Мүгедектерді қоспағанда, дене шынықтыру-сауықтыру қызметтерін тегін немесе жеңілдікті шарттармен пайдаланатын азаматтар санаттарының тізбесін, сондай-ақ жеңілдіктер мөлшерін бекіту туралы

Жаңа

Қарағанды облысы Сәтбаев қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 4 қарашадағы № 26/01 қаулысы. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 27 қарашада № 3517 болып тіркелді.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 2014 жылғы 3 шілдедегі "Дене шынықтыру және спорт туралы" Заңдарына сәйкес Сәтбаев қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған мүгедектерді қоспағанда, дене шынықтыру-сауықтыру қызметтерін тегін немесе жеңілдікті шарттармен пайдаланатын азаматтар санаттарының тізбесі, сондай-ақ жеңілдіктер мөлшері бекітілсін.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Сәтбаев қаласы әкімінің орынбасары С.С. Имамбайға жүктелсін.

      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қала әкімінің міндетін атқарушы С.С. Имамбай

  Сәтбаев қаласы әкімдігінің
2015 жылғы 4 қарашадағы
№ 26/01 қаулысымен бекітілген

Мүгедектерді қоспағанда, дене шынықтыру-сауықтыру қызметтерін тегін немесе жеңілдікті шарттармен пайдаланатын азаматттар санаттарының тізбесі, сондай-ақ жеңілдіктер мөлшері

№ р/н

Азаматтар санаттары

Жеңілдіктер мөлшері

1.

7 жасқа дейінгі балалар

Тегін

2.

Көп балалы отбасындағы оқушы балалар

Тегін

3.

Балалар үйіндегі оқушы балалар

Тегін

4.

Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен тыл еңбеккерлері

Тегін

5.

Спорт ардагерлері (35 жас және жоғары, "Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының еңбек сіңірген спорт шебері", "Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының еңбек сіңірген жаттықтырушысы", "Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері", "Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы" атақтары барлар)

Тегін

6.

Спорт ардагерлері (35 жас және жоғары, "Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының халықаралық дәрежедегі спорт шебері", "Қазақстан Республикасының халықаралық дәрежедегі спорт шебері" атақтары барлар)

Спорт және дене шынықтыру-сауықтыру қызметтерінің құнынан 50% жеңілдік

7.

Спорт ардагерлері (35 жас және жоғары, "Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының спортшебері", "Қазақстан Республикасының спорт шебері" атақтары барлар)

Спорт және дене шынықтыру-сауықтыру қызметтерінің құнынан 30% жеңілдік

8.

Оқушылар

Спорт және дене шынықтыру-сауықтыру қызметтерінің құнынан 50% жеңілдік

9.

Студенттер

Спорт және дене шынықтыру-сауықтыру қызметтерінің құнынан 50% жеңілдік

10.

Зейнеткерлер

Спорт және дене шынықтыру-сауықтыру қызметтерінің құнынан 50% жеңілдік


      Ескерту: Бұл тізбе мемлекеттік дене шынықтыру-сауықтыру және спорт нысандарында қолданылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады