"Тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы" аудандық мәслихаттың 2012 жылғы 03 қарашадағы № 53 шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Қызылорда облысы Қазалы аудандық мәслихатының 2015 жылғы 22 сәуірдегі № 305 шешiмi. Қызылорда облысының Әдiлет департаментiнде 2015 жылғы 14 мамырда № 4979 болып тiркелдi. Күші жойылды - Қызылорда облысы Қазалы аудандық мәслихатының 2018 жылғы 12 қарашадағы № 237 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облысы Қазалы аудандық мәслихатының 12.11.2018 № 237 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
      "Нормативтік құқықтық актілер туралы" 1998 жылғы 24 наурыздағы, "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес Қазалы аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      "Тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы" аудандық мәслихаттың 2012 жылғы 03 қарашадағы № 53 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 4351 нөмірімен тіркелген, аудандық "Тұран Қазалы" газетінің 2012 жылғы 12 желтоқсандағы № 108 жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
      көрсетілген шешіммен бекітілген тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібінде:
      2-тармақ мынадай жаңа редакцияда жазылсын:
      "2. Тұрғын үй көмегін тағайындау "Қазалы ауданының жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - уәкілетті орган) арқылы жүзеге асырылады".
      Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихаттың Аудандық мәслихат
      кезектен тыс ХХХХІІІ сессиясының хатшысының міндетін
      төрағасы атқарушы
      Н. Альмагамбетов Ө. Түктібай

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады