"Әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларын бекіту туралы" аудандық мәслихаттың 2014 жылғы 18 маусымдағы № 217 шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Қызылорда облысы Қазалы аудандық мәслихатының 2015 жылғы 22 сәуірдегі № 306 шешiмi. Қызылорда облысының Әдiлет департаментiнде 2015 жылғы 14 мамырда № 4980 болып тiркелдi

      "Нормативтік құқықтық актілер туралы" 1998 жылғы 24 наурыздағы, "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес Қазалы аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. "Әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларын бекіту туралы" аудандық мәслихаттың 2014 жылғы 18 маусымдағы № 217 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 4706 нөмірімен тіркелген, аудандық "Тұран Қазалы" газетінің 2014 жылғы 5 шілдедегі № 56-57 жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
      көрсетілген шешіммен бекітілген әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларында:
      2- тармақтың 8) тармақшасы мынадай жаңа редакцияда жазылсын:
      "8) уәкілетті орган - жергілікті бюджет есебінен қаржыландырылатын, әлеуметтік көмек көрсетуді жүзеге асыратын "Қазалы ауданының жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;".
      2. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Аудандық мәслихаттың Аудандық мәслихат
      кезектен тыс ХХХХІІІ сессиясының хатшысының міндетін
      төрағасы атқарушы
      Н. Альмагамбетов Ө. Түктібай

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады