Мұғалжар ауданы Талдысай ауылдық округінің Талдысай ауылы аумағында шектеу іс-шараларын белгілеу туралы

Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданы Талдысай ауылдық округі әкімінің 2015 жылғы 12 қазандағы № 13 шешімі. Ақтөбе облысы Әділет департаментінде 2015 жылғы 06 қарашада № 4565 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданы Талдысай ауылдық округі әкімінің 2016 жылғы 12 сәуірдегі № 1 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданы Талдысай ауылдық округі әкімінің 12.04.2016 № 1 шешімімен.
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35-бабына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-1-бабына сәйкес және Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы министрлігінің ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті Мұғалжар аудандық аумақтық инспекциясының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2015 жылғы 9 қазандағы № 1-26/353 ұсынысының негізінде, Талдысай ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ :
      1. Мұғалжар ауданы Талдысай ауылдық округінің Талдысай ауылы аумағында ірі мүйізді қара малдарының арасынан бруцеллез ауруының анықталуына байланысты шектеу іс-шаралары белгіленсін.
      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау "Талдысай ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің сектор меңгерушісі Р.Амангелдиеваға жүктелсін.
      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
      Ауылдық округінің әкімі М. Қарабатыров

Об установлении ограничительных мероприятий на территории села Талдысай Талдысайского сельского округа Мугалжарского района

Решение акима Талдысайского сельского округа Мугалжарского района Актюбинской области от 12 октября 2015 года № 13. Зарегистрировано Департаментом юстиции Актюбинской области 06 ноября 2015 года № 4565. Утратило силу решением акима Талдысайского сельского округа Мугалжарского района Актюбинской области от 12 апреля 2016 года № 1

      Сноска. Утратило силу решением акима Талдысайского сельского округа Мугалжарского района Актюбинской области от 12.04.2016 № 1.
      В соответствии со статьей 35 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", статьей 10-1 Закона Республики Казахстан от 10 июля 2002 года "О ветеринарии" и на основании представления главного государственного ветеринарно-санитарного инспектора Мугалжарской районной территориальной инспекции Комитета ветеринарного контроля и надзора Министерства сельского хозяйства Республики Казахстан от 9 октября 2015г №1-26/353, аким Талдысайского сельского округа РЕШИЛ:
      1. Установить ограничительные мероприятия в связи с выявлением заболевания бруцеллез среди крупного рогатого скота на территории села Талдысай Талдысайского сельского округа Мугалжарского района.
      2. Контроль за исполнением настоящего решения возложить на заведущую сектором государственного учреждения "Аппарат акима Талдысайского сельского округа" Р. Амангелдиеву.
      3. Настоящее решение вводится в действие со дня его первого официального опубликования.
      Аким сельского округа М. Карабатыров