Түпқараған ауданы әкімінің 2011 жылғы 27 желтоқсандағы № 18 "Түпқараған ауданы бойынша сайлау учаскелерін құру туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Түпқараған ауданы әкімінің 2015 жылғы 23 ақпандағы № 5 шешімі. Маңғыстау облысы Әділет департаментінде 2015 жылғы 20 наурызда № 2644 болып тіркелді. Күші жойылды-Маңғыстау облысы Түпқараған ауданы әкімінің 2019 жылғы 12 сәуірдегі № 42 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Маңғыстау облысы Түпқараған ауданы әкімінің 12.04.2019 № 42 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 23 бабының 1, 2 тармақтарына сәйкес, Түпқараған ауданының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Түпқараған ауданы әкімінің 2011 жылғы 27 желтоқсандағы № 18 "Түпқараған ауданы бойынша сайлау учаскелерін құру туралы" шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11-6-144 болып тіркелеген, 2012 жылғы 13 қаңтардағы № 03 (493) "Ақкетік арайы" газетінде жарияланған) келесідей өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген шешімге қосымша, осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңының 23 бабының талаптары сақтала отырып, бұқаралық ақпарат құралдары арқылы сайлау учаскелері туралы сайлаушылар хабардар етілсін.

      3. "Түпқараған ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі (Г. Демеуова) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, оның бұқаралық ақпарат құралдарында және "Әділет" ақпараттық құқықтық жүйесінде ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

      4. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Т. Алтынгалиевке жүктелсін.

      5. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Аудан әкімі

Т. Асауов


      "КЕЛІСІЛДІ"

      Түпқараған аудандық сайлау

      комиссиясының төрағасы

      Қуанбай Амалбек Жолжанұлы

      23 ақпан 2015 жыл.

  Түпқараған ауданы әкімінің
23 ақпан 2015 жылғы
№ 5 шешіміне қосымша

Түпқараған ауданы бойынша сайлау учаскелері
№ 127 сайлау учаскесі

      Орталығы: Форт-Шевченко қаласы, Бимембет Маяұлы көшесі № 16, Жастар рталығы, телефон/факс: 8 72938 (код) 22500.

      Шекарасы: Форт-Шевченко қаласының Досан Тәжіұлы, Оразмағамбет Тұрмағамбетұлы, Қабиболла Сыдиықов, Ибаш Жанболатова, Жазмағанбет Қызылбаев, Тобанияз Әлниязұлы, Бимембет Маяұлы, Нығмет Шымыров, Хиту Бекжанов, Нұрсұлтан Оңғалбаев, Иса Тіленбайұлы, Төлесін Әлиев, Мақаш Бектұрғанов, Сүйінғара Үргенішбайұлы, Абай, Мырзағали Әлібаев, Мұрын Жырау, Есбол Өмірбаев, Жамбыл, Астана, Ұлан Елубаев көшелерінің үйлері, сонымен қатар Жаңа Кетік шағын ауданы 5, 6 кварталдарының үйлері.

№ 128 сайлау учаскесі

      Орталығы: Форт-Шевченко қаласы, Маршал Әбдіхалықов көшесі № 10, "Құлыншақ" балабақшасы мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны, телефон/факс: 8 72938 (код) 22496.

      Шекарасы: Форт-Шевченко қаласының Жалау Мыңбаев, Маршал Әбдіхалықов, Шайхы Еркеғұлов, Сатанғұл Тәжиев, Естөре Оразақов, Келімберді Өтебаев, Ермек Даулетова, Дүйіш Тобышбаев, Ораз Бозахаров, Байбоз Қилыбайұлы, Сауытбай Масатов, Тілеумұрат Қожабеков, Мұстахи Бимағанбетов, Икембай Өтепбергенов, Лазер Тумышев көшелерінің үйлері, сонымен қатар Жаңа Кетік шағын ауданы 1, 2, 2а, 3, 4 кварталдарының үйлері.

№ 129 сайлау учаскесі

      Орталығы: Баутин ауылы, 8 Наурыз көшесі №25, "Жалау Мыңбаев атындағы мектеп-гимназиясы" мемлекеттік мекемесі, телефон/факс: 8 72938 (код) 24575.

      Шекарасы: Баутин ауылының Қашаған Күржіманұлы, Жәнібек Матаев, 8 Наурыз, Виталий Водовской, Сәттіғұл Жанғабылов, Қалмырза Берішбаев, Захар Дубский, Жаңа құрылыс көшелерінің үйлері.

№ 130 сайлау учаскесі

      Орталығы: Баутин ауылы, Қашаған Күржіманұлы көшесі, № 6 үй, "Маңғыстау политехникалық колледжі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының № 2 корпусы, телефон/факс: 8 72938 (код) 24821.

      Шекарасы: Баутин ауылының Диханбек Сатимов, Қылыш Нәдірбаев, Құлмырза Саудабаев, Ізтұрған Оразбаев, Абай Қошақбаев көшелерінің үйлері.

№ 131 сайлау учаскесі

      Орталығы: Баутин ауылы Аташ елді мекені, Әліби Жанкелдин көшесі №27, "Түпқараған аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесі" мемлекеттік мекемесінің "Аташ елді мекені. Аташ кітапханасы" филиалы, телефон/факс: 8 72938 (код) 24971.

      Шекарасы: Баутин ауылы Аташ елді мекенінің Аманкелді Иманов, Мұрат Өскінбаев, Әліби Жанкелдин, Тау, Зауыт, Баялы Ақсамбаев көшелерінің үйлері.

№ 132 сайлау учаскесі

      Орталығы: Қызылөзен ауылы, Сатыбалды Сисенбаев көшесі № 2, "Қызылөзен мәдениет үйі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны, телефон/факс: 8 72938 (код) 23851.

      Шекарасы: Қызылөзен ауылының Сатыбалды Сисенбаев, Ізтұрған Нысанбаев, Дүйсе Бердібеков, Жаңа ауыл, Шамшырақ, Шарай, Жұмаш Сағындықов көшелерінің үйлері; сонымен қатар Қызылөзен ауылы және "Қарағантүбек" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі аумағында орналасқан мал бағу нүктелері мен жеке шаруашылық қожалықтары.

№ 133 сайлау учаскесі

      Орталығы: Ақшұқыр ауылы, Баланжан Қожашева көшесі № 5, "Ақшұқыр мәдениет үйі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны, телефон/факс: 8 72938 (код) 23249.

      Шекарасы: Ақшұқыр ауылының Ақжол, Өмірзақ Нұрбаев, Балсұлу Сахиева, Үштерек, Әлқуат Қожабергенов, Сұлтанбай Наубетов, Бекбосын Қадырұлы, Жүсіп Дүйсенбаев, Дүйіш Досаев, Борсақбай Әбілхайыров, Әдек Жанашев, Қартбай Бекжанов, Ұзақбай Есқожаев, Жалау Қазиев, Тәжіғұл Кезбаев, Маңғыбай Түйешиев көшелерінің үйлері, сонымен қатар 1, 2, 4, 5 кварталдарының үйлері.

№ 134 сайлау учаскесі

      Орталығы: Сайын Шапағатов ауылдық округі, Мақаш Елубаев көшесі № 81, "№ 1 жалпы орта білім беретін мектеп-лицейі" мемлекеттік мекемесі, телефон/факс: 8 72938 (код) 31269.

      Шекарасы: Сайын Шапағатов ауылдық округінің Найзабек Есетов, Ақназар Жақауов, Тасқынбай Шахатов, Сәйдім Тумышев, Бисембай Мейров, Алтынмұрат Бекенжанов, Ескі ауыл, Жолыбай Шахшабасов, Мақаш Елубаев, Бердіхан Қарайшықов көшелерінің үйлері, сонымен қатар 1, 2, 3, 4, 5, 6 кварталдарының үйлері, Сайын Шапағатов ауылдық округінің аумағында және "Жайлау" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің аумағында орналасқан мал бағу нүктелері мен жеке шаруашылық қожалықтары.

№ 135 сайлау учаскесі

      Орталығы: Таушық ауылы, Құлшық Жұбайұлы көшесі № 41, "Таушық мәдениет үйі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны, телефон/факс: 8 72938 (код) 44232.

      Шекарасы: Таушық ауылының Сисен Әбдірахманов, Ардагерлер, Төлеген Қағазов, Абыл Тілеуұлы, Хамидолла Елмұханбетов, Құлшық Жұбайұлы, Түмен Балтабасұлы көшелерінің үйлері, Нұрбаулы Тұмсық шағын ауданы үйлері, сонымен қатар 1, 2, 3, 4 кварталдарының үйлері, Таушық ауылының және "Таушық" ауыл шаруашылығы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің аумағында орналасқан мал бағу нүктелері мен жеке шаруашылық қожалықтары.

№ 136 сайлау учаскесі

      Орталығы: Баутин ауылы, № 2201"б" әскери бөлімінің қызыл бұрышы, телефон/факс: 8 72938 (код) 24796.

      Шекарасы: Баутин ауылының №2201"б" әскери бөлімі; Форт-Шевченко қаласының № 51809"д" және № 2018 әскери бөлімдері.

№ 153 сайлау учаскесі

      Орталығы: Қаражанбас вахталық поселкесі, "Қаражанбасмұнай" акционерлік қоғамының мәдени-демалыс орталығының қызыл бұрышы, телефон/факс: 8 7292 (код) 473613.

      Шекарасы: Қаражанбас вахталық поселкесінде орналасқан "Қаражанбасмұнай" акционерлік қоғамының және өзге де кәсіпорындардың жатақханалары, Солтүстік Бозашыда орналасқан кәсіпорындар жатақханалары.

№ 154 сайлау учаскесі

      Орталығы: Ақшұқыр ауылы, Балсұлу Сахиева көшесі № 1, "Маршал Әбдіхалықов атындағы орта мектебі" мемлекеттік мекемесі, телефон/факс: 8 72938 (код) 23245.

      Шекарасы: Ақшұқыр ауылының Баланжан Қожашева, Ғұбайдолла Айдаров, Бүркітбай Сәрсенов, Жаңа Қоныс көшелерінің үйлері, сонымен қатар 3 кварталдың үйлері.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады