Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы әкімдігінің 09.07.2021 № 327 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
"Тұрғын үй қатынастары туралы" 1997 жылғы 16 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-3-бабы 2-тармағының 4-6) тармақшасына сәйкес Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Қостанай облысында коммуналдық көрсетілетін қызметтерді ұсыну қағидалары бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Облыс әкімі | А. Мұхамбетов |
Әкімдіктің 2015 жылғы 25 желтоқсандағы № 563 қаулысымен бекітілген |
Қостанай облысында коммуналдық көрсетілетін
қызметтерді ұсыну қағидалары
1. Жалпы ереже
1. Осы Коммуналдық көрсетілетін қызметтерді ұсыну қағидалары (бұдан әрі – Қағида) "Тұрғын үй қатынастары туралы" 1997 жылғы 16 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-3 бабы 2-тармағының 4-6) тармақшасына сәйкес әзірленді және коммуналдық қызметтер ұсыну және ақы төлеу тәртібін анықтайды.
2. Осы Қағидада мынадай анықтамалар пайдаланылады:
1) коммуналдық қызмет көрсету - электрмен жабдықтау, жылумен жабдықтау, сумен жабдықтау, канализациялау (бұдан әрі - электрмен жабдықтау), сондай-ақ пәтерлерде, жеке тұрғын үйлердегi азаматтарға, сондай-ақ үй-жай маңайындағы, гараждар мұқтаждықтары үшiн жекелеген кәсiпкерлiкпен айналысатын азаматтарға тұратын жерлерi бойынша, кондоминиум объектiлерiне қоқысты әкету және лифт бойынша қызмет көрсету;
2) кондоминиум объектісі - жеке және заңды тұлғалардың, мемлекеттің дара (бөлек) меншігіндегі тұрғын және тұрғын емес үй-жайлардан және оларға ортақ үлестік меншік құқығымен тиесілі ортақ мүліктен тұратын біртұтас мүліктік кешен;
3) кондоминиум объектісін басқару органы – кондоминиум объектісін басқару жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлға
4) қызмет көрсету режимі – қызметтің әрбір түрі үшін белгіленген міндетті нормалар жүйесі;
5) қызмет көрсетудi берушi - электрмен жабдықтаумен, жылумен жабдықтаумен, сумен жабдықтаумен, канализациялаумен айналысатын заңды және жеке тұлға, сондай-ақ қоқысты әкету мен лифт бойынша қызмет көрсету, абоненттерi мен кондоминиум объектiлерiне қызмет көрсету - жылу және электр энергиясын жеткiзу (көрсету) болып табылады;
6) тұтынушы - коммуналдық қызметтi пайдаланатын азамат немесе кондоминиум объекті;
7) энергия - электр және жылу энергиясы, электр рыногында тауар болып табылатын су;
8) энергия берушi ұйым - энергия берудi және (немесе) бөлудi жүзеге асыратын ұйым;
9) энергиямен жабдықтау - тұтынушыларға электр энергиясын, жылу энергиясын, су (бұдан әрі - энергия) жеткiзу және сату;
10) энергиямен жабдықтаушы ұйым - өндiрiлген немесе сатып алынған электр энергиясын, жылу энергиясын, суды тұтынушыларға жеткiзудi (өз бетімен немесе энергияны берушi ұйыммен жасалған шарт бойынша) және сатуды жүзеге асыратын заңды тұлға.
2. Коммуналдық қызмет көрсетуді ұсыну тәртібі және шарттары
3. Коммуналдық қызмет көрсету қызмет көрсетуді беруші мен Тұтынушы арасындағы жеке шарттың (бұдан әрі – Шарт) негізінде жүзеге асырылады.
Тұтынушылар кондоминиум объектілерін басқару органына немесе басқа жеке немесе заңды тұлғаға шарт жасасу жөніндегі өз құқықтарын заңдарда белгіленген тәртіппен табыстауға құқылы.
4. Қызмет көрсетуді беру тұтынушылық сипаты мен режимі нормативтік-техникалық құжаттамамен белгіленген талаптарға:
1) жылумен жабдықтау бойынша – тұрғын бөлмелердегі жылыту маусымы бойы тәуліктік ауа температурасын айқындайтын санитарлық нормаларға;
2) электрмен жабдықтау бойынша – жыл бойы тәуліктік қолданылып жүрген стандарттар жөніндегі электр энергиясының параметрлеріне;
3) суық және ыстық сумен жабдықтау бойынша – жыл бойы тәуліктік берілетін судың құрамы, қасиеті мен ысытылу температурасы жөнінде гигиеналық талаптарға, сондай-ақ тарату нүктесіндегі судың есептелген шығынына;
4) канализация бойынша - жыл бойы ағынды судың толық ағып кетуiн қамтамасыз етуге;
5) лифтімен қызмет көрсету бойынша – жыл бойы тәуліктік немесе шарттың негізінде лифтіні қауіпсіз пайдалануға;
6) қоқыс шығару жөнінде – санитарлық-эпидемиологиялық талаптарға жауап беретіндей қоқыстың толықтай шығарылуына сәйкес келуі тиіс.
5. Коммуналдық мақсаттағы негiзгi қорлардың қуатын, құрамын, төзiмдiлiгiн, климаттық және басқа да жергiлiктi жағдайлары ескерiле отырып қызмет көрсетулердi беру режимi мен тұтынудың кепiлдi деңгейi Шартпен белгiленедi.
6. Қызмет көрсетудi ұсыну режимiнен мүмкiн деген ауытқулар мiндеттi тәртiппен шартта көзделуi тиiс.
3. Тараптардың жауапкершiлiгi
7. Жалпы үйлiк энергия желiлерiнiң, сондай-ақ есепке алу құралдарын техникалық жағдайда ұстау және қауiпсiздiгін қамтамасыз ету қызмет көрсетуді берушінің мiндетi болып табылады және кондоминиум объектісін басқару органымен немесе Тұтынушының өкiлеттi тұлғасымен, не Тұтынушымен жасалған жекелеген шарт негізiнде жүзеге асырылады.
Қызмет көрсетуді беруші қызмет көрсетудi өз алдына жеке (тиісті рұқсат бар болса) және (немесе) энергия берушi немесе осындай қызмет түрiне лицензиясы (рұқсат) бар мамандандырылған ұйыммен жасалған шарт бойынша жүргiзе алады.
Пәтерлердегі, жекелеген үйлердегі, үй-жайлардағы, гараждардағы труба құбырларының, энергия өткізгіштердің, энергия жабдықтарының техникалық жағдайы мен пайдаланылуы үшін, сондай-ақ энергияны пайдалану кезіндегі техника қауіпсіздігі үшін жауапкершілік Тұтынушыға жүктеледі.
8. Есепке алудың есептеу құралдарын энергия берушi ұйым сатып алады және орнатады.
Есепке алу құралдарын қондыруды қаржыландыру энергия берушi ұйымның жеке немесе қарызға алған қаражаты есебiнен жүзеге асырылады.
Тұтынушы энергия берушi ұйымның сатып алынған және қондырылған есепке алу құралы үшiн кеткен шығынын энергиямен жабдықтауға жасалған шарт бойынша энергияға белгiленген тариф арқылы толтырады.
9. Тұтынушы жеке есепке алу құралдарын өз бетімен сатып алуға құқылы. Мұндай тұтынушылар үшiн энергиямен жабдықтаушы ұйымдардың шығындарын тариф арқылы өтеу шартқа сәйкес есептеу құралдарын орнату үшiн ғана жүргізіледі.
10. Есепке алу құралдары баспалдақ торларында, дәліздерде және жеке пәтерлерде орнатылуы мүмкін.
11. Тұтынушы өзiнiң пәтерiнде немесе жеке үйiнде орнатылған есепке алу құралының сақталуына және бүтiндiгiне жауап бередi. Баспалдақтағы торларға тұтынушылардың (пәтер иелерінің) есепке алу құралдарын орнату кезіндегі олардың сақталуы мен бүтіндігі үшін кондоминиум объектісін басқару органы жауапкершілік алады.
12. Тұтынушылардың (пәтер иелерінің) баспалдақ торларында орнатылған есепке алу құралдарын белгісіз біреулер ұрлап немесе сындырып кеткен жағдайда тұтынушы немесе кондоминиум объектісін басқару органы бір ай мерзім ішінде, егер де тараптардың келісімінде өзгесі көзделмесе, қалпына келтіреді. Есепке алу құралы қалпына келтірілгенге дейін Қызмет көрсетуді беруші тұтынушыны энергия желісіне қосуы тиіс.
13. Тараптардың пайдалану жауапкершілігін бөлу шекарасы желілердің тиісті түрі үшін былайша айқындалады:
1) жылу – басқару торабының соңғы ысырмасының бөлу фланцы бойынша;
2) ыстық сумен жабдықтау – ыстық сумен жабдықтау жүйесінің соңғы ысырмасының бөлу фланцы бойынша;
3) суық сумен жабдықтау – басқару торабының соңғы ысырмасының бөлу фланцы бойынша;
4) канализациялау – тұтынушы қосылатын жердегі құдық көшедегі канализациялық желі шекарасы болып табылады, ал ауладағы канализация шекарасы – ғимараттан желіге қосылатын құдық;
5) электр энергиясы – ғимаратқа кіретін қуаттандырылатын сым ұшында.
14. Шарт бойынша мiндеттемелерді орындалмаған немесе тиісті орындалмаған жағдайларда, Қызмет көрсетуді берушi немесе Тұтынушы қолданыстағы заңнамаға сәйкес келтiрiлген нақты залалды өтеуге тиіс.
15. Қызмет көрсетуді берушi Тұтынушының алдында энергия жеткізуші параметрлерінің төмендегені және форс-мажорлық жағдайлардан туындайтын энергияның жетіспеушілігі үшін Тұтынушы алдында материалдық жауапкершілік алмайды.
4. Көрсетiлген қызмет ақысын төлеу тәртiбi
16. Қолданылып жүрген заңдарға сәйкес реттеуге жататын қызмет көрсету ақысын төлеу белгiленген тәртiппен мемлекеттік уәкiлеттi орган бекiткен тарифтер бойынша жүргізiледi.
17. Тұтынушы төлемдi есептеуден кейінгі айдың 25 күнінен кешiктiрмей немесе Тұтынушы мен Қызмет көрсетуді берушi арасындағы келiсiм бойынша Шартта ескерiлген мерзiмде жасауы тиiс.
18. Төлемдердің мерзiмiн өткiзiп алған жағдайда Тұтынушы шартпен белгiленген тұрақсыздық айыбын төлейдi.
19. Егер Тұтынушы пайдаланылған энергияға төлем жасамағаны үшiн белгiленген тәртiппен ағытылған болса, онда оны қайта қосу борыш өтелгеннен кейін жүргiзiледi. Бiрнеше рет (бір реттен көп) ағыту кезiнде оны қосу борышты өтегеннен және қосқаны үшiн төлем жасағаннан кейiн жүргiзiледi, қызмет көрсетудiң осы түрi бойынша тарифi белгiленген тәртiппен аумақтық монополияға қарсы органдармен келiсiледi.
20. Жұмсалған энергия үшiн есеп айырысу есеп жүргiзу құралдарының көрсеткiшi негiзiнде энергиямен жабдықтаушы ұйымдар жазып берген есеп бойынша жүргiзiледi.
21. Есеп жүргiзу құралдарының көрсеткiшiн алу мен көрсетілген коммуналдық қызмет үшiн есептеулердi жазуды пәтерлерге бару кезiнде қызметтiк куәлiктерiн көрсетуі тиіс Қызмет көрсетуді берушiнің өкiлдерi жүргiзедi.
22. Тараптардың келiсуi бойынша есептеу құралдарынан көрсеткiштi алу мен төлем құжаттарын толтыру кезiнде Тұтынушыға өзiне өзi қызмет көрсетуiне жол берiледi. Бұл кезде төлем құжатын жазуды және төлеудi Тұтынушының өзi жүргiзедi. Төлем құжаттарын жазу және төлеу кезiнде Тұтынушының жiберген қателерi талаптардың ескiру мерзiмi шегiнде олардың анықталу шамасына қарай энергиямен жабдықтаушы ұйымда есепке алынады.
23. Бұзушылықтар анықталған жағдайда, көрсетілген коммуналдық қызметтердің көлемін есептеу Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жүргізіледі.
24. Өтінiш берiлген және растайтын құжатты (емдеу мекемесiнен, жұмыс орнынан анықтама, санаторий жолдамасының түбiршегi, уақытша тұрған жерi бойынша тiркеулi туралы анықтама, қонақ үйде тұрғаны үшiн төлемi туралы түбiршек, және басқа да үй-жайлардан) ұсынған кезде пәтерде тұратын адамдардың (бiреуiнiң немесе бiрнешеуiнiң) уақытша кетуi, есептеу құралдары жоқ жағдайда бiр адамға есептелiнген қызмет көрсетулер үшiн ақы төлеу олардың болмаған уақытына жүргізiлмейдi.
Төлемдi қайта есептеуге әкелiп соққан барлық өзгерiстер Тұтынушының Қызмет көрсетуді берушiге өтiнiш берген сәтiнен бастап жүзеге асырылады.
25. Есептеу құралдары уақытша болмаған жағдайда бiр адамға есептелiнетiн қызмет көрсетулер үшiн төлемдер тұрушылардың нақты саны бойынша алынады.
26. Кондоминиум объектісiн басқару органдары Қызмет көрсетуді берушiмен жалпы үйлерін мұқтаждарына жұмсалатын энергия үшiн белгіленген тәртiппен бекiтiлген тариф бойынша, пайдалану жауапкершiлiгі шекарасында орнатылған есептеу құралдары бойынша есеп айырысады.
27. Есептеу құралдарын тараптардың пайдалану жауапкершiлiгiнiң бөлiну шекарасынан тыс жерде орнатылуы кезiнде, бөлiну шекарасынан бастап есептеу құралдарын орнату орындарына дейiн желi учаскесiндегі шығындар көрсетiлген желi учаскесi баланста тұрған иесiне шарт негiзiнде жатқызылады.
28. Лифтiнi пайдаланғаны үшiн төлем 1-шi және 2-шi қабаттағы тұрғындардан басқаларының бәрiнен алынады.
29. Жылумен қамтамасыз еткенi үшiн төлем Қызмет көрсетуді берушiнің Тұтынушымен келiсуi бойынша жыл iшiнде бiрқалыпты не осы қызмет түрiн ұсыну кезеңiнде жүргiзiледi және Шартпен анықталады.
30. Қызмет көрсетудi беруші мен Тұтынушы арасындағы төленбеген қарыздарға байланысты барлық даулы мәселелер сотта шешiледi.
5. Тұтынушының құқығы мен мiндеттерi
31. Тұтынушының:
1) оның өмiрi мен денсаулығы үшiн қауiпсiз, оның мүлкiне зиян келтiрмейтiн белгiленген сапада қызмет көрсетудi алуына;
2) қызмет көрсетулерге бағаларды (тарифтердi) бекiту тәртiбi туралы осы көрсеткiштердi бақылауды жүзеге асыратын тиiстi мемлекеттік органдардан ақпараттар алуына;
3) қызмет көрсетулердiң жеткiлiксiздiгi салдарынан өмiрiне, денсаулығына немесе мүлкіне келтірiлген шығындар мен зияндарды толық өтеудi, сондай-ақ моральдық залалды толық өтеудi Қызмет көрсетудi берушіден талап етуіне;
4) шартпен бекiтiлген артық үзiлiстер уақыты үшiн қызмет көрсетуге төлем жасамауына;
5) энергиямен жабдықтаушы ұйымға талап қоюына және белгiленген нормалар мен стандарттарға (нормативтiк-техникалық құжаттаманың талаптарына) сәйкес келмеген уақыт кезеңiндегi (Шартта белгiленгеннен артық) қызмет көрсетулерге төлемеуіне;
6) бiржақты тәртiппен шартты бұзуына, бұл туралы энергиямен жабдықтаушы ұйымды хабардар еткен және пайдаланған энергияға толық өтемақы төлеген жағдайда болады.
32. Тұтынушы:
1) Қызмет көрсетудi берушімен жеке шарт жасасуға;
2) қызметтердi пайдалану кезiнде техника қауiпсiздiгi талаптарын сақтауға;
3) аварияларды жою, есептеу және бақылау құралдарын қарау үшін электр, жылу, сумен жабдықтау, канализация қондырғыларымен жұмыс істеуге құқығы бар Қызмет көрсетудi берушінің немесе арнайы кәсіпорындардың өкілдеріне мүмкіндікті қамтамасыз етуге;
4) Үй ішіндегі инженерлік желілер мен құрылыстардың жалпы үйлік есепке алу құрылғысына Қызмет көрсетудi берушінің өкілдеріне кедергісіз қолжетімділікті қамтамасыз етуге;
5) белгіленген мерзімде ұсынылған қызмет көрсетулер мен энергияға дер кезінде ақы төлеуге;
6) пәтерден, жеке үйден кету кезінде пайдаланылған қызметтер үшін кететін күнге дейін есеп айырысуға міндетті.
33. Тұтынушыға:
1) Қызмет көрсетудi берушінің келісімінсіз пәтер ішіндегі желілерді, инженерлік жабдықтау мен құрылғыларды қайта жарақтандыруға;
2) Қызмет көрсетуді берушінің келісімінсіз қуаты үйішілік желі мүмкіндіктерінен асып түсетін тұрмыстық электр құралдары мен машиналарды, үш фазалық ток қабылдағыштарды, жылу құралдарының қосымша секцияларын реттейтін және тиекті арматураны орнатуға, қосуға және пайдалануға, сондай-ақ пайдалану қауіпсіздігінің талаптарына және санитарлық-гигиеналық нормативтерге сай келмейтін тұрмыстық құралдар мен жабдықтарды қосуға және пайдалануға;
3) энергия есебін жүргізудің қолда бар сызбасын бұзуға;
4) жылу жүйелерінде жылу тасымалдағыштарды тікелей мақсаттан тыс пайдалануға (жүйеден және жылыту құралдарынан су ағызу) жол берілмейді.
6. Қызмет көрсетудi берушінің құқықтары мен міндеттері
34. Қызмет көрсетудi берушінің:
1) ұсынылған қызмет көрсетулер мен энергия үшін дер кезінде және толық көлемде төлем алуына;
2) қызмет пен энергияның жұмсалуына, төленуіне бақылау жасауды жүзеге асыру;
3) біржақты тәртіппен Шартпен белгіленген мерзімдерде ескерту жасаған жағдайда, пайдаланылған энергияға Тұтынушының төлем жасамауына байланысты Шартты тоқтата тұруына болады.
35. Қызмет көрсетудi беруші:
1) Тұтынушыға қызметтердің тарифі, төлем жағдайлары, қызмет көрсетуді берудің режимі, олардың тұтынушылық ерекшеліктері, сертификаттарының (сертификаттауға жататын қызметтерге қатысты) бар-жоғы туралы ақпарат беріп отыру;
2) Тұтынушымен қызметтер көрсетуді беруге арналған жеке шарт жасасу;
3) Тұтынушыға нормативтік-техникалық құжаттардың міндетті талаптарына сапасы бойынша тиісті энергия мен қызметтер ұсыну;
4) жеткізілген энергияның сапасы мен санынан есеп жүргізуі және бақылау жасауы, Шартта белгіленген мерзімдерінде Тұтынушыға ұсынылатын қызметтер сапасының бұзылуының алдын алу және жою бойынша дер кезінде шаралар қабылдау;
5) Тұтынушы қызмет көрсетудің сапасының төмендегені туралы арыз берген күннен бастап үш күн ішінде сапаны қалпына келтіру және қайта есептеуді орындау жөніндегі барлық шараларды қабылдау;
6) Тұтынушыға қызмет көрсетудің сапасы мен оларға төлем мөлшерінің өзгергені туралы 10 күннен кешіктірмей хабарлау;
7) Тұтынушыға ай сайын көрсетілген қызмет пен энергия үшін есеп шотын ұсыну;
8) Тұтынушы қызмет көрсетуге алдын ала төлем жасаған жағдайда, белгіленген тәртіппен бекітілген қолданыстағы тарифтен жеңілдіктер жасауы қажет.
36. Қызмет көрсетудi берушіге:
1) басқа тұтынушылардың міндеттемелерін орындамау себептері бойынша қызмет көрсетулерді алуда Тұтынушыға қызмет көрсетуден бас тартуға немесе шектеуге;
2) шарттағыдан жоғарылатылған параметрмен босатылған энергияға Тұтынушыдан қосымша ақы алуға;
3) ай сайынғы қызмет көрсету есебін берместен, Тұтынушыдан төлем талап етуіне жол берілмейді.
7. Келіспеушіліктерді шешу тәртібі
37. Қызмет көрсетулерді берудің тоқтатылған уақыты, сондай-ақ олардың сапасының нормативтік-техникалық құжаттамалар талаптарына сәйкес келмеуі Қызмет көрсетудi берушінің диспетчерлік қызмет журналында уақыты (күні, сағаты) туралы белгісімен белгіленуі тиіс қажетті (тиісті) сапамен қызмет көрсетуді қалпына келтіру уақыты (күні, сағаты) кейін белгіленуі тиіс.
38. Қызмет көрсетілмеген, қызмет көрсету тиісті сапада немесе толық көлемде болмаған жағдайда Тұтынушы бұл туралы Қызмет көрсетуді берушіге өзі (арызбен) немесе телефонограммамен міндетті түрде оның берілу уақытын, күнін және берген және оны қабылдаған адамның тегін көрсету арқылы хабардар етуі тиіс. Телефонограммада: қызмет көрсетудің нашарлауының (болмауының) басталу уақыты, нашарлау сипаты және Қызмет көрсетуді беруші өкілінің болу қажеттігі (егер қызмет көрсету сапасының нашарлауы немесе оның тоқтатылуы Қызмет көрсетуді берушінің журналында тіркелмесе) көрсетіледі.
Тұтынушының өзі келген жағдайда өтініш көшірмесі болуы тиіс, онда оның келіп түскендігі тіркеу сәтінде тіркеу нөмірі, өтініштің берілген күні және уақыты, оны қабылдаған Қызмет көрсетуді беруші өкілінің қолы қойылады.
Қызмет көрсетуді беруші журналдағы қызмет көрсету сапасының өтініште (телефонограммада) көрсетілген нормадан ауытқу (үзілісі) белгілерін салыстырады және келіспеушілік болмаған жағдайда оның нақты тұтылуына сәйкес қызмет көрсетудің құнына қайта есептеуді орындайды.
39. Қызмет көрсетуді беруші қызмет көрсетпегені немесе төмен сапалы қызмет көрсеткені туралы фактіні растаудан бас тартқан жағдайда Тұтынушы:
1) қызмет көрсетуден бас тартуының (ағытып тастау) немесе оның сапасыз жеткізілуінің басталу уақыты;
2) қызмет көрсету сапасының нашарлау сипаты;
3) өтініштің берілу уақыты мен тіркеу нөмірі (Қызмет көрсетуді берушінің журналы бойынша);
4) қызмет көрсетудің қалпына келтірілген (оның сапасының қалыпқа келуі) уақыты;
5) қызмет көрсетудің (сапасы нашарлауының) болмау кезеңін көрсете отырып жазбаша өтініш жазуға құқылы.
Өтінішке Тұтынушы, кондоминиум объектісін басқару органының уәкілі қол қояды және Қызмет көрсетуді берушіге жіберіледі. Тараптардың келісімі бойынша дау реттелмеген жағдайда Тұтынушы 10-күндік мерзім ішінде сотқа талап арыз түсіреді.
40. Қызмет көрсетулер кезінде Тұтынушының жіберген бұзышылықтары Қызмет көрсетуді беруші мен Тұтынушы уәкілдерінің екі жақты актісімен екі данада ресімделіп, оның біреуі Тұтынушыға тапсырылады.
41. Акті негізінде Қызмет көрсетуді беруші есептелінбеген энергияның санын анықтайды және Тұтынушыға қосымша төлем сомасы негізімен сотқа дейінгі талапты жібереді.
Тараптардың келісімі бойынша даулардың реттелмеуі жағдайында Қызмет көрсетуді беруші 10 күндік мерзім ішінде сотқа Тұтынушыдан берілген соманы мәжбүрлеу тәртібімен өндіріп алу туралы талап арыз береді және белгіленген тәртіппен шарттың орындалуын тоқтата тұруға құқылы.