Мүгедектерді қоспағанда, дене шынықтыру-сауықтыру қызметтерін тегін немесе жеңілдікті шарттармен пайдаланатын азаматтар санаттарының тізбесін, сондай – ақ жеңілдіктер мөлшерін бекіту туралы

Жаңа

Қарағанды облысы Теміртау қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 23 шілдедегі № 29/9 қаулысы. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 12 тамызда № 3367 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 3 шілдедегі "Дене шынықтыру және спорт туралы" Заңының 48-бабына сәйкес және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 3137-баптарын басшылыққа ала отырып Теміртау қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған мүгедектерді қоспағанда, дене шынықтыру - сауықтыру қызметтерін тегін немесе жеңілдікті шарттармен пайдаланатын азаматтар санаттарының тізбесі, сондай – ақ жеңілдіктер мөлшері бекітілсін.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Теміртау қаласы әкімінің орынбасары Шолпан Мұхитқызы Мырзақасымоваға жүктелсін.
      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
 

      Қала әкімі

Н. Сұлтанов

   


Теміртау қаласы әкімдігінің
2015 ж. " 23 " шілде
№ 29/9 қаулысымен бекітілген

Мүгедектерді қоспағанда, дене шынықтыру-сауықтыру қызметтерін тегін немесе жеңілдікті шарттармен пайдаланатын азаматттар санаттарының тізбесі, сондай – ақ жеңілдіктер мөлшері


 

Азаматтар санаттары
 

Жеңілдіктер мөлшері
 

1
 

7 жасқа дейінгі балалар
 

Тегін
 

2
 

Көп балалы отбасындағы оқушы-балалар
 

Тегін
 

3
 

Балалар үйіндегі оқушы-балалар
 

Тегін
 

4
 

Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен тыл еңбеккерлері
 

Тегін
 

5
 

Спорт ардагерлері (35 жас және жоғары, "Кеңестік Социалистік Республикалар Одағы (КСРО) еңбек сіңірген спорт шебері","КСРО еңбек сіңірген жаттықтырушысы", "Қазақстан Республикасы (ҚР) еңбек сіңірген спорт шебері", "ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы" атақтары барлар)
 

Тегін
 

6
 

Спорт ардагерлері (35 жас және жоғары, "КСРО халықаралық дәрежедегі спорт шебері",
"ҚР халықаралық дәрежедегі спорт шебері" атақтары барлар)
 

Спорт және дене шынықтыру -сауықтыру қызметтерінің құнынан 50% жеңілдік
 

7
 

Спорт ардагерлері (35 жас және жоғары, "КСРО спорт шебері",
"ҚР спорт шебері" атақтары барлар)
 

Спорт және дене шынықтыру -сауықтыру қызметтерінің құнынан 30% жеңілдік
 

8
 

Оқушылар
 

Спорт және дене шынықтыру -сауықтыру қызметтерінің құнынан 50% жеңілдік
 

9
 

Студенттер
 

Спорт және дене шынықтыру -сауықтыру қызметтерінің құнынан 50% жеңілдік
 

10
 

Зейнеткерлер
 

Спорт және дене шынықтыру -сауықтыру қызметтерінің құнынан 50% жеңілдік
 

      * Ескерту: бұл тізім мемлекеттік дене шынықтыру - сауықтандыру және спорт нысандарында қолданылады.
 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады