Жаңаарқа аудандық мәслихатының 2014 жылғы 10 қыркүйектегі № 34/225 "Жаңаарқа аудандық мәслихатының Регламентін бекіту туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Қарағанды облысы Жаңаарқа аудандық мәслихатының 2015 жылғы 26 маусымдағы XLI сессиясының № 41/284 шешімі. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 13 шілдеде № 3329 болып тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облысы Жаңаарқа аудандық мәслихатының 2017 жылғы 10 қазандағы № 17/138 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Жаңаарқа аудандық мәслихатының 10.10.2017 № 17/138 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына сәйкес, аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
      Жаңаарқа аудандық мәслихатының 2014 жылғы 10 қыркүйектегі №34/225 "Жаңаарқа аудандық мәслихатының Регламентін бекіту туралы" шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 2800 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2014 жылы 24 қазанда, 2014 жылғы 25 қазандағы № 47-48 (9641-9642) "Жаңаарқа" газетінде жарияланған) келесі өзгеріс енгізілсін:
      көрсетілген шешіммен бекітілген Жаңаарқа аудандық мәслихатының Регламентінің мемлекеттік тілдегі 7-тармағы келесі редакцияда мазмұндалсын:
      “7. Мәслихаттың кезекті сессиясы кемінде жылына төрт рет шақырылады және оны мәслихат сессиясының төрағасы жүргізеді.”.
      Осы шешім оның бірінші ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихаттың кезекті
XLI сессиясының төрағасы
Б. Бекежанова
      Аудандық мәслихат хатшысы М.Абдишев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады