Маңғыстау облысы әкімдігінің 2015 жылғы 20 наурыздағы № 75 "Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуға және мал шаруашылығы өнімінің өнімділігі мен сапасын арттыруға 2015 жылға субсидиялар көлемдерін бекіту туралы" қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Жаңа

Маңғыстау облысы әкімдігінің 2015 жылғы 21 шілдедегі № 204 қаулысы. Маңғыстау облысы Әділет департаментінде 2015 жылғы 19 тамызда № 2806 болып тіркелді

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      "Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы 19 қарашадағы № 3-1/600 бұйрығын (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9987 болып тіркелген) іске асыру мақсатында облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Маңғыстау облысы әкімдігінің 2015 жылғы 20 наурыздағы № 75 "Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуға және мал шаруашылығы өнімінің өнімділігі мен сапасын арттыруға 2015 жылға субсидиялар көлемдерін бекіту туралы" қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2698 болып тіркелген, 2015 жылғы 7 мамырда "Маңғыстау" газетінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
      көрсетілген қаулының 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      "1. Мыналар бекітілсін:
      осы қаулының 1 – қосымшасына сәйкес мал шаруашылығы салалары бойынша ірі, шырынды, құрама жемшөп пен жемшөп қоспаларын сатып алу бойынша шығындарды арзандатуға арналған субсидиялар нормативтері;
      осы қаулының 2 – қосымшасына сәйкес ірі, шырынды, құрама жемшөп пен жемшөп қоспаларын сатып алу бойынша шығындарды арзандатуға арналған субсидиялау бағыты бойынша ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне қойылатын өлшемдер мен талаптар;
      осы қаулының 3 – қосымшасына сәйкес асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуға және мал шаруашылығы өнімінің өнімділігі мен сапасын арттыруға 2015 жылға субсидиялар көлемдері.";
      көрсетілген қаулының 1, 2 - қосымшалары осы қаулының 1, 2 - қосымшаларына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
      осы қаулының 3-қосымшасына сәйкес 3-қосымшамен толықтырылсын.
      2. "Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемесі (Б. Ерсайынұлы) осы қаулының "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесі мен бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын, Маңғыстау облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналасуын қамтамасыз етсін.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Р. М. Әміржановқа жүктелсін.
      4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Облыс әкімі А. Айдарбаев

      "КЕЛІСІЛДІ"
      Қазақстан Республикасы
      Ауыл шаруашылығы министрі
      А.С. Мамытбеков
      21 шілде 2015 жыл

      "Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы"
      мемлекеттік мекемесінің басшысы
      Б. Ерсайынұлы
      21 шілде 2015 жыл

  Маңғыстау облысы әкімдігінің
2015 жылғы 21 шілде
№ 204 қаулысына
1 – қосымша

Мал шаруашылығы салалары бойынша ірі, шырынды, құрама жемшөп пен жемшөп қоспаларын сатып алу бойынша шығындарды арзандатуға арналған субсидиялар нормативтері


Мал шаруашылығы салалары
Өлшем бірлігі
1 бірлікке арналған субсидиялар нормативтері, теңге
1
Қой шаруашылығы
бас
1585
2
Жылқы шаруашылығы
бас
3754
3
Түйе шаруашылығы
бас
3387

  Маңғыстау облысы әкімдігінің
2015 жылғы 21 шілде
№ 204 қаулысына
2-қосымша

Ірі, шырынды, құрама жемшөп пен жемшөп қоспаларын сатып алу бойынша шығындарды арзандатуға арналған субсидиялау бағыты бойынша ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне қойылатын өлшемдер мен талаптар


Субсидиялау бағыты
Өлшемдер мен талаптар
1
Ірі, шырынды, құрама жемшөп пен жемшөп қоспаларын сатып алу
Асыл тұқымды аналық мал басының болуы
Барлық малдарда бірдейлендіру нөмірлерінің және олардың ауыл шаруашылығы жануарларын сәйкестендіру жөніндегі деректер базасында тіркелуінің болуы
Ветеринариялық, ветеринариялық-санитариялық іс-шараларды ұйымдастыру және жүзеге асыру, зоотехникалық есепті жүргізу
Қойдың барлық мал басының селекциялық және асыл тұқымдық жұмыстар жүргізудің бірыңғай ақпараттық базасында тіркелуінің болуы

  Маңғыстау облысы әкімдігінің
2015 жылғы 21 шілде
№ 204 қаулысына
3-қосымша

Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуға және мал шаруашылығы өнімінің өнімділігі мен сапасын арттыруға 2015 жылға субсидиялар көлемдері


Субсидиялау бағыты
1 бірлікке арналған субсидиялар нормативтері, теңге
Субсидияланатын көлем, кг
Субсидия сомасы, мың теңге
Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамыту
1
Отандық асыл тұқымды ірі қара малды сатып алу
154 000
36
5 544,0
2
Қой шаруашылығында селекциялық және асыл тұқымдық жұмыстарды жүргізу: асыл тұқымдық зауыттар мен шаруашылықтардағы асыл тұқымдық аналық қой басы
1 500
12 064
18 096,0
3
Асыл тұқымды тоқтылар мен тұсақтарды сатып алу
8 000
300
2 400,0
4
Асыл тұқымды жылқыларды сатып алу
40 000
141
5 640,0
Өнім өндірісінің құнын арзандату
5
Түйе еті
90
30 000
2 700,0
6
Шұбат
55
610 000
33 550,0
7
Жылқы еті
92
30 000
2 760,0
8
Қой еті (1-деңгей)
200
20 000
4 000,0
9
Қой еті (2-деңгей)
100
28 100
2 810,0
Ірі, шырынды, құрама жемшөп пен жемшөп қоспаларын сатып алу бойынша шығындарды арзандату
10
Қой шаруашылығы
1585
15000
23775,0
11
Жылқы шаруашылығы
3754
4000
15016,0
12
Түйе шаруашылығы
3387
1600
5418,0
Барлығы
 
 
121709,0

      

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады