Жітіқара ауданының Тоқтаров ауылдық округінің шекараларын өзгерту туралы

Жаңа

Қостанай облысы мәслихатының 2015 жылғы 7 сәуірдегі № 391 шешімі және Қостанай облысы әкімдігінің 2015 жылғы 7 сәуірдегі № 1 қаулысы. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 9 сәуірде № 5509 болып тіркелді

      «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 2) тармақшасына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 13) тармақшасына және 27-бабы 1-тармағының 8) тармақшасына сәйкес, Жітіқара ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 20 наурыздағы № 111 және Жітіқара аудандық мәслихатының 2015 жылғы 20 наурыздағы № 309 «Жітіқара ауданының Тоқтаров ауылдық округінің шекараларын өзгерту туралы» қаулысы мен шешімінің негізінде Қостанай облысы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Қостанай облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Осы қаулы мен шешімнің қосымшасына сәйкес Жітіқара ауданының Тоқтаров ауылдық округінің шекараларына қосылатын жерлердің экспликациясы бойынша жалпы алаңы 4758 гектар өнеркәсіп жерлерін қосу жолымен Жітіқара ауданының Тоқтаров ауылдық округінің шекаралары өзгертілсін.
      2. Осы қаулы мен шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 1999 жылғы 26 қазаннан бастап туындаған қатынастарға қолданылады.

      Қостанай облысының әкімі             Сессия төрағасы
      __________ Н. Садуақасов             ___________ А. Сагнаев

                                           Қостанай облыстық
                                           мәслихатының хатшысы
                                           ____________ С. Ещанов

Қостанай облысы әкімдігінің 
2015 жылғы 7 сәуірдегі   
№ 1 қаулысына және     
Қостанай облыстық      
мәслихатының 2015 жылғы   
7 сәуірдегі № 391 шешіміне 
қосымша           

Жітіқара ауданының Тоқтаров ауылдық округінің
шекараларына қосылатын жерлердің экспликациясы

Жер пайдаланушылардың атауы

Жалпы алаңы, гектар

Өнеркәсіп жерлерін қосқанға дейін Тоқтаров ауылдық округінің шекараларындағы жерлер алаңы

45838

Тоқтаров ауылдық округінің шекараларына қосылатын өнеркәсіп жерлер алаңы

4758

Өнеркәсіп жерлерін қосқаннан кейін Тоқтаров ауылдық округінің шекараларындағы жерлер алаңы

50596

1999 жылға дейін Жітіқара қаласының шекараларындағы жерлер алаңы

10777

Өнеркәсіп жерлерін шығарғаннан кейін Жітіқара қаласының шекараларындағы жерлер алаңы

6019

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады