Атауы жоқ көшеге атау беру туралы

Жаңа

Қызылорда облысы Шиелі ауданы Төңкеріс ауылдық округі әкімінің 2015 жылғы 19 маусымдағы N 15 шешімі. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 13 шілдеде N 5050 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына және "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңына, Қызылорда облыстық ономастика комиссиясының 2015 жылғы 24 сәуірдегі № 1 қорытындысына сәйкес Шиелі ауданының Төңкеріс ауылдық оркугінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Шиелі ауданы, Төңкеріс ауылдық округі, Шеген Қодаманов ауылындағы атауы жоқ "18 квартал" көшесіне "Байдүйсен Таркешов" есімі берілсін.
      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау "Төңкеріс ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің жетекші маманы Н. Асқаровқа жүктелсін.
      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Төңкеріс ауылдық округінің әкімі М. Әшірбеков

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады