Аудан әкімінің 2014 жылғы 5 ақпандағы № 2 "Бұқар жырау ауданының аумағында сайлау учаскелерін құру туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданы әкімінің 2015 жылғы 15 сәуірдегі № 4 шешімі. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 17 сәуірде № 3155 болып тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданы әкімінің 2015 жылғы 5 қарашадағы № 5 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданы әкімінің 05.11.2015 № 5 (ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы" Заңына сәйкес және аудандық сайлау комиссиясымен келісе отырып ШЕШЕМІН:
      1. Аудан әкімінің 2014 жылғы 5 ақпандағы № 2 "Бұқар жырау ауданының аумағында сайлау учаскелерін құру туралы" шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2553 болып енгізілген, 2014 жылғы 22 наурызындағы № 11 "Бұқар жырау жаршысы" аудандық газетінде жарияланған), келесі өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген шешімнің қосымшасында:
      реттік нөмірі 35 жолдағы, "Орналасқан жері" бағанасы келесі редакцияда мазмұндалсын:
      "Негізгі мектеп, Школьная көшесі, 4а";
      көрсетілген шешімнің қосымшасында:
      реттік нөмірі 41 жолдағы, "Орналасқан жері" бағанасы келесі редакцияда мазмұндалсын:
      "Киров атындағы ӨК" ЖШС кеңшесі, Школьная көшесі, 18".
      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудан әкімі аппаратының басшысы Айганым Жолшоровна Акпановаға жүктелсін.
      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
 

      Аудан әкімі

Н. Кобжанов


       КЕЛІСІЛДІ
 

      Бұқар жырау ауданының аудандық
сайлау комиссиясының төрағасы
С. Тулеуханова


       2015 жылдың 15 сәуір
 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады