"Ойыл ауданында аз қамтамасыз етілген отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшерін және тәртібін айқындау Ережесін бекіту туралы" 2013 жылғы 31 шілдедегі № 110 шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Ақтөбе облысы Ойыл аудандық мәслихатының 2015 жылғы 6 тамыздағы № 254 шешімі. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 20 тамызда № 4479 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Ойыл аудандық мәслихатының 2017 жылғы 13 наурыздағы № 86 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Ойыл аудандық мәслихатының 13.03.2017 № 86 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабына, Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 29 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тұрғын үй қатынастары мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Заңына сәйкес, Ойыл аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Аудандық мәслихаттың 2013 жылғы 31 шілдедегі № 110 "Ойыл ауданында аз қамтамасыз етілген отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшерін және тәртібін айқындау Ережесін бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3642 тіркелген, 2013 жылдың 12 қыркүйегінде аудандық "Ойыл" газетінде жарияланған) шешіміне келесі өзгеріс енгізілсін:
      көрсетілген шешіммен бекітілген Ереженің 1 тармағының 1) тармақшасындағы үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      "жекешелендiрiлген тұрғынжайларда тұратын немесе мемлекеттiк тұрғын үй қорындағы тұрғын үй-жайларды (пәтерлердi) жалдаушылар (қосымша жалдаушылар) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға жұмсалатын шығыстарды;".
      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі.
      Аудандық мәслихат сессиясының төрағасы: С. Нұрбаев
      Аудандық мәслихат хатшысы: Б. Бисекенов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады