Аудан әкімінің 2014 жылғы 5 ақпандағы № 2 "Бұқар жырау ауданының аумағында сайлау учаскелерін құру туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданы әкімінің 2015 жылғы 20 наурыздағы № 2 шешімі. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 26 наурызда № 3061 болып тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданы әкімінің 2015 жылғы 5 қарашадағы № 5 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданы әкімінің 05.11.2015 № 5 (ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы" Заңына сәйкес және аудандық сайлау комиссиясымен келісе отырып ШЕШЕМІН:
      1. Аудан әкімінің 2014 жылғы 5 ақпандағы № 2 "Бұқар жырау ауданының аумағында сайлау учаскелерін құру туралы" шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2553 болып енгізілген, 2014 жылғы 22 наурызындағы № 11 "Бұқар жырау жаршысы" аудандық газетінде жарияланған), келесі өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген шешімнің қосымшасында:
      реттік нөмірі 14 жолдағы, "Орналасқан жері" бағанасы келесі редакцияда мазмұндалсын:
      "Ауылдық клуб, Первомайская көшесі, 17";
      реттік нөмірі 17 жолдағы, "Орналасқан жері" бағанасы келесі редакцияда мазмұндалсын:
      "Орта мектеп, Мира көшесі, 13";
      реттік нөмірі 31 жолдағы, "Орналасқан жері" бағанасы келесі редакцияда мазмұндалсын:
      "Ауылдық клуб, Новоузенская көшесі, 40 ".
      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудан әкімі аппаратының басшысы Айганым Жолшоровна Акпановаға жүктелсін.
      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі

Н. Кобжанов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады