Аудандық маңыздағы автомобиль жолдарының тізбесін бекіту туралы

Жаңартылған

Қызылорда облысы Жалағаш ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 24 тамыздағы № 177 қаулысы. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 17 қыркүйекте № 5137 болып тіркелді.

      “Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы” Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына және “Автомобиль жолдары туралы” Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 17 шілдедегі Заңына сәйкес Жалағаш ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      Қосымшаға сәйкес аудандық маңыздағы автомобиль жолдарының тізбесі бекітілсін.
      Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшілік ететін Жалағаш ауданы әкімінің орынбасарына жүктелсін.
      Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Жалағаш ауданының әкімі Т.Дүйсебаев
      “КЕЛІСІЛДІ”
      “Қызылорда облысының жолаушылар
      көлігі және автомобиль жолдары
      басқармасы” мемлекеттік мекемесінің
      басшысы
      ______________ М.Бәйімбетов
      “25” тамыз 2015 жыл

  Жалағаш ауданы әкімдігінің
2015 жылғы “24” тамыздағы
№ 177 қаулысына қосымша

Аудандық маңыздағы автомобиль жолдарының тізбесі

      Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - Қызылорда облысы Жалағаш ауданы әкімдігінің 08.11.2021 № 240 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); өзгерістер енгізілді - Қызылорда облысы Жалағаш ауданы әкімдігінің 17.03.2023 № 65 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

Автомобиль жолдарының индексі

Автомобиль жолдарының атауы

Жалпы ұзындығы, километр

1

KND-1

Р-33 Қызылорда-Жалағаш-Самара-Шымкент-Ақсу

2,33

2

KND-2

Р-33 Қызылорда-Жалағаш-Самара-Шымкент-Бұқарбай батыр

6,328

3

KND-3

М-32 Самара-Шымкент-Мәдениет-Т.Жүргенов- Жаңаталап-Аққыр

52,59

4

KND-4

М-32 Самара-Шымкент-Еңбек-Есет батыр-Жаңадария

37,396

5

KND-5

М-32 Самара-Шымкент-Таң

3,3

6

KND-6

Жаңақоныс елді мекеніне кіре беріс жол

0,997

7

KND-7

KN-2 Самара-Шымкент-Жосалы-Жалағаш-Қаракеткен

2,575

8

KND-8

KN-2 Самара-Шымкент-Жосалы-Жалағаш-М.Шаменов

1,3

9

KND-9

Мырзабай ахун елді мекеніне кіре беріс жол

4,007

10

KND-10

Жалағаш кентіне кіре беріс жол

0,900

11

KND-11

Жалағаш кентіндегі мия тамырын өңдеу зауытына кіре беріс жол

1,0

12

KND-12

"Қызылорда-Жалағаш-Ақсу-Беркімбай кәлпе"

2,3

13

KND-13

"Жосалы-Жалағаш-М.Шәменов-Түмен әулие"

5,0

14

KND-14

"Самара-Шымкент-Мырзабай ахун"

0,68

16

KND-16

"Жосалы-Жалағаш-М.Шәменов-Мәмбет әулие"

0,2

12

KND-12

"Қызылорда-Жалағаш-Ақсу-Беркімбай кәлпе"

2,3

17

KND-17

"Жаңақоныс-Таң"

4,820

18

KND-18

"Таң-Самұрат"

2



Барлығы

130,323

     

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады