Ауданда 2016 жылға халықтың нысаналы топтары және оларды жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғауға жәрдемдесу бойынша қосымша шаралар туралы

Күшін жойған

Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 20 қарашадағы № 45/01 қаулысы. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 15 желтоқсанда № 3557 болып тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 25 мамырдағы № 15/08 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданы әкімдігінің 25.05.2016 № 15/08 қаулысымен.
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңның 31 бабы 1 тармағының 14) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 5 бабы 2 тармағына, 7 бабы 2) тармақшасына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Бұқар жырау ауданының аумағында тұратын, халықтың нысаналы топтарына жататын тұлғалардың қосымша тізбесі келесі жұмыссыз азаматтардың санаттарымен анықталсын:
      1) дәрігерлік – консультациялық комиссиясының анықтамасы бойынша еңбекте шектеуі бар тұлғалар;
      2) 50 – ден асқан әйелдер;
      3) 55 – тен асқан ерлер;
      4) ұзақ уақыт (бір жылдан астам) жұмыс істемеген тұлғалар;
      5) отбасында бір де жұмыс істеуші жоқ тұлғалар;
      6) 29 жасқа дейінгі жастарды қоса алғанда.
      2. Халықтың нысаналы топтарынан жұмыссыз азаматтарды әлеуметтік қорғау бойынша қосымша шаралар анықталсын:
      1) зейнеталды жастағы (зейнетке шығуға екі жыл қалғанға дейін) тұлғалар үшін қоғамдық жұмыстарға қатысу мерзімі олардың зейнеткерлік жасқа жеткенге дейін ұзартылсын;
      2) зейнеталды жастағы (зейнетке шығуға екі жыл қалғанға дейін) тұлғалардан басқа, мүгедектердің, дәрігерлік – консультациялық комиссияның анықтамасы бойынша еңбекте шектеуі бар тұлғалардың қоғамдық жұмыстарға қатысу мерзімі алты айдан бір жылға дейін белгіленсін.
      3. "Бұқар жырау ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі халықтың нысаналы топтарына жататын жұмыссыз азаматтарды әлеуметтік қорғау бойынша қосымша шаралардың іске асырылуын қамтамасыз етсін.
      4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Руслан Есенбекович Нурмуханбетовке жүктелсін
      5. Осы қаулы оның алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2016 жылдың 1 қаңтарынан пайда болған қатынастарға таралады.

Бұқар жырау ауданының әкімі
Н. Кобжанов

      

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады