Байғанин ауданы бойынша азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық елдi мекендерде жұмыс iстейтiн әлеуметтiк қамсыздандыру, бiлiм беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандарға жиырма бес пайызға жоғарылатылған айлықақылар мен тарифтiк мөлшерлемелер белгілеу туралы

Жаңартылған

Ақтөбе облысы Байғанин аудандық мәслихатының 2015 жылғы 13 наурыздағы № 160 шешімі. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 3 сәуірде № 4278 болып тіркелді.

      Ескерту. Атауы жаңа редакцияда – Ақтөбе облысы Байғанин аудандық мәслихатының 13.03.2020 № 315 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Заңының 18 бабының 4 тармағына сәйкес, Байғанин аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - Ақтөбе облысы Байғанин аудандық мәслихатының 30.04.2020 № 331 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
      1. Байғанин ауданы бойынша азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық елдi мекендерде жұмыс iстейтiн, әлеуметтiк қамсыздандыру, бiлiм беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандарға, сондай-ақ жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын мемлекеттік ұйымдарда жұмыс істейтін аталған мамандарға қызметтiң осы түрлерiмен қалалық жағдайда айналысатын мамандардың мөлшерлемелерімен салыстырғанда жиырма бес пайызға жоғарылатылған айлықақылар мен тарифтiк мөлшерлемелер белгіленсін.
      Ескерту. 1 тармақ жаңа редакцияда – Ақтөбе облысы Байғанин аудандық мәслихатының 13.03.2020 № 315 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрайымы Н. Шекеева
      Мәслихат хатшысы Б. Турлыбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады