Байғанин ауданы аумағында көшпелi сауданы жүзеге асыру үшін арнайы бөлінген орындарды белгiлеу туралы

Күшін жойған

Ақтөбе облысы Байғанин аудандық әкімдігінің 2015 жылғы 13 мамырдағы № 112 қаулысы. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 9 маусымда № 4345 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Байғанин аудандық әкімдігінің 2016 жылғы 25 сәуірдегі № 79 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Байғанин аудандық әкімдігінің 25.04.2016 № 79 қаулысымен (қол қойылған кезiнен бастап қолданысқа енгiзiледi).
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" Заңының 31 бабына, Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 12 сәуiрдегi № 544 "Сауда қызметiн реттеу туралы" Заңының 8, 27 баптарына, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2005 жылғы 21 сәуiрдегi № 371 "Iшкi сауда Ережесiн бекiту туралы" қаулысына сәйкес, Байғанин аудандық әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. Байғанин ауданы аумағында көшпелi сауданы жүзеге асыру үшiн арнайы бөлінген орындар, қосымшаға сәйкес белгiленсiн.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
      3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Аудан әкімінің міндетін атқарушы А.Ерғалиев

  Аудан әкiмдiгiнiң
13 мамырдағы 2015 жылғы
№ 112 қаулысына қосымша

Байғанин ауданы аумағында көшпелi сауданы жүзеге
асыру үшiн арнайы бөлінген орындар


Ауыл атауы
Сауда орындары
Қарауылкелді ауылдық округi
1
Қарауылкелді
Барақ батыр көшесi ("аудандық Мәдениет үйінің қасында)
2
Қарауылкелді
Асау батыр көшесі (Тәуелсіздіктің 20 жылдығы атындағы парктің қасында)
3
Қосарал
Шанақ көшесi ("Дана" дүкенінің жанында)
4
Көкбұлақ
Орталық көшесі (ауылдық клубтың жанында)
5
Қазақстан
Орталық көшесі (ауылдық медициналық пункттің жанында)
Көлтабан ауылдық округi
6
Жарлы
Ардагерлер көшесі (ауылдық Мәдениет үйінің жанында)
7
Қораши
Қарабұлақ көшесі (ауылдық клубтың жанында)
8
Жыңғылдытоғай
Наркеткен көшесі (ауылдық медициналық пункттің жанында)
Ащы ауылдық округi
9
Ноғайты
Орталық көшесi № 9 үй (ауылдық клубтың қасында)
Қопа ауылдық округi
10
Ебейті
Жеңіс көшесi ("Сағын" дүкенінің қасында)
11
Қопа
Ақтан көшесі (№ 19 үйдің қасында)
12
Айрық
Айрық көшесі (ауылдық кітапхана қасында)
13
Көптоғай
Көптоғай көшесі (№ 4 үйдің қасында)
Миялы ауылдық округi
14
Миялы
Орталық көшесi (№ 9 үйдің қасында)
15
Дияр
Мектеп көшесі (№ 1 үйдің қасында)
Жаңажол ауылдық округi
16
Оймауыт
Мәдениет көшесі (ауылдық Мәдениет үйінің жанында)
Сартоғай ауылдық округi
17
Алтай батыр
Бұлақ көшесi ("Асылтас" дүкенiнiң қасында)
18
Баршақұм
Жағалау көшесі ( ауылдық клубтың қасында)
19
Шұқырши
Сарыөзек көшесі (ауылдық медициналық пункттің жанында)
Жарқамыс ауылдық округi
20
Жарқамыс
Орталық көшесі ("Наурызбек" дүкенінің жанында)
21
Қаражар
Орталық көшесі ("Нұрсұлтан" дүкенінің жанында)
22
Ақтам
Ақжар көшесі (№ 3 үйдің қасында)
Қызылбұлақ ауылдық округi
23
Кемерши
Орталық көшесі ("Көркем" дүкенiнiң қасында)
24
Бұлақтыкөл
Орталық көшесі ( ауылдық клубтың қасында)
25
Жаңатаң
Жағалау көшесі ( ауылдық клубтың қасында)

      

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады