн, орман ресурстары мен орманның пайдалы қасиеттерiн қамтитын Қазақстан Республикасының орман қоры орман құқығы қатынастарының объектiсi болып табылады.

      2. Орман құқығы қатынастарының объектiлерi осы Кодексте және Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгiленген тәртiппен ақылы жағдайда ормандардың көп функциялы маңызы ескерiле отырып пайдаланылады.

      Ескерту. 5-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2011.07.05 № 452-IV (2011.10.13 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

6-бап. Қазақстан Республикасының орман қоры

      1. Қазақстан Республикасының аумағындағы барлық орман, сондай-ақ орман өсiмдiктерi өспеген, бiрақ орман шаруашылығының қажеттерiне арналған орман қоры жерлерi Қазақстан Республикасының орман қорын (бұдан әрi - орман қоры) құрайды.

      2. Орман қоры мемлекеттiк және жекеше орман қорларынан тұрады.

      3. Мемлекеттiк орман қорына:

      1) ерекше қорғалатын табиғи аумақтар жерлерiндегi (орманды және ағаш өспеген алқаптарды қоса алғанда) табиғи және қолдан өсiрiлген ормандар;

      2) табиғи және қолдан өсiрiлген ормандар, сондай-ақ мемлекеттiк орман қоры жерлерiндегi орман шаруашылығының қажеттерi үшiн берiлген, орман өсiмдiктерi өспеген жер учаскелерi;

      3) халықаралық және республикалық маңызы бар ортақ пайдаланудағы темiр жолдар мен автомобиль жолдарының, каналдардың, магистральды құбырлардың және басқа желiлiк құрылыстардың белдеулерiндегi енi он метр және одан көбiрек, алаңы 0,05 гектардан астам қорғаныштық екпелерi жатады.

      4. Жекеше орман қорына Қазақстан Республикасының Жер кодексіне сәйкес Қазақстан Республикасының азаматтарына және шетелдік қатысуы жоқ Қазақстан Республикасының мемлекеттік емес заңды тұлғаларына жеке меншiкке немесе ұзақ мерзiмдi жер пайдалануға орман өсiру үшiн нысаналы мақсатпен берiлген жерлерде, солардың қаражаты есебiнен жасалған:

      1) қолдан өсірілген екпелер;

      2) табиғи тұқымдық және (немесе) вегетативтік жолмен пайда болған екпелер;

      3) жекеше орман питомниктерi;

      4) арнайы мақсаттағы плантациялық екпелер;

      5) агроорман-мелиорациялық екпелер;

      6) жеке меншіктегі шаруашылық автомобиль жолдарына бөлінген белдеулердегі қорғаныштық екпелер жатады.

      5. Орман қорына:

      1) мемлекеттiк орман қорының жерiнен тыс орналасқан жекелеген ағаштар және көлемi 0,05 гектардан кем шоқ ағаштар, ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлердегi бұта өсiмдiктер;

      2) қала ормандарынан басқа, елді мекендер шекарасы шегіндегі жасыл екпелер;

      3) үй маңындағы, саяжайлар мен бау-бақша учаскелерiндегi ағаштар мен бұталар кiрмейдi.

      Ескерту. 6-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2006.07.07 № 176, 2012.01.25 № 548-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 30.06.2021 № 59-VII (01.01.2022 бастап қолданысқа енгізіледі); 02.01.2023 № 184-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

7-бап. Орман қорына меншiк құқығы

      1. Қазақстан Республикасындағы мемлекеттiк орман қоры Қазақстан халқына тиесілі. Қазақстан халқының атынан меншік құқығын мемлекет жүзеге асырады. Бұл ретте мемлекеттің меншік құқығын жүзеге асыруы Қазақстан халқының мүддесі үшін мемлекеттік меншік режимі арқылы іске асырылады.

      Қазақстан Республикасындағы мемлекеттiк орман қоры мемлекеттiк меншiк объектiлерiне жатады және республикалық меншiкте болады.

      2. Жекеше орман қоры учаскелерiн иеленудi, пайдалану мен оған билiк етудi, осы Кодекске және Қазақстан Республикасының өзге де заң актiлерiне сәйкес, жекеше орман иеленушiлер жүзеге асырады.

      Ескерту. 7-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 05.11.2022 № 157-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

8-бап. Орман қорының жерлерi

      1. Орман қорының жерлерi мемлекеттiк және жекеше орман қоры жерлерiне бөлiнедi.

      2. Мемлекеттiк орман қорының жерлерiне табиғи түрде ағаш өскен, бюджет қаражаты есебiнен қолдан ағаш өсiрiлген және ағаш өспеген (орманды және ағаш өспеген алқаптар), орман шаруашылығын жүргiзетiн мемлекеттiк ұйымдарға тұрақты жер пайдалануға берiлген жерлер жатады.

      3. Жекеше орман қоры жерлеріне Қазақстан Республикасының Жер кодексіне сәйкес Қазақстан Республикасының азаматтарына және шетелдік қатысуы жоқ Қазақстан Республикасының мемлекеттік емес заңды тұлғаларына жеке меншікке немесе ұзақ мерзімді жер пайдалануға орман өсіру үшін нысаналы мақсатпен берілген:

      1) қолдан өсірілген екпелер;

      2) табиғи тұқымдық және (немесе) вегетативтік жолмен пайда болған екпелер;

      3) жекеше орман питомниктері;

      4) арнайы мақсаттағы плантациялық екпелер;

      5) агроорман-мелиорациялық екпелер;

      6) жеке меншіктегі шаруашылық автомобиль жолдарына бөлінген белдеулердегі қорғаныштық екпелер орналасқан жерлер жатады.

      4. Мемлекеттiк орман қоры жерлерiнiң шекарасы жерге орналастыру жұмыстарын жүргiзу кезiнде орман орналастыру материалдарының негiзiнде белгiленедi және нақтыланады.

      5. Мемлекеттiк орман қорының жерлерiн сатып алу-сату, кепiлге беру және басқа мәмiлелер жасасу арқылы иелiктен шығаруға жол берiлмейдi.

      6. Орман қорының жерлерiн беру, алып қою және пайдалану тәртiбi осы Кодекспен, Қазақстан Республикасының Жер және Азаматтық кодекстерімен айқындалады.

      Ескерту. 8-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2006.07.07 № 176, 2011.07.05 № 452-IV (2011.10.13 бастап қолданысқа енгізіледі), 2012.01.25 № 548-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 30.06.2021 № 59-VII (01.01.2022 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

9-бап. Орман ресурстары және орманның пайдалы қасиеттерi

      1. Орман ресурстары сүрек қорынан, шайыр мен ағаш шырындарынан, қосалқы сүрек ресурстарынан, жабайы өсетiн жемiстерден, жаңғақтардан, саңырауқұлақтардан, дәрiлiк өсiмдiктер мен техникалық шикiзаттан, орман қорында болатын, жинақталатын және өндiрiлетiн өзге де өсiмдiк пен мал өнiмдерi қорынан тұрады.

      2. Орманның өсiп тұрған кезiнде өзiне тән экологиялық және әлеуметтiк мәнi бар функциялары (оттегiн бөлiп шығару, көмiр қышқыл газын бойына сiңiру, топырақты су және жел эрозиясынан сақтау, топырақтың жоғары қабатындағы ылғалды iшкi қабатына тарту, бальнеологиялық және климат реттеушiлiк қасиеттерi) оның пайдалы қасиеттерiне жатады.

10-бап. Орман құқығы қатынастарының субъектiлерi

      Ормандарды күзетудi, қорғауды, молықтыруды, орман өсiру мен (немесе) орман пайдалануды жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар, сондай-ақ мемлекеттiк органдар орман құқығы қатынастарының субъектiлерi болып табылады.

2-бөлім. Орман қорын күзету, қорғау, пайдалану, ормандарды молықтыру және орман өсіру саласындағы мемлекеттік басқару, бақылау мен қадағалау

      Ескерту. 2-бөлімнің тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР 24.05.2018 № 156-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді - ҚР 28.10.2019 № 268-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

3-тарау. Орман қорын күзету, қорғау, пайдалану, ормандарды
молықтыру мен орман өсіру саласындағы мемлекеттік басқару

11-бап. Орман қорын күзету, қорғау, пайдалану, ормандарды молықтыру мен орман өсiру саласындағы мемлекеттiк басқаруды жүзеге асыратын лауазымды адам және мемлекеттiк органдар жүйесi

      Орман қорын күзету, қорғау, пайдалану, ормандарды молықтыру мен орман өсiру саласындағы мемлекеттiк басқаруды жүзеге асыратын лауазымды адамға және мемлекеттiк органдар жүйесiне Қазақстан Республикасының Президенті, Қазақстан Республикасының Үкiметi, уәкiлеттi орган, уәкілетті органның ведомствосы және уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшелері, сондай-ақ облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары Конституцияда, осы Кодексте, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде айқындалған өздерінің құзыреті шегінде жатады.

      Ескерту. 11-бап жаңа редакцияда - ҚР 2011.07.05 № 452-IV (2011.10.13 бастап қолданысқа енгізіледі); өзгерістер енгізілді - ҚР 2012.01.25 № 548-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 28.12.2018 № 210-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 28.10.2019 № 268-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

11-1-бап. Орман қорын күзетуді, қорғауды, пайдалануды, ормандарды молықтыруды және орман өсiруді қамтамасыз ету жүйесі

      Орман қорын күзетуді, қорғауды, пайдалануды, ормандарды молықтыруды және орман өсiруді қамтамасыз ету жүйесіне:

      1) Қазақстан Республикасының Үкiметi;

      2) уәкілетті орган, уәкілетті органның ведомствосы және уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшелері;

      3) орман қорын күзету, қорғау, пайдалану, ормандарды молықтыру және орман өсiру саласындағы қызметті жүзеге асыратын өзге де мемлекеттік органдар;

      4) жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару органдары;

      5) орман мекемелері мен табиғат қорғау ұйымдары;

      6) мемлекеттік орман орналастыру ұйымдары;

      РҚАО-ның ескертпесі!
      7) тармақша 2015.01.01 бастап қолданысын тоқтатты.

      7) орман қорын күзетуді, қорғауды, пайдалануды, ормандарды молықтыруды және орман өсiруді қамтамасыз ету саласындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорындар;

      8) орман қорын күзету, қорғау, пайдалану, ормандарды молықтыру және орман өсiру саласындағы ғылыми ұйымдар;

      9) орман иеленушілер мен орман пайдаланушылар;

      10) орман қорын күзету, қорғау, пайдалану, ормандарды молықтыру және орман өсiру мақсатында құрылған қоғамдық бірлестіктер кiредi.

      Ескерту. Заң 11-1-баппен толықтырылды - ҚР 2012.01.25 № 548-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен; өзгеріс енгізілді - ҚР 28.10.2019 № 268-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

12-бап. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң орман қорын күзету, қорғау, пайдалану, ормандарды молықтыру мен орман өсiру саласындағы құзыретi

      Қазақстан Республикасының Үкiметi:

      1) мемлекеттiк орман саясатының негiзгi бағыттарын әзiрлейдi және оның iске асырылуын қамтамасыз етедi;

      2) мемлекеттiк орман қорын иелену, пайдалану және оған билiк ету құқығын жүзеге асырады;

      3) осы Кодекстiң 22-бабының 2-тармағында аталған мемлекеттiк заңды тұлғаларға орман пайдалану құқығымен мемлекеттiк жер қоры учаскелерiн бередi;

      4) алып тасталды - ҚР 03.07.2013 № 124-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);

      5) мемлекеттiк орман қорын санаттар бойынша бөлудi бекiтедi;

      6) алып тасталды - ҚР 29.09.2014 N 239-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi);

      7) алып тасталды - ҚР 29.09.2014 N 239-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi);

      8) алып тасталды - ҚР 29.09.2014 N 239-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi);

      9) алып тасталды - ҚР 2012.01.25 № 548-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;

      10) өсімдіктердің сирек кездесетін және жойылып кету қаупі төнген түрлерін, олардың бөліктерін немесе дериваттарын алып қою туралы шешім қабылдайды және оларды алып қою көлемдерін бекітеді;

      11) алып тасталды – ҚР 19.04.2023 № 223-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;

      12) алып тасталды - ҚР 29.09.2014 N 239-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi);

      13) алып тасталды - ҚР 29.09.2014 N 239-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi);

      14) алып тасталды

      15) алып тасталды - ҚР 29.09.2014 N 239-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi);

      16) алып тасталды - ҚР 29.09.2014 N 239-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi);

      17) алып тасталды - ҚР 29.09.2014 N 239-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi);

      17-1) алып тасталды - ҚР 29.09.2014 N 239-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi);

      17-2) алып тасталды - ҚР 29.09.2014 N 239-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi);

      17-3) алып тасталды - ҚР 28.10.2019 № 268-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);

      17-4) алып тасталды - ҚР 29.09.2014 N 239-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi);

      17-5) алып тасталды - ҚР 29.09.2014 N 239-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi);

      17-6) алып тасталды - ҚР 29.09.2014 N 239-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi);

      17-7) алып тасталды - ҚР 29.09.2014 № 239-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi);

      17-8) алып тасталды - ҚР 29.09.2014 N 239-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi);

      17-9) алып тасталды - ҚР 29.09.2014 N 239-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi);

      17-10) алып тасталды - ҚР 29.09.2014 N 239-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi);

      17-11) алып тасталды - ҚР 29.09.2014 N 239-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi);

      17-12) алып тасталды - ҚР 29.09.2014 N 239-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi);

      17-13) алып тасталды - ҚР 29.09.2014 N 239-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi);

      17-14) алып тасталды - ҚР 29.09.2014 N 239-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi);

      17-15) алып тасталды - ҚР 29.09.2014 N 239-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi);

      17-16) алып тасталды - ҚР 29.09.2014 N 239-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi);

      17-17) алып тасталды - ҚР 29.09.2014 N 239-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi);

      17-18) алып тасталды - ҚР 29.09.2014 N 239-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi);

      17-19) алып тасталды - ҚР 29.09.2014 N 239-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi);

      17-20) алып тасталды - ҚР 15.06.2017 № 73-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
      18) алып тасталды – ҚР 19.04.2023 № 223-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
      Ескерту. 12-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2004.12.20 № 13 (2005.01.01 бастап күшіне енеді), 2008.12.10 № 101-IV (2009.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 2011.01.06 № 379-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2011.07.05 № 452-IV (2011.10.13 бастап қолданысқа енгізіледі), 2012.01.25 № 548-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 03.07.2013 № 124-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 16.05.2014 № 203-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.09.2014 № 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 15.06.2017 № 73-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 28.10.2019 № 268-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 19.04.2023 № 223-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

13-бап. Уәкілетті органның құзыреті

      Ескерту. 13-баптың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР 19.04.2023 № 223-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      1. Уәкiлеттi орган:

      1) Қазақстан Республикасының Yкiметi белгiлеген құзыретi шегiнде мемлекеттiк орман қорын иелену мен пайдалануды жүзеге асырады;

      1-1) мемлекеттік орман саясатын қалыптастырады және іске асырады;

      2) алып тасталды - ҚР 03.07.2013 № 124-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);

      3) орман қорын күзетуді, қорғауды, ормандарды молықтыруды және орман өсіруді ұйымдастырады және қамтамасыз етеді, өзінің функционалдық қарауындағы мемлекеттік орман қоры аумағында орман пайдалануды реттейді;

      4) Қазақстан Республикасының орман қорын күзету, қорғау және пайдалану, ормандарды молықтыру мен орман өсiру саласындағы нормативтiк құқықтық актiлерiн әзiрлейдi және бекiтедi;

      4-1) мемлекеттік орман қоры учаскелерінде орман шаруашылығы іс-шараларының орындалу сапасына және олардың орман орналастыру жобаларына сәйкестігіне мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;

      5) орман қорының жай-күйiне, күзетiлуiне, қорғалуына, пайдаланылуына, ормандардың молықтырылуы мен орман өсiруге мемлекеттік бақылау мен қадағалауды тексерулер арқылы жүзеге асырады;

      5-1) тексерулер арқылы мыналарға:

      орман қорындағы сандық және сапалық өзгерістерге, оның санитариялық жай-күйiне;

      мемлекеттік орман қоры учаскелерінде орман ресурстарын орман пайдалануға беру тәртібіне және ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді орман пайдалану шарттарының сақталуына;

      ормандарда өрт қауіпсіздігі талаптарының, орман өрттерінің алдын алу жөніндегі, оларды уақтылы байқауды және жоюды қамтамасыз ету жөніндегі іс-шаралардың орындалуына, сондай-ақ өртеңдер алқаптарын есепке алудың дәлме-дәлдігіне және мемлекеттік орман қорына өрттен келтірілген залалды анықтауға, орман өрттерінің зардаптарын жою бойынша қабылданған шаралардың уақтылығына;

      ормандарды зиянкестер мен аурулардан қорғау жөніндегі іс-шаралардың орындалуына, орман зиянкестері мен аурулары ошақтарының туындауының, таралуының алдын алу бойынша қабылданған шаралардың уақтылығына, оларды, табиғи және антропогендік сипаттағы қолайсыз әсерлерден екпелердің әлсіреуі мен қырылуын есепке алу мен болжаудың дәлме-дәлдігіне;

      кеспеағаш аймағының бөлінуіне;

      мемлекеттік орман қоры учаскелерінде сүректі түбірімен босату және ағаш кесу қағидаларының, орман пайдаланудың өзге де қағидаларының сақталуына;

      ерекше қорғалатын табиғи аумақтар ормандарында күзет режимдерінiң сақталуына;

      мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде орман тұқымдарының аудандастырылуының, орман тұқымдарын дайындау, өңдеу, сақтау мен пайдалану және олардың сапасын бақылау қағидаларының сақталуына, питомник шаруашылығының жүргiзілуіне;

      орман қоры жерлерiнiң нысаналы мақсатына сәйкес пайдаланылуына және осы жерлердiң қорғалуына;

      құрылыс жұмыстары, пайдалы қазбалар өндiру, коммуникациялар тарту және орман шаруашылығын жүргiзумен және орман пайдаланумен байланысты емес өзге де жұмыстарды орындау кезiнде мемлекеттiк орман қорын пайдалану тәртiбiнiң сақталуына мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүзеге асырады;

      6) мемлекеттік орман қоры учаскелеріндегі есептік кеспеағаш аймағын және ағаштың кесілетін жасын әзірлеу мен бекітуді қамтамасыз етеді;

      7) алып тасталды - ҚР 13.06.2013 № 102-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      8) мемлекеттік орман қоры аумағында орман қорының мемлекеттік есебін, мемлекеттік орман кадастрын, ормандардың және орман орналастырудың мемлекеттік мониторингін жүргізу қағидаларын әзірлейді және бекітеді және оларды жүргізуді қамтамасыз етеді;

      9) алынып тасталды - ҚР 2011.07.05 N 452-IV (2011.10.13 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      10) Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен орман қатынастары саласында халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асырады;

      11) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органының орман шаруашылығымен айналысатын құрылымдық бөлімшесі басшысының, сондай-ақ орман мекемелері мен табиғат қорғау ұйымдары басшыларының орман қорының жай-күйі, оны күзету, қорғау, пайдалану, ормандарды молықтыру және орман өсіру мәселелері бойынша есебін тыңдайды;

      12) мемлекеттiк орман қоры учаскелерінде орман пайдалану құқығын, сондай-ақ өзінің қарауындағы ормандардың жай-күйiне және молықтырылуына қауiп төндiретiн жұмыстарды Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тоқтата тұрады, шектейдi, тоқтатады;

      13) орман қорын күзету, қорғау және пайдалану, ормандарды молықтыру мен орман өсiру, орман селекциясы және орман тұқым шаруашылығы саласындағы ғылыми-техникалық даму бағыттарын айқындайды, ғылыми зерттеудi және жобалау-iздестiру жұмыстарын ұйымдастырады;

      14) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті өкілді және атқарушы органдары өкілдерінің қатысуымен өз қарауындағы мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде орман ресурстарын ұзақ мерзiмдi орман пайдалануға беру жөнiнде тендерлер ұйымдастырады және өткiзедi;

      15) Қазақстан Республикасының орман заңдары, Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы заңдар саласындағы әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды;

      16) алынып тасталды;

      17) мынадай: мемлекеттік орман қоры учаскелерінде орман пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерлемелерін есептеудің; орман қоры аумағында өрттен келтірілген залалды есепке алу және айқындау жөніндегі; орман қоры аумағында ағаштың заңсыз кесілуінің көлемдерін және ағаштың заңсыз кесілуінен келтірілген залалды есепке алу және айқындау жөніндегі әдістемелік нұсқауларды әзірлейді және бекітеді;

      18) алып тасталды - ҚР 2012.07.10 № 36-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;

      18-1) орман қорын күзету, қорғау, пайдалану, ормандарды молықтыру және орман өсiру мәселелерi бойынша облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың орман шаруашылығымен айналысатын жергiлiктi атқарушы органдарын, сондай-ақ орман мекемелерi мен табиғат қорғау ұйымдарын үйлестiрудi және оларға әдістемелік басшылық жасауды жүзеге асырады;

      18-2) алып тасталды - ҚР 29.09.2014 № 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен;

      18-3) орман орналастыру жобаларын бекітеді;

      18-4) әкімшілік органның Құрып кету қаупі төнген жабайы фауна мен флора түрлерімен халықаралық сауда туралы конвенцияның күші қолданылатын өсімдіктер дүниесі объектілерін, олардың бөліктері мен дериваттарын Қазақстан Республикасының аумағына импорттауға, Қазақстан Республикасының аумағынан экспорттауға және (немесе) кері экспорттауға арналған рұқсаттар беру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

      18-5) мемлекеттік орман қоры аумағында ағаш кесудің жыл сайынғы көлемдерін мемлекеттік орман қоры учаскелерінде сүректі түбірімен босату қағидаларына сәйкес қалыптастырады және бекітеді;

      18-6) орман тұқымдарын аудандастыруды әзірлейді және бекітеді;

      18-7) орман шаруашылығы саласында ынталандыру қағидаларын және құрметті атақтар, омырауға тағатын белгілер мен құрмет грамоталарын беру тәртібін әзірлейді және бекітеді;

      18-8) орман қорын күзету мен қорғау жөніндегі авиациялық жұмыстарды жүзеге асыру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

      18-9) білім беру саласындағы уәкiлеттi мемлекеттік органның келісімі бойынша мектеп орманшылығын ұйымдастыру және оның жұмыс істеуі қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

      18-10) орман ағаштарын, питомниктерді, табиғи түрде қайта түлеуге ықпал ету шаралары жүргiзілген және мемлекеттік орман қорында табиғи өсірілуге қалдырылған алқаптарды түгендеуді жүргізу тәртібін әзірлейді және бекітеді;

      18-11) орман орналастыруды жүргізу нұсқаулығын әзірлейді және бекітеді;

      18-12) орман ресурстары сауықтыру, рекреациялық, тарихи-мәдени, туристік және спорттық мақсаттар, аңшылық шаруашылығының мұқтаждықтары, жанама орман пайдалану үшін ұзақ мерзімді орман пайдалануға берілген мемлекеттік орман қоры жерлерінде орман пайдаланушыларға құрылыс объектілерін салуға учаскелер беру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

      18-13) орман ресурстары сауықтыру, рекреациялық, тарихи-мәдени, туристік және спорттық мақсаттар; аңшылық шаруашылығының мұқтаждықтары; жанама орман пайдалану үшін ұзақ мерзімді орман пайдалануға берілген өз қарауындағы мемлекеттік орман қоры жерлерінде орман пайдаланушыларға құрылыс объектілерін салуға учаскелерді береді;

      18-14) дериваттар тізбесін әзірлейді және бекітеді;

      18-15) Қазақстан Республикасының Үкіметіне өсімдіктердің сирек кездесетін және жойылып кету қаупі төнген түрлерін, олардың бөліктерін немесе дериваттарын алып қою және оларды алып қою көлемдерін бекіту жөнінде ұсыныстар енгізеді;

      18-16) Қазақстан Республикасының мемлекеттік орман инспекциясы мен Қазақстан Республикасы мемлекеттік орман күзетінің лауазымды адамдарын айырым белгілері бар нысанды киіммен (погонсыз) қамтамасыз етудің заттай нормаларын бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша әзірлейді және бекітеді;

      18-17) Қазақстан Республикасының мемлекеттік орман инспекциясы мен Қазақстан Республикасы мемлекеттік орман күзетінің лауазымды адамдарының айырым белгілері бар нысанды киім (погонсыз) үлгілерін және оны киіп жүру тәртібін әзірлейді және бекітеді;

      18-18) орман тұқымдарын дайындау, қайта өңдеу, сақтау мен пайдалану және олардың сапасын бақылау қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

      18-19) мемлекеттік орман қорын санаттарға бөлу бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметіне ұсыныстар енгізеді;

      18-20) мемлекеттік орман қоры учаскелерiнде сүректi түбiрiмен босату және ағаш кесу қағидаларын әзірлейді және бекiтедi;

      18-21) өзендер, көлдер, су қоймалары, каналдар және басқа су объектiлерi жағалауларындағы ормандардың тыйым салынған белдеулерiнiң енiн белгiлеу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

      18-22) Қазақстан Республикасының орман заңнамасын бұзудан келтірілген залалдың мөлшерін есептеуге арналған базалық мөлшерлемелер әзірлейді;

      18-23) мемлекеттік орман қоры учаскелерінде орман қорын күзету, қорғау, пайдалану, ормандарды молықтыру және орман өсіру бойынша нормалар мен нормативтер әзірлейді және бекiтедi;

      18-24) мемлекеттiк орман қоры аумағында шайырды, ағаш шырындарын, қосалқы сүрек ресурстарын дайындау, орманды жанама пайдалану қағидаларын әзірлейді және бекiтедi;

      18-25) ормандарды молықтыру мен орман өсіру қағидаларын әзірлейді және бекiтедi;

      18-26) отырғызылатын материалды және арнайы мақсаттағы плантациялық екпелерді өсіру үшін мемлекеттік орман қоры учаскелерін пайдалану қағидаларын әзірлейді және бекiтедi;

      18-27) карантиндік түрлерді қоспағанда, орманның аса қауіпті зиянкестері мен ауруларының тізбесін және оларға қарсы күрес тәртібін әзірлейді және бекітеді;

      18-28) ағаш кесу билеті мен орман билетінің нысандарын, оларды есепке алу, сақтау, толтыру және беру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

      18-29) мемлекеттік орман қоры учаскелерінде ағаш кесілген жерлерді куәландыру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

      18-30) мемлекеттік орман қорында таңбалар қолдану қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

      18-31) орман қорының аумағында өрттен келтірілген залалды есепке алу, айқындау және өтеу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

      18-32) орман қоры аумағында ағаштың заңсыз кесілуінің көлемдерін және ағаштың заңсыз кесілуінен келтірілген залалды есепке алу мен айқындау қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

      18-33) мемлекеттік орман қоры аумағында орманды пайдаланушылар сауықтыру, рекреациялық, тарихи-мәдени, туристік, спорттық және басқа да іс-шаралар өткізетін орындардағы өрт сөндіру құралдарының тиесілік нормаларын бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша әзірлейді және бекітеді;

      18-34) алып тасталды - ҚР 28.10.2019 № 268-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);

      18-35) тез өсетін ағаш және бұта тұқымдыларды плантацияларға отырғызуға және оларды өсіруге, жекеше орман питомниктерін құруға және дамытуға жұмсалатын шығыстарды өтеу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

      18-36) мемлекеттік орман иеленушінің орман өрт сөндіру станциясы туралы ережені әзірлейді және бекітеді;

      18-37) алып тасталды - ҚР 24.05.2018 № 156-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);

      18-38) мемлекеттік орман күзеті туралы ережені әзірлейді және бекітеді;

      18-39) ұзақ мерзiмдi орман пайдалану кезiнде орман пайдаланушылар әзiрлейтiн өртке қарсы iс-шаралар жоспарларына қойылатын талаптарды айқындайды;

      18-40) облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың орман шаруашылығымен және ерекше қорғалатын табиғи аумақтармен айналысатын жергілікті атқарушы органдарына мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;

      18-41) Мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде кеспеағаш аймағын бөлiп беру мен таксациялау қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

      18-42) алып тасталды - ҚР 29.03.2016 № 479-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);

      18-43) ағаштардың қурау және құрып кету қатерi төнген кезде мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде ағаш кесуге тыйым салу туралы шешiм қабылдайды;

      18-44) орман қоры жерiн орман шаруашылығын жүргiзуге байланысты емес мақсаттар үшiн басқа санаттардағы жерге ауыстыру тәртібін әзірлейді және бекітеді;

      18-45) Қазақстан Республикасының мемлекеттік орман инспекциясы мен Қазақстан Республикасы мемлекеттік орман күзетінің лауазымды адамдары актілерінің нысандарын әзірлейді және бекітеді;

      18-46) өзінің ведомстволық бағынысындағы орман мекемесінің нышанын (эмблемасы мен жалауын) бекітеді;

      18-47) Құрып кету қаупі төнген жабайы фауна мен флора түрлерімен халықаралық сауда туралы конвенцияның күші қолданылатын өсімдіктер дүниесі объектілерін, олардың бөліктері мен дериваттарын Қазақстан Республикасының аумағына импорттауға, Қазақстан Республикасының аумағынан экспорттауға және (немесе) кері экспорттауға арналған рұқсаттарды береді;

      18-48) басқа санаттардағы жерді орман қоры жеріне ауыстыру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

      18-49) жекелеген жабайы өсетін өсімдіктер мен жабайы өсетін дәрілік шикізатты, оның ішінде сирек кездесетіндерін және құрып кету қаупі төнгендерін Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан әкетуге арналған қорытындыны (рұқсат беру құжатын) береді;

      18-50) жекелеген жабайы өсетін өсімдіктер мен жабайы өсетін дәрілік шикізатты, оның ішінде сирек кездесетіндерін және құрып кету қаупі төнгендерін Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан экспорттауға арналған лицензияны береді;

      18-51) мемлекеттік орман қорында орман шаруашылығын жүргізуге және орман пайдалануға байланысты емес жұмыстарды жүргізу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

      18-52) уранды жерасты ұңғымасында шайып сілтісіздендіру әдісімен өндіру кезінде мемлекеттік орман қоры жерінде бүлінген жер учаскелерін рекультивациялау және оларды орман иеленушіге беру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

      18-53) климаттың өзгеруіне осалдыққа бағалау жүргізуді өз құзыреті шегінде ұйымдастырады;

      18-54) климаттың өзгеруіне бейімделу жөніндегі басымдықтар мен шараларды өз құзыреті шегінде айқындайды;

      18-55) климаттың өзгеруіне бейімделу жөніндегі шараларды өз құзыреті шегінде жүзеге асырады;

      18-56) өз құзыреті шегінде айқындалған, климаттың өзгеруіне бейімделу жөніндегі шаралардың тиімділігіне мониторинг пен бағалауды жүзеге асырады және мониторинг пен бағалау нәтижелері негізінде осы шараларды түзетеді;

      19) осы Кодексте, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

      Уәкілетті органның ведомствосы өз қызметін уәкілетті орган белгілеген құзырет шегінде жүзеге асырады.

      2. Алып тасталды – ҚР 19.04.2023 № 223-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
      3. Алып тасталды – ҚР 19.04.2023 № 223-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
      Ескерту. 13-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2004.12.20 № 13 (01.01.2005 бастап күшіне енеді), 2006.01.31 № 125 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2008.12.10 № 101-IV (01.01.2009 бастап қолданысқа енгізіледі), 2009.07.17 № 188-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2010.03.19 № 258-IV, 2011.01.06 № 378-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2011.07.05 № 452-IV (2011.10.13 бастап қолданысқа енгізіледі), 2012.01.25 № 548-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2012.07.10 № 36-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 13.06.2013 № 102-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 03.07.2013 № 124-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 16.05.2014 № 203-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.09.2014 № 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 29.03.2016 № 479-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 15.06.2017 № 73-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 24.05.2018 № 156-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 28.10.2019 № 268-VI (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); 02.01.2021 № 401-VI (01.07.2021 бастап қолданысқа енгізіледі); 19.04.2023 № 223-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

14-бап. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергiлiктi өкiлдi органдарының орман қорын күзету, қорғау, пайдалану, ормандарды молықтыру мен орман өсiру саласындағы құзыретi

      Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергiлiктi өкiлдi органдары:

      1) алып тасталды - ҚР 03.07.2013 № 124-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);

      2) аумақтық бөлімшелермен келiсе отырып, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергiлiктi атқарушы органдары жасаған есептеулер негiзiнде мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде орман пайдалану төлемақысының ставкаларын (түбiрiмен босатылатын сүрек үшiн белгiленетiн ставкаларды қоспағанда) бекiтедi;

      3) облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергiлiктi атқарушы органдары мен ұйымдардың өздерiнiң функционалдық қарауындағы орман қорының жай-күйi, күзетiлуi, қорғалуы, пайдаланылуы, ормандардың молықтырылуы және орман өсіру мәселелерi жөнiндегi есептерiн қарайды;

      4) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз ету жөніндегі өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

      Ескерту. 14-бап жаңа редакцияда - ҚР 2004.12.20 № 13 (2005.01.01 бастап күшіне енеді), өзгерістер енгізілді - ҚР 2011.07.05 № 452-IV (2011.10.13 бастап қолданысқа енгізіледі), 2012.01.25 № 548-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 03.07.2013 № 124-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

15-бап. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергiлiктi атқарушы органдарының орман қорын күзету, қорғау, пайдалану, ормандарды молықтыру мен орман өсiру саласындағы құзыретi

      Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергiлiктi атқарушы органдары:

      1) алып тасталды - ҚР 03.07.2013 № 124-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);

      1-1) мемлекеттік орман саясатын қалыптастыру және оны іске асыру жөніндегі ұсыныстарды тұжырымдауға қатысады;

      2) ормандарды күзетудi, қорғауды, молықтыру мен орман өсiрудi ұйымдастырады және қамтамасыз етедi, өздерiнiң функционалдық қарауындағы мемлекеттiк орман қоры аумағында орман пайдалануды реттейдi;

      3) мемлекеттiк орман қоры аумағында ормандағы өрттердiң алдын алу және оларға қарсы күрес жөнiндегi iс-шаралардың жыл сайынғы жоспарларын әзірлейді, бекітеді және iске асырады;

      4) жеке және заңды тұлғаларды, сондай-ақ ұйымдардың өрт сөндiру техникаларын, көлiктерi мен басқа да құралдарын ормандағы өрттердi сөндiруге тарту тәртiбiн айқындайды, осы жұмысқа тартылған жеке тұлғаларды жүрiп-тұру өрт сөндiру құралдарымен, тамақпен және медициналық көмекпен қамтамасыз етедi;

      5) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өртке қарсы ерікті құралымдардың жұмыс iстеуiне жәрдемдеседi;

      6) орманда өрт қаупi болатын маусымда мемлекеттiк орман қоры аумағында өрттердi сөндiру үшiн жанар-жағар май материалдарының резервiн жасайды;

      7) шаруа және фермер қожалықтары мен өзге де ауыл шаруашылығы ұйымдарының орман қорына iргелес аумақтардағы ауыл шаруашылығы алқаптарында, жайылымдық және шабындық жерлерде сабантүбiн, аңыздарды және өзге де өсiмдiк қалдықтарын өртеуiне, қау шөбiн өртеуiне бақылау жасауды қамтамасыз етедi;

      8) өртке қарсы насихатты, бұқаралық ақпарат құралдарында ормандарды сақтау, ормандарда өрт қауiпсiздiгi ережелерiн орындау туралы мәселелердiң тұрақты берiлуiн ұйымдастырады;

      9) облыс аумағында ормандағы өртке қарсы күрес жөнiндегi жұмыстарды үйлестiредi, қажет болған жағдайда осы мақсатта арнайы комиссиялар құрады;

      10) орман қоры аумағында орман зиянкестерiмен және ауруларымен күрес және орманның санитарлық жай-күйiн жақсарту жөнiндегi жұмыстарды ұйымдастырады;

      11) орман зиянкестерi мен ауруларына қарсы күресте авиахимиялық, авиабиологиялық және аэрозольдық iс-шаралар жүргiзген кезде, сондай-ақ орманда өрт қаупi жоғары болып тұрған кезеңдерде жеке тұлғалардың мемлекеттiк орман қоры аумағында болуына тыйым салу туралы, орман пайдалану құқығын шектеу туралы шешiм қабылдайды;

      12) уәкiлеттi органға беру үшiн өздерiнiң функционалдық қарауындағы орман қорының мемлекеттiк есебi, мемлекеттiк орман кадастры, мемлекеттiк орман мониторингi жөнiнде материалдар әзiрлейдi;

      13) өздерiнiң функционалдық қарауындағы мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде аяқталған объектiлердi және орман шаруашылығы iс-шараларын жүргiзу нәтижесiнде өндiрiлген дайын өнiмдердi қабылдайды;

      13-1) мемлекеттік орман қоры учаскелерінде орман пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерлемелерін (сүректі түбірімен босату үшін мөлшерлемелерді қоспағанда) жобаларын әзірлейді;

      14) уәкiлеттi органның және облыстың жергілікті өкiлдi органының қатысуымен өздерiнiң қарауындағы мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде орман ресурстарын ұзақ мерзiмдi пайдалануға беру жөнiнде тендерлер ұйымдастырады және өткiзедi;

      15) алып тасталды;

      15-1) алып тасталды - ҚР 24.05.2018 № 156-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);

      15-2) орман ресурстары сауықтыру, рекреациялық, тарихи-мәдени, туристік және спорттық мақсаттар; аңшылық шаруашылығының мұқтаждықтары; жанама орман пайдалану үшін ұзақ мерзімді орман пайдалануға берілген, өз қарауындағы мемлекеттік орман қоры жерлерінде орман пайдаланушыларға құрылыс объектілерін салуға учаскелер береді;

      15-3) алып тасталды - ҚР 28.10.2019 № 268-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);

      15-4) өздерінің ведомстволық бағынысындағы орман мекемесінің нышанын (эмблемасы мен жалауын) бекітеді;

      15-5) уәкілетті орган айқындаған тәртіппен басқа санаттардағы жерді орман қоры жеріне ауыстыруды жүзеге асырады;

      16) жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

      Ескерту. 15-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2004.12.20 № 13 (2005.01.01 бастап күшіне енеді), 2011.07.05 № 452-IV (2011.10.13 бастап қолданысқа енгізіледі), 2012.01.25 № 548-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 03.07.2013 № 124-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 11.04.2014 № 189-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.09.2014 № 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 29.03.2016 № 479-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 15.06.2017 № 73-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 24.05.2018 № 156-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 28.10.2019 № 268-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

16-бап.

      Ескерту. 16-бап алып тасталды - ҚР 2004.12.20 № 13 (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді) Заңымен.

17-бап.

      Ескерту. 17-бап алып тасталды - Қазақстан Республикасының 2004.12.20. № 13 (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді) Заңымен.

18-бап. Орман мекемесінің негізгі қызметі

      Ескерту. Тақырып жаңа редакцияда - ҚР 2012.01.25 № 548-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      Орман мекемесі:

      1) алып тасталды - ҚР 03.07.2013 № 124-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);

      2) ормандарды күзету, қорғау, молықтыру мен орман өсiру, тұрақты орман тұқымдары учаскелері мен орман тұқымдары плантацияларын күтiп-ұстау, орман тұқымдарын дайындау, ұқсату мен сақтау жөнiндегi iс-шараларды орындайды;

      3) орман орналастыру жобаларына сәйкес орман пайдалану орындары мен олардың көлемiн айқындайды;

      4) орман ресурстарын тендерге қою үшiн материалдар әзiрлейдi;

      5) орман ресурстарының ұтымды пайдаланылуын қамтамасыз етедi;

      6) орман пайдалануға арналған ағаш кесу және орман билеттерiн бередi;

      7) Қазақстан Республикасының орман заңдары, Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы заңдары саласында құқық бұзушылықтардың алдын алу мен олардың жолын кесу жөнiнде iс-шаралар қабылдайды;

      8) мемлекеттік орман қоры аумағында орман қорының мемлекеттік есебін, мемлекеттік орман кадастрын, ормандардың, орман орналастырудың мемлекеттік мониторингін жүргізу жөніндегі жұмыстарға қатысады;

      9) Қазақстан Республикасының орман және азаматтық заңдарына сәйкес, аяқталған объектiлер мен орман пайдаланушылардың орман шаруашылығы iс-шараларын жүргiзуi нәтижесiнде өндiрiлген дайын өнiмдi қабылдауды жүзеге асырады;

      10) алып тасталды

      11) алып тасталды

      12) алып тасталды;

      13) өзіне орман иелену құқығымен берілген мемлекеттік орман қоры учаскелерінде жануарлар дүниесін күзету жөніндегі іс-шараларды жүзеге асырады;

      14) ұзақ мерзімді орман пайдалану шарты бар орман пайдаланушылар бойынша ағаш кесудің жыл сайынғы көлемін қалыптастырады және бекітеді;

      15) орман мекемесінің нышанын (эмблемасы мен жалауын) әзірлейді.

      Ескерту. 18-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2004.12.20. № 13 (2005.01.01 бастап күшіне енеді), 2006.07.07 № 176, 2012.01.25 № 548-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 03.07.2013 № 124-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 15.06.2017 № 73-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

18-1-бап. Республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың орман қорын күзетуді, қорғауды, пайдалануды, ормандарды молықтыруды және орман өсіруді қамтамасыз ету саласындағы қызметінің түрлері

      Республикалық мемлекеттік кәсіпорындар орман қорын күзетуді, қорғауды, пайдалануды, ормандарды молықтыруды және орман өсіруді қамтамасыз ету саласында:

      1) мемлекеттік орман қоры аумағында орман орналастыруды;

      2) орман қорын күзету мен қорғау жөніндегі авиациялық жұмыстарды;

      3) ормандарды молықтыруды және орман өсіруді;

      4) өсімдіктер дүниесі объектілерін қолдан өсіруді;

      5) орман шаруашылығын жобалауды жүзеге асырады.

      Ескерту. 3-тарау 18-1-баппен толықтырылды - ҚР 2012.01.25 № 548-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

4-тарау. Орман қорын күзету, қорғау, пайдалану, ормандарды молықтыру және орман өсіру саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалау

      Ескерту. 4-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР 24.05.2018 № 156-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді - ҚР 28.10.2019 № 268-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

19-бап. Орман қорын күзету, қорғау, пайдалану, ормандарды молықтыру және орман өсіру саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалау

      Ескерту. 19-баптың тақырыбына өзгеріс енгізілді - ҚР 28.10.2019 № 268-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      1. Орман қорын күзету, қорғау, пайдалану, ормандарды молықтыру мен орман өсіру саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалау барлық жеке және заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген орман қорын пайдалану тәртiбiн, орман шаруашылығын жүргiзу, оның ішінде ормандарды күзету, қорғау, молықтыру және орман өсіру, оларды есепке алу қағидаларын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының орман заңнамасында, Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы заңнамасында көзделген өзге де қағидалар мен нормаларды сақтауы мақсатында жүзеге асырылады.

      2. Орман қорын күзету, қорғау, пайдалану, ормандарды молықтыру және орман өсіру саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалауды уәкілетті органның ведомствосы, аумақтық бөлімшелер, өзге де мемлекеттік органдар Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген өздерінің құзыреті шегінде жүзеге асырады.

      3. Орман қорын күзету, қорғау, пайдалану, ормандарды молықтыру мен орман өсіру саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалау тексерулер және байқаулар арқылы жүзеге асырылады.

      Тексеру осы Кодекске сәйкес жүзеге асырылады.

      Ескерту. 19-бап жаңа редакцияда - ҚР 24.05.2018 № 156-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді - ҚР 28.10.2019 № 268-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

19-1-бап. Бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы орман қорын күзету, қорғау, пайдалану, ормандарды молықтыру және орман өсіру саласындағы тексерулерді жүзеге асыру тәртібі

      1. Бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы тексерулерге орман қорын күзету, қорғау, пайдалану, ормандарды молықтыру және орман өсіру саласындағы қызмет жатады.

      2. Уәкілетті орган ведомствосының, аумақтық бөлімшелердің лауазымды адамы орман қорын күзету, қорғау, пайдалану, ормандарды молықтыру және орман өсіру саласындағы жұмыстар мен іс-шараларды тексеруді, сондай-ақ бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы өсімдіктер мен жануарлар дүниесі объектілерін санкциялаусыз алып қоюды бақылауды жүзеге асырады.

      3. Жүргізілген тексерулердің нәтижелері бойынша Қазақстан Республикасы орман заңнамасы талаптарының анықталған бұзушылықтарына қарай уәкілетті орган ведомствосының, аумақтық бөлімшелердің орман қорының жай-күйіне, оны күзетуге, қорғауға, пайдалануға, ормандарды молықтыруға және орман өсіруге мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын лауазымды адамдары тексеру нәтижелері туралы акт және бұзушылықтар анықталған жағдайда, анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқама шығарады.

      4. Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 132-бабының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының орман заңнамасында белгіленген талаптарды бұзушылықтар болмаған жағдайда, тексеру жүргізу кезінде тексеру нәтижелері туралы актіде тиісті жазба жасалады.

      5. Уәкілетті орган ведомствосының, аумақтық бөлімшелердің лауазымды адамы:

      1) мемлекеттік орман қоры аумағында:

      заңсыз ағаш кесу фактісі;

      ағаштар мен бұталарды жою немесе зақымдау;

      орман дақылдарын, орман питомниктері мен плантацияларындағы егілген, отырғызылған көшеттерді, ормандарды молықтыруға және орман өсіруге арналған алаңдарда өзі өсіп шыққан шыбықтарды, өскіндерді, қолдан отырғызылған екпелерді жою немесе зақымдау;

      отқа немесе өзге де жоғары қауіп көзіне абай болмау салдарынан ағаштар мен бұталарды жою немесе зақымдау бойынша бұзушылықтар;

      2) мемлекеттік табиғи-қорық қорының объектілерін қасақана жою немесе зақымдау анықталған жағдайда, егер залал республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарына қолданыста болатын бір жүз айлық есептік көрсеткішті құраса не одан асып түссе, материалдарды дереу құқық қорғау органдарына береді немесе егер залал республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарына қолданыста болатын бір жүз айлық есептік көрсеткішке дейін болса, әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырады.

      6. Тексеру мерзімділігі:

      кешенді тексерулер – жылына бір рет;

      тақырыптық тексерулер жылына төрт рет жүргізіледі (қарау аймақтарын көктемгі және күзгі ревизиялау, өрт қаупі бар маусымға дайындалу, орман дақылдары жұмыстары).

      Тексеру мерзімдері он жұмыс күнінен аспайды және тексеру мерзімін бес жұмыс күніне дейін ұзартуға болады. Тексеру мерзімдерін ұзарту үшін мыналар негіз болып табылады:

      1) табиғи-климаттық факторлар (орман өрттері, өзендердің тасуы, көшкіндер, тастардың құлауы, селдер, қар басу, дауылдар, нөсерлер және басқалар);

      2) жаңадан анықталған мән-жайлар (заңсыз ағаш кесудің мәлім болған көлемі, ормандарды молықтырудың зақымдалған учаскелерінің алаңдарын анықтау және басқалар).

      7. Жоспардан тыс тексерулер жеке немесе заңды тұлғалардың адам өміріне, денсаулығына, қоршаған орта мен жеке және заңды тұлғалардың, мемлекеттің заңды мүдделеріне зиян келтірілгені туралы нақты фактілер бойынша өтініштері, прокуратура органдары мен өзге де құқық қорғау органдарының тапсырмалары, мемлекеттік органдардың өтініштері бойынша, сондай-ақ ірі орман өрттері туындаған және заңсыз ағаш кесу анықталған жағдайларда тағайындалады.

      Жоспардан тыс тексеру мерзімдері бес жұмыс күнінен аспайды және тексеру мерзімін үш жұмыс күніне дейін ұзартуға болады.

      8. Көлемі бойынша тексерулер:

      1) кешенді;

      2) тақырыптық деп бөлінеді.

      Орман қорын күзету, қорғау, пайдалану, ормандарды молықтыру және орман өсіру бөлігінде Қазақстан Республикасы орман заңнамасының талаптарын сақтау мәселелері кешені бойынша бақылау және қадағалау субъектілерінің (объектілерінің) қызметін тексеру, сондай-ақ өсімдіктер мен жануарлар дүниесі объектілерін санкциялаусыз алып қоюды бақылау кешенді тексеру болып табылады.

      Орман қорын күзету, қорғау, пайдалану, ормандарды молықтыру және орман өсіру бөлігінде Қазақстан Республикасы орман заңнамасының талаптарын сақтаудың жекелеген мәселелері бойынша бақылау және қадағалау субъектілерінің (объектілерінің) қызметін тексеру тақырыптық тексеру болып табылады.

      9. Уәкілетті орган ведомствосы бірінші басшысының немесе аумақтық бөлімше бірінші басшысының бұйрығы тексеруді тағайындау үшін негіз болып табылады. Тиісті бұйрық шығару үшін мыналар негіз болып табылады:

      1) бақылау және қадағалау субъектілерінің (объектілерінің) қызметіне жүргізілген талдау мен мониторинг;

      2) тексерулердің жылдық кестесі;

      3) алдыңғы тексерулер мониторингінің қорытындылары.

      10. Уәкілетті орган ведомствосының, аумақтық бөлімшелердің тексеру үшін келген лауазымды адамдары субъектіге:

      1) тексеруді тағайындау туралы бұйрықты;

      2) қызметтік куәлігін;

      3) қажет болған кезде – құзыретті органның режимдік объектілерге кіруге рұқсатын көрсетуге міндетті.

      Тексерілетін субъектіге тексеруді тағайындау туралы бұйрық табыс етілген күн тексеру жүргізудің басталуы деп есептеледі.

      11. Тексерулердің қорытындысына тексерілетін субъект Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен шағым жасай алады.

      12. Аумақтық бөлімшелер шешімдерге шағым жасау мен оларды орындаудың қолданыстағы мерзімдерін ескере отырып, Қазақстан Республикасы орман заңнамасын анықталған бұзушылықтар фактілері бойынша материалдардың орындалуы мен әртүрлі сатылардан өтуіне мониторингті жүзеге асырады.

      13. Бұзушылықтарды есепке алу, саны, түрлері мен бұзу орындары бойынша олардың динамикасын талдау мақсатында аумақтық бөлімшелер Қазақстан Республикасы орман заңнамасын бұзушылықтарды, заңсыз табиғат пайдаланудың алып қойылған құралдарын және заңсыз қолға түсірілген орман ресурстары мен жануарлар дүниесі объектілерін тіркеу журналын жүргізеді.

      14. Бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы тексерулер, егер бұларды уәкілетті орган ведомствосының, аумақтық бөлімшелердің лауазымды адамдары тексерулерді ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын талаптарды өрескел бұза отырып жүргізсе, жарамсыз деп танылады.

      Жоғары тұрған мемлекеттік орган тексерудің жарамсыздығына байланысты тексеру нәтижелері туралы актінің күшін жою мен бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы тексеру нәтижелерінің жарамсыздығына байланысты анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқаманың күшін жою туралы бақылау және қадағалау субъектісінің өтінішін қарауды өтініш берілген күннен бастап он жұмыс күні ішінде жүзеге асырады.

      Жоғары тұрған мемлекеттік органның бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы тексерудің нәтижелерін жарамсыз деп тануы олардың күшін жою үшін негіз болып табылады.

      Жарамсыз деп танылған тексеру нәтижелері туралы акт пен бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы тексерулердің қорытындысы бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқама бақылау және қадағалау субъектілерінің Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 132-бабының 2-тармағына сәйкес белгіленген талаптарды бұзғанының дәлелдемесі болып табылмайды.

      Тексерулерді өрескел бұзушылықтарға мыналар жатады:

      1) бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы тексеру жүргізуге негіздердің болмауы;

      2) бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы тексеруді тағайындау туралы бұйрықтың болмауы;

      3) бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы тексеруді тағайындау туралы бұйрықты бақылау және қадағалау субъектісіне ұсынбау;

      4) уәкілетті орган ведомствосының, аумақтық бөлімшелердің өздерінің құзыретіне кірмейтін мәселелер бойынша бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы тексерулерді тағайындауы;

      5) бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы тексерулерді жүргізу мерзімдерін бұзу.

      15. Бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы тексеруді жүргізу кезінде уәкілетті орган ведомствосының, аумақтық бөлімшелердің лауазымды адамдары:

      1) құжаттарды, ақпаратты, егер олар тексеру объектілері болып табылмаса немесе тексеру нысанасына қатысты болмаса, беруді талап етуге;

      2) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларды қоспағанда, бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы тексеруді жүргізу нәтижесінде алынған және коммерциялық, салықтық немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын ақпаратты жария етуге және (немесе) таратуға;

      3) бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы тексеру жүргізудің белгіленген мерзімдерін асырып жіберуге;

      4) осы баптың 7-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, оған қатысты бұрын оның жоғары тұрған (төмен тұрған) органы не өзге мемлекеттік орган бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы тексеруді жүргізген бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы сол бір кезеңдегі сол бір мәселе бойынша тексеруді жүргізуге;

      5) тексерілетін субъектілердің есебінен мемлекеттік бақылау мақсатында шығын сипатындағы іс-шараларды жүргізуге құқылы емес.

      Ескерту. 4-тарау 19-1-баппен толықтырылды - ҚР 28.10.2019 № 268-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

19-2-бап. Мемлекеттік бақылау мен қадағалау нәтижелері бойынша жедел ден қою шаралары

      1. Қоғамдық қауіпті салдардың басталуын болғызбау мақсатында тексеруді жүзеге асыру барысында және оның нәтижелері бойынша қолданылатын тексерілетін субъектілерге ықпал ету тәсілдері жедел ден қою шаралары болып табылады.

      2. Тексерілетін субъектілердің қызметі ормандардың биологиялық әралуандылығының, мемлекеттік табиғи-қорық қоры, мәдени және табиғи мұра объектілерінің сақталуына тікелей қауіп төндірген жағдайда, уәкілетті орган ведомствосының, аумақтық бөлімшелердің лауазымды адамдары жедел ден қою шараларын қолданады.

      3. Жедел ден қою шараларына мыналар жатады:

      1) орман қорын күзету, қорғау, пайдалану, ормандарды молықтыру және орман өсіру бөлігінде Қазақстан Республикасының орман заңнамасы саласында құқық бұзушылықтар жасаған адамдарды ұстау және құқық қорғау органдарына жеткізу, сондай-ақ өсімдіктер мен жануарлар дүниесі объектілерін санкциялаусыз алып қоюды, Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы заңнамасы талаптарының сақталуын бақылау;

      2) жеке және заңды тұлғалардан, сондай-ақ лауазымды адамдардан заңсыз қолға түсірілген орман ресурстары мен жануарлар дүниесі ресурстарын, оларды қолға түсіру құралдарын, сондай-ақ көлік құралдарын алып қою;

      3) ағаш кесу билетінің немесе орман билетінің қолданылуын үш жұмыс күнінен аспайтын мерзімге тоқтата тұру арқылы мемлекеттік орман иеленушілердің немесе орман пайдаланушылардың қызметін тоқтата тұру;

      4) орман пайдалану түрлерін шектеу;

      5) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес орман пайдалану құқығын тоқтату.

      Ескерту. 4-тарау 19-2-баппен толықтырылды - ҚР 28.10.2019 № 268-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

20-бап. Қазақстан Республикасының мемлекеттік орман инспекциясы

      Ескерту. Тақырып жаңа редакцияда - ҚР 2012.01.25 № 548-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      1. Қазақстан Республикасының мемлекеттік орман инспекциясы орман қорын күзету, қорғау, пайдалану, ормандарды молықтыру мен орман өсіру, жануарлар дүниесі және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласында мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүзеге асыратын уәкілетті орган ведомствосының, аумақтық бөлімшелердің лауазымды адамдарынан тұрады.

      1-1. Уәкілетті орган ведомствосының басшысы лауазымы бойынша бір мезгілде Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік орман инспекторы болып табылады.

      2. Уәкiлеттi орган ведомствосы басшысының орман қорын күзету, қорғау, пайдалану, ормандарды молықтыру және орман өсіру, жануарлар дүниесі мен ерекше қорғалатын табиғи аумақтар мәселелерiмен айналысатын орынбасарлары лауазымы бойынша бiр мезгiлде Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк бас орман инспекторының орынбасарлары болып табылады.

      3. Уәкілетті орган ведомствосының құрылымдық бөлiмшелерiнiң орман қорын күзету, қорғау, пайдалану, ормандарды молықтыру және орман өсіру, жануарлар дүниесі мен ерекше қорғалатын табиғи аумақтар мәселелерiмен айналысатын басшылары лауазымы бойынша бiр мезгiлде Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк аға орман инспекторлары болып табылады.

      4. Уәкілетті орган ведомствосының орман қорын күзету, қорғау, пайдалану, ормандарды молықтыру және орман өсіру, жануарлар дүниесі мен ерекше қорғалатын табиғи аумақтар мәселелерiмен айналысатын мамандары лауазымы бойынша бiр мезгiлде Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк орман инспекторлары болып табылады.

      5. Аумақтық бөлімшелердің басшылары лауазымы бойынша бiр мезгiлде тиiстi облыстардың Мемлекеттiк бас орман инспекторлары болып табылады.

      6. Аумақтық бөлімшелер басшыларының орман қорын күзету, қорғау, пайдалану, ормандарды молықтыру және орман өсіру, жануарлар дүниесі мен ерекше қорғалатын табиғи аумақтар мәселелерiмен айналысатын орынбасарлары лауазымы бойынша бiр мезгiлде тиiстi облыстардың Мемлекеттiк бас орман инспекторларының орынбасарлары болып табылады.

      7. Аумақтық бөлімшелердің құрылымдық бөлiмшелерiнiң орман қорын күзету, қорғау, пайдалану, ормандарды молықтыру және орман өсіру, жануарлар дүниесі мен ерекше қорғалатын табиғи аумақтар мәселелерiмен айналысатын басшылары лауазымы бойынша бiр мезгiлде тиiстi облыстардың Мемлекеттiк аға орман инспекторлары болып табылады.

      8. Аумақтық бөлімшелердің орман қорын күзету, қорғау, пайдалану, ормандарды молықтыру және орман өсіру, жануарлар дүниесі мен ерекше қорғалатын табиғи аумақтар мәселелерiмен айналысатын мамандары лауазымы бойынша бiр мезгiлде тиiстi облыстардың Мемлекеттiк орман инспекторлары болып табылады.

      Ескерту. 20-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2012.01.25 № 548-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 24.05.2018 № 156-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 28.10.2019 № 268-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

21-бап. Қазақстан Республикасы мемлекеттік орман инспекциясы лауазымды адамдарының құқықтары мен міндеттері

      Ескерту. Тақырып жаңа редакцияда - ҚР 2012.01.25 № 548-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      1. Қазақстан Республикасы мемлекеттік орман инспекциясы лауазымды адамдарының:

      1) ормандарды күзету, қорғау, молықтыру және орман пайдалану жөнiндегi жұмыстар мен iс-шаралардың барлық түрлерiн тексерудi, сондай-ақ мемлекеттік орман қорында орман шаруашылығын жүргізуге және орман пайдалануға байланысты емес жұмыстарды жүргiзген кезде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiптiң сақталуын бақылауды жүзеге асыру мен жеке және заңды тұлғаларға анықталған кемшiлiктердi жою жөнiнде жазбаша нұсқаулар беру;

      2) алып тасталды - ҚР 2012.01.25 № 548-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;

      3) Қазақстан Республикасының орман заңдары, Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы заңдары саласындағы әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттамалар жасау;

      3-1) осы Кодексті және Қазақстан Республикасы Үкіметінің орман қорын күзету, қорғау, пайдалану, ормандарды молықтыру және орман өсіру саласындағы қаулыларын бұзушылықтарды жою туралы нұсқамалар беру;

      3-2) мынадай:

      Қазақстан Республикасының орман заңнамасы бұзылған жағдайда кінәлі тұлғаларды әкімшілік жауаптылыққа тарту туралы;

      сот шешімі шығарылғанға дейін уақытша сақтау үшін алынған орман ресурстарын, көлік құралдарын, оларды алу құралдарын алып қою туралы қаулыларды шығару;

      3-3) тексеру нәтижелері туралы акт жасау;

      4) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес орман пайдалану құқығын тоқтата тұру, шектеу, тоқтату;

      5) Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен жеке және заңды тұлғаларға Қазақстан Республикасының орман заңдарын, Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы заңдарын бұза отырып мемлекеттiк орман қорына келтiрiлген залалды өтеу туралы талаптар қою;

      6) тиiстi мемлекеттiк органдардың басшыларына Қазақстан Республикасының орман заңнамасын, Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесiн қорғау, өсімін молайту мен пайдалану және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы заңнамасын бұзуға жол берген лауазымды адамдарды жауапқа тарту жөнiнде ұсыныстар енгiзу, құқық қорғау органдарына іс-жүргізу шешімдерін қабылдау үшін қылмыстық жауаптылықты көздейтін бұзушылықтар туралы хабарлау;

      7) заңсыз қолға түсірілген орман ресурстарын, көлік құралдарын және құқық бұзушылықтарды жасау құралдары болып табылатын өзге де заттарды алып қою, сот шешімі шығарылғанға дейін олардың сақталуын қамтамасыз ету құқығы бар.

      2. Қазақстан Республикасы мемлекеттік орман инспекциясының лауазымды адамдары:

      1) орман шаруашылығы iс-шараларының орындалу сапасын және олардың мемлекеттiк орман қоры учаскелерiндегi орман орналастыру жобаларына сәйкестiгiн;

      1-1) орман қорының сандық және сапалық өзгерiстерiн, орманның санитарлық жай-күйiн, ормандағы ағаштардың патологиялық жағдайын;

      2) мемлекеттік орман қоры учаскелерінде орман ресурстарын орман пайдалануға беру тәртібін және ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді орман пайдалану шарттарының сақталуын;

      3) ормандарда өрт қауiпсiздiгi талаптарының, ормандағы өрттердiң алдын алу жөнiндегi, оларды дер кезiнде байқау мен жоюды қамтамасыз ету жөнiндегi iс-шаралардың орындалуын, сондай-ақ өртеңдер алаңының есебiн жүргiзудiң дәлдiгiн және мемлекеттiк орман қорына өрттен келген нұқсанды анықтау, орман өрттерiнiң зардаптарын жою жөнiндегi шаралардың уақтылы қабылдануын;

      4) ормандарды орман зиянкестері мен ауруларынан қорғау жөнiндегi iс-шаралардың орындалуын, орман зиянкестерi мен аурулары ошақтарының пайда болуының, таралуының, екпелердiң табиғи, антропогендік және техногендік сипаттағы қолайсыз әсерлерден қурап-солып қалуының алдын алу жөнiндегi шаралардың дер кезiнде қабылдануын, олардың есебiн жүргiзу мен болжаудың дәлдiгiн;

      5) мемлекеттік орман қоры учаскелерінде сүректі түбiрiмен босату және ағаш кесу ережелерiнiң, орман пайдаланудың өзге де ережелерiнiң сақталуын;

      5-1) кеспеағаш аймағын бөлiп беруді;

      6) ерекше қорғалатын табиғи аумақтар ормандарындағы күзет режимдерінің сақталуын;

      7) мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде орман тұқымдарының аудандастырылуының, орман тұқымдарының дайындалуының, өңделуінің, сақталуының және пайдаланылуының орындалуын, питомник шаруашылығының жүргiзілуін;

      8) орман қоры жерлерiнiң олардың нысаналы қызметiне сәйкес пайдаланылуын және осы жерлердiң сақталуын;

      9) құрылыс жұмыстары, пайдалы қазбаларды өндiру, коммуникацияларды тарту және орман шаруашылығын жүргiзумен және орман пайдаланумен байланысты емес өзге де жұмыстарды орындау кезiнде мемлекеттiк орман қорын пайдалану тәртiбiнiң сақталуын;

      10) Қазақстан Республикасының орман заңнамасының, Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы заңнамасының өзге де талаптарының орындалуын бақылау мен қадағалауды жүзеге асыруға мiндеттi.

      3. Қазақстан Республикасы мемлекеттік орман инспекциясының лауазымды адамдарына Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қызметтік қаруды сақтауға, алып жүруге және қолдануға рұқсат берiледi.

      4. Қазақстан Республикасы мемлекеттік орман инспекциясының лауазымды адамдары Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен айырым белгілері бар (погонсыз) нысанды киіммен және қызметтік қарумен қамтамасыз етіледі.

      Айырым белгілері бар (погонсыз) нысанды киім киіп жүруге құқығы бар лауазымды адамдардың тізбесін, айырым белгілері бар (погонсыз) нысанды киім үлгілерін киіп жүру тәртібін уәкілетті орган айқындайды.

      5. Қазақстан Республикасы мемлекеттік орман инспекциясының лауазымды адамдары Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құқықтық және әлеуметтік қорғалуға жатады.

      Ескерту. 21-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2006.01.31 № 125 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2009.07.17 № 188-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2011.01.06 № 379-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2012.01.25 № 548-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.09.2014 № 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 15.06.2017 № 73-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 24.05.2018 № 156-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 28.10.2019 № 268-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 02.01.2023 № 184-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

21-1-бап. Орман қорының жай-күйiне, оны күзетуге, қорғауға, пайдалануға, ормандарды молықтыруға және орман өсiруге мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыратын уәкiлеттi органның және аумақтық органдардың лауазымды адамдарының тексеру актiлерi

      Ескерту. 21-1-бап алып тасталды - ҚР 2009.07.17. № 188-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.

3-бөлім. Орман иелену және орман пайдалану құқығы

5-тарау. Орман иелену құқығы

22-бап. Мемлекеттiк орман қоры учаскелерiн орман иелену құқығымен беру

      1. Мемлекеттiк орман қоры учаскелерiне орман иелену тұрақты жер пайдалану құқығымен туындайды.

      2. Мемлекеттiк орман қорының учаскелерi орман иелену құқығымен:

      1) мемлекеттiк орман қорын күзету, қорғау, ормандарды молықтыру мен орман өсiру, мемлекеттiк орман қорының кешендi пайдаланылуын ұйымдастыру үшiн орман мекемелерiне және уәкiлеттi органның өзге де мемлекеттiк ұйымдарына;

      2) ерекше қорғалатын табиғи аумақтар қызметiне байланысты мақсаттар үшiн мемлекеттiк ұлттық табиғи парктерге, мемлекеттiк табиғи резерваттарға, мемлекеттiк өңiрлiк табиғи парктерге, мемлекеттiк ботаникалық бақтарға, мемлекеттiк дендрологиялық парктерге (бұдан әрi - заңды тұлға мәртебесi бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтар) берiледi.

      3. Осы баптың 2-тармағында аталған, мемлекеттiк орман қоры учаскелерi тұрақты жер пайдалану құқығымен берiлген мемлекеттiк заңды тұлғалар мемлекеттiк орман иеленушiлер болып табылады.

      4. Орман иелену құқығы жер қатынастары жөніндегі уәкілетті орган беретін тұрақты жер пайдалану құқығы актісімен куәландырылады.

      Ескерту. 22-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2006.07.07 № 176, 2012.01.25 № 548-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

23-бап. Жекеше орман иелену құқығының туындауы

      Жекеше орман иелену құқығы Қазақстан Республикасы азаматтарының және шетелдік қатысуы жоқ Қазақстан Республикасы мемлекеттік емес заңды тұлғаларының оларға Қазақстан Республикасының Жер кодексіне сәйкес жеке меншiгiне немесе ұзақ мерзiмдi жер пайдалануға берiлген жерлерiнде туындайды.

      Ескерту. 23-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 30.06.2021 № 59-VII (01.01.2022 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

24-бап. Мемлекеттiк орман иеленушiлердiң құқықтары

      Мемлекеттiк орман иеленушiлердiң:

      1) Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен мемлекеттiк орман қоры учаскелерiн пайдалану;

      2) осы Кoдекстe айқындалған тәртiппен мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде орман пайдалануды жүзеге асыру;

      2-1) нәтижесінде өтімді қоқыс (жел, дауыл құлатқан ағаштар) пайда болған табиғи сипаттағы төтенше жағдайлар туындаған кезде, оны жинауға жеке және заңды тұлғаларды шарт негізінде тарту;

      3) аумақтық бөлімшелермен келiсе отырып жобалау және техникалық құжаттамаға сәйкес мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде орман шаруашылығын жүргiзу мен орман пайдалануды жүзеге асыру үшiн қажеттi құрылыстар мен ғимараттар салу;

      4) өздерi өсірген және (немесе) дайындаған өнiмдi өткiзу және алынған табыстарды пайдалану;

      5) жеке және заңды тұлғаларға мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде орман пайдалануға арналған ағаш кесу және орман билеттерiн беру;

      6) мемлекеттік орман қоры учаскелерінде қысқа мерзімді орман пайдалану шарттарын жасасу құқығы бар.

      Ескерту. 24-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2012.01.25 № 548-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 15.06.2017 № 73-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

25-бап. Жекеше орман иеленушiлердiң құқықтары

      Жекеше орман иеленушiлердiң:

      1) Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен өздерiнiң меншiгiндегi немесе ұзақ мерзiмдi жер пайдалануындағы жекеше орман қоры учаскелерiн иелену, пайдалану және оларға билiк ету;

      2) өздерiнiң меншiгiндегi немесе ұзақ мерзiмдi жер пайдалануындағы жекеше орман қоры учаскелерiнде орман пайдалануды жүзеге асыру;

      3) жобалық және техникалық құжаттамаға сәйкес тиiстi мемлекеттiк органдармен келiсiм бойынша жеке орман қоры учаскелерiнде құрылыстар мен ғимараттар, оның iшiнде орман шаруашылығын жүргiзу және орман пайдалануды жүзеге асыру үшiн қажеттi құрылыстар мен ғимараттар салу;

      4) өздерi өсірген және (немесе) дайындаған өнiмдi және оны өткiзуден түскен табысты меншiктену құқығы бар.

      Ескерту. 25-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2012.01.25 № 548-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

26-бап. Мемлекеттiк орман иеленушiлердiң мiндеттерi

      Мемлекеттiк орман иеленушiлер:

      1) Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен орман шаруашылығын жүргiзуге;

      2) ормандардың молықтырылуын, күзетiлуiн, қорғалуын, санитарлық жай-күйiн жақсартуды және күтiп-бапталуын, олардың өнiмдiлiгiнiң, қорғаныштық және өзге де пайдалы қасиеттерiнiң артуын, орманның көп мақсатқа ұтымды пайдаланылуын ұйымдастыруды, орман орналастыруды, ормандар мен жануарлар дүниесiнiң есебiн жүргiзудi, сондай-ақ мемлекеттiк табиғи-қорық қорлары объектiлерiнiң, мәдени және табиғи мұраның сақталуын қамтамасыз етуге;

      3) Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен мемлекеттiк орман қорының ресурстық әлеуетiн пайдалануға;

      4) орманның орта құрайтын және ортаны қорғайтын функцияларының сақталуын, сондай-ақ екпелердi, дәрi-дәрмектiк, тағамдық және техникалық шикiзатты дер кезiнде қалпына келтiру жағдайларын қамтамасыз ететiн тәсiлдермен және әдiстермен жұмыс жүргiзуге, осы Кодексте және Қазақстан Республикасының өзге де заң актiлерiнде көзделген мемлекеттiк орман қорын күзету, қорғау, пайдалану, ормандарды молықтыру мен орман өсiру жөнiндегi өзге де талаптарды орындауға;

      5) мемлекеттiк орман қоры аумағының өртке қарсы және санитарлық орналастырылуын қамтамасыз етуге, өрт қауiпсiздiгi мен орман пайдалану ережелерi бұзылуының, сондай-ақ Қазақстан Республикасының орман заңдарын басқа да бұзушылықтың алдын алуға, оны дер кезiнде байқап, жолын кесуге, ормандағы өрттердi сөндiру, орман зиянкестерi мен ауруларына қарсы күрес, Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы заңдарын бұзушылыққа қарсы күрес жөнiнде қажеттi шаралар қолдануға;

      6) орман пайдаланушылар өртке қарсы күрес iс-шаралары жоспарларын әзiрлеген кезде оларға жәрдем көрсетуге;

      6-1) уәкілетті орган бекiткен қағидаларға сәйкес орманды шолып, тексеру жүргiзуге;

      6-2) уәкілетті орган бекіткен тәртіппен мемлекеттік орман қоры учаскелерінде ағаш кесілген жерлерге куәландыру жүргізуге;

      6-3) уәкілетті орган бекіткен мемлекеттік орман қорында таңбаларды қолдану қағидаларына сәйкес ағаштарды, сыпталған ағаштарды, сортименттерді және түбірлерді таңбалауды жүзеге асыруға;

      7) Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен ормандағы өрттердi және олардың зардаптарын тiркеудi;

      8) уәкілетті орган бекіткен орман тұқымдарын дайындау, өңдеу, сақтау мен пайдалану және олардың сапасын бақылау қағидаларын сақтауға;

      9) уәкілетті орган бекіткен орман тұқымдарын аудандастыруды сақтауға;

      10) орман орналастыру жобасына және (немесе) ормандарды өртке қарсы орналастыру жобасына сәйкес орман өрт сөндіру станцияларын құруға және олардың қызметін уәкілетті орган бекіткен мемлекеттік орман иеленушінің орман өрт сөндіру станциясы туралы ережесіне сәйкес қамтамасыз етуге;

      11) білім беру саласындағы уәкілетті мемлекеттік органмен келісім бойынша уәкілетті орган бекіткен мектеп орманшылығын ұйымдастыру және оның жұмыс істеу қағидаларына сәйкес мектеп орманшылығының жұмысын ұйымдастыруға жәрдемдесуге міндетті.

      Ескерту. 26-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2006.07.07 № 176, 2011.07.05 № 452-IV (2011.10.13 бастап қолданысқа енгізіледі), 2012.01.25 № 548-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.09.2014 № 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 02.01.2021 № 401-VI (01.07.2021 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

27-бап. Жекеше орман иеленушiлердiң мiндеттерi

      Жекеше орман иеленушiлер:

      1) өздерінің меншігіндегі немесе ұзақ мерзімді жер пайдалануындағы жеке орман қоры учаскелерінде орман шаруашылығы мен орман пайдалануды Қазақстан Республикасының экология заңнамасының талаптарын сақтай отырып, осы Кодексте және Қазақстан Республикасының басқа да заңнамалық актілерінде көзделген тәсілдермен және әдістермен жүргізуге;

      2) өздерiнiң меншiгiндегi ормандарды күзетудi, қорғауды, ормандардың санитарлық жай-күйiн жақсартуды және оларды күтiп-баптауды қамтамасыз етуге;

      3) Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен уәкiлеттi органға орман қорының мемлекеттiк есебiн, мемлекеттiк орман кадастрын жүргiзу үшiн қажеттi материалдарды табыс етуге;

      4) өздерiнiң меншiгiндегi немесе ұзақ мерзiмдi жер пайдалануындағы жекеше орман қоры учаскелерiнiң өртке қарсы және санитарлық орналастырылуын қамтамасыз етуге, ормандағы өрттердi сөндiру, орман зиянкестерi мен орман ауруларына қарсы күрес жөнiндегi қажетті шараларды қолдануға;

      5) Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен өздерiнiң меншiгiндегi жекеше орман қоры учаскелерiнде ормандағы өрттердi және олардың зардаптарын тiркеудi жүргiзуге мiндеттi.

      Ескерту. 27-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 02.01.2021 № 401-VI (01.07.2021 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

28-бап. Орман иелену құқығының тоқтатылуы

      1. Мемлекеттiк орман иелену құқығы:

      1) мемлекеттiк орман қоры учаскелерi орман иеленуiнде болған заңды тұлға таратылған және олар басқа мемлекеттiк орман иеленушiге берiлген жағдайда;

      2) мемлекеттiк орман қорының жерi Қазақстан Республикасының Жер кодексінде белгiленген тәртiппен мемлекет мұқтажы үшін алып қойылған жағдайда;

      3) Қазақстан Республикасының заңдарымен көзделген өзге де жағдайларда тоқтатылады.

      2. Жекеше орман иелену құқығы Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес тоқтатылады.

6-тарау. Орман пайдалану құқығы

29-бап. Мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде орман пайдалану құқығының туындауы

      1. Мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде ұзақ мерзiмдi орман пайдалану құқығы тендер нәтижелерi туралы хаттама және сол негiзге алынып жасалған шарт негiзiнде туындайды.

      Тендерге қатысуға Қазақстан Республикасы азаматтарының және шетелдік қатыспайтын Қазақстан Республикасы заңды тұлғаларының құқығы бар.

      2. Мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде қысқа мерзiмдi орман пайдалану құқығы қысқа мерзімді орман пайдалану шарты және (немесе) орман билетi негiзiнде туындайды.

      3. Орман пайдаланушы жеке тұлға қайтыс болған жағдайда оған тиесiлi орман пайдалану құқығы Қазақстан Республикасының азаматтық заңдарында белгiленген тәртiппен басқа адамға ауысады.

      4. Орман пайдаланушы заңды тұлға қайта ұйымдастырылған кезде оған тиесiлi орман пайдалану құқығы Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен қайта ұйымдастырылған заңды тұлғаның құқық мирасқоры - заңды тұлғаға ауысады.

      5. Орман пайдалану құқығы тек қана орман пайдалану түрi сақталғанда, құқық мирасқорының орман пайдалануды жүзеге асыру үшiн қажеттi қаражаты мен өндiрiстiк қуаты және облыстық атқарушы органдар айқындайтын, тиiстi бiлiктiлiгі бар мамандары болғанда ауысуы мүмкiн.

      6. Орман пайдалану құқығының ауысуы ұзақ мерзiмдi және қысқа мерзімді орман пайдалану шарттарына, ағаш кесу билетiне, орман билетiне өзгерiстер енгiзу арқылы ресiмделедi.

      Ескерту. 29-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2012.07.10 № 36-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 15.06.2017 № 73-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

30-бап. Жекеше орман қоры учаскелерiнде орман пайдалану құқығының туындауы

      Жекеше орман қоры учаскелерiнде орман пайдалану құқығы Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жекеше орман иеленушi айқындайтын тәртiппен туындайды.

31-бап. Мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде ұзақ мерзiмдi орман пайдалану

      1. Осы баптың 1-1-тармағында көзделген орман пайдалану түрін қоспағанда, мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде орман ресурстары ұзақ мерзiмдi орман пайдалануға тендер хаттамасы негiзiнде, кейiн мемлекеттік орман иеленуші мен орман пайдаланушы арасында шарт ресiмделе отырып, берiледi.

      1-1. Мемлекеттiк орман қоры учаскелерiндегі орман ресурстары аңшылық шаруашылығының мұқтажы үшін ұзақ мерзiмдi орман пайдалануға Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы заңнамасына сәйкес жасалған аңшылық шаруашылығын жүргізуге арналған шарт негізінде, кейiн мемлекеттік орман иеленуші мен орман пайдаланушы арасында шарт ресiмделе отырып, берiледi.

      1-2. Мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде ұзақ мерзiмдi орман пайдалану кезінде орман пайдаланудың мынадай түрлері жүзеге асырылуы мүмкін:

      1) сүрек дайындау;

      2) шайыр, ағаш шырындарын дайындау;

      3) мемлекеттiк орман қоры учаскелерiн аңшылық шаруашылығының мұқтажы үшін пайдалану;

      4) мемлекеттiк орман қоры учаскелерiн ғылыми-зерттеу мақсаттары үшін пайдалану;

      5) мемлекеттiк орман қоры учаскелерiн сауықтыру, рекреациялық, тарихи-мәдени, туристік және спорттық мақсаттар үшін пайдалану;

      6) мемлекеттiк орман қоры учаскелерiн ағаш және бұта тұқымдыларының көшеттік материалы мен арнайы мақсаттағы плантациялық екпелер өсіру үшін пайдалану;

      7) жанама орман пайдалану.

      2. Мемлекеттiк орман қоры учаскелерiндегi орман ресурстары орман пайдалануды жүзеге асыру үшiн қаражаты мен өндiрiстiк қуаттары және тиiстi бiлiктiлiкке ие мамандары бар орман пайдаланушыларға 10 жылдан 49 жылға дейiнгi мерзiмге ұзақ мерзiмдi орман пайдалануға берiледi.

      2-1. Сүрек дайындау үшiн орман ресурстарын ұзақ мерзiмдi пайдалануға бекіту жөніндегі тендерге қатысуға мынадай талаптарға сай келетін Қазақстан Республикасының азаматтары және шетелдік қатысусыз Қазақстан Республикасының заңды тұлғалары жіберіледі:

      1) меншік құқығында не сенімгерлік басқаруда материалдық-техникалық базаның: мемлекеттік орман қоры учаскелерінде ағаш кесу қағидаларында белгіленген кеспеағаш жұмыстарын жүргізу кезінде ағаш кесудің белгіленген жыл сайынғы көлемінің және орман шаруашылығы-экология талаптарының орындалуын қамтамасыз ететін сүрек құлатуға, сүйретуге, тиеуге және тасып әкетуге арналған техника мен жабдықтардың болуы;

      2) ормандардағы өрт қауіпсіздігі қағидаларында көзделген өрт жабдықтары мен өрт сөндіру құралдарының болуы;

      3) мамандығы бойынша (ағаш дайындау, орман ісі инженері, ағаш өңдеу, орман шаруашылығы) жоғары кәсіптік білімі немесе тиісті орта кәсіптік білімі және мамандығы бойынша кемінде екі жыл жұмыс өтілі бар жауапты орындаушы – инженер-техник қызметкердің болуы;

      4) ағаш құлату, бұтақ шабу, сүрек сүйреу, тиеу және тасып әкету жұмыстарын жүргізуге машықтанған персоналдың болуы;

      5) еңбекті қорғауға және қауіпсіздік техникасына жауапты маманның болуы;

      6) іс-шараларды қаржыландыру көздері көрсетілген сүрек дайындау мен өңдеуді ұйымдастыру жөніндегі перспективалық бес жылдық жоспардың болуы.

      3. Орман ресурстарын сүрек дайындау үшiн ұзақ мерзiмдi орман пайдалануға берген жағдайда, орман пайдаланушыға мемлекеттiк орман қоры учаскесiнде сүрек ресурстары орман орналастыру материалдарына сәйкес сүрек ресурстарын ұдайы және сарқылмайтындай етiп пайдалануды қамтамасыз етуге мүмкiндiк беретiн, бiрақ орманшылық алаңынан аспайтындай етiп берiледi.

      4. Мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде орман ресурстарын ұзақ мерзiмдi орман пайдалануға беру сол аумақта тұратын халықтың мүдделерi ескерiле отырып, жария жүзеге асырылуға тиiс.

      5. Мемлекеттiк орман қоры учаскелерiндегi ұзақ мерзiмдi орман пайдалануға берiлген, пайдаланылмаған орман ресурстары шарт мерзiмi өткен соң орман пайдаланушының меншiгiне ауыспауға тиіс.

      Ескерту. 31-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2012.01.25 № 548-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.03.2016 № 479-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 15.06.2017 № 73-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

32-бап. Мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде ұзақ мерзiмдi орман пайдалану шартының талаптары

      Мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде ұзақ мерзiмдi орман пайдалану шартында мынадай талаптар:

      1) орман телімдері мен орман орамдарының нөмірлері көрсетіліп, орман пайдалану жүзеге асырылатын мемлекеттiк орман қоры учаскесiнiң орман орналастырудың картографиялық материалдарынан алынған көшірме түріндегі шекаралары;

      2) мемлекеттiк орман қоры учаскесiнiң алаңы және мөлшерлеу көрсеткiштерi;

      3) орман пайдалану түрлерi;

      4) орман пайдаланудың көлемi (мөлшерi);

      5) орман пайдалану мерзiмi;

      5-1) орман ресурстарын игеру және ұтымды пайдалану, тендер жеңімпазының конкурстық өтінімінде көрсетілген ормандарды күзету, қорғау және молықтыру, орман ресурстарын өңдеу жөніндегі іс-шараларды инвестициялау;

      6) орман пайдалану төлемақысының мөлшерi мен оны енгiзу тәртiбi;

      7) тараптардың орман ресурстарын күзету, қорғау және молықтыру жөнiндегi мiндеттерi;

      8) тараптардың шарт талаптарын бұзғаны үшiн жауаптылығы;

      9) алып тасталды - ҚР 2012.07.10 N 36-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;

      10) күші жойылды - ҚР 2012.01.12 N 538-IV (2013.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен;

      10-1) сәйкестендіру нөмірі;

      11) Қазақстан Республикасының орман заңдарында көзделген және тараптардың қалауымен анықталған өзге деталаптар көрсетiледi.

      Ескерту. 32-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2007.01.12 № 224(2012.01.01 бастап күшіне енеді), 2012.01.12 № 538-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2012.01.25 № 548-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2012.07.10 № 36-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

33-бап. Мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде ұзақ мерзiмдi және қысқа мерзiмдi орман пайдалану шарттарының нысаны және оларды мемлекеттiк тiркеу

      Ескерту. 33-бап алып тасталды - ҚР 28.10.2019 № 268-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

34-бап. Мемлекеттiк орман қоры учаскелерінде қысқа мерзiмдi орман пайдалану

      1. Мемлекеттiк орман қоры учаскелерiндегi орман ресурстары қысқа мерзiмдi орман пайдалануға:

      1) мемлекеттiк орман иеленушiлер беретiн орман билетi негiзiнде бiр жылға дейiнгi мерзiмге;

      2) мемлекеттік орман иеленуші мен орман пайдаланушы арасында жасалатын қысқа мерзiмдi орман пайдалану шарты негізінде бір жылдан он жылға дейiнгi мерзiмге беріледі.

      2. Мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде қысқа мерзiмдi орман пайдалану кезiнде орман пайдаланудың мынадай түрлері жүзеге асырылуы мүмкін:

      1) жанама орман пайдалану;

      2) мемлекеттiк орман қоры учаскелерiн ғылыми-зерттеу мақсаттары үшiн пайдалану;

      3) мемлекеттiк орман қоры учаскелерiн сауықтыру, рекреациялық, тарихи-мәдени, туристiк және спорттық мақсаттары үшiн пайдалану;

      4) қосалқы сүрек ресурстарын дайындау.

      Ескерту. 34-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 15.06.2017 № 73-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

35-бап. Мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде орман ресурстарын ұзақ мерзiмдi орман пайдалануға беру жөнiнде тендерлер өткiзу тәртiбi

      Мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде орман ресурстарын ұзақ мерзiмдi орман пайдалануға беру жөнiнде тендерлердi өткiзу тәртiбiн уәкілетті орган белгiлейдi.

      Мемлекеттік орман қоры учаскелеріндегі орман ресурстарын ұзақ мерзімді орман пайдалануға беру жөніндегі тендер мемлекеттік мүлік тізілімінің веб-порталын пайдалана отырып электрондық нысанда өткізіледі.

      Ескерту. 35-бап жаңа редакцияда - ҚР 29.09.2014 № 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); өзгеріс енгізілді - ҚР 28.10.2019 № 268-VI (01.01.2021 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

36-бап. Мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде орман пайдалануға рұқсаттама құжаттары

      1. Мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде орман пайдалануды жүзеге асыруға рұқсаттама құжаттары: ағаш кесу билетi мен орман билетi негiзiнде ғана жол берiледi.

      2. Ағаш кесу билетін беруге мыналар негіз болып табылады:

      1) мемлекеттік орман иеленушілер үшін – уәкілетті орган бекіткен мемлекеттік орман қоры аумағында ағаш кесудің жыл сайынғы көлемі;

      2) ұзақ мерзімді орман пайдалану шарты бар орман пайдаланушылар үшін – орман мекемесі бекіткен, мемлекеттік орман қоры аумағында ағаш кесудің жыл сайынғы көлемі.

      3. Ағаш кесу билетi орман пайдаланушы мен орман иеленушіге сүрек, кесілген ағаш қалдықтарын (ұшар басынан алынған отын), шайыр, ағаш шырындарын және қосалқы сүрек ресурстарын дайындауға және кеспеағаш аймағынан ағаштар, сыпталған ағаштар немесе сортименттер (қабығы алынбаған іске жарамды және отындық) түрінде тасып әкетуге құқық беретiн құжат болып табылады.

      4. Ағаш кесу билетi орман ресурстарының сандық және сапалық сипаттамасы, орманды пайдалану төлемақысы мөлшерi, жұмыстар жүргiзудiң мерзімдерi, орманды молықтыру талаптары мен ағаш кесу орындарын тазарту, дайындау технологиясына қойылатын орман шаруашылығы талаптары туралы мәлiметтердi, ағаш кесу билетiнiң қолданылуын тоқтату шарттарын қамтиды.

      5. Ағаш кесу билетi орман пайдаланушыға жыл сайын, оны беру үшiн негiздеме болған құжаттарда көрсетiлген орман пайдалану түрлерiн ғана жүзеге асыруға, белгiленген көлемде және мемлекеттiк орман қорының нақты учаскесiне арнап берiледi.

      6. Шайыр және ағаш шырындарын дайындауға арналған ағаш кесу билетi орман пайдаланушыға сөл ағызудың бүкiл мерзiмiне берiледi.

      7. Мемлекеттiк орман иеленушi басты мақсатта пайдалану үшін ағаш кесуді, аралық мақсатта пайдалану үшін ағаш кесудi және басқа да мақсаттарда ағаш кесудi, жанама орман пайдалануды жүргiзген кезде ағаш кесу билетi және (немесе) орман билетi орманшылық басшысына, ал орманшылық болмаған жағдайда - аталған ағаш кесу мен орман пайдалануды жүргiзуге жауапты лауазымды адамға жазылады.

      8. Орман билетi жанама орман пайдалануды жүзеге асыруға, қосалқы сүрек ресурстарын дайындауға, мемлекеттiк орман қоры учаскелерiн ғылыми-зерттеу, сауықтыру, рекреациялық, тарихи-мәдени, туристiк және спорттық мақсаттар үшiн пайдалануға құқық беретiн құжат болып табылады.

      9. Ағаш кесу билетiнiң және орман билетiнiң нысанын, оларды есепке алудың, сақтаудың, толтыру мен берудiң тәртiбiн уәкілетті орган белгiлейдi.

      10. Мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде жануарлар дүниесiн пайдалануға рұқсаттама құжаттары Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен берiледi.

      Ескерту. 36-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2006.07.07 № 176, 2008.12.10 № 101-IV (2009.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 2011.07.05 № 452-IV (2011.10.13 бастап қолданысқа енгізіледі), 2012.01.25 № 548-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.09.2014 № 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 15.06.2017 № 73-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

37-бап. Орман пайдаланушылардың мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде орман пайдалануды жүзеге асырған кездегi құқықтары

      1. Орман пайдаланушылардың:

      1) мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде орман пайдалануды рұқсаттама құжаттарында көрсетілген көлемде жүзеге асыруға;

      2) өздерiне орман пайдалануда берiлген орман ресурстары туралы ақпарат алуға;

      3) Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен орман пайдалану мерзiмiне құрылыстар мен ғимараттар, сүрек сақтау қоймаларын салуға, ағаш таситын жолдар тартуға, сүректi және мемлекеттiк орман қоры учаскелерiн пайдалануға байланысты басқа да орман өнiмдерiн өңдеу үшiн жабдықтар орнатуға;

      4) мемлекеттiк орман қорының санаттарының өзгеруi, сондай-ақ мемлекеттік орман қоры жерiн мемлекет мұқтажы үшін алып қою салдарынан келтiрiлген шығындарға өтем алуға;

      5) мемлекеттік орман қоры учаскелерінде сүрек дайындау үшін ұзақ мерзімді орман пайдалануды жүзеге асыру кезінде мемлекеттік орман иеленушімен келісу бойынша ағаш кесудің барлық түрін жүргізуге, орман питомниктері мен арнайы мақсаттағы плантациялық екпелерді орналастыруға құқығы бар.

      1-1. Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде орман пайдалану құқығын жүзеге асыруы кезінде өздерінің міндеттерін тиісті дәрежеде орындаған орман пайдаланушылар, егер Қазақстан Республикасының заңдарында немесе ұзақ мерзімді орман пайдалану шартында өзгеше белгіленбесе, шарттың қолданылу мерзімі аяқталғаннан кейін басқа тұлғалардың алдында басқа да тең жағдайларда жаңа мерзімге ұзақ мерзімді орман пайдалану шартын жасауға басымдық құқыққа ие болады.

      2. Орман пайдаланушылардың құқықтары бұзылған жағдайда оларды қорғау сот тәртiбiмен жүзеге асырылады.

      Ескерту. 37-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2012.01.25 № 548-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 15.06.2017 № 73-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

38-бап. Орман пайдаланушылардың мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде орман пайдалануды жүзеге асырған кездегi мiндеттерi

      Орман пайдаланушылар:

      1) ұзақ мерзiмдi және қысқа мерзімді орман пайдалану шарттарының талаптарын, сондай-ақ ағаш кесу билетiнде, орман билетiнде айқындалған талаптарды сақтауға;

      2) тұрғын халықтың денсаулығына зиян келтiруiне жол бермеуге;

      3) жұмысты топырақ эрозиясының пайда болуына жол бермейтiн, ормандардың жай-күйi мен молайтылуына, сондай-ақ су және басқа да табиғи объектiлердiң жай-күйiне терiс әсердi болдырмайтын немесе оны шектейтiн және жануарлар дүниесi мен олар тiршiлiк ететiн ортаның сақталуын қамтамасыз ететiн тәсiлдермен жүргiзуге;

      4) сүрек дайындаған кезде орманды табиғи түрде молықтыру үшін оңтайлы жағдайларды сақтау жөніндегі талаптарды ұстануға;

      5) мемлекеттік орман қорының өздеріне орман пайдалану үшін бөлініп берілген учаскелерінде өрт қауіпсіздігі қағидаларын сақтауға, өз қаражаты есебінен орман өрттерінің алдын алу іс-шараларын жүргізуге; орман өрті туындаған жағдайда ұзақ мерзімді орман пайдалану шартында көзделген шекарада оны сөндіруді жүзеге асыруға; Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен мемлекеттік орман қорының басқа да учаскелерінде орман өрттерін сөндіруге қатысуға;

      6) ұзақ мерзiмдi орман пайдалану кезiнде мемлекеттiк орман иеленушiлермен келiсе отырып өртке қарсы iс-шаралар жоспарын әзiрлеуге және бекiтуге, сондай-ақ оларды белгiленген мерзiмдерде өз қаражаты есебінен жүзеге асыруға;

      7) мемлекеттiк орман қоры аумағында өздерi сауықтыру, рекреациялық, тарихи-мәдени, туристiк, спорттық және басқа да iс-шаралар мен жұмыстарды өткiзетiн жерлерде уәкілетті орган бекiткен нормаларға сәйкес өрт сөндiру құралдары болуына;

      8) ағашы кесiлетiн жерлерде оны дайындау мен тасып әкетудiң белгiленген мерзiмi аяқталған соң кесiлмеген және дайындалған ағаш сүректерiн қалдырмауға;

      9) кеспеағаш аймағын кесілген ағаштардың қалдықтарынан мемлекеттік орман қоры учаскелерінде ағаш кесу қағидаларына сәйкес тазартуға;

      10) мемлекеттiк орман қорының орман пайдалану үшiн бөлiнген учаскелерiнде заңсыз ағаш кесуге және Қазақстан Республикасының орман заңдарын, Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы заңдарын өзге де бұзушылықтарға жол бермеуге;

      11) мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде жұмыс аяқталғаннан кейiн оларды мемлекеттiк орман иеленушiлерге тапсыруға;

      12) мемлекеттік орман қоры учаскелерінде басты мақсатта пайдалану үшін ағаш кескен кезде орман орналастыру жобасына сәйкес қылқан жапырақты және қатты жапырақты тұқымдастар үшін ағаш кесілген алаңның екі еселенген мөлшеріне, жұмсақ жапырақты тұқымдастар үшін ағаш кесілген алаңның бір еселенген мөлшеріне тең алаңда үш жыл ішінде ормандарды молықтыруды жүзеге асыруға;

      12-1) мемлекеттік орман иеленушіде: орман дақылдары қоры; орман пайдаланушыға мемлекеттік орман қоры аумағында қосымша учаске беру мүмкіндігі болмаған жағдайларда жергілікті бюджетке орман көмкерген алқапқа ауыстырғанға дейін орман дақылдарын отырғызу мен өсіру құнының мөлшерінде төлемақы енгізуге міндетті. Орман дақылдарын отырғызу мен өсіру үшін төлемақы орман иеленуші әзірлеген технологиялық-есеп картасымен айқындалады;

      13) ағашы кесiлген жерлерде және өздерiнiң қызметi салдарынан өскiндер жойылған, ағаш пен бұта өсiмдiктерi құрып кеткен алаңдарда ормандарды молықтыруды өз есебiнен жүзеге асыруға;

      14) Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен орман шаруашылығы шеккен шығындар мен шығасыны өтеуге;

      15) Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгiленген тәртiппен орманды пайдаланудың төлемақысын уақтылы енгiзуге;

      16) ормандардың санитариялық жай-күйiн қамтамасыз ету мен жақсарту жөнiндегi ережелердi (бұдан әрi - ормандардағы санитарлық ережелер) сақтауға;

      17) ұзақ мерзімді орман пайдалану кезінде мемлекеттік орман қоры учаскелерін орман зиянкестері мен ауруларынан қорғау жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыру кезінде орман иеленушіге орман зиянкестерімен және ауруларымен күресті ұйымдастыруға жәрдемдесуге, сондай-ақ оған мемлекеттік орман қорының орман пайдалану үшін бөліп берілген учаскелерінде орман зиянкестері мен ауруларының пайда болуы туралы оған уақытылы хабарлауға;

      17-1) орман пайлалануға берілген учаскелерде ұзақ мерзімді орман пайдалану шартының талаптарына сәйкес орман қорының жер учаскелерін қалпына келтіру жөніндегі іс-шараларды жүргізуге;

      18) алып тасталды - ҚР 2012.01.25 № 548-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;

      19) өзге орман пайдаланушылардың құқықтарын бұзбауға;

      20) уәкілетті орган айқындаған тәртiппен уәкілетті органның ведомствосына, аумақтық бөлімшелерге, облыстардың жергілікті атқарушы органдары мен мемлекеттiк статистика саласындағы уәкілетті органға орман қорын мемлекеттік есепке алуды, мемлекеттiк орман кадастрын, ормандардың мемлекеттік мониторингін жүргiзу үшiн қажеттi ақпаратты берiп тұруға;

      20-1) алып тасталды - ҚР 02.01.2021 № 401-VI (01.07.2021 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен;

      21) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де мiндеттердi орындауға мiндеттi.

      Ескерту. 38-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2006.07.07 № 176, 2007.01.09 № 213, 2010.03.19 № 258-IV, 2011.07.05 № 452-IV (2011.10.13 бастап қолданысқа енгізіледі), 2012.01.25 № 548-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.09.2014 № 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 15.06.2017 № 73-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 28.10.2019 № 268-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 02.01.2021 № 401-VI (01.07.2021 бастап қолданысқа енгізіледі): 02.01.2023 № 184-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

39-бап. Мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде орман пайдалану құқығын тоқтата тұру мен шектеу негiздерi

      1. Мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде орман пайдалану құқығы:

      1) орман пайдаланушы Қазақстан Республикасы орман заңдарының, Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы заңдарының талаптарын бұзған;

      2) орман пайдаланушы ұзақ мерзiмдi немесе қысқа мерзімді орман пайдалану шарттарының, ағаш кесу билетiнiң, орман билетiнiң талаптарын орындамаған жағдайларда тоқтатыла тұрады.

      2. Мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде орман пайдалану құқығы:

      1) мемлекеттiк орман қорының орман пайдалану жүзеге асырылатын учаскелерiнде орман ресурстарының жай-күйiнiң нашарлауына әкеп соқтырған табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлардың басталуы нәтижесiнде олардың қоры азайған;

      2) орман зиянкестерi мен ауруларына қарсы күрес жөнiндегi авиахимиялық, авиабиологиялық және аэрозольдық iс-шаралар өткiзiлетiн жағдайларда, сондай-ақ орманда өрт қаупi жоғары болатын кезеңде шектеледі.

      3. Егер орман пайдалану құқығының шектелуiн не тоқтатыла тұруын тудырған мән-жайлар немесе жағдайлар жойылса, орман пайдалану құқығы толық көлемiнде қалпына келтiрiледi.

      4. Орман пайдаланушы орман пайдалану құқығын шектеу туралы немесе тоқтата тұру туралы шешiммен келiспеген жағдайда, оның бұл шешiмге Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен шағым жасауға құқығы бар.

      5. Орман пайдалану құқығын шектеу немесе тоқтата тұру орман пайдаланушыларды Қазақстан Республикасының орман заңдарын бұзғаны үшiн әкiмшiлiк және өзге де жауапкершiлiктен босатпайды.

      Ескерту. 39-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2012.01.25 № 548-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 15.06.2017 № 73-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.06.2020 № 351-VI (01.07.2021 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

40-бап. Мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде орман пайдалану құқығын тоқтату негiздерi

      1. Мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде орман пайдалану құқығы:

      1) орман пайдаланушы орман пайдалану құқығынан ерiктi түрде бас тартқан;

      2) орман пайдалану мерзiмi өткен;

      3) орман пайдаланушы заңды тұлға таратылған;

      4) орман пайдаланушы орман пайдаланудың белгiленген қағидаларын немесе ұзақ мерзiмдi немесе қысқа мерзімді орман пайдалану шарттарында, ағаш кесу билетiнде, орман билетiнде көзделген талаптарды жүйелі түрде (екi және одан да көп рет) бұзған;

      5) мемлекеттiк орман қорында орман пайдалануды жүзеге асыруға кедергi келтiретiн өзгерiстерге әкеп соқтырған табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар басталғанда;

      6) орман пайдалану төлемақысын енгiзудiң белгiленген мерзiмiн үнемi (екi және одан да көп рет) бұзған немесе төлемақыны белгiленген мерзiмнен кейiнгi үш ай iшiнде енгiзбеген;

      7) мемлекеттiк орман қоры жерi мемлекет мұқтажы үшін алып қойылған, мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде орман пайдалануды шектеудiң неғұрлым қатал режимi белгiленген жағдайларда тоқтатылады.

      2. Мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде орман пайдалану құқығын тоқтату орман пайдаланушыларды Қазақстан Республикасының орман заңдарын бұзғаны үшiн әкiмшiлiк және өзгедей жауапкершiлiктен босатпайды.

      Ескерту. 40-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2012.01.25 № 548-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 15.06.2017 № 73-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

41-бап. Мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде орман пайдалану құқығын тоқтату тәртiбi

      Мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде орман пайдалану құқығы:

      1) ұзақ мерзiмдi немесе қысқа мерзімді орман пайдалану шарттарының бұзылуы;

      2) орман пайдаланушының жазбаша өтiнiшi;

      3) ағаш кесу билетi, орман билетi қолданылуының уәкілетті орган белгiлеген тәртiппен тоқтатылуы негiзiнде тоқтатылады;

      4) алып тасталды - ҚР 2012.07.10 N 36-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      Ескерту. 41-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2007.01.12 № 222 (жарияланған күнінен бастап алты ай өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі), 2011.07.05 № 452-IV (2011.10.13 бастап қолданысқа енгізіледі), 2012.07.10 № 36-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.09.2014 № 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 15.06.2017 № 73-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

42-бап. Жеке тұлғалардың мемлекеттiк орман қоры аумағында болуы

      1. Жеке тұлғалардың мемлекеттiк орман қоры аумағында болу тәртiбi мен шарттары мемлекеттiк орман қорының санатымен, ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың түрімен, аумақтың абаттану деңгейiмен және орман пайдаланудың түрiмен айқындалады.

      2. Жеке тұлғалардың, сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген санатына жатқызылған өсімдіктер дүниесі объектілерін қоспағанда, демалыс өткiзу, сауықтыру, рекреациялық, тарихи-мәдени, туристiк және спорттық iс-шараларға қатысу, жабайы өскен жемiстердi, жаңғақтарды, саңырауқұлақтарды, жидектердi, дәрiлiк шикiзатты және өзге де орман ресурстарын өз мұқтажы үшiн жинау мақсатында мемлекеттiк орман қоры аумағында тегiн рұқсаттама құжаттарынсыз болуға құқығы бар.

      3. Жеке тұлғалардың мемлекеттiк орман қоры аумағында жабайы өскен жемiстердi, жаңғақтарды, саңырауқұлақтарды, жидектердi, дәрiлiк шикiзатты және өзге де орман ресурстарын өз мұқтажы үшiн жинауына облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органының ұсынуы бойынша облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті өкiлдi органының шешiмiмен бекiтiлген нормалар шегiнде рұқсат етiледi.

      4. Жеке тұлғалардың мемлекеттiк орман қоры аумағында болуына және жабайы өскен жемiстердi, жаңғақты, саңырауқұлақтарды, жидектердi, дәрiлiк шикiзатты және өзге де орман ресурстарын жинауына Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес, халықтың денсаулығын қорғау, өрт қауiпсiздiгi, жаңғақ кәсiпшiлiгi, орман-жемiс, орман тұқым және аңшылық шаруашылықтарын жүргiзу мүддесiне орай шектеу қойылуы мүмкiн.

      5. Қазақстан Республикасының арнайы заңнамасында айқындалған жағдайлардан басқа кезде, өсімдіктердің сирек кездесетін және жойылып кету қаупі төнген түрлерінің тізбесіне енгiзiлген жабайы өсетін өсiмдiктер мен саңырауқұлақтар түрлерiн, сондай-ақ құрамында есiрткi бар өсiмдiктер мен құрамында есiрткi бар табиғи шикiзат жинау мен дайындауға тыйым салынады.

      6. Жеке тұлғалар өрт қауiпсiздiгi ережелерiн сақтауға, ағаштар мен бұталарды сындырмауға және кеспеуге, орман ағаштарының зақымдануына, ормандардың ластануына, құмырсқа илеулерiнiң, құс ұяларының бұзылуына жол бермеуге, жабайы өскен тағамдық орман ресурстарын, дәрiлiк шикiзатты олардың молықтырылуына нұқсан келмейтiн мерзiмде және тәсiлдермен жинауға мiндеттi.

      7. Жеке тұлғалардың мемлекеттiк орман қоры аумағында аң аулау және балық аулау мақсатында болуы осы Кодекспен регламенттеледi.

      Ескерту. 42-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2012.01.25 № 548-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 15.06.2017 № 73-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

4-бөлім. Орман шаруашылығын ұйымдастыру
7-тарау. Орман шаруашылығын ұйымдастыру негіздері

43-бап. Мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде орман шаруашылығын ұйымдастыру

      1. Мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде орман шаруашылығын ұйымдастыру:

      1) орман орналастыру iсiн жүргiзудi;

      2) мемлекеттiк орман қорын санаттарға бөлудi;

      3) мемлекеттiк орман қорын алқаптар түрлерi бойынша бөлудi;

      4) кесу жасын белгiлеудi;

      5) кесу жүйесi мен орман ресурстарын молықтыру жүйесiн белгiлеудi;

      6) орман пайдалану нормаларын белгiлеудi;

      7) ормандарды күзету мен қорғау жөнiнде шаралар белгiлеудi;

      8) орман селекциясы мен орман тұқым шаруашылығын жүргізуді;

      9) ормандарды зерттеу, есепке алу, күзету, қорғау, молықтыру, орман өcipу, орман пайдалануды реттеу және Қазақстан Республикасының орман заңдарының сақталуына бақылауды жүзеге асыру жөнiндегi өзге де құқықтық, ұйымдастырушылық және техникалық iс-шараларды қамтиды.

      2. Мемлекеттiк орман қорын тиiмдi күзету мен қорғауды қамтамасыз ету үшiн мемлекеттiк орман иелiктерi аумағы орманшылықтарға, орман шеберi учаскелерiне және орман қарау аймағына бөлiнедi.

44-бап. Мемлекеттiк орман қорының санаттары және орман пайдалануды шектеу режимi

      1. Қазақстан Республикасындағы барлық орман су күзету, егiс-топырақ қорғау, гендiк, санитарлық-гигиеналық, сауықтыру және өзге де пайдалы функцияларды атқаратын қорғаныштық орман болып табылады.

      2. Ормандардың атқаратын функцияларының басымдықтарына қарай мемлекеттiк орман қоры:

      1) ерекше қорғалатын орман аумақтары, оның iшiнде:

      мемлекеттiк табиғи қорықтар ормандары;

      мемлекеттiк ұлттық табиғи парктер ормандары;

      мемлекеттiк табиғи резерваттар ормандары;

      мемлекеттiк өңiрлiк табиғи парктер ормандары;

      мемлекеттiк қорық аймақтары ормандары;

      табиғаттың мемлекеттiк орман ескерткiштерi;

      орманның гендiк резерваттарын қоса, ғылыми маңызы бар орман учаскелерi;

      аса құнды орман алаптары;

      жаңғақ кәсiпшiлiгi аймақтары;

      орман-жемiс екпелерi;

      аса биiк тау ормандары;

      2) мемлекеттiк қорғаныштық орман белдеулерi;

      3) қала ормандары;

      4) елдi мекендердiң және емдеу-сауықтыру мекемелерiнiң жасыл аймақтары;

      5) эрозияға қарсы ормандар;

      6) өзендер, көлдер, су қоймалары мен басқа да су объектiлерi жағалауларындағы тыйым салынған орман белдеулерi;

      7) халықаралық және республикалық маңызы бар ортақ пайдаланудағы темiр жолдар мен автомобиль жолдары, каналдар, магистральдық құбырлар мен басқа да желiлiк құрылыстардың бөлiп берiлген белдеулерiндегi қорғаныштық екпелер;

      8) халықаралық және республикалық маңызы бар ортақ пайдаланудағы темiр жолдар мен автомобиль жолдары бойындағы қорғаныштық орманды белдеулер;

      9) егiс-топырақ қорғаныштық ормандар санаттарына бөлiнедi.

      3. Халықаралық және республикалық маңызы бар ортақ пайдаланудағы темiр жолдар мен автомобиль жолдары бойындағы қорғаныштық орманды белдеулерге жұмыс iстеп тұрған және салынып жатқан темiр жолдарға бөлiнген белдеулерге iргелес жатқан, темiр жол төсемiнен екi жаққа қарай бес жүз метр шегiндегi орман және халықаралық және республикалық маңызы бар ортақ пайдаланудағы автомобиль жолдарына бөлiнген белдеулерге iргелес жатқан, жолдың ортасынан екi жаққа қарай екi жүз елу метр шегiндегi орман жатады.

      4. Мемлекеттiк орман қоры санаттарында орман пайдалануды шектеудiң мынадай режимдерi белгiленедi:

      1) қорық режимi - осы Кодексте айтылған жағдайларды қоспағанда, орман пайдаланудың барлық түрлерiне, оның iшiнде ағаштарды кесуге тыйым салынады;

      2) тапсырыс режимi - басты мақсатта пайдалану үшiн ағаш кесуге (ағаш кесудiң өзге түрлерi осы Кодексте айтылған жағдайларда ғана жүргiзiлуi мүмкiн), шайыр мен ағаш шырындарын, қосалқы сүрек ресурстарын дайындауға, шөп шабу мен мал жаюға тыйым салынады;

      3) шектеулi шаруашылық қызметiнiң режимi - жапырақты сүрекдiңдерді қоспағанда, басты мақсатта пайдалану үшiн ағаш кесуге (ағаш кесудiң өзге де түрлерi осы Кодексте айтылған жағдайларда ғана жүргiзiлуi мүмкiн), шайыр мен ағаш шырындарын, қосалқы сүрек ресурстарын дайындауға тыйым салынады.

      Ескерту. 44-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2006.07.07 № 176, 2012.01.25 № 548-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

45-бап. Мемлекеттiк орман қорын санаттарға жатқызу, бiр санаттан екiншi санатқа ауыстыру, сондай-ақ ерекше қорғаныштық учаскелердi бөлу

      1. Мемлекеттiк орман қорын санаттарға жатқызу, бiр санаттан екiншi санатқа ауыстыру, сондай-ақ орман пайдалануға тыйым салынатын немесе ол шектелетiн ерекше қорғаныштық учаскелерге бөлiнуi мемлекеттiк экологиялық сараптаманың оң қорытындысы болған кезде орман орналастыру материалдары және (немесе) арнайы зерттеулер негiзiнде оның экологиялық және әлеуметтiк-экономикалық маңызына қарай жүргiзiледi.

      2. Мемлекеттiк орман қорын санаттарға жатқызуды, сондай-ақ бiр санаттан екiншi санатқа ауыстыруды Қазақстан Республикасының Үкiметi жүргiзедi.

      3. Мемлекеттiк орман қорында, осы Кодекстiң 44-бабы 2-тармағының 1) - 5) тармақшаларында көрсетiлген санаттарды қоспағанда, орман пайдаланудың шектеулi режимiмен ерекше қорғаныштық учаскелер бөлiнуi мүмкiн.

      Ерекше қорғаныштық учаскелер басты мақсатта пайдалану үшiн ағаш кесу ережелерiне сәйкес орман орналастыру немесе арнайы зерттеулер кезiнде бөлiнедi.

46-бап. Мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде кесу жасын белгiлеу

      1. Мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде кесу жасы ормандардың маңызы мен өнiмдiлiгi, олардың атқаратын функциялары, ағаш және бұта тұқымдастарының биологиялық ерекшелiктерi, сондай-ақ сүректiң мақсатты пайдаланылуы негiзге алына отырып айқындалады.

      2. Кесу жасын негiздеу орман орналастыру кезiнде немесе ғылыми зерттеулер нәтижелерi бойынша жүргiзiледi.

      3. Кесу жасын бекiтудi уәкiлеттi орган жүзеге асырады.

47-бап. Мемлекеттiк орман қоры учаскелерiндегi есептi кеспеағаш аймағы

      1. Мемлекеттiк орман қоры учаскелерiндегi есептi кеспе ағаш аймағы - басты мақсатта пайдалану үшiн ағаш кесу тәртiбiмен сүрек дайындаудың орман орналастыру кезiнде орманды үздiксiз және сарқылмайтындай етiп пайдалану принципi негiзге алына отырып, әрбiр мемлекеттiк орман иелiгi бойынша тексеру кезеңiне белгiленетiн жыл сайынғы нормасы.

      Республиканың бүкiл аумағы және оның жекелеген облысының аумағы үшiн есептi кеспеағаш аймағы жекелеген мемлекеттiк орман иелiктерiнiң есептi кеспеағаш аймағының жиынтығы ретiнде айқындалады.

      2. Мемлекеттік орман қоры учаскелеріндегі есептік кеспеағаш аймағын мемлекеттік орман иеленушінің орман орналастыру жобасының құрамында уәкілетті орган бекітеді.

      3. Мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде орман ресурстары сүрек дайындау үшiн ұзақ мерзiмдi орман пайдалануға берiлген жағдайда, есептi кеспеағаш аймағы осы учаскелер үшiн, қажетiне қарай уәкiлеттi орган айқындаған тәртiппен белгiленуi мүмкiн.

      4. Мемлекеттiк орман қорының шекарасы мен жай-күйi, басты мақсатта пайдалану үшiн ағаш кесу жасы, мемлекеттiк орман қорының қорғаныштық санаты өзгерген кезде есептi кеспеағаш аймағына өзгерiстер енгiзiледi.

      Мемлекеттiк орман қоры учаскесiнде өзгертiлген есептi кеспеағаш аймағын бекiтудi мемлекеттiк экологиялық сараптаманың оң қорытындысы болған кезде уәкiлеттi орган жүргiзедi.

      Ескерту. 47-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2012.01.25 № 548-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

48-бап. Мемлекеттiк орман қоры алқаптарының түрлерi

      Мемлекеттiк орман қорының құрамы:

      1) орман алқаптарына (орманды алқаптар; орманның жинақталмаған ағаштары; арнайы мақсаттағы плантациялар, орман питомниктерi, сондай-ақ ағаш өспеген алқаптар - ағашы кесiлген, өртең, алаңқай, селдiр ормандар);

      2) ағаш өспеген алқаптарға (ауыл шаруашылығы алқаптары, жолдар, орманның шаршы соқпақтары, өртке қарсы жыртылған жерлер, усадьбалар, сулар, батпақтар, мұздақтар, құмайт жерлер және мемлекеттiк орман қоры құрамындағы басқа да алқаптар) бөлiнедi.

49-бап. Орман шаруашылығын жүргiзуге және орман пайдалануға байланысты мақсаттарда пайдалану үшiн мемлекеттiк орман қорындағы орман алқаптарын ағаш өспеген алқаптарға айналдыру

      1. Орман шаруашылығын жүргiзуге және орман пайдалануға байланысты мақсаттарда пайдалану үшiн мемлекеттiк орман қорындағы орман алқаптарын ағаш өспеген алқаптарға айналдыруды орман орналастыру немесе арнайы зерттеулер материалдары негiзiнде аумақтық бөлімше жүргiзедi.

      Алаңқай жерлер топырақ зерттеу және орман орналастыру материалдары бойынша орман өсiруге жарамсыз деп танылған жағдайларда ағаш өспеген алқаптарға айналдырылуы мүмкiн.

      2. Аумақтық бөлімшенің орман шаруашылығын жүргiзуге және орман пайдалануға байланысты мақсаттарда орманды алқаптарды ағаш өспеген алқаптарға айналдыру туралы шешiмiнде учаскенiң орналасқан жерi, оның көлемi, ағаш өспеген алқапқа айналдыруды жүзеге асырудың мақсаты мен мерзiмi, атқаруға рұқсат етiлген жұмыстардың тiзбесi, ағаш өспеген алқапқа айналдыру мерзiмi аяқталғаннан кейiнгi осы учаскенi жаңғырту жөнiндегi iс-шаралар көрсетiледi.

      Ескерту. 49-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2012.01.25 № 548-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

50-бап. Мемлекеттiк орман қорындағы ағаш өспеген алқаптарды орманды алқаптарға айналдыру

      Мемлекеттiк орман қорындағы ағаш өспеген алқаптарды орманды алқаптарға айналдыруды уәкiлеттi орган белгiлеген тәртiппен мемлекеттiк орман иеленушi жүргiзедi.

51-бап. Мемлекеттiк орман қоры жерiн орман шаруашылығын жүргiзуге байланысты емес мақсаттар үшiн басқа санаттардағы жерге ауыстыру және (немесе) мемлекеттiк орман қоры жерiн мемлекет мұқтажы үшін алып қою

      1. Мемлекеттiк орман қоры жерiн орман шаруашылығын жүргiзуге байланысты емес мақсаттар үшiн басқа санаттардағы жерге ауыстыруды және (немесе) мемлекеттiк орман қоры жерiн мемлекет мұқтажы үшін алып қоюды Қазақстан Республикасының Жер кодексіне сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi жүзеге асырады.

      1-1. Мемлекеттік орман қоры жерін орман шаруашылығын жүргізуге байланысты емес мақсаттар үшін басқа санаттардағы жерге ауыстыруға айрықша жағдайларда орман орналастыру және жерге орналастыру материалдары негізінде Қазақстан Республикасының орман және жер заңнамасының талаптарына сәйкес мемлекеттік экологиялық сараптаманың оң қорытындысы болған кезде және:

      1) ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды құруға және кеңейтуге;

      2) халықаралық міндеттемелерді орындауға;

      3) кен орны учаскесінің астынан пайдалы қазбалар табылып, оларды игерудің баламалы нұсқалары болмауына;

      4) халықаралық және республикалық маңызы бар автомобиль жолдарын және теміржолдарды, электр беру желілерін, байланыс желілерін және магистральдық құбыржолдарды ықтимал орналастырудың баламалы нұсқалары болмаған кезде оларды салуға;

      5) елді мекендердің шекарасы (шегі) өзгеріп, оларды ықтимал орналастырудың басқа нұсқалары болмауына;

      6) Қазақстан Республикасы Мемлекеттік шекарасының объектілері мен қорғаныс мұқтаждарына арналған объектілерді жайластыруға байланысты ғана жол беріледі.

      Осы тармақтың бірінші бөлігінің 3) және 4) тармақшаларында көзделген жағдайларда орман қорының жері ауыстырылған кезде пайдасына учаске ауыстырылатын тұлғалар ауыстырылатын учаске алаңының екі еселенген мөлшерінде орман дақылдарын өтемдік отырғызуды және мемлекеттік орман қорының құрамына ауыстыру үшін мемлекеттік орман иеленушіге өтемақы тәртібімен тиісті жергілікті атқарушы органдар берген жер учаскелерінде оларды отырғызғаннан кейін алғашқы үш жыл бойы орман дақылдарына күтім жасауды жүзеге асырады.

      2. Мемлекеттiк орман қоры жерiн орман шаруашылығын жүргiзуге байланысты емес мақсаттар үшiн басқа санаттардағы жерге ауыстырған және (немесе) мемлекеттiк орман қоры жерiн мемлекет мұқтаждығы үшін алып қойған кезде, көрсетілген ауыстыруды және (немесе) алып қоюды өз мүддесi үшiн жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар уәкілетті орган белгiлеген тәртiппен орман шаруашылығы өндiрiсiндегi шығасылар мен шығындардың орнын толтырады.

      3. Мемлекеттiк орман қоры жерiн орман шаруашылығын жүргiзуге байланысты eмec мақсаттар үшiн басқа санаттардағы жерге ауыстырған және (немесе) мемлекеттiк орман қоры жерiн мемлекет мұқтажы үшін алып қойған кезде осы жерлердегi екпелердi сақтау немесе кесу туралы және кесiлген жағдайда алынатын сүректі пайдалану туралы мәселе бiр мезгiлде шешiледi.

      Ескерту. 51-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 29.09.2014 № 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 28.10.2019 № 268-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі): 02.01.2023 № 184-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

51-1-бап. Басқа санаттардағы жерді орман қоры жеріне ауыстыру

      1. Басқа санаттардағы жерде табиғи өсiп шығатын екпелер орман қорының құрамына енгізілуге жатады.

      2. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген екпелерді анықтауды, құжаттаманы ресімдеуді және оны уәкілетті органға ұсынуды облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергiлiктi атқарушы органы жүзеге асырады.

      3. Басқа санаттардағы жерді орман қоры жеріне ауыстыру Қазақстан Республикасының жер заңнамасына және осы Кодекске сәйкес уәкілетті орган айқындаған тәртіппен жүзеге асырылады.

      Ескерту. 7-тарау 51-1-баппен толықтырылды - ҚР 15.06.2017 № 73-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

52-бап. Жекеше орман қоры жерiнiң мақсатты пайдаланылуын өзгерту

      Жекеше орман қоры жерiнiң мақсатты пайдаланылуын өзгерту Қазақстан Республикасының Жер кодексіне сәйкес жүргiзiледi.

53-бап. Ормандардың жай-күйi мен молықтырылуына әсер ететiн объектiлер салынатын орындарды келiсу

      1. Ормандардың жай-күйi мен молықтырылуына әсер ететiн объектiлер салынатын орындар санитариялық-эпидемиологиялық сараптама мiндеттi түрде жүргiзiле отырып, уәкiлеттi органмен келiсiледi.

      2. Кәсiпорындарды, ғимараттарды және басқа объектiлердi орналастырған, жобалаған, салған және пайдалануға берген кезде, сондай-ақ ормандардың жай-күйiне әсер ететiн жаңа технологиялық процестердi енгiзген кезде ормандарды ақаба судың, өнеркәсiптiк және коммуналдық-тұрмыстық шығарындылардың, қалдықтардың және төгiндiлердiң жағымсыз әсерiнен сақтауды қамтамасыз ететiн iс-шаралар көзделiп, жүзеге асырылуға тиiс.

      3. Ормандардың жай-күйiне зиянды әсердi болдырмайтын құрылғылармен қамтамасыз етiлмеген кәсiпорындарды, цехтарды, көлiк жолдары мен басқа да объектiлердi пайдалануға беруге тыйым салынады.

      Ескерту. 53-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 02.01.2021 № 401-VI (01.07.2021 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

54-бап. Мемлекеттiк орман қорында орман шаруашылығын жүргiзуге және орман пайдалануға байланысты емес жұмыстарды жүргiзу

      1. Мемлекеттiк орман қорында құрылыс жұмыстарын жүргiзу, кең таралған пайдалы қазбаларды өндiру, коммуникациялар тарту және орман шаруашылығын жүргiзуге және орман пайдалануға байланысты емес өзге де жұмыстарды орындау, егер бұл үшiн мемлекеттiк орман қорының жерiн басқа жер санаттарына ауыстыру және (немесе) оларды алып қою қажет болмаса, тиісті экологиялық рұқсат не мемлекеттiк экологиялық сараптаманың оң қорытындысы болған кезде уәкiлеттi органмен келiсу бойынша облыстың жергілікті атқарушы органының шешiмi негiзiнде жүзеге асырылады.

      1-1. Мемлекеттік орман қоры жерінде уранды жерасты ұңғымасында шайып сілтісіздендіру әдісімен өндіру оны басқа санаттардағы жерге ауыстырмай, уәкілетті орган айқындаған тәртіппен, бүлінген жер учаскелерін кейіннен рекультивациялай отырып және оларды орман иеленушіге бере отырып жүзеге асырылады.

      Жер қойнауын пайдаланушылар мемлекеттік орман қоры учаскелерін уранды жерасты ұңғымасында шайып сілтісіздендіру әдісімен өндіру үшін пайдаланған кезде жер қойнауын игерудің алғашқы үш жылы бойы пайдаланылатын учаскенің екі есе мөлшерінде орман екпелерін өтемдік отырғызуды және орман айналған алаңға ауыстырылғанға дейін оларды күтіп-ұстауды жүргізуге міндетті.

      2. Облыстың жергілікті атқарушы органының шешiмiнде жүргiзiлетiн жұмыстардың атауы, оларды орындау мерзiмдерi мен шарттары, қоршаған ортаны қорғау жөнiндегi экологиялық талаптар, жер учаскелерін қалпына келтіру жөніндегі іс-шаралар және оларды жүргізу мерзімдері көрсетiледi.

      Ескерту. 54-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 15.06.2017 № 73-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 28.10.2019 № 268-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 02.01.2021 № 401-VI (01.07.2021 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

5-бөлім. Орман орналастыру, орман қорының мемлекеттік есебі, мемлекеттік орман кадастры және мемлекеттік орман мониторингі

8-тарау. Орман орналастыру

55-бап. Орман орналастыру

      1. Орман орналастыру орман шаруашылығын жүргiзудiң тиiмдiлiгiн арттыруға, орман шаруашылығында бiрыңғай ғылыми-техникалық саясатты жүзеге асыруға, орман қорының ұтымды пайдаланылуын қамтамасыз етуге бағытталған iс-шаралар жүйесiн қамтиды.

      Орман орналастыру кезiнде:

      1) Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен мемлекеттiк орман қорының шекарасын және мемлекеттiк орман иелiктерiнiң шаруашылықiшiлік ұйымдастырылуын айқындау, оның ішінде орманшылықтарға, орман шеберiнiң учаскелерiне және орман қарау аймағына бөлу;

      2) топографиялық-геодезиялық жұмыстарды орындау мен мемлекеттiк орман қорын арнайы картаға түсiру;

      3) ормандардың тұқымдық және жас құрамын, олардың жай-күйін анықтай отырып, орман қорын түгендеу, сондай-ақ орман ресурстарының сапалық және сандық сипаттамаларын анықтау;

      4) мемлекеттiк табиғат-қорық қоры объектiлерiн, орманның аса сирек кездесетiн өсiмдiктерiн және ерекше қорғаныштық учаскелердi анықтау;

      5) басты мақсатта пайдалану үшiн ағаш кесу, аралық пайдалану мақсатында ағаш кесу, өзгедей мақсатта ағаш кесу, ормандарды молықтыру мен орман өсiру, суландыру, күзету мен қорғау жөнiндегi iс-шараларды және басқа да орман шаруашылығы iс-шараларын жүргiзу үшiн мемлекеттiк орман қоры учаскелерiн анықтау, сондай-ақ оларды жүргiзудiң тәртiбi мен тәсiлдерiн анықтау;

      6) мемлекеттiк орман қорын санаттарға жатқызуды негiздеу, мемлекеттiк орман қорын бiр санаттан екiншi санатқа ауыстыру, ағаш өспеген алқаптарды орманды алқаптарға айналдыру жөнiнде ұсыныстар әзiрлеу, сондай-ақ мемлекеттiк орман қоры учаскелерiн алқаптар түрiне жатқызу және оларды негiздеу;

      7) мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде есептi кеспеағаштарды, аралық мақсатта пайдалану үшiн ағаш кесу мөлшерiн, басты мақсатта пайдалану үшiн ағаш кесу жасын анықтау;

      8) мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде ормандарды молықтыру мен орман өсiру, орман тұқым шаруашылығы, ормандарды күзету мен қорғау жөнiндегi iс-шаралардың, басқа да орман шаруашылығы iс-шараларының көлемiн анықтау;

      8-1) артықшылығы бар, қалыпты және кемiстiгi бар екпелерді қоса алғанда, орман екпелерін селекциялық тұрғыдан бағалау;

      9) жанама орман пайдалану мен қосалқы сүрек ресурстарын дайындау, мемлекеттiк орман қоры учаскелерiн аңшылық шаруашылығының мұқтаждары, сауықтыру, рекреациялық, тарихи-мәдени, туристiк және спорттық мақсаттар үшiн пайдалану мөлшерiн айқындау;

      9-1) орман шаруашылығын жүргiзуге кешендi баға беру кезінде өткен тексеру кезеңi iшiнде орман қоры аумағында өрттен және ағаштың заңсыз кесілуінен келтірілген залалды айқындау;

      10) орманды биологиялық зерттеулер;

      11) орман орналастыру жобаларын жүзеге асыруды авторлық қадағалау;

      12) орман шаруашылығын жүргiзудiң негiзгi ережелерiн әзiрлеу және облыстар бойынша орман орналастырудың жиынтық жобаларын жасау жүзеге асырылады.

      13) алып тасталды - ҚР 2012.07.10 N 34-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      2. Орман ресурстарын есепке алуға, орман қорының аумақтық құрылымына, оның ішінде мемлекеттік орман қорының шекараларын белгілеуге, ормандардың мемлекеттік мониторингіне, орман шаруашылығын жүргізуді жоспарлауға және орман пайдалануға байланысты орман орналастыру мемлекеттік монополияға жатады және оны мемлекеттік орман орналастыру ұйымы жүзеге асырады.

      Мемлекеттік монополия субъектісі өндіретін және (немесе) өткізетін тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) бағаларын монополияға қарсы органмен келісу бойынша уәкілетті орган белгілейді.

      3. Орман орналастыру материалдары мемлекеттiк орман қоры жерiнiң шекарасын белгiлейтiн және нақтылайтын кезде, жерге орналастыру жұмыстарын жүргiзу кезiнде қолданылады.

      Ескерту. 55-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2006.07.07 № 176, 2012.01.25 № 548-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2012.07.10 № 34-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); 29.09.2014 № 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 15.06.2017 № 73-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

56-бап. Орман орналастыруды жүргізу жүйесі

      1. Орман орналастыру уәкілетті орган бекіткен мемлекеттік орман қоры аумағында орман орналастыруды жүргізу қағидаларына, сондай-ақ нұсқаулығына сәйкес бiрыңғай жүйе бойынша орындалады.

      2. Мемлекеттiк орман қоры аумағына орман орналастыруды уәкiлеттi органның құзырындағы мемлекеттiк орман орналастыру ұйымдары аэрофототүсірілімі мен ғарыш түсірілімінің материалдарын қолдана отырып жүргiзедi.

      3. Бастапқы орман орналастыруды жүргiзбей және осы Кодексте айқындалған тәртiппен бекiтiлген орман орналастыру құжаттамасынсыз мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде орман шаруашылығын жүргiзу мен орман пайдалануға тыйым салынады.

      4. Мемлекеттік орман иелігі аумағында ревизиялық кезең аяқталған және орман орналастырудың жаңа құжаттамасы қолданысқа енгізілгенге дейін:

      1) өртке қарсы іс-шаралар ревизиялық кезеңнің соңғы жылына белгіленген көлемдерде орындалады;

      2) ағашты санитариялық мақсатта кесуді қоса алғанда, орман қорғау іс-шаралары ормандардың санитариялық жай-күйіне қарай, мемлекеттік орман иеленушілер немесе уәкілетті органның мамандандырылған ұйымдары жүргізетін орман-патологиялық зерттеп-қараулардың материалдары бойынша айқындалатын көлемдерде жүзеге асырылады;

      3) ормандарды молықтыру және орман өсіру жөніндегі іс-шаралар орман дақылдары қорының болуына қарай, ревизиялық кезеңнің соңғы жылына белгіленген көлемдерде, бірінші кезекте, ағаш кесілген жерлер мен өртеңдерде орындалады;

      4) орманды күтіп-баптау мақсатында ағаш кесу өспей қалған немесе ағаштардың басты тұқымдыларының өсуіне кедергі келтіретін ағаштарды кесіп тастауды қажет ететін екпелердің болуына қарай, ревизиялық кезеңнің соңғы жылына белгіленген көлемдерде орындалады;

      5) басты мақсатта пайдалану үшін ағаш кесу есепті кеспеағаш аймағының орман орналастыру жобасында белгіленген шекте уәкілетті орган бекіткен жыл сайынғы кеспеағаш аймағы қоры мөлшерінде жүргізіледі. Бір жыл бойы есепті кеспеағаш аймағына осы Кодексте айқындалған тәртіппен өзгерістер енгізіледі;

      6) орман пайдаланудың осы бөліктің 2), 4) және 5) тармақшаларында көрсетілмеген қалған түрлері осы Кодексте айқындалған тәртіппен ревизиялық кезеңнің соңғы жылына белгіленген көлемдерде жүзеге асырылады.

      Мемлекеттік орман иеленушілер мемлекеттік орман қоры учаскелерінде жүргізіліп жатқан іс-шаралар мен орман пайдалану туралы деректерді бұрынғы орман орналастыру материалдарына енгізуге міндетті.

      Ескерту. 56-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2012.01.25 № 548-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.09.2014 № 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 15.06.2017 № 73-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

57-бап. Мемлекеттiк орман иелiктерiнiң орман орналастыру жобалары

      1. Мемлекеттiк орман қорында орман орналастыру кезiнде орман орналастыру жобалары жасалады, оларда өткен тексеру кезеңi iшiнде орман шаруашылығын жүргiзу мен мемлекеттiк орман қорын пайдалануға кешендi баға берiледi, орман шаруашылығы іс-шаралары жоспарланады және орман шаруашылығын ұйымдастыру мен жүргiзудiң келесi тексеру кезеңiне арналған негiзгi ережелерi әзiрленедi.

      2. Мемлекеттiк экологиялық сараптамадан өткен мемлекеттiк орман иелiктерiнiң орман орналастыру жобалары мен орман орналастырудың басқа да құжаттарын уәкiлеттi орган бекiтедi және олар орман шаруашылығын жүргiзу, оның ағымдағы және болашақтағы дамуын жоспарлау үшiн мiндеттi нормативтiк актiлер болып табылады.

      3. Орман орналастыру жобалары орман орналастыру жұмыстары аяқталғаннан кейiнгi жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгiзiледi.

      Ескерту. 57-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2012.01.25 № 548-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

58-бап. Орман қоры туралы ақпарат

      1. Орман қоры туралы ақпарат орман қорының мемлекеттiк есебi, мемлекеттiк орман кадастры, мемлекеттiк орман мониторингi, орман орналастыру деректерiн және уәкiлеттi орган және (немесе) мемлекеттік орман орналастыру ұйымдары алған өзге де деректердi қамтиды.

      2. Орман қоры туралы ақпарат мемлекеттiк меншiк болып табылады, оны жеке және заңды тұлғалардың пайдалану тәртiбi мен шарттарын уәкiлеттi орган Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес айқындайды.

      Ескерту. 58-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2012.01.25 № 548-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.09.2014 № 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

9-тарау. Орман қорының мемлекеттік есебі, мемлекеттік
орман кадастры және мемлекеттік орман мониторингі

59-бап. Орман қорының мемлекеттiк есебi

      1. Орман қорының мемлекеттiк есебi Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен орман қорының күзетiлуiн, қорғалуын, ормандардың молықтырылуы мен орман өсiрудi, орманның пайдаланылуын, орман қорының сандық және сапалық өзгерiстерiне жүйелi бақылау жасауды ұйымдастыру және мемлекеттiк органдарды, мүдделi жеке және заңды тұлғаларды орман қоры туралы ақпаратпен қамтамасыз ету үшiн жүргiзiледi.

      Мемлекеттiк орман қорының құрамындағы ерекше қорғалатын орман аумақтары жеке бөлiнедi және есепке алынады.

      Мемлекеттiк табиғи қорықтар, мемлекеттiк ұлттық табиғи парктер, мемлекеттiк өңiрлiк табиғи парктер мен мемлекеттiк табиғи резерваттар шекарасындағы мемлекеттiк табиғи ескерткiштер солардың құрамында есепке алынады.

      Орман қорының мемлекеттiк есебiнiң деректерi мемлекеттiк орман кадастрын жүргiзген кезде пайдаланылады.

      2. Орман қорын мемлекеттік есепке алудың нысанын уәкілетті орган мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті мемлекеттік органмен келісе отырып бекітеді.

      3. Орман қорын мемлекеттік есепке алуды уәкілетті орган бекіткен қағидаларға сәйкес мемлекеттік орман орналастыру ұйымы жүргізеді.

      Ескерту. 59-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2006.07.07 № 176, 2010.03.19 № 258-IV, 2012.01.25 № 548-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.09.2014 № 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

60-бап. Мемлекеттiк орман кадастры

      1. Мемлекеттiк орман кадастры орман қорының құқықтық режимi, оны орман иеленушiлер арасында бөлу, орман қорының сандық және сапалық жай-күйi, мемлекеттiк орман қорын санаттары бойынша бөлу туралы мәлiметтер жүйесiн және орман қорының орман шаруашылығын жүргiзу мен шаруашылық қызметтiң нәтижелерiн бағалау үшiн қажеттi басқа да экологиялық және экономикалық сипаттамалары туралы деректердi қамтиды.

      1-1. Мемлекеттік орман кадастрын уәкілетті орган бекіткен қағидаларға сәйкес мемлекеттік орман орналастыру ұйымы жүргізеді.

      2. Мемлекеттiк орман кадастрының деректерi орман шаруашылығын мемлекеттiк басқару, оны жүргiзудi ұйымдастыру, орман шаруашылығын жүргiзуге және мемлекеттiк орман қорын пайдалануға байланысты емес мақсаттарда орман алқаптарын ағаш өспеген алқаптарға айналдыру және (немесе) мемлекеттiк орман қоры жерiн алып қою, ормандарды пайдаланудың төлемақысы мөлшерiн белгiлеу, орман пайдаланушылар мен орман иеленушiлердiң шаруашылық қызметiн бағалау кезiнде пайдаланылады.

      3. Мемлекеттiк орман кадастры көрсеткiштерiнiң тiзбесi мен ормандарды экономикалық бағалау әдiстемесiн уәкiлеттi орган айқындайды.

      Ескерту. 60-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2012.01.25 № 548-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.09.2014 № 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

61-бап. Мемлекеттiк орман мониторингi

      Ормандардың мемлекеттік мониторингi орман қорын күзету, қорғау, пайдалану және орман өсіру, ормандардың биологиялық әралуандығы мен экологиялық функцияларын сақтау саласында мемлекеттік басқару мақсатында орман қорының жай-күйi мен серпінін байқау, бағалау және болжау, оның ішінде Жерді қашықтан зондтау деректерін пайдалана отырып байқау, бағалау және болжау жүйесiн бiлдiредi.

      Ормандардың мемлекеттік мониторингін уәкілетті орган бекіткен қағидаларға сәйкес мемлекеттік орман орналастыру ұйымы жүргізеді.

      Ескерту. 61-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2012.01.25 № 548-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.09.2014 № 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 08.04.2016 № 490-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 21.12.2022 № 167-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

6-бөлім. Ормандарды күзету, қорғау, молықтыру мен орман өсіру, орман тұқым шаруашылығы

10-тарау. Орман қорын күзету мен қорғау

62-бап. Мемлекеттiк орман қорын күзету мен қорғау мiндеттерi

      Мемлекеттiк орман қорын күзету мен қорғаудың негiзгi мiндеттерi:

      1) ормандағы өрттердiң алдын алу, оларды дер кезiнде байқап, жою жөнiндегi іс-шараларды жүргiзу;

      2) мемлекеттiк орман қоры аумағындағы барлық жұмыс iстейтiн әрi сонда орналасқан ұйымдардың, сондай-ақ орманда болатын жеке тұлғалардың ормандарда өрт қауiпсiздiгi ережелерi мен санитарлық ережелердi сақтауын қамтамасыз ету;

      3) орманды заңсыз ағаш кесуден, зақымдаудан, ұрлаудан және Қазақстан Республикасының орман заңдарын басқадай бұзушылықтан қорғау, сондай-ақ мемлекеттiк орман қоры жерлерiн күзету;

      4) орман пайдаланушылардың сүрiктi түбiрiмен босату, мемлекеттік орман қоры учаскелерінде ағаш кесу ережелерiн және орман пайдаланудың басқа да түрлерi ережелерiн орындауын қамтамасыз ету;

      5) орман зиянкестерi мен ауруларының ошақтарын дер кезiнде анықтау, олардың өсiп-көбеюiн болжау және оларға қарсы күресу;

      6) биотехникалық iс-шараларды жүргiзу;

      7) мемлекеттiк орман қоры аумағында аң аулау мен балық аулау ережелерiн сақтауды қамтамасыз ету;

      8) мемлекеттiк орман қорының күзетiлуiн, қорғалуын, ормандардың молықтырылуын, ұтымды пайдаланылуын және орман өсiрудi қамтамасыз ететiн басқа да iс-әрекеттер;

      9) Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасында белгіленген экологиялық талаптардың сақталуын қамтамасыз ету;

      10) климаттың өзгеруіне бейімделу және климаттың өзгеруіне осалдықты азайту жөніндегі іс-шараларды жүргізу болып табылады.

      Ескерту. 62-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2007.01.09 № 213, 2012.01.25 № 548-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 02.01.2021 № 401-VI (01.07.2021 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

63-бап. Орман қорын күзету мен қорғау жөнiндегi іс-шараларды жүзеге асыру

      1. Уәкілетті орган, уәкілетті органның ведомствосы, аумақтық бөлімшелер, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергiлiктi атқарушы органдары, орман иеленушiлер, орман пайдаланушылар орман қорын күзету мен қорғау жөнiндегi iс-шараларды жүзеге асыруды қамтамасыз етедi.

      2. Ормандарды өрттен қорғау жөніндегі іс-шаралар уәкілетті орган бекіткен ормандардағы өрт қауіпсіздігі қағидаларымен регламенттеледі.

      3. Ормандағы өрт қауiпсiздiгi ережелерiне сәйкес өрт қаупi жағдайын бәсеңдету мақсатында орман иелерi өткiзетiн орман қоры аумағындағы және оған iргелес аумақтарда басқарылатын өртеуден басқа, жердiң барлық санаттарында шөптесiн өсiмдiктердi өртеуге тыйым салынады.

      4. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергiлiктi атқарушы органдары өрт қаупi жоғары кезеңде қажет болған жағдайларда жеке тұлғалардың орманда болуына және оған көлiк құралдарымен кіруіне, сондай-ақ мемлекеттiк орман қоры аумағында жұмыстың белгiлi бiр түрлерiн жүргiзуге шектеу қояды.

      5. Жеке тұлғалар мен заңды тұлғаларды ормандағы өрттердi сөндiруге тарту тәртiбi Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленедi.

      Ескерту. 63-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2004.12.20 № 13 (2005.01.01 бастап күшіне енеді), 2011.07.05 № 452-IV (2011.10.13 бастап қолданысқа енгізіледі), 2012.01.25 № 548-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.09.2014 № 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 28.10.2019 № 268-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

64-бап. Орман шаруашылығы объектiлерiндегi мемлекеттiк өрт қадағалау

      Ескерту. 64-бап алып тасталды - ҚР 11.04.2014 № 189-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

65-бап. Орман қорын күзету және қорғау жөніндегі авиациялық жұмыстар

      1. Орман қорын күзету және қорғау жөніндегі авиациялық жұмыстарды уәкілетті орган бекіткен қағидаларға сәйкес орман қорын күзету және қорғау жөніндегі авиациялық жұмыстарды жүргізу саласында маманданған ұйымдар жүзеге асырады.

      2. Ормандарды өрттерден күзету және қорғау жөніндегі авиациялық жұмыстарды орындау үшін орман қорын күзету және қорғау жөніндегі авиациялық жұмыстарды жүргізу саласында маманданған ұйымдар мемлекеттік метеорологиялық қызметтің қысқа мерзімді, орта мерзімді және ұзақ мерзімді ауа райы болжамдарымен қамтамасыз етіледі.

      Ескерту. 65-бап жаңа редакцияда - ҚР 2012.01.25 № 548-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен; өзгеріс енгізілді - ҚР 29.09.2014 № 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

65-1-бап. Мемлекеттік өртке қарсы қызметтің орман қорын күзетуге қатысуы

      Мемлекеттік өртке қарсы қызметті ормандағы өрттерді сөндіруге тарту тәртібі азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның уәкілетті органмен және (немесе) облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарымен жасалған келісімімен регламенттеледі.

      Ескерту. 10-тарау 65-1-баппен толықтырылды - ҚР 11.04.2014 № 189-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

66-бап. Өртке қарсы ерікті құралымдардың орман қорын күзетуге қатысуы

      Ескерту. 66-баптың тақырыбына өзгеріс енгізілді - ҚР 11.04.2014 № 189-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      1. Орман қорын өрттен күзетуге, олардың алдын алу және оларды сөндіруге өртке қарсы ерікті құралымдар қатысуға құқылы.

      2. Өртке қарсы ерікті құралымдарды құру және олардың жұмыс істеуі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

      Ескерту. 66-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2012.01.25 № 548-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 11.04.2014 № 189-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

67-бап. Мемлекеттiк орман қорын орман зиянкестерi мен ауруларынан қорғау

      1. Мемлекеттiк орман қорын орман зиянкестерi мен ауруларынан қорғау мемлекеттiк орман қорының жай-күйiн жүйелi түрде қадағалап отырумен, ошақтардың пайда болуының алдын алу, оларды оқшаулау мен жою шаралары арқылы орман зиянкестерi мен ауруларының ошақтарын дер кезiнде анықтаумен қамтамасыз етiледi.

      2. Мемлекеттiк орман қорын орман зиянкестерi мен ауруларынан қорғау:

      1) ағымдағы, экспедициялық, аэровизуальдi және басқа да орман-патологиялық зерттеулер;

      2) орман зиянкестерi мен ауруларының өсiп-көбеюiн жалпы, алдын ала және егжей-тегжейлi қадағалау;

      3) орман зиянкестерi мен ауруларына қарсы күрес жөнiндегi жер бетiндегi және авиациялық жұмыстарды жүзеге асыру;

      4) орман зиянкестерi мен ауруларының алдын алу мен оның ошақтарын жою iс-шараларын қамтиды.

      2-1. Алып тасталды - ҚР 28.10.2019 № 268-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      3. Мемлекеттiк орман қорын орман зиянкестерi мен ауруларынан қорғау жөнiндегi iс-шаралар уәкілетті орган бекiткен ормандардағы санитариялық қағидалармен регламенттеледi.

      Ескерту. 67-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2011.07.05 № 452-IV (2011.10.13 бастап қолданысқа енгізіледі), 2012.01.25 № 548-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.09.2014 № 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 28.10.2019 № 268-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

68-бап. Жеке тұлғалар мен қоғамдық бірлестіктердің орман қорын күзетуді, қорғауды, пайдалануды, ормандарды молықтыруды және орман өсіруді қамтамасыз етуге қатысуы

      Жеке тұлғалар мен қоғамдық бірлестіктер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес орман қорын күзетуді, қорғауды, пайдалануды, ормандарды молықтыруды және орман өсіруді қамтамасыз етуге қатысады.

      Халық орман қорын күзетуге, қорғауға, пайдалануға, ормандарды молықтыруға және орман өсіруге жергілікті өзін-өзі басқару органдары арқылы қатысады. Мемлекеттік органдар мен ұйымдар орман қорын күзетуге, қорғауға, пайдалануға, ормандарды молықтыруға және орман өсіруге байланысты жергілікті маңызы бар мәселелерді шешуде жергілікті өзін-өзі басқару органдарына жәрдем көрсетеді.

      Орман қорын күзету, қорғау, пайдалану, ормандарды молықтыру және орман өсіру мақсатында құрылған қоғамдық бірлестіктер ормандардың биологиялық әр алуандығын, мемлекеттік табиғи-қорық қорының объектілерін, мәдени және табиғи мұраны сақтау, орман ресурстарын ұтымды пайдалануды қамтамасыз ету, мектеп орманшылықтарын дамыту, өртке қарсы ерікті құралымдарды құру жөніндегі өздерінің қызметін және орман қорын күзету, қорғау, пайдалану, ормандарды молықтыру және орман өсіру саласындағы басқа да қызметті орман мекемесімен өзара іс-қимыл жасай отырып жүзеге асырады.

      Ескерту. 68-бап жаңа редакцияда - ҚР 2012.01.25 № 548-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен; өзгеріс енгізілді - ҚР 11.04.2014 № 189-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

11-тарау. Қазақстан Республикасының мемлекеттік орман күзеті

69-бап. Қазақстан Республикасының мемлекеттiк орман күзетi

      1. Қазақстан Республикасының мемлекеттiк орман күзетi (бұдан әрi - мемлекеттiк орман күзетi) орманды күзету, қорғау, молықтыру және орман пайдалану мәселелерiмен айналысатын орман мекемелерiнiң қызметкерлерiнен тұрады.

      2. Мемлекеттiк орман күзетiне өзiне жүктелген мiндеттердi орындауы үшiн:

      1) жеке тұлғалар мен лауазымды адамдардың мемлекеттiк орман қорын пайдалануды жүзеге асыруға рұқсат беретiн құжаттарын тексеру;

      2) Қазақстан Республикасының Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы кодексiне сәйкес Қазақстан Республикасының орман заңдары, Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы заңдар саласындағы әкiмшiлiк құқық бұзушылық жөнiнде хаттамалар жасау;

      3) Қазақстан Республикасының орман заңдары, Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы заңдар саласында құқық бұзушылық жасаған адамдарды ұстау және оларды құқық қорғау органдарына жеткiзу;

      4) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес көлiк құралдарын, өзге де объектiлер мен орындарды тексерiп қарау, ал қажет болған кезде ұсталған адамдарды жеке қарап тексеру;

      5) жеке тұлғалар мен лауазымды адамдардың заңсыз қолға түсiрген орман ресурстары мен жануарлар дүниесi ресурстарын, оларды қолға түсiру құралдарын, сондай-ақ көлік құралдарын алып қою және Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен бұлардың кейiннен кiмге тиесiлi болатыны туралы мәселенi шешу құқықтары;

      6) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де құқықтар берiледi.

      3. Мемлекеттiк орман күзеті мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде:

      1) Қазақстан Республикасының орман заңдары, Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы заңдар саласындағы құқық бұзушылықтарды болдырмауға және оның жолын кесуге;

      2) Қазақстан Республикасының орман заңдары, Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы заңдарды бұзу фактiлерi жөнiндегi ақпаратты, талап-арыздарды және өзге де материалдарды мемлекеттiк органдарға және құқық қорғау органдарына, сотқа жiберуге;

      3) өз құзыретi шегiнде жеке және заңды тұлғаларға анықталған тәртiп бұзушылықтарды жою жөнiнде жазбаша нұсқаулар беруге;

      4) мемлекеттiк орман қоры жерлерiнде, сондай-ақ орман өртi тiкелей қауiп тудырған жағдайда оған iргелес аумақтарда ормандағы өрттердiң алдын алу, оларды дер кезiнде байқау мен сөндiру жөнiндегi жұмыстарды жүргiзуге;

      5) шаруашылық қызмет пен өзге де қызметтердi шектеу, тоқтата тұру және тоқтату туралы ұсыныстар енгiзуге мiндеттi.

      6) алып тасталды

      4. Мемлекеттiк орман күзетiнiң лауазымды адамдарына Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен қызметтiк қаруды сақтауға, алып жүруге және қолдануға рұқсат eтiледi.

      5. Мемлекеттiк орман күзетiнiң лауазымды адамдары Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен айырым белгілері бар нысанды киіммен (погонсыз), қызметтiк қарумен және арнаулы қорғаныс құралдарымен, қызметтiк жер телiмiмен қамтамасыз етiледi.

      6. Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда, мемлекеттiк орман күзетiнiң лауазымды адамдарының қол күшiн, арнаулы қорғаныс құралдарын және қызметтiк қаруды қолдануға құқығы бар.

      6-1. Тартылып отырған күштер мен құралдарға қарамастан, мемлекеттік орман күзетінің лауазымды адамы орман өртін сөндіру жөніндегі басшылықты жүзеге асырады.

      7. Мемлекеттiк орман күзетiнiң қызметi уәкілетті орган бекiткен Мемлекеттiк орман күзетi туралы ережемен айқындалады.

      Ескерту. 69-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2004.12.20 № 13 (2005.01.01 бастап күшіне енеді), 2011.01.06 № 379-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2012.01.25 № 548-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.09.2014 № 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 02.01.2023 № 184-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

70-бап. Мемлекеттiк орман күзетiнiң лауазымды адамдарын құқықтық және әлеуметтiк қорғау

      1. Мемлекеттiк орман күзетiнiң лауазымды адамдары Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құқықтық және әлеуметтiк қорғалуға жатады.

      2. Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін мемлекеттiк орман күзетiнің лауазымды адамдарына Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес кемінде жиырма бес пайызға жоғарылатылған лауазымдық айлықақылар белгіленеді.

      3. Мемлекеттiк орман күзетiнің лауазымды адамдарына мал жаю және шөп шабу үшін жергілікті атқарушы органдардың шешімі бойынша жер учаскелері беріледі.

      Ескерту. 70-бап жаңа редакцияда - ҚР 15.06.2017 № 73-VI Заңымен (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз).

12-тарау. Ормандарды молықтыру мен орман өсіру

71-бап. Ормандарды молықтыру мен орман өсiру мақсаттары

      1. Ормандарды молықтыру мақсаты мемлекеттiк орман қорының ағашы кесiлген, өртелген және бұрын орман өскен өзге де аумақтарында орманды уақытында қалпына келтiру, ормандардың тұқымдық құрамын жақсарту, олардың өнiмдiлiгін арттыру, мемлекеттiк орман қоры жерлерiнiң ұтымды пайдаланылуын қамтамасыз ету болып табылады.

      2. Орман өсiру мақсаты бұрын ағаш өспеген аумақтарда екпелер отырғызу болып табылады.

72-бап. Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде ормандардың ресурстық әлеуетін арттыру

      Ескерту. 72-баптың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР 02.01.2021 № 401-VI (01.07.2021 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      1. Мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде орман шаруашылығын жүргiзу ормандардың ресурстық әлеуетiн арттыруды қамтамасыз етуге тиiс.

      2. Мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде ормандардың ресурстық әлеуетiн арттыру ағаш кесудің ғылыми негiзделген жүйесiн iске асыру, ормандарды молықтыру, олардың тұқымдық құрамын жақсарту, селекциялық-генетикалық негiзде тұрақты орман тұқым базасын жасау және оны тиiмдi пайдалану, су-орман мелиорациясы, күтiп-баптау мақсатында ағаш кесу мен санитариялық мақсатта ағаш кесудi қоса алғанда, орманды күтiп-баптау, орман шаруашылығына арнап жолдар салу, басқа да орман шаруашылығы iс-шараларын жүргiзу нәтижесiнде жүзеге асырылады.

      3. Мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде ормандардың ресурстық әлеуетiн арттыру жөнiндегi iс-шараларды орман мекемелерi мен орман пайдаланушылар орман орналастыру жобаларына сәйкес жүргiзедi.

      4. Осы баптың 2-тармағында көрсетілген іс-шараларды орман мекемелері және орман пайдаланушылар орманның экожүйелік қызметтері үшін ерікті жарналар есебінен жүргізе алады.

      Ескерту. 72-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 15.06.2017 № 73-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 02.01.2021 № 401-VI (01.07.2021 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

73-бап. Ормандарды молықтыру мен орман өсiру жөнiндегi iс-шараларды жүргiзу

      1. Мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде ормандарды молықтыру жөнiндегi iс-шаралар орман өсiру жағдайы мен экономикалық мақсатқа сәйкестiгi ескерiле отырып, экологиялық және санитарлық-эпидемиологиялық талаптар сақталып, неғұрлым қысқа мерзiмде өнiмдiлiгi жоғары және төзiмдi екпелер жасауды қамтамасыз ететiн әдiстермен жүргiзiлуге тиiс.

      2. Мемлекеттiк орман қорында ормандарды молықтыру мен орман өсiру жөнiндегi жұмыстар көлемi орман орналастыру және осы салаға маманданған басқа да жобалау-iздестiру ұйымдары әзiрлеген, мемлекеттiк экологиялық сараптамадан өткен жобалармен айқындалады.

      3. Мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде ормандарды молықтыру мен орман өсiру және олардың сапасына бақылау жасау жөнiндегi iс-шараларды жүргiзу тәртiбiн уәкілетті орган белгiлейдi.

      3-1. Мемлекеттік орман қорында орман дақылдарын, питомниктерді, орманның табиғи қалпына келуіне жәрдемдесу шаралары жүргізілген және табиғи өсуге қалдырылған алаңдарды түгендеу уәкілетті орган бекіткен тәртіппен жүзеге асырылады.

      4. Жекеше орман қоры жерлерiнде орман өсiру жөнiндегi iс-шараларды жүргiзу меншiк иесiнiң қаражаты есебiнен жүзеге асырылады.

      Ескерту. 73-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2006.07.07 № 176, 2011.07.05 № 452-IV (2011.10.13 бастап қолданысқа енгізіледі), 2012.01.25 № 548-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.09.2014 № 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

74-бап. Жердi орман мекемелерiне орман өсiру үшiн беру

      Республика аумағының оңтайлы ормандануын, өзендер, су айдындары жағалауларының желектенуiн қамтамасыз ету үшiн және басқа да қажеттi жағдайларда орман мекемелерiне мемлекеттiк орман қоры жерiнiң құрамына өзге санаттағы жерлер, бiрiншi кезекте ауыл шаруашылығына пайдалану үшiн жарамсыз (сайлар, жыралар, құмдауыттар, басқа да тозған жерлер) жерлер, сондай-ақ босалқы жерлер берiлуi мүмкiн.

      Аталған жерлердi орман мекемелерiне беру Қазақстан Республикасының Жер кодексіне сәйкес жүзеге асырылады.

75-бап. Орман флорасы мен фаунасын жерсiндiру

      1. Орман биоқауымдастықтарында өсiмдiктер мен жануарлардың түрлерi мен нысандарын қалпына келтiру және молықтыру жергiлiктi байырғы флора мен фаунаның ең жақсы тұқымдарын қайта жерсiндiру жолымен жүргiзiледi.

      2. Алып тасталды - ҚР 2012.07.10 № 36-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      3. Өсiмдiктердiң негiзгi байырғы түрлерiне зиянын тигiзетiн өсiмдiктер түрлерiн жерсiндiруге тыйым салынады.

      Ескерту. 75-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2012.01.25 № 548-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2012.07.10 № 36-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

13-тарау. Орман тұқым шаруашылығы

76-бап. Орман тұқым шаруашылығының мiндеттерi

      Орман тұқым шаруашылығының негiзгi мiндеттерi орманды молықтыру мен орман өсiру жөнiндегi жұмыстарды бағалы тұқым қуалаушылық қасиеттерi бар және себу сапасы жоғары тұқымдармен қамтамасыз ету, селекциялық-гендiк негiзде тұрақты орман тұқым базасын қалыптастыру болып табылады.

77-бап. Мемлекеттiк орман қоры учаскелерiндегi тұрақты орман тұқым базасы

      1. Мемлекеттiк орман қоры учаскелерiндегi тұрақты орман тұқым базасы селекциялық-тұқым шаруашылығы мақсатындағы:

      1) орман тұқымы плантациялары;

      2) тұрақты орман тұқым учаскелерi;

      3) артықшылығы бар екпелер объектiлерiн қамтиды.

      2. Мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде тұрақты орман тұқым базасын жасау ормандарды молықтыру мен орман өсiруге арналған тұқымдар мен отырғызу материалдарына қажеттiлiктiң ғылыми негiзделген нормаларына сәйкес жүзеге асырылады.

      2-1. Селекциялық-тұқым шаруашылығы мақсатындағы объектiлер уәкiлеттi орган айқындаған тәртiппен анықталады, жасалады және пайдаланылады.

      3. Мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде селекциялық-тұқым шаруашылығы мақсатындағы объектiлердi аттестаттау мен есепке алуды уәкілетті орган белгілеген тәртіппен осы салада маманданған ұйымдар жүзеге асырады.

      4. Орман тұқымы плантациялары мемлекеттік экологиялық сараптамадан өткен және осы салада маманданған жобалау-іздестіру немесе ғылыми ұйымдар әзірлеген жобалар бойынша құрылады.

      Тұрақты орман тұқымы учаскелері осы салада маманданған жобалау-іздестіру және ғылыми ұйымдардың ұсынымдарына сәйкес қалыптасады.

      Ескерту. 77-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2006.07.07 № 176, 2011.07.05 № 452-IV (2011.10.13 бастап қолданысқа енгізіледі), 2012.01.25 № 548-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2012.07.10 № 34-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); 29.09.2014 № 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 15.06.2017 № 73-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

78-бап. Селекциялық-гендiк мақсаттағы объектiлер

      1. Мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде селекциялық-гендiк мақсаттағы объектiлердi анықтау мен құру орман өсiмдiктерiнiң гендiк қорын кепiлдi сақтау, тұқым қуалаушылық қасиеттерiн бағалау, орман тұқым шаруашылығында пайдалану үшін неғұрлым келешегі бар тұқымдар түрiн iрiктеп алу үшiн жүзеге асырылады.

      2. Селекциялық-гендiк мақсаттағы объектiлерге:

      1) артықшылығы бар ағаштар;

      2) артықшылығы бар ағаштар клондарының мұрағаттары;

      3) географиялық дақылдар;

      4) популяциялар мен будандардың сынақ дақылдары;

      5) орман генетикалық резерваттары жатады.

      3. Селекциялық-генетикалық мақсаттағы объектiлер уәкiлеттi орган айқындаған тәртiппен анықталады, жасалады және пайдаланылады.

      3-1. Мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде селекциялық-генетикалық мақсаттағы объектiлердi аттестаттау мен есепке алуды уәкілетті орган белгілеген тәртіппен осы салада маманданған ұйымдар жүзеге асырады.

      4. Селекциялық-гендiк мақсаттағы объектiлердi күзетудi мемлекеттiк орман иеленушiлер жүзеге асырады.

      Ескерту. 78-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2006.07.07 № 176, 2012.01.25 № 548-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2012.07.10 № 34-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); 29.09.2014 № 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 15.06.2017 № 73-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

79-бап. Орман тұқымын аудандастыру

      1. Орман тұқымын аудандастыру ғылыми-зерттеу талдамалары негiзiнде белгiленедi және оны уәкiлеттi орган бекiтедi.

      2. Ормандарды молықтыру мен орман өcipу үшiн тұқымдар мен отырғызу материалын пайдалану, олардың орнын ауыстыру уәкілетті орган белгiлеген тәртiппен жүзеге асырылады.

      3. Орман тұқымдары мен отырғызу материалдарын орман тұқымын аудандастыру талаптарын бұза отырып егуге және пайдалануға тыйым салынады.

      Ескерту. 79-бапқа өзгерістер енгізілді - 2011.07.05 № 452-IV (2011.10.13 бастап қолданысқа енгізіледі); 29.09.2014 № 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

80-бап. Орман тұқымдарын дайындау, өңдеу, сақтау, пайдалану және олардың сапасын бақылау

      1. Орман тұқымдарын дайындау тұрақты орман тұқым базасы объектiлерiнде жүзеге асырылады, ал олар жетiспеген жағдайда қалыпты екпелерде дайындауға жол берiледi.

      2. Орман тұқымдарын кемiстiгi бар екпелерде және кемiстiгi бар ағаштардан дайындауға тыйым салынады.

      3. Сатуға және егу үшiн пайдалануға жататын орман тұқымдарына сараптама жасауды олардың ұлттық стандарттарға, техникалық жағдайларға және орман тұқым шаруашылығы жөнiндегi басқа да нормативтiк құжаттарға сәйкестігі туралы құжаттар беруді уәкiлеттi органның маманданған ұйымдары жүзеге асырады.

      4. Осы баптың 3-тармағының талаптарына сәйкестiгi тексеруден өтпеген орман тұқымдарын сату мен егуге тыйым салынады.

      5. Алып тасталды - ҚР 2012.01.25 № 548-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      Ескерту. 80-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2006.07.07 № 176, 2011.07.05 № 452-IV (2011.10.13 бастап қолданысқа енгізіледі), 2012.01.25 № 548-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2012.07.10 № 31-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

14-тарау. Мемлекеттік орман қоры учаскелерін күзету, қорғау,
пайдалану, жердің кейбір санаттарында ормандарды молықтыру
мен орман өсіру ерекшеліктері

81-бап. Мемлекеттiк орман қоры учаскелерiн күзету, қорғау, пайдалану, заңды тұлға мәртебесi бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда ормандарды молықтыру мен орман өсiру ерекшелiктерi

      Мемлекеттiк орман қоры учаскелерiн күзету, қорғау, пайдалану, заңды тұлға мәртебесi бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда ормандарды молықтыру мен орман өсiру осы Кодекске және Қазақстан Республикасының ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

      Ескерту. 81-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2012.01.25 № 548-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

82-бап. Қала ормандарында орман пайдалану ерекшелiктерi

      Ескерту. Тақырыпқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2012.01.25 № 548-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      1. Қалалық елдi мекендердiң шекарасы шегiнде орналасқан ормандар (қала ормандары) халықтың демалысына, сауықтыру, рекреациялық, тарихи-мәдени, туристік, спорттық және басқа да шараларды өткiзуге, сондай-ақ қолайлы қоршаған ортаны сақтауға арналады.

      2. Қала ормандарында басты мақсатта пайдалану үшiн ағаш кесуге және осы ормандардың мақсатымен сыйыспайтын орман пайдаланудың өзге де түрлерiн жүзеге асыруға тыйым салынады.

      Ескерту. 82-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2012.01.25 № 548-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

83-бап. Шекара аймақтарында мемлекеттiк орман қоры учаскелерiн пайдалану ерекшелiктерi

      Шекара аймақтарындағы мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде орман шаруашылығын жүргiзу мен орман пайдалану осы Кодексте және Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасы туралы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiпте жүзеге асырылады.

      Ескерту. 83-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2012.01.25 № 548-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

84-бап. Орман иеленушілерге және (немесе) орман пайдаланушыларға пайдалануға берiлген мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде ағаш және бұта өсiмдiктерiн күзету, қорғау, молықтыру және пайдалану ерекшелiктерi

      Ескерту. 84-баптың тақырыбына өзгеріс енгізілді – ҚР 30.06.2021 № 59-VII (01.01.2022 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      1. Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен орман иеленушілерге және (немесе) орман пайдаланушыларға ауыл және орман шаруашылықтарын кешендi жүргiзу үшiн берiлген мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде ағаш және бұта өсiмдiктерiн күзету, қорғау, молықтыру және пайдалану осы Кодекске сәйкес жүргiзiледi.

      2. Пайдалануына мемлекеттiк орман қоры учаскелерi берiлген орман иеленушілер және (немесе) орман пайдаланушылар осы Кодексте белгiленген тәртiппен оларда орман орналастыру жұмыстарын жүргiзуге және орман қорының мемлекеттiк есебiн жүргiзуге қатысуға мiндеттi.

      3. Осы баптың 1-тармағында аталған ағаш және бұта өсiмдiктерiнiң жай-күйiне, күзетiлуiне, қорғалуына, пайдаланылуы мен молықтырылуына бақылауды уәкілетті органның ведомствосы, аумақтық бөлімшелер жүзеге асырады.

      Ескерту. 84-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2012.01.25 № 548-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 28.10.2019 № 268-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 30.06.2021 № 59-VII (01.01.2022 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

85-бап. Басқа меншiк иелерiнiң немесе жер пайдаланушылардың жер учаскелерi арасында орналасқан мемлекеттiк орман қоры учаскелерiн күзету, қорғау, пайдалану, ормандарды молықтыру ерекшелiктерi

      1. Басқа меншiк иелерiнiң немесе жер пайдаланушылардың жер учаскелерi арасында орналасқан мемлекеттiк орман қоры учаскелерiн күзетудi, қорғауды, пайдалануды, ормандарды молықтыруды жүзеге асыру үшiн мемлекеттiк орман иеленушiлердiң Қазақстан Республикасының жер туралы заң актiсiнде белгiленген тәртiппен бөтен жер учаскесiн шектеулi мақсатта пайдалану (сервитут) құқығы бар.

      2. Қазақстан Республикасының жер туралы заң актiсiне сәйкес, табиғи өсiп шығатын ормандарды сыртқы қолайсыз әсерлерден қорғау үшiн басқа меншiк иелерiнiң немесе жер пайдаланушылардың жер учаскелерi арасында орналасқан мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнiң шекарасын бойлай енi жиырма метр болатын күзет аймақтары белгiленедi.

      Күзет аймағы шегiнде мемлекеттiк орман қоры учаскесiнiң жай-күйiне керi әсер ететiн кез келген қызметке тыйым салынады.

86-бап. Бюджет қаражаты есебiнен өсiрiлген агроорман-мелиорациялық екпелердi күзету, қорғау және пайдалану ерекшелiктерi

      1. Бюджет қаражаты есебiнен өсiрiлген агроорман-мелиорациялық екпелер жердi қолайсыз табиғи құбылыстар мен антропогендiк факторлардың әсерiнен қорғауға арналған.

      2. Бюджет қаражаты есебiнен өсiрiлген агроорман-мелиорациялық екпелердi күзетудi, қорғауды және пайдалануды меншiк иелерi немесе жер пайдаланушылар өздерi орналасқан жерлерде жүзеге асырады.

      Бюджет қаражаты есебiнен отырғызылған агроорманмелиорациялық екпелер өсiп тұрған ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер сатып алынады немесе ұзақ мерзiмдi жер пайдалануға берiледi және Қазақстан Республикасының жер туралы заңнамалық актiсiне сәйкес жекеше орман қоры жерлерiне ауыстырылуы мүмкiн.

      3. Агроорман-мелиорациялық екпелердiң қорғаныштық функцияларын сақтау мақсатымен орманды күтiп-баптау мақсатында кесуге, санитарлық мақсатта кесуге, бағалылығы төмен екпелердi, сондай-ақ қорғаныштық, су сақтау және басқа да функцияларын жоғалта бастаған екпелердi қайта жаңғыртуға байланысты кесуге, сондай-ақ өзге де мақсаттарда кесуге жол берiледi.

      Ескерту. 86-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2006.07.07. № 176 Заңымен.

87-бап. Темiр жолдарға, автомобиль жолдарына, каналдарға, магистральдық құбырларға және басқа да желiлiк құрылыстарға бөлiп берiлген белдеулердегi қорғаныштық екпелердi күзету, қорғау және пайдалану ерекшелiктерi

      1. Темiр жолдарға, автомобиль жолдарына, каналдарға, магистральдық құбырларға және басқа да желiлiк құрылыстарға бөлiп берiлген белдеулерде орналасқан қорғаныштық екпелер осы объектiлердi қолайсыз табиғи құбылыстардан қорғауға, қоршаған ортаның ластануын болдырмауға, шудың әсерiн азайтуға арналған.

      2. Темiр жолдарға, автомобиль жолдарына, каналдарға, магистральдық құбырларға және басқа да желiлiк құрылыстарға бөлiп берiлген белдеулердегi қорғаныштық екпелердi, оларды өсiру жобаларына сәйкес орманды күтiп-баптау мақсатында кесуге, санитарлық мақсатта кесуге, бағалылығы төмен екпелердi, сондай-ақ қорғаныштық, су сақтау және басқа да функцияларын жоғалта бастаған екпелердi қайта жаңғыртумен байланысты кесуге және өзге де мақсаттарда кесуге жол берiледi.

      3. Осы баптың 1-тармағында аталған қорғаныштық екпелердi күзетудi, қорғауды және пайдалануды, осы Кодекске сәйкес, жер пайдаланушылар өздерi орналасқан жерлерде жүзеге асырады.

7-бөлім. Орман қорын пайдалану
15-тарау. Орман пайдалану түрлері

      Ескерту. 15-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР 2012.07.10 № 36-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

88-бап. Мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде орман пайдалану түрлері

      1. Мемлекеттiк орман қорында орман пайдаланудың:

      1) сүрек дайындау;

      2) шайыр, ағаш шырындарын дайындау;

      3) қосалқы сүрек ресурстарын дайындау;

      4) жанама орман пайдалану (шөп шабу, мал жаю, марал шаруашылығы, аң шаруашылығы, ара ұялары мен омарта орналастыру, бау шаруашылығы, бақша шаруашылығы, бақ шаруашылығы және өзгеде ауыл шаруашылығы дақылдарын өсiру, дәрiлiк шөптер мен техникалық шикiзаттар, жабайы өсетiн жемiстер, жаңғақтар, саңырауқұлақтар, жидектер мен басқа да тағамдық өнiмдер, мүк, орман жамылғысы мен түскен жапырақтар, қамыс дайындау мен жинау);

      5) мемлекеттiк орман қоры учаскелерiн аңшылық шаруашылығының қажетi үшiн пайдалану;

      6) мемлекеттiк орман қоры учаскелерiн ғылыми-зерттеу мақсаты үшін пайдалану;

      7) мемлекеттiк орман қоры учаскелерiн сауықтыру, рекреациялық, тарихи-мәдени, туристiк және спорттағы мақсаттар үшiн пайдалану;

      8) мемлекеттік орман қоры учаскелерін ағаш және бұта тұқымдарының отырғызу материалдары мен арнайы мақсаттағы плантациялық екпелерді өсіру үшін пайдалану түрлері жүзеге асырылуы мүмкін.

      2. Мемлекеттiк орман қоры учаскелерiн пайдалану орман ресурстарын алып қойып, сондай-ақ оларды алмай да жүзеге асырылуы мүмкiн.

      3. Мемлекеттiк орман қоры учаскесi орман пайдаланудың бiр немесе бiрнеше түрлерiн жүзеге асыру үшiн бiр немесе бiрнеше орман пайдаланушыға берiлуi мүмкiн.

      4. Орман пайдаланудың белгiлi бiр түрлерiн жүзеге асырған кезде орман ресурстары мен мемлекеттiк орман қоры учаскелерiн пайдалану ерекшелiктерi осы Koдекске сәйкес уәкілетті органның актiлерiмен айқындалады.

      Ескерту. 88-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2012.01.25 № 548-IV (2013.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі); 29.09.2014 № 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 15.06.2017 № 73-VI (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңдарымен.

89-бап. Мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде орман пайдалану жөнiндегi қызметтi лицензиялау

      Ескерту. 89-бап алып тасталды - ҚР 2012.07.10 № 36-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

16-тарау. Орман пайдалануды жүзеге асыру

90-бап. Мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде ағаш кесу

      Мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде сүрек дайындаудың мынадай түрлерi:

      1) толысқан және қураған сүрекдiңдерде жүргiзiлетiн, басты мақсатта пайдалану үшiн;

      2) аралық мақсатта пайдалану үшiн (орманды күтiп-баптау мақсатында ағаш кесу, iрiктеп санитарлық мақсатта ағаш кесу және құндылығы төмен орман екпелерiн, сондай-ақ қорғаныштық, су сақтау және басқа қасиеттерiн жоғалтқан екпелердi қайта жаңғыртуға байланысты ағаш кесу, жас шыбықтарды жекелеп кесу);

      3) өзге де мақсатта пайдалану үшiн (жаппай санитарлық мақсатта ағаш кесу, су тораптарының, құбырлардың, жолдардың құрылысына байланысты, орман соқпақтарын тарту, өртке қарсы жыралар жасау кезiнде орман алаңдарын тазарту, өтiмдi үйiндiлердi жинау, өзге де мақсаттар үшiн ағаш кесу) ағаш кесу тәртiбiмен жүзеге асырылады.

91-бап. Басты мақсатта пайдалану үшін ағаш кесу, аралық мақсатта пайдалану үшін ағаш кесу және басқа да мақсаттарда ағаш кесу кезiнде мемлекеттiк орман иеленушiнiң жергiлiктi халықтың сүрекке деген қажеттілігін қамтамасыз етуi

      1. Жергiлiктi халықтың сүрекке, оның ішінде отындық сүрекке деген қажеттілігін қамтамасыз ету, одан өтiнiмдер болған кезде, басты мақсатта пайдалану үшін ағаш кесу, аралық мақсатта пайдалану үшін ағаш кесу және басқа да мақсаттарда ағаш кесу кезiнде дайындалған сүректi мемлекеттiк орман иеленушiнiң өткiзуi есебiнен жүзеге асырылады.

      2. Осы баптың 1-тармағында белгіленген өтiнiмдер басты мақсатта пайдалану үшін ағаш кесу, аралық мақсатта пайдалану үшін ағаш кесу және басқа да мақсаттарда ағаш кесу, сондай-ақ кеспеағаш аймағынан тыс қоқысты жинау жүргізілгенге дейін бір ай бұрын тиiстi мемлекеттік орман иеленушіге берiледі.

      Ескерту. 91-бап жаңа редакцияда - ҚР 15.06.2017 № 73-VI Заңымен (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз).

92-бап. Мемлекеттiк орман қорының жекелеген санаттарында орман пайдалануды шектеу

      1. Мемлекеттiк орман қорының "мемлекеттiк табиғи қорықтар ормандары", "табиғаттың мемлекеттiк орман ескерткiштерi", "орманның гендiк резерваттарын қоса алғандағы ғылыми маңызы бар орман учаскелерi", "аса құнды орман алаптары" санаттарында, сондай-ақ қорық режимiндегi мемлекеттiк ұлттық табиғи парктер мен мемлекеттiк өңiрлiк табиғи парктер аймақтарында, мемлекеттiк табиғи резерваттардың қорық орталығы аймақтарында орман пайдалануды шектеудiң қорық режимi белгiленедi.

      2. Мемлекеттiк орман қорының рекреациялық пайдалану аймақтарындағы, әкiмшiлiк-өндiрiстiк мақсаттағы, келушiлер мен туристерге қызмет көрсетуге арналған шағын аймақтардағы "мемлекеттiк ұлттық табиғи парктер ормандары" және "мемлекеттiк өңiрлiк табиғи парктер ормандары" санаттарында; мемлекеттiк орман қорының бұзылған ландшафтарды қалпына келтiру аймағындағы "мемлекеттiк табиғи резерваттар ормандары" санатында; мемлекеттiк орман қорының тапсырыс режимi аймағындағы "мемлекеттiк қорық аймақтары ормандары" санатында; мемлекеттiк орман қорының "жаңғақ кәсiпшiлiгi аймақтары", "орман-жемiс екпелерi", "aca биiк тау ормандары", "мемлекеттiк қорғаныштық орман белдеулерi", "эрозияға қарсы ормандар" және "халықаралық және республикалық маңызы бар ортақ пайдаланудағы темiр жолдар мен автомобиль жолдарының, магистральдық құбырлар мен басқа да желiлiк құрылыстардың бөлiп берiлген белдеулерiндегi қорғаныштық екпелер", "халықаралық және республикалық маңызы бар ортақ пайдаланудағы темiр жолдар мен автомобиль жолдары бойындағы қорғаныштық орман белдеулерi" санаттарында орман пайдалануды шектеудiң тапсырыстық режимi белгiленедi.

      3. Мемлекеттік орман қорының мынадай:

      1) шектеулі шаруашылық қызметі аймақтарында "мемлекеттік ұлттық табиғи парктер ормандары" және "мемлекеттік өңірлік табиғи парктер ормандары";

      2) "жапырақты сүрекдіңдерді қоспағанда, "өзендер, көлдер, су қоймалары, каналдар және басқа да су объектiлерi жағалауларындағы ормандардың тыйым салынған белдеулерi";

      3) шектеулі шаруашылық қызметі аймағындағы "мемлекеттік қорық аймақтары ормандары" санаттарында шектеулі шаруашылық қызметі режимі белгіленеді.

      Мемлекеттік орман қорының "өзендер, көлдер, су қоймалары, каналдар және басқа да су объектiлерi жағалауларындағы ормандардың тыйым салынған белдеулерi" санатында шаруашылық қызмет Қазақстан Республикасының орман және су заңнамаларының талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.

      Ескерту. 92-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2006.07.07 № 176, 2012.01.25 № 548-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

93-бап. Мемлекеттiк орман қорының жекелеген санаттағы ормандарында және таудағы ормандарда ағаш кесу ерекшелiктерi

      1. Басты мақсатта пайдалану үшiн ағаш кесу мемлекеттiк орман қорының "егiс-топырақ қорғау ормандары" санатының толысқан және қураған сүрекдiңдерiнде; мемлекеттiк орман қорының "өзендер, көлдер, су қоймалары, каналдар мен басқа да су объектiлерi жағалауларындағы ормандардың тыйым салынған белдеулерi" санатының жапырақты сүрекдіңдерінде жүргізіледі.

      Мемлекеттiк орман қорының басқа санаттарындағы сүрекдiңдерде басты мақсатта пайдалану үшiн ағаш кесуге тыйым салынады.

      2. Мемлекеттiк орман қорының осы Кодекстiң 44-бабы 2-тармағының 1), 2), 3), 4), 5) және 6) тармақшаларында санамаланған санаттағы ормандарында басқа мақсатта ағаш кесу, сондай-ақ құндылығы төмен және қорғаныштық, су сақтау және басқа да экологиялық функцияларын жоғалта бастаған екпелердi реконструкциялауға байланысты ағаш кесу уәкiлеттi органның рұқсаты бойынша ғана жүргiзiледi.

      Мемлекеттiк орман қорының "халықаралық және республикалық жалпы маңызы бар ортақ пайдаланудағы темiр жолдар мен автомобиль жолдарының, каналдардың, магистральдық құбырлар мен басқа да желiлiк құрылыстардың бөлiп берiлген белдеулерiндегi қорғаныштық екпелерi"; "халықаралық және республикалық маңызы бар ортақ пайдаланудағы темiр жолдар мен автомобиль жолдары бойындағы қорғаныштық орман белдеулерi" санаттарында, сондай-ақ мемлекеттiк табиғи резерваттардың орнықты даму аймақтары аумағындағы сүрекдiңдерде аралық мақсатта пайдалану үшiн ағаш кесуге және олардың жүргiзiлу ережелерiне сәйкес өзге де мақсаттарда ағаш кесуге жол берiледi.

      3. Мемлекеттiк табиғи қорықтар ормандарында, мемлекеттiк ұлттық табиғи парктердің, мемлекеттiк өңiрлiк табиғи парктердің және мемлекеттiк қорық аймақтарының қорық режимi аймақтарында, мемлекеттiк табиғи резерваттардың қорық орталығы аймақтарында, мемлекеттiк орман табиғат ескерткiштерiнде және орманның гендiк резерваттарында орман қорғау iс-шараларын жүзеге асыру үшiн қажеттi санитарлық және өзге мақсаттарда ағаш кесуге ғана жол берiледi.

      Аталған мақсаттарда ағаш кесу мемлекеттiк экологиялық сараптаманың оң қорытындысы болған кезде уәкiлеттi органның рұқсатымен жүргiзiледi.

      4. Мемлекеттiк орман қоры учаскелерiндегi таудағы ормандарда осы ормандардың қорғаныштық, эрозияға қарсы және су реттеушiлiк маңызы ескерiле отырып, басты мақсатта пайдалану үшiн ағаш кесу тәсiлдерi қолданылады.

      Ескерту. 93-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2006.07.07 № 176, 2012.01.25 № 548-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 02.01.2021 № 401-VI (01.07.2021 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

94-бап. Мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде ағаш кесу кезiнде сүрек дайындау көлемi

      1. Мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде басты мақсатта пайдалану үшiн ағаш кесу тәртiбiмен сүрек дайындау есептi кеспеағаш шегiнде жүзеге асырылады.

      2. Мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде аралық мақсатта пайдалану үшiн ағаш кесу кезiнде сүрек дайындау көлемi орман орналастыру материалдары бойынша, орманды күтiп-баптау мақсатында ағаш кесудiң, іріктеп санитариялық мақсатта ағаш кесудiң, құндылығы төмен және қорғаныш функциясы жоғала бастаған екпелердiң құрылымын қайта жаңғыртуға байланысты ағаш кесудiң белгiленген нормаларын негiзге ала отырып анықталады және оны уәкiлеттi орган бекiтедi.

      3. Мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде өзге мақсаттарда ағаш кесу кезiнде сүрек дайындау көлемi жаппай санитариялық мақсатта ағаш кесу жөніндегі, құрылыс объектiлерiне арнап орман алаңдарын тазарту, орман соқпақтарын тарту және басқа да орман шаруашылығы iс-шараларын орындау жөнiндегi жұмыстар көлемiмен анықталады және оны уәкiлеттi орган бекiтедi.

      Ескерту. 94-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2012.01.25 № 548-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

95-бап. Мемлекеттiк орман қоры учаскелерiндегi кеспеағаш қоры

      1. Мемлекеттiк орман қоры учаскелерiндегi кеспеағаш қоры басты мақсатта пайдалану үшiн сүрек дайындауға арналған толысқан босалқы сүрекдіңдерден құралады.

      2. Мемлекеттiк орман қоры учаскелерiндегi кеспеағаш қорының мөлшерi қылқан жапырақты, қатты жапырақты және жұмсақ жапырақты тұқымдар бойынша деректер бөлiп көрсетiле отырып, мемлекеттiк орман қорының санаттары бойынша жыл сайын бөлек белгiленедi және уәкiлеттi орган бекiтедi.

96-бап. Мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде шайыр және ағаш шырындарын дайындау

      1. Мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде шайыр және ағаш шырындарын дайындау толысқан және қураған сүрекдiңдерде жүзеге асырылады, олар сөл алудың белгiленген мерзiмi аяқталғаннан кейiн басты мақсатта пайдалану үшiн ағаш кесуге арналады.

      Толысқан және қураған сүрекдiңдер жеткiлiксiз болған кезде, сөл алу мерзiмiнiң аяқталуына қарай кесу жасына жететiн толысуға таяу сүрекдiңдерден сөл алуға жол берiледi.

      Басты мақсатта пайдалану үшiн ағаш кесудiң Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен бекiтiлген жоспарларынсыз аталған сүрекдiңдердi сөл алу үшiн беруге және осы сүрекдiңдерден сөл алуға тыйым салынады.

      2. Екпелердiң санитарлық жай-күйi күрт нашарлаған немесе өрттен зақымданған жағдайда ғана олар сөл алудан мерзiмiнен бұрын босатылады.

      3. Мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде шайыр және ағаш шырындарын дайындау қағидаларын, сондай-ақ сүрекдiңдерден сөл алынуы мүмкiн аймақты уәкілетті орган бекiтедi.

      Ескерту. 96-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2011.07.05 № 452-IV (2011.10.13 бастап қолданысқа енгізіледі); 29.09.2014 № 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

97-бап. Мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде қосалқы сүрек ресурстарын дайындау

      1. Мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде өнеркәсiптiк өңдеу және тұрғын халықтың қажетін қанағаттандыру үшін қосалқы сүрек ресурстарын дайындау орманға зиян келтiрiлмей жүзеге асырылуға тиіс.

      2. Мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде ағаш кесу жұмыстарын жүргiзу тәртiбiмен кесiлген ағаштардан ғана қабық және бұтақ дайындауға болады.

      3. Мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде қураған және құлаған ағаштардан қабық дайындау мемлекеттiк орман қорының бүкiл аумағында жүргiзiлуi мүмкiн.

      4. Мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде сыпыртқыларды, сыпырғыларды және басқа да сол сияқты заттарды өру, сондай-ақ әзiрлеу үшiн бұтақтарды ағаш кесу ережелерiмен айқындалған тәртiппен өсiп тұрған ағаштардан дайындауға жол берiледi.

98-бап. Мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде жанама орман пайдалануды жүзеге асыру шарттары

      Мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде жабайы жемiстер, жаңғақтар, саңырауқұлақтар, жидектер, дәрiлiк өсiмдiктер және техникалық шикiзат дайындау мен жинау, марал шаруашылығы, аң шаруашылығы, ара ұялары мен омарталар орналастыру, бау шаруашылығы, бақша шаруашылығы, бақ шаруашылығы және өзге де ауыл шаруашылығы дақылдарын өсiру орманға зиян келтiрiлмей, уәкілетті орган бекiткен Қазақстан Республикасында жанама орман пайдалану қағидаларында айқындалған тәртiппен жүзеге асырылуға тиіс.

      Ескерту. 98-бап жаңа редакцияда - ҚР 29.09.2014 № 239-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); өзгеріс енгізілді - ҚР 15.06.2017 № 73-VI (01.01.2018 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

99-бап. Мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде шөп шабу және мал жаю

      ЗҚАИ ескертпесі!
      1-тармаққа өзгеріс енгізу көзделген – ҚР 27.02.2024 № 65-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      1. Мемлекеттiк орман қорының шөп шабуға және мал жаюға болатын учаскелерiн орман орналастыру жобаларына немесе ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды басқару жоспарларына сәйкес мемлекеттiк орман иеленушiлер белгiлейдi.

      Шөп шабуға және мал жаюға болатын мемлекеттік орман қорының учаскелерін пайдалануға Қазақстан Республикасының жайылымдар туралы заңнамасына сәйкес жеке және (немесе) заңды тұлғалардың артықшылықты құқығы бар.

      2. Мемлекеттiк орман қорына кiретiн жайылымдарда бақташысыз мал жаюға шалғай, жолы қиын және халық аз қоныстанған аудандарда ерекше жағдайларда жол берiледi. Мұндай аудандардың тiзбесiн облыстың жергілікті атқарушы органының ұсынуы бойынша облыстың жергілікті өкiлдi органы бекiтедi.

      3. Сексеуіл ормандарынан басқа, мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде ешкi жаюға арнайы бөлiнiп қоршалған учаскелерде ғана жол берiледi.

      4. Мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде шөп шабу және мал жаю қағидаларын уәкілетті орган бекiтедi.

      Ескерту. 99-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2011.07.05 № 452-IV (2011.10.13 бастап қолданысқа енгізіледі); 29.09.2014 № 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 20.02.2017 № 48-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 15.06.2017 № 73-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

100-бап. Мемлекеттiк орман қоры учаскелерiн аңшылық шаруашылығының қажетiне пайдалану

      1. Мемлекеттiк орман қоры учаскелерiн аңшылық шаруашылығының қажетi үшiн пайдалану орманға зиян келтiрiлмей жүзеге асырылады.

      2. Мемлекеттiк орман қорының аңшылық шаруашылығының қажетi үшiн берiлген учаскелерiнде орман пайдалану және орман шаруашылығы iс-шаралары жабайы жануарлардың мекен етуiне қолайлы орта сақталған жағдайда жүзеге асырылуға тиiс.

      3. Ормандардағы жабайы жануарлар саны экожүйенiң тұрақтылығын қамтамасыз ететiн шекте реттеледi.

      4. Мемлекеттiк орман қоры учаскелерi аңшылық шаруашылығының қажеттерi үшiн жеке және заңды тұлғаларға пайдалануға осы Кодексте белгiленген тәртiппен ұзақ мерзiмдi орман пайдалану шарты негiзiнде берiледi.

      5. Мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде жануарлар дүниесiн, оның iшiнде аңшылық шаруашылығының мұқтаждығы үшiн пайдалану тәртiбiн уәкілетті орган айқындайды.

      Ескерту. 100-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 29.09.2014 № 239-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).

101-бап. Мемлекеттiк орман қоры учаскелерiн ғылыми-зерттеу мақсаттарына пайдалану

      1. Ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргiзу үшін мемлекеттiк орман иеленушiлер мемлекеттiк орман қоры учаскелерiн осы Кодексте айқындалған тәртiппен жеке және заңды тұлғаларға ұзақ мерзiмдi орман пайдалануға – ұзақ мерзiмдi орман пайдалану шартының талаптарымен, ал қысқа мерзiмдi орман пайдалануға қысқа мерзiмдi орман пайдалану шарты және рұқсат беру құжаттары негiзiнде бередi.

      2. Мемлекеттiк орман қоры учаскелерiн ғылыми-зерттеу мақсаттарында пайдалану тәртiбiн уәкілетті орган белгiлейдi.

      Ескерту. 101-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 29.09.2014 № 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 15.06.2017 № 73-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

102-бап. Мемлекеттiк орман қоры учаскелерiн сауықтыру, рекреациялық, тарихи-мәдени, туристiк және спорттағы мақсаттар үшін пайдалану

      1. Мемлекеттiк орман қоры учаскелерi сауықтыру, рекреациялық, тарихи-мәдени, туристiк және спорттық мақсаттар үшiн осы Кодексте айқындалған тәртiппен жеке және заңды тұлғаларға ұзақ мерзiмдi орман пайдалануға – ұзақ мерзiмдi орман пайдалану шартының талаптарымен, ал қысқа мерзiмдi орман пайдалануға қысқа мерзiмдi орман пайдалану шарты және рұқсат беру құжаттары негiзiнде берiледi.

      2. Орман пайдаланушылар өздерiне берiлген мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде орман ортасы мен табиғи ландшафтар қорғалған, ормандардағы өрт қауiпсiздiгi ережелерi мен санитарлық ережелер сақталған жағдайда абаттандыру және халыққа мәдени-тұрмыстық қызмет көрсету жөнiндегi iс-шараларды жүргiзеді.

      3. Мемлекеттiк орман қоры учаскелерiн сауықтыру, рекреациялық, тарихи-мәдени, туристiк және спорттық мақсаттар үшiн пайдалану тәртiбiн уәкілетті орган белгiлейдi.

      Ескерту. 102-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 29.09.2014 № 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 15.06.2017 № 73-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

102-1-бап. Мемлекеттік орман қорының учаскелерін ағаш және бұта тұқымдыларының отырғызу материалы мен арнайы мақсаттағы плантациялық екпелер өсіру үшін пайдалану

      1. Мемлекеттік орман қорының учаскелері ағаш және бұта тұқымдыларының отырғызу материалдары мен арнайы мақсаттағы плантациялық екпелер өсіру үшін осы Кодексте белгіленген тәртіппен жеке және заңды тұлғаларға ұзақ мерзімді орман пайдалануға шарт талаптарымен беріледі.

      2. Арнайы мақсаттағы плантациялық екпелерді өсіру үшін мемлекеттік орман қорының тек ормансыз жерлерге жататын учаскелері бөлінеді.

      Ескерту. 16-тарау 102-1-баппен толықтырылды - ҚР 2012.01.25 № 548-IV (2013.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

102-2-бап. Орман ресурстары ұзақ мерзімді орман пайдалануға берілген мемлекеттік орман қорының жерлерінде объектілер салу

      1. Орман ресурстары сауықтыру, рекреациялық, тарихи-мәдени, туристік және спорттық мақсаттар; аңшылық шаруашылығы мұқтаждықтары; жанама орман пайдалану үшін ұзақ мерзімді орман пайдалануға берілген мемлекеттік орман қоры жерлерінде объектілер салу уәкілетті органмен келісілген эскизге (эскиздік жобаға) сәйкес әзірленген жобалау (жобалау-сметалық) құжаттама бойынша жүзеге асырылады.

      2. Сауықтыру, рекреациялық, тарихи-мәдени, туристік және спорттық мақсаттар; аңшылық шаруашылығы мұқтаждары; жанама орман пайдалану үшін ұзақ мерзімді орман пайдалану шартының қолданылу мерзімі өткеннен соң орман пайдаланушының шарттың қолданылу мерзімін ұзартуға артықшылықты құқығы бар.

      3. Сауықтыру, рекреациялық, тарихи-мәдени, туристік және спорттық мақсаттар; аңшылық шаруашылығы мұқтаждары; жанама орман пайдалану үшін орман ресурстары ұзақ мерзімді орман пайдалануға берілген мемлекеттік орман қорының жерлерінде құрылыс объектілерін пайдалану құқығының ауысу мәселелері ұзақ мерзімді орман пайдалану шартында айқындалады.

      4. Сауықтыру, рекреациялық, тарихи-мәдени, туристік және спорттық мақсаттар; аңшылық шаруашылығы мұқтаждары; жанама орман пайдалану үшін ұзақ мерзімді орман пайдалану құқығының ауысуына қарамастан, орман пайдаланушы құрылыс объектілерін уәкілетті органның жазбаша хабарламасына сәйкес басқа тұлғаға беру не шартта өзгеше белгіленген жағдайларды қоспағанда, осы учаскені қалпына келтіру жөнінде іс-шаралар жүргізуге міндетті.

      5. Жер учаскелеріндегі құрылыс объектілерін бөлшектеуді және сыртқа шығаруды орман пайдаланушы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес адамның өміріне, денсаулығына және қоршаған ортаға қауіпсіз тәсілмен жүзеге асыруға тиіс.

      Ескерту. 16-тарау 102-2-баппен толықтырылды - ҚР 2012.01.25 № 548-IV (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен; өзгеріс енгізілді - ҚР 29.03.2016 № 479-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

102-3-бап. Мемлекеттік орман қоры аумағында құрылыс процесіне қойылатын негізгі талаптар

      1. Мемлекеттік орман қорында ұзақ мерзімді орман пайдалану шарты сәулет-жоспарлау тапсырмасын алу үшін негіз болып табылады.

      Сәулет-жоспарлау тапсырмасы белгіленген құрылыс объектісін жобалауға тапсырма жасау үшін негіз болып табылады.

      2. Мемлекеттік ұлттық табиғи парктер немесе мемлекеттік табиғи резерваттар жерінде Қазақстан Республикасының ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы заңнамасына сәйкес жеке және заңды тұлғалар мемлекеттік ұлттық табиғи паркпен немесе мемлекеттік табиғи резерватпен жасаған ұзақ мерзімді пайдалану шарты сәулет-жоспарлау тапсырмасы мен жобалауға тапсырма алу үшін негіз болып табылады.

      3. Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде объектілер құрылысының сапасына бақылау мен қадағалауды ұйымдастыру және жүргізу тәртібі Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінде және "Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңында айқындалады.

      4. Салынған объектілерді пайдалануға қабылдау Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексімен және "Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңымен реттеледі.

      Ескерту. 16-тарау 102-3-баппен толықтырылды - ҚР 28.10.2019 № 268-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

103-бап. Мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде орман биоқауымдастықтарының гендiк қорын пайдалану

      1. Мемлекеттiк орман қоры учаскелерiндегi орман биоқауымдастықтарының гендiк қоры мемлекеттiк меншiк объектiлерiне жатады және республикалық меншiкте болады, өсiмдiктер мен жануарлар дүниесiнiң гендiк резерваттарын, артықшылығы бар екпелер мен ағаштарды, басқа да селекциялық-гендiк объектiлердi қамтитын шектеулi орман пайдалану режимiндегi жеке аймақтар түрiнде аумағы жағынан бөлiнедi.

      Аталған аймақтарды уәкiлеттi органның және ғылым мен ғылыми-техникалық қызмет саласында басшылықты жүзеге асыратын орталық атқарушы органның ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейдi.

      2. Орман флорасы мен фаунасының гендiк қорының өсiп-өну материалын басқа мемлекеттермен алмасу мемлекеттiк экологиялық сараптаманың оң қорытындысы болған жағдайда, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шешiмi негiзiнде жүзеге асырылады.

      3. Орман флорасы мен фаунасы гендік қорының репродуктивтік материалдарына қол жеткізу Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қамтамасыз етіледі.

      Ескерту. 103-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2012.01.25 № 548-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 02.01.2023 № 184-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

8-бөлім. Орман қорын күзетудің, қорғаудың, пайдаланудың, ормандарды молықтыру мен орман өсірудің экономикалық тетігі

17-тарау. Орман қорын күзетудің, қорғаудың, пайдаланудың, ормандарды молықтыру мен орман өсірудің экономикалық принциптері мен әдістері. Мемлекеттік орман қорын пайдалану төлемақысы

104-бап. Орман қорын күзетудiң, қорғаудың, пайдаланудың, ормандарды молықтыру мен орман өсiрудiң экономикалық принциптерi мен әдiстерi

      Орман қорын күзетудiң, қорғаудың, пайдаланудың, ормандарды молықтыру мен орман өсiрудiң экономикалық принциптерi мен әдiстерi:

      1) мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде ормандарды күзету, қорғау, молықтыру мен орман өсiру жөнiндегi iс-шараларды жоспарлау;

      2) мемлекеттiк орман қорында орман шаруашылығын жүргiзудi бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша уәкілетті орган бекiткен нормалар мен нормативтерге сәйкес қаржыландыру;

      3) орман ресурстарын және ормандардың пайдалы қасиеттерiн ақылы түрде пайдалану;

      4) ерекше қорғалатын орман аумақтарын ақылы түрде пайдалану;

      5) Қазақстан Республикасының аумағында орманды өңiрлердi ұлғайтуды ынталандыру;

      6) мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде орман пайдалануды жүзеге асыратын мемлекеттiк орман иеленушiлердiң және орман пайдаланушылардың жауапкершiлiгiн сақтандыру болып табылады.

      Ескерту. 104-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 29.09.2014 № 239-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).

105-бап. Мемлекеттік орман қорынан орман пайдаланғаны үшін төлемақы

      Ескерту. 105-баптың тақырыбы жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 2008.12.10 № 101-IV (01.01.2009 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      1. Мемлекеттiк орман қорын пайдалану ақылы түрде жүзеге асырылады.

      2. Мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде орман пайдалану төлемақысы орман пайдаланудың Қазақстан Республикасының салық заңдарында көзделген жекелеген түрлерi үшiн алынады.

      3. Мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде орман пайдалану төлемақысы ормандардың пайдалы қасиеттерi, сапасы, жалпы пайдаланылатын жолдардан кеспе ағаштар аймағының қашықтығы, жер бедері және ағаш кесу түрлері ескерiле отырып белгiленедi.

      4. Мемлекеттік орман қорының учаскелерінде орман пайдалану төлемақысының ставкалары, оны есептеу және оның сомаларын төлеу тәртiбi Қазақстан Республикасының салық заңдарына сәйкес айқындалады.

      Бұл ретте, төлем ставкалары орман пайдалану түрлеріне және олардың өзгеше ерекшеліктеріне байланысты белгіленеді, олар ауданы бойынша — гектармен (га), көлемі бойынша — тығыздық текше метрімен (м 3 ) немесе қаланған текше метрмен (қал. м 3 ), саны бойынша — түйірлеп, салмағы бойынша — килограммен (кг), центнермен (ц), тоннамен (т) жас (табиғи өсу) күйімен өлшенеді.

      Ескерту. 105-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2008.12.10 № 101-IV (01.01.2009 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

106-бап. Қазақстан Республикасы аумағының орманды өңiрлерiн ұлғайтуды экономикалық ынталандыру

      Қазақстан Республикасы аумағының орманды өңiрлерiн ұлғайтуды экономикалық ынталандыру:

      1) Қазақстан Республикасының жер туралы заңнамалық актiсiне сәйкес, босалқы жерлерден, ауыл шаруашылығында пайдалануға жарамсыз өзге де жер санаттарынан орман қорына жер беру;

      2) Қазақстан Республикасының салық заңдарына сәйкес, орман өсiрудi ынталандыру және арнайы мақсаттағы плантациялар, агроорман-мелиорациялық және өзге де қорғаныштық екпелер жасау;

      3) республика экономикасының сүрек ресурстарына мұқтажын қамтамасыз ету мақсатында өнiмi жоғары плантациялық екпелер отырғызуға ынталандыру;

      4) селекциялық-гендiк негiздегi тұқым қуалау сапасы жақсартылған орман тұқымдарын және отырғызылатын материалдарды өндiру мен қолдануды ынталандыру;

      5) орман шаруашылығына инвестициялар тарту үшiн қолайлы жағдайлар жасау және жекеше орман өсіруді дамытуды мемлекеттік қолдау;

      6) тез өсетін ағаш және бұта тұқымдылары плантацияларын отырғызу мен өсіруге, жекеше орман питомниктерін құру мен дамытуға жұмсалатын шығыстарды өтеу жолымен жүзеге асырылады.

      Ескерту. 106-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2012.01.25 № 548-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

107-бап. Мемлекеттiк орман иеленушiлер мен мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде орман пайдалануды жүзеге асыратын орман пайдаланушылардың жауапкершiлiгiн сақтандыру

      1. Мемлекеттiк орман иеленушiлер мен мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде орман пайдалануды жүзеге асыратын орман пайдаланушылардың жауапкершiлiгiн сақтандыру мемлекеттiк орман қорына, сондай-ақ үшiншi адамдардың өмiрiне, денсаулығы мен мүлкiне зиян келуi салдарынан шарттан туындайтын мiндеттемелер бойынша жауапкершiлiк тәуекелi басталған кезде олардың мүлiктiк мүдделерiн қорғауға бағытталған.

      2. Мемлекеттiк орман иеленушiлер мен мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде орман пайдалануды жүзеге асыратын орман пайдаланушылардың жауапкершiлiгiн ерiктi сақтандыру олардың ерiк бiлдiруiмен жүзеге асырылады.

      Мемлекеттiк орман иеленушiлер мен мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде орман пайдалануды жүзеге асыратын орман пайдаланушылардың жауапкершiлiгiн ерiктi сақтандырудың түрлерi, талаптары және тәртiбi сақтандырушылар мен сақтанушылар арасындағы шарттармен айқындалады.

108-бап. Мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде ормандарды күзету, қорғау, молықтыру мен орман өсiру жөнiндегi iс-шараларды жоспарлау

      Ескерту. 108-бап алып тасталды - ҚР 03.07.2013 № 124-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

18-тарау. Орман шаруашылығын қаржыландыру

109-бап. Мемлекеттiк орман қорында орман шаруашылығын жүргiзуге жұмсалатын шығыстарды қаржыландыру көздерi

      Мемлекеттiк орман қорында орман шаруашылығын жүргiзуге жұмсалатын шығыстарды қаржыландыру:

      1) бюджет қаражаты;

      2) алып тасталды

      3) орман мекемелерiнiң ақылы қызметтерi мен тауарлар өткiзуiнен түскен қаражаты;

      4) орман пайдаланушылардың қаражаты;

      5) жеке және заңды тұлғалардың қайырмалдықтары, ерiктi жарналары, оның ішінде орманның экожүйелік қызметтері үшін қайырмалдықтары, ерiктi жарналары;

      6) Қазақстан Республикасының заңдарымен тыйым салынбаған өзге де қаржыландыру көздерi есебiнен жүргiзiледi.

      Ескерту. 109-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2004.12.20. № 13 (01.01.2005 бастап күшіне енеді); 15.06.2017 № 73-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

110-бап. Мемлекеттiк орман қорында орман шаруашылығын жүргiзуге жұмсалатын шығыстарды бюджет қаражатынан қаржыландыру

      Бюджет қаражатынан:

      1) орман орналастыру, орман қорының мемлекеттiк есебi, мемлекеттiк орман кадастры, мемлекеттiк орман мониторингi;

      2) ормандарды өрттен күзету, орман зиянкестерiмен ауруларынан қорғау жөнiндегi авиациялық жұмыстар;

      3) орман қорын күзету, қорғау, пайдалану, ормандарды молықтыру мен орман өсiру саласындағы ғылыми-зерттеу және жобалау-iздестiру жұмыстары;

      4) орман селекциясы және тұқым шаруашылығы, соның iшiнде тұрақты орман тұқымы базасын қалыптастыру, орман тұқымдарын сертификаттау саласындағы жұмыстар;

      5) орманның аса қауiптi зиянкестерi мен ауруларының және оларға қарсы күрестiң орман патологиялық мониторингiн;

      6) орман мен аңшылық шаруашылықтары үшiн мамандар даярлау және олардың бiлiктiлiгiн арттыру;

      7) орман пайдалануға рұқсаттама құжаттарын дайындау;

      8) уәкiлеттi органның, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергiлiктi атқарушы органдарының және өзге де мемлекеттiк органдардың функционалдық қарауындағы мемлекеттiк орман қоры учаскелерiндегi:

      ормандарды өрттен, рұқсатсыз кесуден және Қазақстан Республикасының орман заңдарын өзге де заң бұзушылықтан сақтау, орманды зиянкестер мен орман ауруларынан қорғау;

      ормандарды молықтыру мен орман өсiру;

      орман шаруашылығы жолдарының құрылысы және оларды күтiп-ұстау, ормандарды өртке қарсы орналастыру;

      орман шаруашылығын жобалау;

      күтiп-баптау мақсатында ағаш кесу, санитарлық мақсатта ағаш кесу, кеспеағаш аймағын бөлiп беру және оларды мөлшерлеу;

      ормандарды күзету, қорғау, молықтыру мен орман өсiруге күрделi қаржы бөлу жөнiндегi iс-шараларды;

      9) тез өсетін ағаш және бұта тұқымдылары плантацияларын отырғызу мен өсіруге, жекеше орман питомниктерін құру мен дамытуға жұмсалатын шығыстарды өтеуді қаржыландыру жүзеге асырылады.

      Ескерту. 110-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2004.12.20 № 13 (2005.01.01 бастап күшіне енеді), 2006.01.31 № 125 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2012.01.25 № 548-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

111-бап.

      Ескерту. 111-бап алып тасталды – ҚР 2004.12.20. № 13 (01.01.2005 бастап күшіне енеді) Заңымен.

112-бап. Орман мекемелерiнiң ақылы қызметтерiнен түскен қаражаты

      1. Орман мекемелерiнiң өздерiнiң негiзгi қызметiне жатпайтын мынадай тауарларды (жұмыстар мен көрсетiлетiн қызметтердi) өткiзу:

      1) елді мекендерді көгалдандыру және орман тұқымдарын жинау үшін отырғызылатын материалды өсіру, жасыл, қорғаныштық, плантациялық және өзге де екпелерді жасау, екпелерге күтім жасау жөніндегі жұмыстарды жүргізу, оқу практикасын өткізу;

      2) басты мақсатта пайдалану үшін ағаш кесуді, аралық мақсатта пайдалану үшін ағаш кесуді және басқа да мақсаттарда ағаш кесуді, оның ішінде халықты отынмен қамтамасыз ету үшін ағаш кесуді жүргізу кезінде алынған сүректі қайта өңдеуден алынған тауарлар мен өнімді, сондай-ақ жанама орман пайдалану өнімін өткізу және сүректі қайта өңдеу жөніндегі қызметтерді көрсету;

      3) орман мекемелерінің аумақтары шегінде халыққа жүк тасымалдау жөнінде көлік қызметтерін көрсету;

      4) орман пайдаланушымен жасалған шартқа сәйкес сүрек дайындау үшін ұзақ мерзімді орман пайдалануға берілген мемлекеттік орман қоры учаскелерінде ормандарды молықтыруды жүзеге асыру есебінен қаражаты болуына құқылы.

      1-1. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген қызмет түрлерінен табыс алу мақсатында орман мекемелері мемлекеттік сатып алу конкурстарына қатысуға құқылы.

      2. Орман мекемелерiнiң қаражатын пайдалану Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

      3. Орман мекемелерiнiң қаражатын ормандарды күзетуге, қорғауға, молықтыруға және орман өсiруге, жанама орман пайдалануға байланысты емес мақсаттарға пайдалануға тыйым салынады.

      Ескерту. 112-бап жаңа редакцияда - ҚР 2006.07.07 № 176, өзгерістер енгізілді - 2008.12.10 № 101-IV (2009.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 2012.01.25 № 548-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 15.06.2017 № 73-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 02.01.2023 № 184-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

18-1-тарау. Жекеше орман өсіруді мемлекеттік қолдау

      Ескерту. Кодекс 18-тараумен толықтырылды - ҚР 2012.01.25 № 548-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

112-1-бап. Жекеше орман өсірудің мемлекеттік қолдауға жататын бағыттары

      1. Жекеше орман өсіруді мемлекеттік қолдау мынадай бағыттар бойынша жүргізіледі:

      1) өнеркәсіптік және энергетикалық мақсаттарда, тез өсетін ағаш және бұта тұқымдыларын плантациялық өсіру;

      2) орман питомниктерін құру және дамыту.

      2. Жекеше орман өсіруді мемлекеттік қолдау меншік иелерінің немесе жер пайдаланушылардың жерлерінде де, мемлекеттік орман қоры жерлерінде де жүзеге асырылады.

112-2-бап. Жекеше орман өсіруді мемлекеттік қолдау субъектілері

      Тез өсетін ағаш және бұта тұқымдылары плантацияларын отырғызу мен өсіру, жекеше орман питомниктерін құру мен дамыту жөніндегі қызметті жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының азаматтары және шетелдік қатысуы жоқ Қазақстан Республикасының мемлекеттік емес заңды тұлғалары жекеше орман өсіруді мемлекеттік қолдау субъектілері болып табылады.

      Ескерту. 112-2-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 30.06.2021 № 59-VII (01.01.2022 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

112-3-бап. Жекеше орман өсіруді мемлекеттік қолдау және оны жүзеге асыру мерзімдері

      1. Жекеше орман өсіруді мемлекеттік қолдау:

      1) өнеркәсіптік және энергетикалық мақсаттарда, тез өсетін ағаш және бұта тұқымдылары плантацияларын отырғызу мен өсіруге жұмсалатын шығыстарды өтеу (елу пайызға дейін);

      2) жекеше орман питомниктерін құру және дамытуға жұмсалатын шығыстарды өтеу (елу пайызға дейін) арқылы жүзеге асырылады.

      2. Жекеше орман өсіруді мемлекеттік қолдау мынадай мерзімдерден аспай жүзеге асырылады:

      1) өнеркәсіптік және энергетикалық мақсаттарда, тез өсетін ағаш және бұта тұқымдыларын плантациялық өсіру – он-он бес жыл;

      2) жекеше орман питомниктерін құру мен дамыту – бес-он жыл.

9-бөлім. Қазақстан Республикасының орман заңдары саласындағы заң бұзушылықтар

19-тарау. Қазақстан Республикасының орман заңдары саласындағы заң бұзушылықтар

113-бап. Орман қорын күзету, қорғау, пайдалану, ормандарды молықтыру мен орман өсiру саласындағы заң бұзушылықтар

      1. Орман қорын күзету, қорғау, пайдалану, ормандарды молықтыру мен орман өсiру саласындағы заң бұзушылықтар:

      1) орман қорындағы орман орналастыру мен орман шаруашылығы белгiлерiн жою немесе бүлдiру;

      2) мемлекеттiк орман қоры учаскелерiн сатып алу-сату, сыйға тарту, кепiлге беру, өз бетiнше иелену мен айырбастау, сондай-ақ орманға мемлекеттiк меншiк құқығын бұзатын орман пайдалануды жүзеге асыру құқығын өз бетiмен басқа бiреуге беру;

      3) мемлекеттiк орман қоры учаскелерiн тиiстi рұқсатсыз тегiстеу, құрылыстар салу, сүректер өңдеу, қоймалар салу және басқа да мақсаттар үшiн заңсыз пайдалану;

      4) ағаштар мен бұталарды зақымдау, орманды, оның iшiнде өрттен зақымданған орманды заңсыз кесу, орман ағаштарын, орман питомниктерi мен плантацияларындағы егiлген не отырғызылған көшеттердi, сондай-ақ ормандарды молықтыру мен орман өсiруге арналған алаңдарда өзi өсiп шыққан шыбықтарды, өскiндер мен қолдан отырғызылған екпелердi жою немесе зақымдау;

      5) ормандарды, сол сияқты орман қорына кiрмейтiн екпелердi отқа немесе өзге де аса қауiптi көздерге абай болмау салдарынан жою немесе зақымдау;

      6) орман қорын, сол сияқты орман қорына кiрмейтiн екпелердi қасақана жағып жiберу, өзге де жалпы қауiптi тәсiлмен не зиянды заттармен, қалдықтармен, шығарындылармен немесе төгiндiлермен ластау салдарынан жою немесе зақымдау;

      7) ормандарда өрт қауiпсiздiгi талаптарын, санитариялық қағидаларды, мемлекеттік орман қоры учаскелерінде сүректі түбірімен босату және ағаш кесу қағидаларын бұзу;

      8) мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде кеспеағаш қорын пайдаланудың, сүрек, қосалқы сүрек ресурстарын, ағаш шырындарын дайындау мен тасып әкетудiң Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiбiн бұзу;

      9) орман қорының уақытша алынған учаскелерiн қайтару мерзiмдерiн бұзу немесе оларды нысаналы мақсатқа қарай пайдалану үшiн жарамды күйге келтiру жөнiндегi мiндеттемелердi орындамау;

      10) орман қоры жерлерiндегi шабындықтар мен жайылымдық алқаптарды бүлдiру;

      11) ормандар мен орман қоры жерлерiнде өз бетiнше шөп шабу мен мал жаю;

      12) мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде тыйым салынған немесе орман билетiмен ғана жол берiлетiн дәрiлiк өсiмдiктер мен техникалық шикiзатты өз бетiмен жинау;

      13) мемлекеттiк орман қорының ағашы кесiлген және ормандарды молықтыру мен орман өсiруге арналған басқа да алқаптарында ормандарды молықтырудың тәртiбi мен мерзiмдерiн бұзу;

      14) орман үшiн пайдалы фаунаны жою;

      15) ормандарды қурап қалуға немесе ауруға ұшырататын не оларды ластайтын ақаба сулармен, химиялық заттармен, өнеркәсiптiк және тұрмыстық қалдықтармен және төгiндiлермен орманды бүлдiру;

      16) орман қоры жерлерiндегi орман құрғататын жыраларды, кәрiз жүйелерi мен жолдарды жою немесе бүлдiру;

      17) мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде орман пайдалануды рұқсаттама құжаттарында көзделген мақсаттарға немесе талаптарға сай келмейтiн әрекеттермен жүзеге асыру;

      18) ормандардың жай-күйi мен оларды молықтыруға зиянын тигiзуге әкеп соқтыратын объектiлер салу мен оларды пайдалануға беру;

      19) мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде кеспеағаш аймағын бөлiп беру және таксациялау қағидаларын бұзу;

      20) мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде сүректердi есептi кеспеағаштардан артық мөлшерде дайындау болып табылады.

      2. Қазақстан Республикасының заңдарында орман қорын күзету, қорғау, пайдалану, ормандарды молықтыру мен орман өсiру саласындағы өзге заң бұзушылықтар үшiн де жауаптылық белгiленуi мүмкiн.

      Ескерту. 113-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2011.07.05 № 452-IV (2011.10.13 бастап қолданысқа енгізіледі); 29.09.2014 № 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 15.06.2017 № 73-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

114-бап. Қазақстан Республикасының орман заңнамасын бұзғаны үшін жауаптылық

      Қазақстан Республикасының орман заңнамасын бұзу Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылыққа әкеп соғады.

      Ескерту. 114-бап жаңа редакцияда - ҚР 2012.01.25 № 548-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

115-бап. Мемлекеттiк орман қорынан өз бетiмен иеленген аумақтарды қайтару

      1. Мемлекеттiк орман қорынан өз бетiмен иеленген аумақтар оларды заңсыз пайдалану кезiнде шыққан шығындар өтелместен тиесiлi иелерiне қайтарылады. Бұл ретте мемлекетке орман иеленушi шеккен залал өтеледi.

      2. Өз бетімен тұрғызылған құрылыстарды бұзу, жерлерді нысаналы мақсатына сәйкес келтiру және орман алқаптарын қалпына келтiру заң бұзушылар есебiнен жүргiзiледi.

116-бап. Орман қорына кiрмейтiн ағаш және бұта өсiмдiктерiн жойғаны немесе зақымдағаны үшiн жауаптылық

      Осы Кодекстiң 6-бабы 5-тармағының 3) тармақшасында көрсетiлгеннен басқа, орман қорына кiрмейтiн ағаш және бұта өсiмдiктерiн заңсыз жою немесе зақымдау Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылыққа әкеп соғады.

      Ескерту. 116-бап жаңа редакцияда - ҚР 2012.01.25 № 548-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

20-тарау. Қорытынды ережелер

117-бап. Ормандарды күзету, қорғау, молықтыру, орман өсiру мен орман пайдалану саласындағы халықаралық ынтымақтастық

      Ормандарды күзету, қорғау, молықтыру, орман өсiру мен орман пайдалану саласындағы халықаралық ынтымақтастық Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарттармен белгiленген принциптерге сәйкес жүзеге асырылады.

117-1-бап. Орман шаруашылығының мамандарын құқықтық және әлеуметтік қорғау

      1. Орман шаруашылығының мамандары Қазақстан Респрубликасының заңнамасына сәйкес құқықтық және әлеуметтік қорғалуға жатады.

      2. Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін орман шаруашылығының мамандарына Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес кемінде жиырма бес пайызға жоғарылатылған лауазымдық айлықақылар белгіленеді.

      3. Орман шаруашылығының мамандарына мал жаю және шөп шабу үшін жергілікті атқарушы органдардың шешімі бойынша жер учаскелері беріледі.

      Ескерту. 20-тарау 117-1-баппен толықтырылды - ҚР 15.06.2017 № 73-VI Заңымен (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз).

118-бап. Осы Кодекстi қолданысқа енгiзу тәртiбi

      1. Осы Кодекс ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

      2. Мыналардың күшi жойылды деп танылсын:

      1) 1993 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Орман кодексi (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1993 ж., № 3, 45-құжат; 1995 ж., № 20, 120-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1999 ж., № 11, 357-құжат; 2001 ж., № 3, 20-құжат; № 24, 338-құжат);

      2) Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң "Қазақстан Республикасының Орман кодексiн күшiне енгiзу тәртiбi туралы" 1993 жылғы 23 қаңтардағы Қаулысы (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1993 ж., № 3, 46-құжат).

      Қазақстан Республикасының
      Президентi

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады