Мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы

Күшін жойған

Жамбыл облысы Жамбыл ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 177 қаулысы. Жамбыл облысы Әділет департаментінде 2015 жылғы 24 сәуірде № 2629 болып тіркелді. Күші жойылды - Жамбыл облысы Жамбыл ауданының әкімдігінің 2016 жылғы 30 мамырдағы № 260 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Жамбыл облысы Жамбыл ауданының әкімдігінің 30.05.2016 № 260 қаулысымен.
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 бабының 1 тармағының 14) тармақшасына, "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 7 бабының 5-2) тармақшасына сәйкес Жамбыл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Жамбыл ауданындағы барлық меншік нысандарындағы ұйымдарда, кәсіпорындарда және мекемелерде жұмыс орындарының жалпы санының үш пайызы мөлшерінде мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгіленсін.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Үміткен Қапанқызы Наймановаға жүктелсін.
      3. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Аудан әкімі Р. Дәулет

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады