"Қызылорда облысының агроөнеркәсіптік кешен саласында инновациялық жобаларды іріктеуді ұйымдастыру Қағидасын бекіту туралы" Қызылорда облысы әкімдігінің 2013 жылғы 11 қыркүйектегі № 275 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Жаңа

Қызылорда облысы әкімдігінің 2015 жылғы 07 желтоқсандағы № 250 қаулысы. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 21 желтоқсанда № 5267 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес Қызылорда облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. "Қызылорда облысының агроөнеркәсіптік кешен саласында инновациялық жобаларды іріктеуді ұйымдастыру Қағидасын бекіту туралы" Қызылорда облысы әкімдігінің 2013 жылғы 11 қыркүйектегі № 275 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 4524 нөмірімен тіркелген, 2013 жылғы 10 қазанда "Сыр бойы" және "Кызылординские вести" газеттерінде жарияланған) қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
      аталған қаулымен бекітілген Қызылорда облысының агроөнеркәсіптік кешен саласында инновациялық жобаларды іріктеуді ұйымдастыру Қағидасының:
      4-тармағының 6) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:
      "6) Қызылорда облысының табиғи-климаттық, топырақ жағдайына бейімделген ауыл шаруашылығы дақылдарының жаңа сорттарын әзірлеу, енгізу және тарату.";
      6-тармағы алынып тасталсын;
      9-тармағы келесі мазмұндағы 3) тармақшасымен толықтырылсын:
      "3) іріктеу жүргізілетін инновациялық жобалардың басым бағыттарының атаулары.";
      11-тармағының 5), 6), 7), 8) тармақшалары жаңа редакцияда жазылсын:
      "5) конкурсқа қатысуға өтінімдерді қабылдау уақытының аяқталуының алдындағы бір айдан бұрын емес берілген үш айдан астам (төлем мерзімі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ұзартылған жағдайларды қоспағанда) салық берешегінің және міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдары бойынша берешегінің жоқ екені туралы не бір теңгеден кем салық берешегінің және міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдары бойынша берешегінің бар екені туралы тиісті салық органының белгіленген нысандағы анықтамасының түпнұсқасы;";
      "6) өтінім берушіге қызмет көрсетілетін банктің немесе банк филиалының қолы және мөрі бар өтінім берушінің Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі басқармасының қаулысымен бекітілген Екінші деңгейдегі банктердегі және ипотекалық компаниялардағы бухгалтерлік есеп шоттарының Үлгі жоспарына сәйкес банктің немесе банк филиалының алдындағы міндеттемелерінің барлық түрлері бойынша анықтама берілген күннің алдындағы үш айдан астам созылған мерзімі өткен берешектің жоқтығы туралы анықтаманың түпнұсқасы (егер өтінім беруші екінші деңгейдегі бірнеше банктің немесе филиалдарын, сондай-ақ шетелдік банктің клиенті болып табылса, осы анықтама осындай банктердің әрқайсысынан ұсынылады). Анықтама конкурсқа қатысуға өтінімдерді қабылдау уақытының аяқталуының алдындағы бір айдың ішінде берілуі тиіс;";
      "7) лицензиялардың не электрондық құжаттық қағаз көшірмесі түріндегі лицензияның және (немесе) патенттердiң, куәлiктердiң, сертификаттардың, рұқсаттардың, өтініш берушінің аграрлық бейіндегі ғылыми, ғылыми-техникалық және инновациялық салаларда жұмыстар орындауға біліктілік талаптарын растайтын басқа да құжаттардың нотариалды куәландырылған көшiрмелерi;";
      "8) заңды тұлғалар үшiн қосымша:
      заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің* немесе анықтаманың нотариалды куәландырылған көшірмесін. Егер заңды тұлға қызметін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен бекітілген Үлгілік жарғының негізінде жүзеге асырған жағдайда, онда мемлекеттік тіркеу туралы өтініштің нотариалды куәландырылған көшірмесін.
      Ескертпе: *"Қазақстан Респбликасының кейбір заңнамалық актілеріне заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2012 жылғы 24 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы қолданысқа енгізілгенге дейін берілген заңды тұлғаны (филиалды, өкілдікті) мемлекеттік (есептік) тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік заңды тұлғаның қызметі тоқтатылғанға дейін жарамды болып табылады.".
      19, 21, 22-тармақшалары жаңа редакцияда жазылсын:
      "19. Өтінімдерді қарау қорытындысы бойынша Комиссия инновациялық жобаны жергілікті бюджет қаражаты есебінен қаржыландыру немесе оны қаржыландырудан бас тарту туралы ұсынымдар шығарады. Комиссия ұсынымдары комиссия отырысының хаттамасымен рәсімделеді.";
      "21. Комиссияның ұсынымы негізінде бюджеттік бағдарламаның әкімшісі оның отырысының хаттамасына қол қойылған күнінен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде бюджеттік бағдарлама шеңберінде инновациялық жобаны жергілікті бюджет қаражаты есебінен қаржыландыру немесе оны қаржыландырудан бас тарту туралы шешім қабылдайды.";
      "22. Инновациялық жобаны қаржыландыру туралы шешім қабылданған сәттен бастап бюджеттік бағдарламаның әкімшісі 7 (жеті) жұмыс күні ішінде конкурс қорытындысы бойынша жеңімпаз деп анықталған өтінім берушімен инновациялық жобаны енгізу және тарату бойынша шарт жасайды.".
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Қызылорда облысы әкімінің орынбасары С.С.Қожаниязовқа жүктелсін.
      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
      Қызылорда облысының әкімі Қ. Көшербаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады