Ауылдық жерде жұмыс істейтін білім берудің педагог қызметкерлеріне коммуналдық қызмет көрсетулерге шығыстарды жабуға және тұрғын үй-жайларды жылыту үшін отын сатып алуға біржолғы ақшалай өтемақы белгілеу туралы

Күшін жойған

Алматы облысы Қапшағай қалалық мәслихатының 2015 жылғы 15 шілдедегі № 50-206 шешімі. Алматы облысы Әділет департаментінде 2015 жылы 11 тамызда № 3331 болып тіркелді. Күші жойылды - Алматы облысы Қапшағай қалалық мәслихатының 2020 жылғы 27 наурыздағы № 67-251 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы Қапшағай қалалық мәслихатының 27.03.2020 № 67-251 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
      "Білім туралы" 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 53-бабы 2-тармағының 2) тармақшасына сәйкес, Қапшағай қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Қапшағай қаласының ауылдық жерде жұмыс істейтін білім берудің педагог қызметкерлеріне коммуналдық қызмет көрсетулерге шығыстарды жабуға және тұрғын үй-жайларды жылыту үшін отын сатып алуға бюджет қаражаты есебінен бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерде біржолғы ақшалай өтемақы белгіленсін.
      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау қалалық мәслихаттың "Халықты әлеуметтік қорғау, еңбек, білім, денсаулық сақтау, мәдениет, тіл, спорт және ұлтаралық қатынастар жөніндегі" тұрақты комиссиясына жүктелсін.
      3. "Қапшағай қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің басшысы Іңкәрбекова Айгүл Серғазықызы осы шешімді әділет органдарында мемлекеттік тіркелгеннен кейін ресми және мерзімді баспа басылымдарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған интернет-ресурста және қалалық мәслихаттың интернет-ресурсында жариялау жүктелсін.
      4. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қалалық мәслихат
      сессиясының төрағасы Р.Сагитдинов
      Қалалық мәслихаттың хатшысы Қ.Ахметтаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады