Барлық білім беру ұйымдарының күндізгі оқу нысаныны бойынша білім алушылары мен тәрбиеленушілерінің қоғамдық көлікте (таксиден басқа) жеңілдікпен жол жүруі туралы

Күшін жойған

Алматы облысы Талдықорған қалалық мәслихатының 2015 жылғы 11 наурыздағы № 301 шешімі. Алматы облысы Әділет департаментінде 2015 жылы 06 сәуірде № 3123 болып тіркелді. Күші жойылды - Алматы облысы Талдықорған қалалық мәслихатының 2021 жылғы 9 шілдедегі № 60 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы Талдықорған қалалық мәслихатының 09.07.2021 № 60 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      "Білім туралы" 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 2)-тармақшасына, 47-бабы 4-тармағының 1) тармақшасына сәйкес, Талдықорған қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      Талдықорған қаласының жергілікті бюджетінің есебінен қаржыландырылатын, меншік нысаны мен ведомстволық бағыныстылығына қарамастан, барлық білім беру ұйымдарының күндізгі оқу нысаны бойынша білім алушылары мен тәрбиеленушілеріне қоғамдық көлікте (таксиден басқа) жол жүру билетінің толық құнының елу пайызында (жазғы демалысты қоспағанда) жеңілдікпен жол жүру құқығы берілсін.
      Осы шешімнің орындалуын бақылау Талдықорған қаласы әкімінің орынбасары Ғ.Т.Сарыбаевқа жүктелсін (келісім бойынша).
      Осы шешім әділет органында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Кезекті ХХХХVІІІ сессияның төрағасы,
      қалалық мәслихаттың хатшысы М.Бопазов

      Талдықорған қалалық мәслихатының 2015 жылғы 11 наурыздағы № 301 "Барлық білім беру ұйымдарының күндізгі оқу нысаны бойынша білім алушылары мен тәрбиеленушілерінің қоғамдық көлікте (таксиден басқа) жеңілдікпен жол жүруі туралы" шешіміне келісім

      КЕЛІСІЛДІ
      Талдықорған қаласы
      әкімінің орынбасары Сарыбаев Ғалиасқар Төлендіұлы
      "Талдықорған қаласының білім бөлімі"
      Мемлекеттік мекемесінің басшысы Тұрұсбеков Болат Кәметұлы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады