"Ескелді ауданының сәулет және қалақұрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы

Жаңа

Алматы облысы Ескелді ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 20 қазандағы № 350 қаулысы. Алматы облысы Әділет департаментінде 2015 жылы 26 қарашада № 3587 болып тіркелді

      "Мемлекеттік мүлік туралы" 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 18-бабының 8) тармақшасына және "Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының үлгі ережесін бекіту туралы" 2012 жылғы 29 қазандағы № 410 Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына сәйкес, Ескелді ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. "Ескелді ауданының сәулет және қалақұрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Ережесі осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
      2. "Ескелді ауданының сәулет және қалақұрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесінің басшысы Алпысбаев Галымжан Калымбековичқа осы қаулыны әділет органдарында мемлекеттік тіркелгеннен кейін ресми және мерзімді баспа басылымдарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған интернет-ресурста және аудан әкімдігінің интернет-ресурсында жариялау жүктелсін.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Қалиев Рустам Тулендиевичқа жүктелсін.
      4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Аудан әкімі Н. Қылышбаев

  Ескелді ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 20 қазандағы № 350 қаулысымен бекітілген қосымша

"Ескелді ауданының сәулет және қалақұрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы Ереже

1. Жалпы ережелер

      1. "Ескелді ауданының сәулет және қалақұрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Бөлім) аудан аумағында сәулет және қала құрылысы саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
      2. Бөлім өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
      3. Бөлім мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысандағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
      4. Бөлім азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
      5. Бөлімге егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
      6. Бөлім өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Бөлім басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
      7. Бөлімнің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
      8. Заңды тұлғаның орналасқан жері: индекс 040500, Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Ескелді ауданы, Қарабұлак кенті, Оразбеков көшесі, № 31.
      9. Мемлекеттік органның толық атауы - "Ескелді ауданының сәулет және қалақұрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесі.
      10. Осы Ереже Бөлімнің құрылтай құжаты болып табылады.
      11. Бөлімнің қызметін қаржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
      12. Бөлімге кәсіпкерлік субъектілерімен Бөлімнің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
      Егер Бөлімге заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.

2. Бөлімнің миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері

      13. Бөлімнің миссиясы: Ескелді ауданы аумағында сәулет және қала құрылысы қызметін жүзеге жүргізу.
      14. Міндеттері:
      1) аудан аумағында сәулет және қала құрылысы саласындағы мемлекеттік саясатты жүргізу;
      2) аудан аумақтары мен елді мекендерде қала құрылысын жоспарлау, ұйымдастыру және дамытуда қызметті жүзеге асыру.
      15. Функциялары:
      1) заңнамада белгіленген тәртіппен бекітілген аудан аумағының қала құрылысын жоспарлаудың кешенді схемасын (аудандық жоспарлау жобасын) ,ауылдық елді мекендердің бас жоспарларын іске асыру жөніндегі қызметті үйлестіру;
      2) елді мекендерінің бекітілген бас жоспарларын (аумақтық даму схемаларын) дамыту үшін әзірленетін қала құрылысы жобаларын іске асыру;
      3) аудан аумағының қала құрылысын дамыту схемаларын, сондай-ақ ауылдық елді мекендердің бас жоспарларының жобаларын әзірлеуді ұйымдастыру;
      4) мемлекеттік қала құрылысы кадастрының дерекқорына енгізу үшін белгіленген тәртіппен ақпарат және (немесе) мәліметтер ұсыну;
      5) заңнамада белгіленген тәртіппен салынып жатқан (салынуы белгіленген) объектілері мен кешендердің мониторингін жүргізу;
      6) жоспарланып отырған құрылыс салу не өзге де қала құрылысы өзгерістері туралы халыққа хабралап отыру;
      7) жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру.
      16. Құқықтары мен міндеттері:
      1) Бөлімнің құзыретіне кіретін мәселелерді шешу бойынша аудан әкімінің және аудандық мәслихаттың қарауына ұсыныстар енгізу;
      2) мемлекеттік органдардан және өзге де ұйымдардан өз қызметіне қажетті ақпаратты заңнамада белгіленген тәртіппен сұрату және алу;
      3) жедел басқару құқығындағы мүліктерді пайдалануды жүзеге асыру;
      4) жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін уақытылы және сапалы қарау;
      5) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес өз құзыреті шегінде өзге де құқықтар мен міндеттерді жүзеге асыру.

3. Бөлімнің қызметін ұйымдастыру

      17. Бөлімге басшылықты Бөлімге жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшысы жүзеге асырады.
      18. Бөлімнің бірінші басшысын Ескелді ауданының әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
      19. Бөлімнің бірінші басшысының орынбасарлары жоқ.
      20. Бөлімнің бірінші басшысының өкілеттігі:
      1) Бөлім қызметкерлерінің міндеттері мен өкілеттіктерін өз құзыреті шегінде айқындайды;
      2) Бөлім қызметкерлерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес қызметке тағайындайды және босатады;
      3) Бөлім қызметкерлерін заңнамада белгіленген тәртіппен ынталандырады және тәртіптік жазалар қолданады;
      4) өз құзыреті шегінде бұйрықтар шығарады;
      5) мемлекеттік органдар мен басқа да ұйымдарда өз құзыреті шегінде Бөлімнің мүддесін білдіреді;
      6) Бөлімде сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет етеді, сол үшін жеке жауапкершілік алуды белгілейді;
      7) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес басқа да өкілеттіктерді жүзеге асырады.
      Бөлімнің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.

4. Бөлімнің мүлкі

      21. Бөлімнің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.
      Бөлімнің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
      22. Бөлімге бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
      23. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, Бөлім, өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5. Бөлімді қайта ұйымдастыру және тарату

      24. Бөлімді қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады