Табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жариялау туралы

Қарағанды облысы Осакаров ауданының әкімінің 2015 жылғы 11 сәуірдегі № 01 шешімі. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 14 сәуірде № 3144 болып тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облысы Осакаров ауданының әкімінің 2015 жылғы 15 мамырдағы № 02 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Осакаров ауданының әкімінің 15.05.2015 № 02 шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 33 бабының 1 тармағы 13) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 11 сәуірдегі "Азаматтық қорғау туралы" Заңының 48 бабы және 50 бабының 2 тармағы 2) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 2 шілдедегі № 756 "Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың сыныптамасын белгілеу туралы" қаулысына сәйкес Осакаров ауданының әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Қарағанды облысы Осакаров ауданы аймағында табиғи сипаттағы төтенше жағдай жариялансын.
      2. Табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жою басшысы болып Осакаров ауданы әкімінің орынбасары Нұржан Шәймерденұлы Әбілдин тағайындалсын және осы шешімнен туындайтын тиісті іс-шараларды жүргізу тапсырылсын.
      3. Осы шешімнің орындалуын бақылау өзіме қалдырамын.
      4. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
 
 

      Аудан әкімі

С. Аймақов

Об объявлении чрезвычайной ситуации природного характера

Решение акима Осакаровского района Карагандинской области от 11 апреля 2015 года № 01. Зарегистрировано Департаментом юстиции Карагандинской области 14 апреля 2015 года № 3144. Утратило силу решением акима Осакаровского района Карагандинской области от 15 мая 2015 года № 02

      Сноска. Утратило силу решением акима Осакаровского района Карагандинской области от 15.05.2015 № 02.

      В соответствии с подпунктом 13) пункта 1 статьи 33 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", статьи 48 и подпунктом 2) пункта 2 статьи 50 Закона Республики Казахстан от 11 апреля 2014 года "О гражданской защите", постановлением Правительства Республики Казахстан от 2 июля 2014 года № 756 "Об установлении классификации чрезвычайных ситуаций природного и техногенного характера" аким Осакаровского района РЕШИЛ:
      1. Объявить чрезвычайную ситуацию природного характера на территории Осакаровского района Карагандинской области.
      2. Руководителем ликвидации чрезвычайной ситуации природного характера назначить заместителя акима Осакаровского района Абильдина Нуржана Шаймерденовича и поручить провести соответствующие мероприятия, вытекающие из данного решения.
      3. Контроль за исполнением настоящего решения оставляю за собой.
      4. Настоящее решение вводится в действие со дня первого официального опубликования.
 
 

      Аким района

С. Аймаков