Әкімдіктің 2014 жылғы 5 наурыздағы № 418 "Рудный қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі (мемлекеттік органы) туралы Ережені бекіту туралы" қаулысына толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы Рудный қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 16 қаңтардағы № 54 қаулысы. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 28 қаңтарда № 5341 болып тіркелді. Күші жойылды – Қостанай облысы Рудный қаласы әкімдігінің 2016 жылғы 16 мамырдағы № 515 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды – Қостанай облысы Рудный қаласы әкімдігінің 16.05.2016 № 515 қаулысымен.
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабына, Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 29 қыркүйектегі "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіктердің аражігін ажырату мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Заңына және Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 25 тамыздағы № 898 "Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару деңгейлері арасында өкілеттіктердің аражігін ажырату жөніндегі шаралар туралы" Жарлығына сәйкес, Рудный қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Рудный қаласы әкімдігінің 2014 жылғы 5 наурыздағы № 418 "Рудный қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі (мемлекеттік органы) туралы Ережені бекіту туралы" қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4575 болып тіркелген, 2014 жылғы 25 сәуірдегі "Рудненский рабочий" газетінде жарияланған) мынадай толықтырулар енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген "Рудный қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі (мемлекеттік органы) туралы ережеде:
      16-тармақ мынадай мазмұндағы 24-1), 24-2) тармақшалармен толықтырылсын:
      "24-1) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен азаматтық хал актілерін тіркеуді жүзеге асырады және тіркеу туралы мәліметтерді Жеке тұлғалар туралы мемлекеттік дерекқорға енгізеді;
      24-2) туу туралы куәліктерді беру кезінде жеке сәйкестендіру нөмірлерін қалыптастыру;";
      3-тарау мынадай мазмұндағы 21-1-тармағымен толықтырылсын:
      "21-1. Рудный қаласы әкімінің аппаратын Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын Рудный қаласы әкімінің аппаратын басшысы басқарады.".
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Рудный қаласы әкімі аппаратының басшысы А.Т. Өмірбаевқа жүктелсін.
      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Рудный қаласының әкімі Б. Ғаязов

      

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады