"2015 жылға Ақтөбе облысында мал шаруашылығын дамытуды мемлекеттік қолдау туралы" облыс әкімдігінің 2015 жылғы 3 наурыздағы № 78 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Ақтөбе облысы әкімдігінің 2015 жылғы 01 қыркүйектегі № 321 қаулысы. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 22 қыркүйекте № 4523 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақтөбе облысының әкімдігінің 2016 жылғы 1 ақпандағы № 26 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысының әкімдігінің 01.02.2016 № 26 қаулысымен (алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі).
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 27-бабына, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 20 шілдедегі № 3-1/671 "Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы 19 қарашадағы № 3-1/600 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" бұйрығына сәйкес Ақтөбе облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Облыс әкімдігінің 2015 жылғы 3 наурыздағы № 78 "2015 жылға Ақтөбе облысында мал шаруашылығын дамытуды мемлекеттік қолдау туралы" қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4240 болып тіркелген, 2015 жылғы 19 наурызда "Ақтөбе" және "Актюбинский вестник" газеттерінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      1) жоғарыда көрсетілген қаулымен бекітілген жеке қосалқы шаруашылықтарда мүйізді ірі қара малдың аналық мал басын қолдан ұрықтандыру жөніндегі шығындарды 100%-ға дейін өтеуге, ірі, шырынды және құрама жемшөп пен жемшөптік қоспаларын дайындау және сатып алу шығындарын арзандатуға арналған субсидиялар нормативтері осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
      2) жоғарыда көрсетілген қаулымен бекітілген жеке қосалқы шаруашылықтарда мүйізді ірі қара малдың аналық мал басын қолдан ұрықтандыру бойынша қызметтер жеткізушілерге, ірі, шырынды және құрама жемшөп пен жемшөптік қоспаларын дайындау және сатып алу бойынша тауар өндірушілерге қойылатын өлшемдері және талаптары осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
      3) жоғарыда көрсетілген қаулымен бекітілген асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуға субсидиялар көлемдері осы қаулының 3-қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
      4) жоғарыда көрсетілген қаулымен бекітілген мал шаруашылығы өнімінің өнімділігін және сапасын арттыруға субсидиялар көлемдері осы қаулының 4-қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
      2. "Ақтөбе облысының ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемесі осы қаулыны "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесіне орналастыруды қамтамасыз етсін.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары М. Жұмағазиевке жүктелсін.
      5. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
      Облыс әкімі А. Мұхамбетов
      Келісілді:
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрі А. Мамытбеков
27 тамыз 2015 жыл

  Облыс әкімдігінің 2015жылғы 01 қыркүйектегі № 321 қаулысына 1-қосымша
  Облыс әкімдігінің 2015 жылғы 3 наурыздағы № 78 қаулысымен бекітілді

Жеке қосалқы шаруашылықтарда мүйізді ірі қара малдың аналық мал басын қолдан ұрықтандыру жөніндегі шығындарды 100%-ға дейін өтеуге, ірі, шырынды және құрама жемшөп пен жемшөптік қоспаларын дайындау және сатып алу бойынша шығындарды арзандатуға арналған субсидиялар нормативтері

Р/н №
Субсидиялау бағытының атауы
Өлшем бірлік
1 басқа субсидия нормативі, теңге
1.
Жеке қосалқы шаруашылықтардағы мүйізді ірі қара малдың аналық мал басын қолдан ұрықтандыруды ұйымдастыру
бас
5 000
2.
Ірі, шырынды және құрама жемшөп пен жемшөптік қоспаларын дайындау және сатып алу бойынша шығындарды арзандату*:
х
х
2.1.
етті бағыттағы асыл тұқымды мүйізді ірі қараның аналық мал басы
бас
6 000
2.2.
алыс шетелден әкелінген етті бағыттағы шетел селекциясындағы асыл тұқымды мүйізді ірі қараның аналық мал басы
бас
93 000
2.3.
Жыл басынан бері кемінде 7 000 бас мүйізді ірі қара малын етке өткізген 1-деңгейдегі мал бордақылау алаңдары
бас
28 000
2.4.
Жыл басынан бері 7 000 басқа дейін мүйізді ірі қара малын етке өткізген 1-деңгейдегі мал бордақылау алаңдары
бас
6 000
2.5
орташа жылдық сауымы 7 000 литрден жоғары сүтті бағыттағы асыл тұқымды мүйізді ірі қараның аналық мал басы
бас
132 000
2.6
орташа жылдық сауымы 3 500 литр сүтті бағыттағы асыл тұқымды мүйізді ірі қараның аналық мал басы
бас
6 000

      *субсидия Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы 19 қарашадағы №3-1/600 бұйрығымен бекітілген асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, өнім өндіруді және оның сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларымен анықталған бағыттардың басымдылықтарына сәйкес төленеді.

  Облыс әкімдігінің 2015 жылғы 01 қыркүйектегі № 321 қаулысына 2-қосымша
  Облыс әкімдігінің 2015 жылғы 3 наурыздағы № 78 қаулысымен бекітілді

Жеке қосалқы шаруашылықтарда мүйізді ірі қара малдың аналық мал басын қолдан ұрықтандыру бойынша қызметтер жеткізушілерге, ірі, шырынды және құрама жемшөп пен жемшөптік қоспаларын дайындау және сатып алу бойынша тауар өндірушілерге қойылатын өлшемдер және талаптар

Р/н №
Субсидиялау бағытының атауы
Өлшемдер және талаптар
1.
Жеке қосалқы шаруашылықтардағы мүйізді ірі қара малдың аналық мал басын қолдан ұрықтандыруды ұйымдастыру
1. Зоотехникалық және ветеринарлық-санитарлық талаптарға сәйкес келетін және жарақталған қолдан ұрықтандыру пунктерінің болуы;
2. Арнайы дайындық курстардан өткен, асыл тұқымды мал шаруашылығы субъектілерінің реестрінде тіркелген техник-ұрықтандырушылардың болуы.
2.
Ірі, шырынды және құрама жемшөп пен жемшөптік қоспаларын дайындау және сатып алу шығындарын арзандату
1. Етті бағыттағы асыл тұқымды мүйізді ірі қара малының аналығы үшін:
мүйізді ірі қара аналық мал басының ақпараттық сараптамалық жүйесі және ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру базасында тіркеуде болуы.
2. Орташа жылдық сүт көлемі 7 000 кг асатын сүтті бағыттағы асыл тұқымды мүйізді ірі қара малының аналығы үшін:
өткен жылдың статистикалық жылдық есебі бойынша жыл басындағы сиырдың бір басынан сауылған орташа жылдық сүт көлемі 7 000 кг кем болмауы тиіс.
3. Орташа жылдық сүт көлемі 3 500 кг асатын сүтті бағыттағы асыл тұқымды мүйізді ірі қара малының аналығы үшін:
өткен жылдың статистикалық жылдық есебі бойынша жыл басындағы сиырдың бір басынан сауылған орташа жылдық сүт көлемі 3 500 кг кем болмауы тиіс.
4. Жыл басынан бері кемінде 7 000 бас мүйізді ірі қара малын етке өткізген 1-деңгейдегі мал бордақылау алаңдары үшін:
жыл басынан бастап кемі 7 000 бас мүйізді ірі қараны сойып өткізу (ауыл шаруашылығы малдарын бірдейлендіру базасынан алынған үзіндімен расталады).
5. Жыл басынан бері 7 000 басқа дейін мүйізді ірі қара малын етке өткізген 1-деңгейдегі мал бордақылау алаңдары үшін:
жыл басынан бастап 7 000 басқа дейін мүйізді ірі қараны сойып өткізу (ауыл шаруашылығы малдарын бірдейлендіру базасынан алынған үзіндімен расталады).

  Облыс әкімдігінің 2015 жылғы 01 қыркүйектегі № 321 қаулысына 3-қосымша
  Облыс әкімдігінің 2015 жылғы 3 наурыздағы № 78 қаулысымен бекітілді

Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуға субсидиялар көлемдері


Өнімдердің атауы
Өлшем бірлік
2015 жылға субсидиялар көлемдері
субсидияланатын көлем
субсидиялар сомасы, мың теңге
1
Етті бағыттағы асыл тұқымды мүйізді ірі қара малдың аналық мал басына асыл тұқымдық және селекциялық жұмысты жүргізу
бас
6 975
139 500
2
Етті бағыттағы тұқымдық түрлендірумен қамтылған мүйізді ірі қара малдың аналық мал басына асыл тұқымдық және селекциялық жұмысты жүргізу
бас
45 261
814 695
3
Ұлттық қордан етті бағыттағы тұқымдық түрлендірумен қамтылған мүйізді ірі қара малдың аналық мал басына асыл тұқымдық және селекциялық жұмысты жүргізу *
бас
3 239
58 305
4
Сүтті бағыттағы асыл тұқымды мүйізді ірі қара малдың аналық мал басына асыл тұқымдық және селекциялық жұмысты жүргізу
бас
2 373
47 460
5
Аналық қой басына селекциялық және асыл тұқымдық жұмысты жүргізу
бас
130 000
195 000
6
Қоғамдық табындарда етті, сүтті және қос бағыттағы асыл тұқымды аталық бұқаларды күтіп-бағу
бас
983
102 232
7
Жеке қосалқы шаруашылықтардағы мүйізді ірі қара малдың аналық мал басын қолдан ұрықтандыру
бас
10 000
50 000
8
Етті өнімділік бағыттағы мүйізді ірі қара мал төлдерін импорттау, оның ішінде:
бас
х
х
Австралиядан, АҚШ-тан және Канададан
бас
х
х
асыл тұқымды селекциялық мүйізді ірі қара мал (Ресейден, Белоруссиядан және Украинадан әкелінгенді қоса есептегенде)
бас
326
38 468
9
Сүтті өнімділік бағыттағы асыл тұқымды мүйізді ірі қара мал төлдерін импорттау, оның ішінде:
бас
х
х
 
асыл тұқымды мүйізді ірі қара мал (Ресейден, Белоруссиядан және Украинадан әкелінгенді қоса есептегенде)
бас
58
6 844
10
Отандық асыл тұқымды мүйізді ірі қара малды сатып алу
бас
1 900
292 600
11
Асыл тұқымды малдарды сатып алу, оның ішінде:
бас
х
х
қойлар
бас
1 604
12 828
жылқылар
бас
250
10 000
 
БАРЛЫҒЫ:
бас
х
1 767 932

      Ескерту:
      * - Қазақстан Республикасы Ұлттық қордан бөлінген қаражат

  Облыс әкімдігінің 2015 жылғы 01 қыркүйектегі № 321 қаулысына 4-қосымша
  Облыс әкімдігінің 2015 жылғы 3 наурыздағы № 78 қаулысымен бекітілді

Мал шаруашылығы өнімдерінің өнімділігін және сапасын арттыруға субсидиялар көлемдері


Өнімдердің атауы
Өлшем бірлік
2015 жылға субсидиялар көлемдері
субсидияланатын көлем
субсидиялар сомасы, мың теңге
1
Сиыр еті өндірісінің құнын арзандату, оның ішінде:
тонна
х
х
1-деңгей
тонна
3 176
952 800
2-деңгей
тонна
109
18 530
3-деңгей
тонна
261
26 100
2
Шошқа еті өндірісінің құнын арзандату: 1-деңгей
тонна
6 377
624 958
3
Қой еті өндірісінің құнын арзандату, оның ішінде:
тонна
х
х
1-деңгей
тонна
94
18 800
2-деңгей
тонна
13
1 300
4
Жылқы еті өндірісінің құнын арзандату
тонна
215
19 780
5
Сүт өндірісінің құнын арзандату, оның ішінде:
тонна
х
х
1-деңгей
тонна
5 754
143 850
Субсидия нормативін 50% дейін өсіру есебінен **
тонна
1 920
69 000
2-деңгей
тонна
630
9 450
3-деңгей
тонна
914
9 140
6
Қымыз өндірісінің құнын арзандату
тонна
28
1 680
7
Құс еті өндірісінің құнын арзандату: 3-деңгей
тонна
1 204
60 200
3 деңгей, субсидия нормативін 50% дейін өсіру есебінен **
тонна
400
26 858
8
Тағамдық жұмыртқа өндірісінің құнын арзандату: 1-деңгей
мың дана
69 000
207 000
1 деңгей, субсидия нормативін 50% дейін өсіру есебінен **
мың дана
23 000
94 045
9
Бұқашықтарды субсидиялаудың 1-деңгейіндегі бордақылау алаңдарына немесе операторға өткізу
бас
3 848
92 352
10
Ірі, шырынды және құрама жемшөп пен жемшөптік қоспаларын дайындау және сатып алу бойынша шығындарды арзандату
бас
х
681 847
11
Етті бағыттағы ірі қара мал шаруашылығына мал азығының құнын арзандату *
тонна
17 151
128 635
12
Шошқа шаруашылығына мал азығының құнын арзандату *
тонна
6 008
45 060
 
БАРЛЫҒЫ:
х
х
3 231 385

      Ескерту:
      * - Қазақстан Республикасы Ұлттық қордан бөлінген қаражат
      ** - өсімдік шаруашылығының бағдарламалары бойынша бюджеттік қаражатты үнемдеу есебінен субсидия нормативтерін өсіру

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады