Мүгедектерді қоспағанда, дене шынықтыру-сауықтыру қызметтерін тегін немесе жеңілдікті шарттармен пайдаланатын азаматтар санаттарының тізбесін, сондай-ақ жеңілдіктер мөлшерін белгілеу туралы

Жаңа

Қарағанды облысы Саран қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 6 тамыздағы № 30/03 қаулысы. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 7 қыркүйекте № 3397 болып тіркелді

       "Дене шынықтыру және спорт туралы" Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 3 шілдедегі Заңының 48-бабына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес, Саран қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Мүгедектерді қоспағанда, дене шынықтыру-сауықтыру қызметтерін тегін немесе жеңілдікті шарттармен пайдаланатын азаматтар санаттарының тізбесі, сондай-ақ жеңілдіктер мөлшері белгіленсін.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Саран қаласы әкімінің аппарат басшысы Елена Ивановна Бородинаға жүктелсін.
      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
      Саран қаласының әкімі А. Шкарупа

  Саран қаласы әкімдігінің
2015 жылғы 6 тамыздағы
Қаулысына
№ 30/03 қосымша

Мүгедектерді қоспағанда, дене шынықтыру-сауықтыру қызметтерін тегін немесе жеңілдікті шарттармен пайдаланатын азаматтар санаттарының тізбесі, сондай-ақ жеңілдіктер мөлшері


р/н
Азаматтар санаты
Жеңілдіктер мөлшері
1.
7 жасқа дейінгі балалар
Тегін
2.
Көп балалы отбасыларынаң оқушы-балалар
Тегін
3.
Балалар үйлерінен оқушы – балалар
Тегін
4.
Спорт ардагерлері
Тегін
5.
Оқушылар
Көрсетілетін спорттық және дене шынықтыру-сауықтыру қызметтері құнынан 50% мөлшердегі жеңілдіктер
6.
Студенттер
Көрсетілетін спорттық және дене шынықтыру-сауықтыру қызметтері құнынан 50% мөлшердегі жеңілдіктер
7.
Зейнеткерлер
Көрсетілетін спорттық және дене шынықтыру-сауықтыру қызметтері құнынан 50% мөлшердегі жеңілдіктер

      
      * Ескертпе: осы тізбе мемлекеттік дене шынықтыру-сауықтыру және спорт құрылыстарына қолданады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады