"Приозерск қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы

Күшін жойған

Қарағанды облысы Приозерск қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 2 наурыздағы № 9/6 қаулысы. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 26 наурызда № 3073 болып тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облысы Приозерск қаласы әкімдігінің 2016 жылғы 23 маусымдағы № 22/2 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Приозерск қаласы әкімдігінің 23.06.2016 № 22/2 қаулысымен.
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 2000 жылғы 27 қарашадағы "Әкімшілік рәсімдер туралы" Заңдарын басшылыққа ала отырып, Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 29 қазандағы № 410 "Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының үлгі ережесін бекіту туралы" Жарлығына сәйкес, Приозерск қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса берілген "Приозерск қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің ережесі бекітілсін.
      2. Приозерск қаласы әкімдігінің 2013 жылғы 28 ақпандағы № 07/55 "Приозерск қаласының білім беру, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы" қаулысының күші жойылсын.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Приозерск қаласы әкімінің орынбасары Б.Ә. Қазиеваға жүктелсін.
      4. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қала әкімі
Қ. Камзин

      

 
Приозерск қаласы әкімдігінің
2015 жылғы 2 наурыздағы
№ 9/6 қаулысымен бекітілген

"Приозерск қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің ережесі
1. Жалпы ережелер

      1. "Приозерск қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі (әрі қарай – Мекеме) дене шынықтыру және спорт саласында басқаруды жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
      2. Мекеме өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
      3. Мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттiк тiлде өз атауы бар мөрi мен мөртаңбалары, белгiленген үлгiдегi бланкiлерi, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
      4. Мекеме азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
      5. Мекеме егер заңнамаға сәйкес осыған уәкiлеттiк берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
      6. Мекеме өз құзыретiнiң мәселелерi бойынша Мекеменің басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
      7. Мекеменің құрылымы және штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекiтіледi.
      8. Заңды тұлғаның орналасқан жерi: 101100, Қарағанды облысы, Приозерск қаласы, Достық көшесі, 23.
      9. Мемлекеттік органның толық атауы:
      мемлекеттік тілде – "Приозерск қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі;
      орыс тілінде – государственное учреждение "Отдел физической культуры и спорта города Приозерск".
      10. Осы Ереже Мекеменің құрылтай құжаты болып табылады.
      11. Мекеменің қызметiн қаржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
      12. Мекемеге кәсіпкерлік субъектілерімен Мекеменің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
      Егер Мекемеге заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттiң кiрiсiне жiберiледi.

2. Мемлекеттiк органның миссиясы, негiзгi мiндеттерi, функциялары, құқықтары мен мiндеттерi

      13. Мекеменің миссиясы: мемлекеттік саясатты жүзеге асыру және Приозерск қаласының дене шынықтыру және спорт саласында басқарушылық қызметін іске асыру.
      14. Міндеттері:
      1) қала азаматтарының дене шынықтыру және спортқа конституциялық құқықтарын қамтамасыз ету;
      2) дене шынықтыру және спорт саласында бірыңғай мемлекеттік саясатты іске асыру;
      3) қалада дене шынықтыру және спорт жүйесінің қызмет етуін мемлекеттік қамтамасыз ету және оны өзгеріп жатқан қоғамның қажеттіліктеріне және қоғамның дамуының жаңа әлеуметтік-экономикалық жағдайларына сәйкес әлеуметтік қорғау;
      4) дене шынықтыру және спорттың аймақтық жүйесін қаржылық қамтамасыз етуін талдау, дене шынықтыру және спорт саласында мақсаттық бағдарламаларды қаржыландыру сұрақтары бойынша аудан әкімдігіне ұсыныстар енгізу, бюджеттік бағдарламаларды қаржыландыру жоспарының орындалуы туралы есептер құрастыру, орта мерзімді мемлекеттік салалық және аймақтық бағдарламалардың өңделу сатысында инвестициялық ұсыныстарды енгізу арқылы дене тәрбиесі және спорт саласында мемлекеттік қаржылық, инвестициялық, инновациялық саясаттың жүзеге асуын қамтамасыз ету.
      15. Қызметтер:
      1) әртүрлі спорт түрі бойынша қалалық командаларды дайындау, олардың облыстық және басқа да спорттық жарыстарға қатысуын қамтамасыз ету;
      2) қала аумағында жаппай спорт және ұлттық ойындар спортының дамуын қамтамасыз ету;
      3) қала аумағындағы спорт ұйымдарының қызметін бақылау;
      4) спорттық разрядтар мен санаттарды бекіту бойынша жұмыстарды ұйымдастырады;
      5) қалалық бұқаралық-спорттық іс-шаралар бойынша күнтізбелік жоспарларды өңдейді, бекітеді және іске асырады;
      6) қала аумағында спорттық іс-шараларды ұйымдастырады және өткізеді;
      7) Приозерск қаласының дене шынықтыру және спорттық дамуы бойынша статистикалық мәліметтерді облыстық дене шынықтыру және спорт Басқармасына ұсынады және талдайды;
      8) қолданыстағы заңнамаға сәйкес өзге де функцияларды жүзеге асырады.
      16. Құқықтары мен міндеттері:
      1) белгіленген тәртіпте мемлекеттік органдардан, лауазымды тұлғалардан, жеке тұлғалардан, барлық меншік түріндегі ұйымдардан және кәсіпорындардан Мекемеге жүктелген міндеттерді орындау үшін қажетті ақпаратты сұрату және алу;
      2) Мекемеге жүктелген міндеттер мен қызметтерге сәйкес шараларды іске асыру барысында, басқа мекемелердің қызметкерлерін, олырдың басшыларының келісімімен, тарту туралы ұсыныс жасайды;
      3) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де құқықтар мен міндеттерді жүзеге асырады.

2. Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру

      17. Мекемеге басшылықты Мекемеге жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.
      18. Мекеменің бірінші басшысын Приозерск қаласының әкімі тағайындайды және қызметтен босатады.
      19. Мекеме бірінші басшының өкілеттігі:
      1) жылдық қаржылық есептілігін бекітеді;
      2) Мекеменің атынан сенімхатсыз іс - әрекет жасайды;
      3) барлық ұйымдарда Мекеменің мүддесін білдіреді;
      4) заңнамамен белгіленген жағдайлар мен шектерде мүлікке билік етеді;
      5) Мекеменің бұйрықтарына қол қояды, заңды және жеке тұлғалармен келісім – шарттар жасайды;
      6) сенімхаттар береді;
      7) Мекеменің қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
      8) заңнамамен белгіленген тәртіппен Мекеменің қызметкерлеріне мадақтау шараларын қабылдайды және тәртіптік жаза қолданады;
      9) сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет бойынша шараларды қабылдайды және осы үшін жеке жауапты болады;
      10) Қазақстан Республикасының заңнамасын, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің нормативтік актілерін сақтауға жауапты;
      11) осы Ереже және заңнама негізінде жүктелген басқа да қызметтерді жүзеге асырады.
      20. Мекеменің бірінші басшысы болмаған кезеңде, оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.

4. Мемлекеттік органның мүлкі

      21. Мекеменің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкi болу мүмкiн.
      Мекеменің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді коса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
      22. Мекемеге бекiтiлген мүлiк коммуналдық меншiкке жатады.
      23. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, Мекеме өзiне бекiтiлген мүлiктi және қаржыландыру жоспары бойынша өзiне бөлiнген қаражат есебiнен сатып алынған мүлiктi өз бетiмен иелiктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсiлмен билiк етуге құқығы жоқ.

5. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату

      24. Мекеменің қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады