Жарық ауылдық округі әкімінің 2011 жылғы 19 шілдедегі № 7 "Жарық ауылдық округіне қарасты елді мекендердің көшелеріне атау беру және атауларын өзгерту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Ақтөбе облысы Қобда ауданы Жарық ауылдық округі әкімінің 2015 жылғы 18 ақпандағы № 2 шешімі. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 10 наурызда № 4224 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабына және Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 3 шілдедегі № 121-V "Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына және Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әртүрлі заңнамалық актілердің құқық нормалары арасындағы қайшылықтарды, олқылықтарды, коллизияларды және сыбайлас жемқарлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін нормаларды жою мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Конституциялық Заңына сәйкес, Жарық ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Жарық ауылдық округі әкімінің 2011 жылғы 19 шілдедегі № 7 "Жарық ауылдық округіне қарасты елді мекендердің көшелеріне атау беру және атауларын өзгерту туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3-7-127 санымен тіркелген, 2011 жылғы 18 тамызда аудандық "Қобда" газетінде жарияланған) шешіміне келесідей өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген шешімнің мемлекеттік тіліндегі атауы мынадай жаңа редакцияда жазылсын:
      "Жарық ауылдық округінің елді мекендерінің көшелеріне атау беру және атауларын өзгерту туралы";
      шешімнің орыс тіліндегі атауы мен бүкіл мәтіні бойынша "аульного", "аула" сөздері тиісінше "сельского", "села" сөздерімен ауыстырылсын.
      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа еңгізіледі.
      Ауылдық округ әкімі Е.Мухамедгалиев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады