Ауылдық жерде жұмыс істейтін білім берудің педагог қызметкерлеріне коммуналдық қызмет көрсетулерге шығыстарды жабуға және тұрғын үй-жайларды жылыту үшін отын сатып алуға біржолғы ақшалай өтемақы белгілеу туралы

Күшін жойған

Алматы облысы Кербұлақ аудандық мәслихатының 2015 жылғы 29 қыркүйектегі № 47-271 шешімі. Алматы облысы Әділет департаментінде 2015 жылы 23 қазанда № 3494 болып тіркелді. Күші жойылды - Алматы облысы Кербұлақ аудандық мәслихатының 2020 жылғы 27 шілдедегі № 59-347 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды – Алматы облысы Кербұлақ аудандық мәслихатының 27.07.2020 № 59-347 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі).
      "Білім туралы" 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 53-бабының 2-тармағының 2) тармақшасына сәйкес, Кербұлақ аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Кербұлақ ауданының ауылдық жерде жұмыс істейтін білім берудің педагог қызметкерлеріне коммуналдық қызмет көрсетулерге шығыстарды жабуға және тұрғын үй-жайларды жылыту үшін отын сатып алуға бюджет қаражаты есебінен бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерде біржолғы ақшалай өтемақы белгіленсін.
      2. "Кербұлақ аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің басшысы Диханбаева Айгул Тұрдақынқызына осы шешімді әділет органдарында мемлекеттік тіркелгеннен кейін ресми және мерзімді баспа басылымдарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған интернет-ресурста және аудандық мәслихаттың интернет-ресурсында жариялау жүктелсін.
      3. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың "Білім, денсаулық сақтау, мәдениет, спорт, туризм, халықты әлеуметтік қорғау жөніндегі" тұрақты комиссиясына жүктелсін.
      4. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Кербұлақ аудандық
      мәслихатының сессия төрағасы Б. Бекиев
      Кербұлақ аудандық мәслихатының хатшысы Е. Сұраншынов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады