Түпқараған ауданы бойынша сайлау учаскелерін құру туралы

Жаңартылған

Түпқараған ауданы әкімінің 2015 жылғы 08 шілдедегі № 17 шешімі. Маңғыстау облысы Әділет департаментінде 2015 жылғы 21 шілдеде № 2776 болып тіркелді.

      "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 23 бабының 1, 2 тармақтарына және "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148-II Қазақстан Республикасының Заңының 37 бабына сәйкес, Түпқараған ауданының әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:

      1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес дауыс беруді өткізу және дауыс санау үшін Түпқараған ауданының аумағында сайлау учаскелері құрылсын.

      2. Түпқараған ауданы әкімінің 2011 жылғы 27 желтоқсандағы № 18 "Түпқараған ауданы бойынша сайлау учаскелерін құру туралы" шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11-6-144 болып тіркелеген, 2012 жылғы 13 қаңтардағы № 03 (493) "Ақкетік арайы" газетінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

      3. "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңының 23 бабының талаптары сақтала отырып, бұқаралық ақпарат құралдары арқылы сайлау учаскелері туралы сайлаушылар хабардар етілсін.

      4. "Түпқараған ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі (Г.Демеуова) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, оның бұқаралық ақпарат құралдарында және "Әділет" ақпараттық құқықтық жүйесінде ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

      5. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Т.Алтынгалиевке жүктелсін.

      6. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі Т.Асауов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Түпқараған аудандық сайлау

      комиссиясының төрағасы

      А. Қуанбай

      08 шілде 2015 жыл.

  Түпқараған ауданының әкімінің
  2015 жылғы 8 шілдедегі
  № 17 шешіміне қосымша

Түпқараған ауданы бойынша сайлау учаскелері

      Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - Маңғыстау облысы Түпқараған ауданының әкімінің 19.09.2022 № 2 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

№ 227 сайлау учаскесі

      Орталығы: Форт-Шевченко қаласы, Досан Тәжіұлы көшесі № 9, Маңғыстау облысының білім басқармасының Түпқараған ауданы бойынша білім бөлімінің "Е.Өмірбаев атындағы жалпы білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

      Шекарасы: Форт-Шевченко қаласы, Досан Тәжіұлы, Оразмағамбет Тұрмағамбетұлы, Қабиболла Сыдиықов, Ибаш Жанболатова, Жазмағанбет Қызылбаев, Тобанияз Әлниязұлы, Хиту Бекжанов, Сүйінғара Үргенішбайұлы, Абай, Мырзағали Әлібаев, Мұрын Жырау, Есбол Өмірбаев, Жамбыл, Астана, Ермек Даулетова, Дүйіш Тобышбаев, Ораз Бозахаров, Байбоз Қилыбайұлы, Сауытбай Масатов, Мұстахи Бимағанбетов, Тілеумұрат Қожабеков, Икембай Өтепбергенов, Орынбай Аймағамбетұлы, Айту Жолмағамбетұлы, Ұлан Елубаев, Махмұт Батыршев көшелеріндегі барлық тұрғын үйлері, сонымен қатар Форт-Шевченко қаласының Жаңа Кетік шағын ауданының 3,5,6 орамдарына кіретін барлық тұрғын үйлері.

№ 228 сайлау учаскесі

      Орталығы: Форт-Шевченко қаласы, Маршал Әбдіхалықов көшесі № 51, "Түпқараған аудандық ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімінің "Түпқараған аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

      Шекарасы: Форт-Шевченко қаласы, Жалау Мыңбаев, Маршал Әбдіхалықов, Шайхы Еркеғұлов, Сатанғұл Тәжиев, Естөре Оразақов, Келімберді Өтебаев, Қосай Қаниұлы, Тұрсын Қожықов, Баймембет Маяұлы, Нығмет Шымыров, Нұрсұлтан Оңғалбаев, Иса Тіленбайұлы, Төлесін Әлиев, Мақаш Бектұрғанов, Дүйімбай Тарғынұлы көшелеріндегі барлық тұрғын үйлері, сонымен қатар Форт-Шевченко қаласының Жаңа Кетік шағын ауданының 1, 2, 2а, 4 орамдарына кіретін барлық тұрғын үйлері, Форт-Шевченко қаласында орналасқан "Қазақстан Республикасы Қарулы күштерінің әуе қорғаныс күштері әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлері № 51809 "Д" әскери бөлімі".

№ 229 сайлау учаскесі

      Орталығы: Баутин ауылы, 8 Наурыз көшесі № 25 құрылыс, Маңғыстау облысының білім басқармасының Түпқараған ауданы бойынша білім бөлімінің "Жалау Мыңбаев атындағы мектеп-гимназиясы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

      Шекарасы: Баутин ауылы, Қашаған Күржіманұлы, Жәнібек Матаев, 8 Наурыз, Виталий Водовской, Сәттіғұл Жанғабылов, Қалмырза Берішбаев, Захар Дубский, Жаңа құрылыс, Диханбек Сатимов, Қылыш Нәдірбаев, Құлмырза Саудабаев, Ізтұрған Оразбаев, Абай Қошақбаев көшелеріндегі барлық тұрғын үйлері, сонымен қатар Баутин ауылында орналасқан Қазақстан Республикасының Ұлттық Қауіпсіздік Комитеті шекара қызметінің Маңғыстау облысы бойынша департаментінің 2 дивизионы "Жағалау базасы".

№ 230 сайлау учаскесі

      Орталығы: Баутин ауылының Аташ елді мекені, Әліби Жанкелдин көшесі № 27, "Түпқараған аудандық ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімінің "Түпқараған аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

      Шекарасы: Баутин ауылы Аташ елді мекені, Аманкелді Иманов, Мұрат Өскінбаев, Әліби Жанкелдин, Ақшабай Көпешов, Зауыт, Баялы Ақсамбаев көшелеріндегі барлық тұрғын үйлері.

№ 231 сайлау учаскесі

      Орталығы: Қызылөзен ауылы, Сатыбалды Сисембаев көшесі № 2, Қызылөзен ауылы әкімі аппаратының "Қызылөзен мәдениет үйі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны.

      Шекарасы: Қызылөзен ауылы, Сатыбалды Сисенбаев, Ізтұрған Нысанбаев, Дүйсе Бердібеков, Жаңа ауыл, Шамшырақ, Шарай көшелеріндегі барлық тұрғын үйлері, сонымен қатар Қызылөзен ауылы және "Қарағантүбек" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі аумағында орналасқан мал бағу нүктелері мен жеке шаруа қожалықтары.

№ 232 сайлау учаскесі

      Орталығы: Ақшұқыр ауылы, Баланжан Қожашева көшесі № 5, Ақшұқыр ауылы әкімі аппаратының "Ақшұқыр мәдениет үйі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны.

      Шекарасы: Ақшұқыр ауылы, Ақжол, Өмірзақ Нұрбаев, Балсұлу Сахиева, Үштерек, Әлқуат Қожабергенов, Қартбай Бекжанов, Тәжіғұл Кезбаев көшелеріндегі барлық тұрғын үйлері, сонымен қатар 4 орамға кіретін барлық тұрғын үйлері.

№ 233 сайлау учаскесі

      Орталығы: Сайын Шапағатов ауылдық округі, Мақаш Елубаев көшесі № 81, Маңғыстау облысының білім басқармасының Түпқараған ауданы бойынша білім бөлімінің "Ғұбайдолла Айдаров атындағы № 1 мектеп-лицейі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

      Шекарасы: Сайын Шапағатов ауылдық округі, Найзабек Есетов, Ақназар Жақауов, Тасқынбай Шахатов, Сәйдім Тумышев, Бисембай Мейров, Алтынмұрат Бекенжанов, Жолыбай Шахшабасов, Мақаш Елубаев, Бердіхан Қарайшықов, Бозжігітов Бақыт көшелеріндегі барлық тұрғын үйлері, сонымен қатар 1, 2, 4, 5, 6 орамдарына кіретін барлық тұрғын үйлері, Сайын Шапағатов ауылдық округінің және "Жайлау" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің аумағында орналасқан мал бағу нүктелері және жеке шаруашылық қожалықтары.

№ 234 сайлау учаскесі

      Орталығы: Таушық ауылы, Құлшық Жұбайұлы көшесі № 41, Таушық ауылы әкімі аппаратының "Таушық мәдениет үйі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны.

      Шекарасы: Таушық ауылы, Сисен Әбдірахманов, Ардагерлер, Төлеген Қағазов, Абыл Тілеуұлы, Хамидолла Елмұханбетов, Құлшық Жұбайұлы, Түмен Балтабасұлы, Кетебай Қиынов, Мөріш Тышқамбаева көшелеріндегі барлық тұрғын үйлері, Нұрбаулы Тұмсық шағын ауданының барлық тұрғын үйлері, сонымен қатар 1, 2, 3, 4 орамдарына кіретін барлық тұрғын үйлері, Таушық ауылының және "Таушық ауыл шаруашылығы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің аумағында орналасқан мал бағу нүктелері мен жеке шаруашылық қожалықтары.

№ 236 сайлау учаскесі

      Орталығы: Қаражанбас вахталық поселкесі, "Қаражанбасмұнай" акционерлік қоғамының мәдени-демалыс орталығының қызыл бұрышы.

      Шекарасы: Қаражанбас вахталық поселкесінде орналасқан "Қаражанбасмұнай" акционерлік қоғамының және өзге де кәсіпорындардың жатақханалары.

№ 237 сайлау учаскесі

      Орталығы: Ақшұқыр ауылы, Балсұлу Сахиева көшесі № 350, Маңғыстау облысының білім басқармасының Түпқараған ауданы бойынша білім бөлімінің "Маршал Әбдіхалықов атындағы мектеп-гимназия" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

      Шекарасы: Ақшұқыр ауылы, Баланжан Қожашева, Ғұбайдолла Айдаров, Бүркітбай Сәрсенов, Жаңа Қоныс, Есболай Аманов, Ысқақ Шакратов, Батырқожа Есбосынов көшелеріндегі барлық тұрғын үйлері, сонымен қатар 1 орамға кіретін және Бегей жеріндегі барлық тұрғын үйлер.

№ 238 сайлау учаскесі

      Орталығы: Бозашы вахталық поселкесі, "Buzachi operating LTD" компаниясы филиалының "Тренинг центр" ғимараты.

      Шекарасы: Бозашы вахталық поселкесінің және өзге де "Солтүстік Бозашы" кен орнында орналасқан кәсіпорындар жатақханалары.

№ 239 сайлау учаскесі

      Орталығы: Ақшұқыр ауылы, Әдек Жанашев көшесі № 49, Маңғыстау облысының білім басқармасының Түпқараған ауданы бойынша білім бөлімінің "Ақшұқыр мектеп-лицейі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

      Шекарасы: Ақшұқыр ауылы, Сұлтанбай Наубетов, Бекбосын Қадырұлы, Жүсіп Дүйсенбаев, Дүйіш Досаев, Борсақбай Әбілхайыров, Әдек Жанашев, Ұзақбай Есқожаев, Жалау Қазиев, Маңғыбай Түйешиев көшелеріндегі барлық тұрғын үйлері, сонымен қатар 2 және 5 орамдарына кіретін барлық тұрғын үйлері.

№ 259 сайлау учаскесі

      Орталығы: "Қаражанбас" кен орнындағы вахталық поселкесі, "Қаражанбас" кен орнындағы "ҚазТрансОйл" акционерлік қоғамының спорт залы ғимараты.

      Шекарасы: "Қаражанбас" кен орнында орналасқан "ҚазТрансОйл" акционерлік қоғамының және оған қарасты кәсіпорындардың жатақханалары.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады