Қапшағай қаласында үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды белгілеу туралы

Күшін жойған

Алматы облысы Қапшағай қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 15 сәуірдегі № 156 қаулысы. Алматы облысы Әділет департаментінде 2015 жылы 21 сәуірде № 3146 болып тіркелді. Күші жойылды - Алматы облысы Қапшағай қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 22 мамырдағы № 228 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы Қапшағай қаласы әкімдігінің 22.05.2015
      № 228 қаулысымен.
      "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 28-бабының 6-тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабының 2-тармағына сәйкес, Қапшағай қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қапшағай қалалық сайлау комиссиясымен (келісім бойынша) бірлесіп барлық кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар осы қаулының қосымшасына сәйкес белгіленсін.
      2. "Қапшағай қаласының ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесінің басшысы Аққойшы Нұрлан Ерғазыұлына осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелгеннен кейін ресми және мерзімді баспа басылымдарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған интернет-ресурста және қалалық әкімдіктің интернет-ресурсында жариялау жүктелсін.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімі аппараты басшысының міндетін атқарушыға жүктелсін.
      4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қала әкімі
С.Кикимов
 
Қапшағай қаласы әкімдігінің 2015 жылғы "15" cәуірдегі "Қапшағай қаласында үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды белгілеу туралы" № 156 қаулысына қосымша

Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін белгіленген орындар

      1. Қапшағай қаласы бойынша:
      1) Абай көшесі, № 5, қалалық сот ғимаратының жанындағы стенд;
      2) 1-ықшам аудан, № 33, №1 учаскелік полиция пункті ғимаратының жанындағы стенд;
      3) 4-ықшам аудан, орта мектеп гимназиясы ғимараты жанындағы стенд;
      2. Заречный ауылдық округі бойынша:
      1) Заречный ауылы, Дзержинский көшесі, № 11, ауылдық клуб ғимаратының жанындағы стенд;
      2) Заречный ауылы, Мира көшесі, № 16, Мира және Абая көшелерінің қиылысындағы стенд стенд;
      3) Заречный ауылы, Садовая көшесі, нөмерсіз, "Қамқор" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының ғимаратының жанындағы стенд;
      4) Арна ауылы, Колхозная көшесі, № 5, фельдшерлік–акушерлік пункті ғимаратының жанындағы стенд;
      3. Шеңгелді ауылдық округі бойынша:
      1) Шеңгелді ауылы, Сейфуллин көшесі, № 34, Сейфуллин және Школьная көшелерінің қиылысындағы стенд;
      2) Қосқұдық ауылы, Турксибская көшесі, № 19, ауылдық клуб ғимаратының жанындағы стенд;
      3) Ақөзек ауылы, фельдшерлік–акушерлік пункті ғимаратының жанындағы стенд;
      4) Кербұлақ ауылы, Бахтиярская көшесі, номерсіз, фельдшерлік–акушерлік пункті ғимаратының жанындағы стенд;
      5) Сарыбұлақ ауылы, Талгарская көшесі, номерсіз, фельдшерлік–акушерлік пункті ғимаратының жанындағы стенд;

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады