"Қазалы аудандық мәслихатының регламентін бекіту туралы" Қазалы аудандық мәслихатының 2014 жылғы 28 наурыздағы № 193 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қызылорда облысы Қазалы аудандық мәслихатының 2015 жылғы 30 маусымдағы № 321 шешiмi. Қызылорда облысының Әдiлет департаментiнде 2015 жылғы 16 шілдеде № 5059 болып тiркелдi. Күші жойылды - Қызылорда облысы Қазалы аудандық мәслихатының 2016 жылғы 26 тамыздағы № 48 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облысы Қазалы аудандық мәслихатының 26.08.2016 № 48 шешімімен (қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және жариялауға жатады).
      "Нормативтік құқықтық актілер туралы" 1998 жылғы 24 наурыздағы және "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес Қазалы аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
       "Қазалы аудандық мәслихатының регламентін бекіту туралы" Қазалы аудандық мәслихатының 2014 жылғы 28 наурыздағы № 193 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 4644 нөмірімен тіркелген, аудандық "Тұран-Қазалы" газетінің 2014 жылғы 14 мамырдағы № 37-38 жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
      көрсетілген шешіммен бекітілген Қазалы аудандық мәслихатының регламентінде мемлекеттік тілдегі нұсқасының 7 тармағы мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі нұсқасы өзгеріссіз қалдырылсын:
      "7. Мәслихаттың кезектi сессиясы жылына төрт рет шақырылады және оны мәслихат сессиясының төрағасы жүргiзедi".      
       Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Аудандық мәслихаттың Аудандық мәслихат
      ХХХХVІ сессиясының төрағасы хатшысы
      Н. Алмагамбетов Т. Бөріқұлақов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады