Жосалы кентінің көшелеріне атау беру туралы

Жаңа

Қызылорда облысы Қармақшы ауданы Жосалы кенті әкімінің 2015 жылғы 10 шілдедегі № 32 шешімі. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 07 тамызда № 5091 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 08 желтоқсандағы Заңына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, Қызылорда облыстық ономастика комиссиясының 2015 жылғы 24 сәуірдегі № 1 қорытындысына сәйкес Қармақшы ауданы Жосалы кентінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Қармақшы ауданы Жосалы кентінің келесі көшелеріне:
      1) "Жастар - 4" көшесіне Әлімбай Әлиасқаровтың есімі;
      2) "Мөлтек - 1" көшесіне Сәдібек Айекеновтың есімі;
      3) "Жастар - 3" көшесіне Көмекбай Қаракөзовтың есімі берілсін.
      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау кент әкімінің орынбасары А.Қойшыбаевқа жүктелсін.
      3. Шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Жосалы кенті әкімінің
      міндетін атқарушы Ш.Сыдықов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады