Табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жариялау туралы

Қарағанды облысы Абай ауданы әкімінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 08 шешімі. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 29 желтоқсанда № 3585 болып тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облысы Абай ауданы әкімінің 2016 жылғы 6 қаңтардағы № 01 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Абай ауданы әкімінің 06.01.2016 № 01 шешімімен.
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 33 бабының 1-тармағы 13) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 11 сәуірдегі "Азаматтық қорғау туралы" Заңының 48-бабына және 50 бабының 2 тармағы 2) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 2 шілдедегі "Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың сыныптамасын белгілеу туралы" № 756 қаулысына, Қазақстан Республикасы ішкі істер Министрінің 2015 жылғы 3 наурыздағы № 175 "Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды мемлекеттік есепке алуды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы" бұйрығының 8 тармағына сәйкес, Абай ауданының әкімі ШЕШТІ:
      1. Қарағанды облысы Абай ауданының Абай қаласында, Қарабас кентінде, Ақбастау ауылдық округінде және Курмин ауылдық округінде табиғи сипаттағы төтенше жағдай жариялансын.
      2. Төтенше жағдайларды жою комиссияның басшысы болып Абай ауданының әкімінің орынбасары Карин Абсалям Еңбекұлы тағайындалсын және осы шешімнен туындайтын тиісті іс-шараларды жүргізу тапсырылсын.
      3. Осы шешімнің орындалуын өзіме қалдырамын.
      4. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
      Абай ауданының әкімі С. Шайдаров

Об объявлении чрезвычайной ситуации природного характера

Решение акима Абайского района Карагандинской области от 28 декабря 2015 года № 08. Зарегистрировано Департаментом юстиции Карагандинской области 29 декабря 2015 года № 3585. Утратило силу решением акима Абайского района Карагандинской области от 6 января 2016 года № 01

      Сноска. Утратило силу решением акима Абайского района Карагандинской области от 06.01.2016 № 01.
      В соответствии с подпунктом 13) пункта 1 статьи 33 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", статьей 48 и подпунктом 2) пункта 2 статьи 50 Закона Республики Казахстан от 11 апреля 2014 года "О гражданской защите", постановлением Правительства Республики Казахстан от 2 июля 2014 года № 756 "Об установлении классификации чрезвычайных ситуаций природного и техногенного характера", в соответствии с пунктом 8 приказа Министра внутренних дел Республики Казахстан от 3 марта 2015 года за № 175 "Об утверждении Правил осуществления государственного учета чрезвычайных ситуаций природного и техногенного характера", аким Абайского района РЕШИЛ:
      1. Объявить чрезвычайную ситуацию природного характера в Акбастауском сельском округе, Курминском сельском округе, городе Абай и поселке Карабас Абайского района Карагандинской области.
      2. Руководителем комиссии по ликвидации чрезвычайной ситуации назначить заместителя акима Абайского района Карина Абсаляма Енбековича и поручить провести соответствующие мероприятия, вытекающие из данного решения.
      3. Контроль за исполнением настоящего решения оставляю за собой.
      4. Настоящее решение вводится в действие со дня его первого официального опубликования.
      Аким Абайского района С. Шайдаров