Барлық кандидаттарға үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар белгілеу туралы

Жаңартылған

Қызылорда облысы Қызылорда қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 23 ақпандағы № 2909 қаулысы. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 03 наурызда № 4895 болып тіркелді.

      Ескерту. Тақырыбы жаңа редакцияда - Қызылорда облысы Қызылорда қаласы әкімдігінің 07.02.2023 № 1747 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық Заңының 28-бабының 6-тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабына сәйкес Қызылорда қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Барлық кандидаттарға үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар осы қаулының қосымшасына сәйкес белгіленсін.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - Қызылорда облысы Қызылорда қаласы әкімдігінің 07.02.2023 № 1747 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      2. "Сайлау алдындағы барлық кандидаттар үшiн үгiттiк баспа материалдарын орналастыру үшiн орындар белгiлеу туралы" Қызылорда қаласы әкiмдiгiнiң 2013 жылғы 26 наурыздағы № 103 қаулысы (нормативтiк құқықтық актілерді мемлекеттiк тiркеу Тiзiлiмiнде №4433 нөмiрiмен тiркелген, "Ақмешiт апталығы" газетiнде 2013 жылғы 30 сәуірдегі №18, "Кызылорда Таймс" газетінде 2013 жылғы 03 мамырдағы № 18 жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Р.Бохановаға жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      Қызылорда қаласының әкімі Н. Нәлібаев
      "КЕЛIСIЛДI"
Қалалық сайлау
комиссиясының төрағасы
Аралбаев Марат Жайылханұлы
________________________
2015 жылғы "23" ақпан

  Қызылорда қаласы әкімдігінің
2015 жылғы 23 ақпандағы
№ 2909 қаулысына қосымша

Барлық кандидаттарға үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар

      Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - Қызылорда облысы Қызылорда қаласы әкімдігінің 07.02.2023 № 1747 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

Елдi мекеннiң атауы

Орналасқан жерi

1

Қызылорда қаласы

Қорқыт Ата көшесі, "Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамының № 2 оқу ғимаратына қарама-қарсы

2

Қызылорда қаласы

Асқар Тоқмағамбетов көшесі, "Қызылорда" қонақ үйі ғимаратына қарама-қарсы

3

Қызылорда қаласы

Еркiн Әуелбеков көшесi, "Қазақстан темір жолы" Ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамының "Қызылорда магистральдық желі бөлімшесі" филиалы ғимаратына қарама-қарсы

4

Қызылорда қаласы

Әлихан Бөкейхан көшесі, Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаментінің "Өрт сөндіру және авариялық құтқару жұмыстары қызметі" мемлекеттік мекемесі ғимаратына қарама-қарсы

5

Қызылорда қаласы

Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы, "Промстройсервис Е" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі ғимаратының оң жағында

6

Қызылорда қаласы

Төле би көшесі, "Алтын Орда" құрылыс-материалдар дүкенінің сол жағында

7

Қызылорда қаласы

Қожа Ахмет Яссауи көшесі, "Келменбет батыр" ескерткішіне қарама-қарсы

8

Қызылорда қаласы

Иван Журба көшесi, "Сырдария" сауда орталығына қарама-қарсы

9

Қызылорда қаласы

Иса Тоқтыбаев көшесі, "Қорқыт ата" сауда орталығының сол жағында

10

Қызылорда қаласы

Сағадат Нұрмағамбетов көшесi, Қызылорда облысының білім басқармасының Қызылорда қаласы бойынша білім бөлімінің "Әбу Құдабаев атындағы № 197 орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратына қарама-қарсы

11

Қызылорда қаласы

Жетікөл көшесі, № 29 тұрғын үйдің сол жағында

12

Қызылорда қаласы

Айтмұрат Шәменов көшесі, "Нұр Ару" дүкенінің оң жағында

13

Қызылорда қаласы

Текей батыр көшесі, "Veranda Street" жылдам тамақтану желісінің оң жағында

14

Қызылорда қаласы

Жаппасбай батыр көшесі, № 7 тұрғын үйге қарама-қарсы

15

Қызылорда қаласы

Ғафур Мұхамеджанов көшесі, "Рухани жаңғыру" орталығының оң жағында

16

Қызылорда қаласы

"Бәйтерек" тұрғын ауданындағы № 43 көшесі, су насосына қарама-қарсы

17

Қызылорда қаласы

Есен Демесінов көшесі, № 30 тұрғын үйдің сол жағында

18

Қызылорда қаласы

Бейбітшілік көшесі, "Gas Energy" жанар-жағармай бекетіне қарама-қарсы

19

Қызылорда қаласы

Алтыбай Сағымбаев көшесі, "Мәриам ана" дүкеніне қарама-қарсы

20

Қызылорда қаласы

Сұлтан Бейбарыс көшесi, "Жалаңтөс Баһадүр" ескерткішіне қарама-қарсы

21

Қызылорда қаласы

Сұлтан Бейбарыс көшесі, "Береке" құрылыс-материалдар дүкеніне қарама-қарсы

22

Тасбөгет кентi

Шахмардан Есенов көшесi, Тасбөгет кенті әкімі аппаратының "Сәбира Майқанова атындағы мәдениет Үйi" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны ғимаратына қарама-қарсы

23

Тасбөгет кентi

Мұстафа Шоқай көшесі, Орталық алаңның сол жағында

24

Белкөл кентi

Бірлік көшесі, Орталық алаңның оң жағында

25

Қызылжарма ауылдық округiнiң Қызылжарма ауылы

Қалмақ Сексенбаев көшесі, Орталық алаңның оң жағында

26

Қызылөзек ауылдық округiнiң Айнакөл ауылы

Айнакөл № 1 көшесі, Орталық алаңның оң жағында

27

Ақсуат ауылдық округiнiң Жақыпбек Махамбетов ауылы

Адран Найзағараев көшесі, Орталық алаңның оң жағында

28

Ақжарма ауылдық округiнiң Баймұрат батыр ауылы

Насреддин Тасымов көшесі, Орталық алаңның оң жағында

29

Қарауылтөбе ауылдық округiнiң Қарауылтөбе ауылы

Абай Құнанбаев көшесі, Орталық алаңның сол жағында

30

Талсуат ауылдық округiнiң Талсуат ауылы

Абай Құнанбаев көшесі, Қызылорда облысының білім басқармасының Қызылорда қаласы бойынша білім бөлімінің "№ 178 орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратына қарама-қарсы

31

Қосшыңырау ауылдық округiнiң Абай ауылы

Жақыпбек Махамбетов көшесі, Орталық алаңның оң жағында

     

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады