Ақтөбе қаласының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына отын сатып алу үшін әлеуметтік көмек беру туралы

Күшін жойған

Ақтөбе облысы Ақтөбе қалалық мәслихатының 2015 жылғы 4 наурыздағы № 319 шешімі. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 19 наурызда № 4244 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Ақтөбе қалалық мәслихатының 2018 жылғы 14 желтоқсандағы № 389 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Ақтөбе қалалық мәслихатының 14.12.2018 № 389 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      Ескерту. Шешімнің атауы жаңа редакцияда – Ақтөбе облысы Ақтөбе қалалық мәслихатының 25.08.2016 № 92 (алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі № 66 "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Заңының 18-бабының 5 тармағына сәйкес, Ақтөбе қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Ақтөбе қаласының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына отын сатып алу үшін жергілікті бюджет қаражаты есебінен біржолғы 5 (бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде көмек берілсін.
      2. Осы шешім оның алғаш ресми жариялаған күннен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ақтөбе қалалық мәслихатының сессия төрағасы И. Назарбаев
      Ақтөбе қалалық мәслихатының хатшысы С. Шынтасова

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады