Мемлекеттік органдар мен ұйымдардың дамуға ресми көмек саласындағы өзара іс-қимыл жасау қағидаларын бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің 2015 жылғы 6 ақпандағы № 11-1-2/42 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 13 наурызда № 10431 тіркелді

      «Дамуға ресми көмек туралы» 2014 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 1-тармағының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік органдар мен ұйымдардың дамуға ресми көмек саласындағы өзара іс-қимыл жасау қағидалары бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Сыртқы экономикалық саясат департаменті осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін, оның мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің Бірінші орынбасары Р.С. Жошыбаевқа жүктелсін.
      4. Осы бұйрық оның мемлекеттік тіркелген күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.

      Министр                                    Е. Ыдырысов

      «КЕЛІСІЛДІ»
      Қазақстан Республикасының
      Қаржы министрі
      ______________ Б. Сұлтанов
      2015 жылғы 12 ақпан

Қазақстан Республикасы     
Сыртқы істер министрінің    
2015 жылғы 6 ақпандағы    
№ 11-1-2/42 бұйрығымен    
бекітілген          

Мемлекеттік органдар мен ұйымдардың дамуға ресми көмек
саласындағы өзара іс-қимыл жасау қағидалары

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Мемлекеттік органдар мен ұйымдардың дамуға ресми көмек саласындағы өзара іс-қимыл жасау қағидалары (бұдан әрі – қағидалар) «Дамуға ресми көмек туралы» (бұдан әрі – Заң) 2014 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленген және мемлекеттік органдар мен ұйымдардың дамуға ресми көмек (бұдан әрі – ДРК) саласындағы өзара іс-қимыл жасау тәртібін реттейді.
      2. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) Қазақстан Республикасының Президенті бекіткен ДРК саласындағы Қазақстан Республикасының мемлекеттік саясатының негізгі бағыттарына сәйкес ДРК саласындағы мемлекеттік органдарының, операторының (бұдан әрі – Оператор) және ДРК саласындағы өзге де ұйымдарының (бұдан әрі – ұйымдар) қызметтерін үйлестіруді қамтамасыз етеді.
      Министрлік мемлекеттік органдардың, оператордың және ұйымдардың ұсыныстарын ескере отырып, ДРК саласындағы Қазақстан Республикасының мемлекеттік саясатының негізгі бағыттары бойынша ұсыныстарын оларды кейіннен Қазақстан Республикасының Президентімен бекіту үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің қарауына енгізеді.

2. Мемлекеттік органдар мен ұйымдардың дамуға ресми көмекті
қалыптастыру жөніндегі өзара іс-қимылы

      3. Мемлекеттік органдар, Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелері (бұдан әрі – шет елдердегі мекемелер), оператор және ұйымдар жыл сайын ағымдағы қаржылық жылдың 1 ақпанына дейінгі мерзімде Министрлікке ДРК саласындағы жобалық ұсыныстарды (бұдан әрі – жобалық ұсыныстар) кезекті қаржылық жылға қалыптастыру бойынша:
      ДРК іс-шаралар жоспарын;
      ДРК-ға халықаралық ұйымдарға ерікті жарнаны төлеу жоспарын енгізеді.
      Жобалық ұсыныстар Заңның 7-бабы 1-тармағының 4) тармақшасына сәйкес енгізіледі.
      Мемлекеттік органдар, шет елдердегі мекемелер және ұйымдар жобалық ұсыныстарды уақытылы бермеген жағдайда, Министрлік аталған жобалық ұсыныстарды әзірлеушілерді жобалық ұсыныстар ұсынылғаннан кейін он жұмыс күні ішінде хабардар етіп, оларды қараусыз қалдырады.
      Министрлік жобалық ұсыныстарды әзірлеушілерге көрсетілген мерзімде хабарламаған жағдайда, жобалық ұсыныстар кезекті қаржылық жылға арналған ДРК жобалық іс-шараларына қосу үшін қарастырылуға қабылданды деп есептеледі.
      4. Министрлік ұсынылған жобалық ұсыныстарды олардың сыртқы саяси орындылығы нысанасына сәйкестігін қарастырады.
      Жобалық ұсынысты іске асырудың сыртқы саяси орындылығы болған жағдайда, Министрлік оны тиісті жоспар жобасына енгізеді.
      Министрлік ағымдағы қаржылық жылдың 1 сәуіріне дейін кезекті қаржылық жылға:
      ДРК іс-шаралар жоспарын;
      ДРК-ге арналған халықаралық ұйымдарға ерікті жарналарды төлеу жоспарын әзірлейді.
      ДРК-ге арналған халықаралық ұйымдарға ерікті жарналарды төлеу жоспарының жобасын Қазақстан Республикасының Халықаралық ұйымдармен ынтымақтастық мәселелері жөніндегі комиссиясы (бұдан әрі – Комиссия) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 11 желтоқсандағы № 2091 қаулысымен бекітілген Халықаралық ұйымдармен ынтымақтастық мәселелері жөніндегі комиссия туралы Ережемен айқындалған тәртіпте қарастырады.
      Республикалық бюджет бекітілген соң Министрлік тиісті жылдарға ДРК іс-шаралары жоспарын және ДРК-ға халықаралық ұйымдарға ерікті жарнаны төлеу жоспарын бекітеді.

3. Бекітілген ДРК іс-шаралар және ДРК-ға халықаралық ұйымдарға
ерікті жарнаны төлеу жоспарларына өзгерістер енгізу жөнінде
мемлекеттік органдар мен ұйымдардың өзара іс-қимылы

      5. Мемлекеттік органдар, шет елдердегі мекемелер, оператор және ұйымдар сыртқы саясат ахуалы өзгерген кезде бекітілген ДРК іс-шаралар жоспарын және ДРК-ға халықаралық ұйымдарға ерікті жарнаны төлеу жоспарын өзгерту жөнінде ұсыныстар енгізеді.
      6. Сыртқы саяси орындылығын ескере отырып, Министрлік бекітілген бюджеттік қаражаттар шығындары шегінде ДРК іс-шаралар жоспарына және ДРК-ға халықаралық ұйымдарға ерікті жарнаны төлеу жоспарына түзетулер енгізеді және енгізілген өзгерістер туралы мемлекеттік органдар мен шет елдердегі мекемелерді хабардар етеді.
      Комиссия ДРК-ға халықаралық ұйымдарға ерікті жарнаны төлеу жоспарының өзгерістерін алдын ала қарайды.
      ДРК іс-шаралар жоспарына және ДРК-ға халықаралық ұйымдарға ерікті жарнаны төлеу жоспарына енгізілген өзгерістер мемлекеттік органдар, шет елдердегі мекемелер, оператор және ұйымдар үшін ДРК-нің қайта қосылған жобаларын іске асыруға негіз болып табылады.

4. ДРК жобаларын іске асыру жөніндегі
мемлекеттік органдар мен ұйымдардың өзара іс-қимылы

      7. Мемлекеттік органдар, шет елдердегі мекемелер, оператор және ұйымдар бекітілген ДРК іс-шаралар жоспарында қарастырылған ДРК жобаларын іске асыруды жүзеге асырады.
      ДРК жобасын іске асыруға тиісті жобалық ұсыныстар енгізген оператор, сондай-ақ мемлекеттік органдар мен ұйымдар жауапты болып табылады.
      ДРК-ға халықаралық ұйымдарға ерікті жарнаны төлеу жоспарын іске асыруды Министрлік жүзеге асырады.
      8. Мемлекеттік органдар өз құзыреті шеңберінде:
      Министрліктің сұранысы бойынша ДРК жобасын іске асыру үшін ұйымдастыру-техникалық жәрдемдесуді;
      ДРК жобаларын іске асыруда сараптамалық жәрдемдесуді;
      жыл сайын 30 желтоқсаннан кешіктірмей, ДРК жобаларын іске асыру бойынша Министрлікке есептік ақпаратты беруді жүзеге асырады.
      9. Министрлік мемлекеттік органдардың, шет елдердегі мекемелердің, әріптес-донорлардың және ДРК жобалық ұсыныстарды іске асыруға қатысуға ұсынылған Қазақстан Республикасы заңды тұлғаларының жәрдемдесуімен тұрақты негізде ДРК жобаларын іске асыруға мониторингті жүзеге асырады.
      ДРК жобаларын іске асыру мониторингі негізінде ДРК іс-шаралар жоспарына және ДРК-ға халықаралық ұйымдарға ерікті жарнаны төлеу жоспарына Қағидалардың 3-тарауында қарастырылған тәртіп бойынша өзгерістер енгізілуі мүмкін.
      10. Министрлік жыл сайын ағымдағы қаржылық жылдың 10 ақпанынан кешіктірмей Қазақстан Республикасының Үкіметіне өткен жылғы ДРК жобаларын іске асыру барысы туралы есептік ақпаратты ұсынады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады